жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сүйіспеншілік-жаны ашу, аяушылық
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сүйіспеншілік пен достық Сабақ: қазақ тілі |
Мектеп: Қараөзен мектеп-лицейі |
|||||||||||||||
|
Күні: 15. 11. 2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Жанболатов М.А |
|||||||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Сүйіспеншілік – жаны ашу, аяушылық |
|||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
7. Т\А1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау. 7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. 7.ӘТН4.Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану |
|||||||||||||||
|
|
Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалым мәтініндегі оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолданады |
|||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжап, өзіндік көзқарасын білдіреді Мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға жауап береді, мәтіннен еліктеуіш сөздерді табады. |
||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырып әрі ұтымды жауап береді. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолданады |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Мәтін үзінділерін пайдаланып, оқиғаны дамытады Аяқталуын болжайды. |
|||||||||||||||
|
Мәтін бойынша проблемалық сұрақтарды анықтайды. Проблемалық сұрақтар құрастырады |
||||||||||||||||
|
Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктерін біледі. Мәтінде еліктеу сөздерді орынды қолданады |
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты терминдер Сүйіспеншілік, жаны ашу, аяушылық |
|||||||||||||||
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған тіркестер Жаны ашу, аяушылық білдіру |
||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар - Жаны ашу,аяушылық дегенді қалай түсінесіңдер? -Мейірімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет? |
||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Сүйіспеншілікке, адамгершілікке, мейірімді бола білуге, жанашырлыққа баулу |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өзін- өзі тану |
|||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Достық, адалдық, адамгершілік қасиеттер жөнінде біледі |
|||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Басы 5 мин 10 мин |
Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу Психологиялық ахуал орнату. «Жылы сөз» тренингі Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. «Болжау» әдісі 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, әрі қарай оқиғаны болжап өз сөзіңізбен дамытыңыз. «Жетім баланың монологы» Базар іші дуылдап тұр. 12-13 жасар бала месқарын саудагердің алдындағы қуырылған құс етіне өзінің тарамыс қолдарын созып еді, анау бірден байқап, жиіркенішпен итеріп жіберді. |
Жұмсақ ойыншық АКТ Ой шақыру |
||||||||||||||
|
Ортасы 10 мин
Соңы 10 мин Рефлексия 5 мин
|
«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі. 2-тапсырма. Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселелер бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз. Сүйіспеншілік - жаны ашу, аяушылық Саудагер айналаны бақылап тұрған. Осы сәтте дүкенге шашы желп –желп еткен сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Тастары жалт-жұлт еткен алқаларды көргенде көздері жайнай түсті. Сәлден соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған алқаны нұсқады. - Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан бірнеше тиындарды сылдырлатып үстелдің үстіне қойды. - Бұл жете ме? – деп сұрады. Бүлдіршін ұсынған ақша алқаның қорабына да жетпейтін еді. - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Ол анамыз қайтыс болғалы бізді бағып келеді және өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні еді. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі дір етіп, елжірей түсті. Алқаны жылтыр қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады. - Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр,жоғалтып алма, - деп алқаны ұсынды. Қуаныштан жүрегі лүп-лүп еткен бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Күн кешкіріп қалғанда дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. - Бұл алқа осы жерден сатып алынды ма?- деп асыл бұйымды үстелге қойды да, бағасын сұрады - Мен кез-келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын. - Мына алқа таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп бойжеткен шыр-пыр болды. Саудагер қызға жалт қарады да, моншақты қайта ұсынды. - Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді... Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.
Дескриптор: - мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды; - проблемалық сұрақтар құрастырады. Саралау тапсырмасы: Арнайы оқушыға ұсынылады Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз
Дескриптор: Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді 3-тапсырма. ӘТН.Еліктеу сөздер туралы түсінік. Оқылым мәтініндегі еліктеу сөздерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз. Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер
Дескриптор: -еліктеу сөздерді табады -мағынасына қарай ажыратып жазады Саралау тапсырмасы: Арнайы оқушыға ұсынылады Еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз. Мөлтілдеп, шыр- пыр, лүпілдеп, жылтыр, сылдырлатып, дір, жалт –жұлт, желп –желп, жәудіреген, жалт Дескриптор: -еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды Үйге тапсырма: Төмендегі ойды жалғап, 3-4 сөйлеммен қорытындылаңдар. Мен үшін сүйіспеншілік... Бағалау Мадақтау сөз: «Жарайсың!», «Бәрекелді!»
|
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/24836/
Интербелсенді тақта, слайд Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған 26 желтоқсан 1040
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | ||||||||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген