Тақырыбы:
«Сүйіспеншілік жолындағы өмір
»
Мақсаты:
-Оқушылардың
бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату
үшін мейірбан, ақылды,шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді
игеруге ықпал ету.
-Сүйіспеншілік,жақсы
көру,риясыздық,ақкөңілділік құндылықтары туралы оқушыларыдың
түсініктерін кеңейту.Адамгершілік қасиеттерін одан әрі
жетілдіру,қалыптастыру.
Сабақтың
міндеттері:
-шығармашылық жұмыстарды орындауда өзінің өмірлік
ұстанымын көрсете білу дағдыларын дамыту;
-жақсы
көру, сүйіспеншілік ұғымдарының адам өміріндегі мәнін
түсіндіру;
-сүйіспеншілікпен қарым - қатынас жасауға
баулу;
-
риясыз
сүйіспеншілік жасауды үйрету.
Көрнекілігі:ән-күй,үлестірмелі материалдар,нақыл сөздер жазылған
плакаттар.
Жоспар:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Топқа
бөлу
3.Жағдаяттық сұрақтар
4.Шығармашылық жұмыс
5.Сергіту сәті
6.Жұлдыздар ойыны
7.Сөйлмді аяқта
8.Мәтінмен жұмыс
9.Қорытынды
10.Рефлексия
Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Көңіл күйлерің
қалай?
-Бүгінгі
тәрбие сағатының тақырыбы «Сүйіспеншілік жолындағы өмір»деп
аталады.Жалпы сүйіспеншілік деген не?Оны қалай
түсінесіңдер?
Риясыз сүйіспеншілік –асыл
құндылық.Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат.Адамның
шынайылығы оның ақ ниеті,таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен
көрінеді.Риясыз сүйіспеншілік марапат,сый талап етпейді.Риясыз
сүйіспеншілік –адамға берілген сый. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет
ету –әрбір адамның парызы.
Топқа
бөлу
Сабағымызды бастамас
бұрын топқа бөлінейік.Менің қолымда бірнеше лента бөліктері бар,өз
қалауымыз бойынша таңдап алып,топқа бөлінеміз және де сол лентаны
көршіміздің қолына жылы тілектерімізді айта
отырып,байлаймыз
-Жарайсыңдар!Келесі кезекте жағдаяттық сұрақтарды шешіп
көрейік
Жағдаяттық
сұрақтар.
1.Сынып ішіндегі бір
баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті
«оны мазақтаңдар» деп үгіттейді. Ал сен
не істер едің?
2.Сенің жан досың «Киноға
барайық» деген болатын, ал сенің уақытың болмай жатыр. Не істер
едің?
3.Ата-анаңның теледидардан
қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытқа
келіп қалды делік,сен де оны үзбей қарайсың.Бірақ өкінішке орай
екеуі екі арнадан беріледі,сен қандай шешімге келер
едің?
Риясыз сүйіспеншілік –асыл
құндылық.Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат.Адамның
шынайылығы оның ақ ниеті,таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен
көрінеді.Риясыз сүйіспеншілік марапат,сый талап етпейді.Риясыз
сүйіспеншілік –адамға берілген сый. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет
ету –әрбір адамның парызы.
-
Сүйіспеншілік парасатты сөз. Сөз ғана емес,
адамның ең асыл қасиеттерінанықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым
ғана емес, тіршіліктің мәнін,дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы
ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дараұстаным емес, заңныңда,
заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатынең ұлы
күш.
Шығармашылық
жұмыс"Сүйіспеншілік гүлі»
– Ал
қазір балалар, мен сіздердің топтарда өз жұмыстарыңызды талқылап,
әлемге, қоршаған адамдарға, табиғатқа деген сүйіспеншілігіңізді
көрсететін игі істеріңіздің тұсаукесерін өткізгім
келеді.
(Оқушылар топтарда бірнеше
минут сөйлеуді талқылай алады, содан кейін кезекпен шығып, әр түрлі
игі істер мен іс-әрекеттер бейнеленген өз суреттері туралы
айтады.
Сергіту сәтi.
Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып,
сабақтың жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп
қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл
қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын.»деп
айтамыз
«Жұлдыздар»
ойыны
Бізге жұлдыздар не үшін
керек?
Әрине жұлдыздар бізге түнде
жарық сыйлайды және әдемілік үшін керек. Мен сендерге қазір түсті
жұлдыздар беремін таңдаған түсіңді алып, ортасына атыңды және өз
атыңның бас әріпінен келетін жағымды сөздер
жазасыңдар,және оқисыңдар.
Сөйлемді аяқта
1.Ойымыз, сөзіміз,ісіміз сүйіспеншілікке толы
болса.........
2.Сүйіспеншілік адам өмірінің негізі
болса.........
Мәтінмен жұмыс
«Мейірімді
етікші».
Бір ауылда жүрегі таза ,
адамгершілігі мол ,иманды етікші тұрушы еді .Елдің бәрі мерекеге
дайындалып жатқанда етікші сырқаттанып ,төсек тартып жатып қалады .Сөйтіп, ол мерекені жалғыз, көңілсіз
қарсыалатынына қапаланды .Мерекені тойлайтын уақыт таянып қалғанда,
ол түсінде Данышпан қартты көрді : ол
ақырын дауысымен: « Сен маған келе алмасаң, мен саған өзім барамын»- деді.Ұйқысынан оянған
ол қуанып кетті.Таңертең ерте оянып,
үй — ішін жинастырып, мерекелік тағамдарды әзірлеп,
құрметті қонағын күтуге дайындалды .Осы сәтте ол терезенің
алдында жылап тұрған баланы көрді .Ол
баланы үйге кіргізіп оған былай деді:
— Сен неге жылап тұрсың ?
— Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып қалды,одан басқа аяқ киімім
жоқ.
Жаңасын алуға жағдайымыз келмейді .
Сонда етікші баланы жұбатып былай деді : «Келе ғой мен бәтеңкеңді
тігіп берейін!» .Аз ғана уақыттан соң
жөнделген бәтеңкесін көрген бала қуаныштан жүзі бал –бұл жайнап кетіп, аяғына киіп алды.
Оны шығарып салған етікші өз жұмысын жалғастыра берді .Кеш болды
.Жұпыны киінген бір әйел келіп былай
деді :
-Кешіріңізші мені ,өтінемін !Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген
едім ,бірақ, төлейтін ақшам болмай тұр .Келмейін десем, күн суытып
барады
Етікші оған күлімсірей жымиып :
-Сіздің етігіңіз дайын тұр .Киіп ал да, өзің тоздыр !
Одан ештеңе сұрамастан етігін бере салды .Түн болды. Өз ісін
аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын күтуде.Ұйықтайтын уақыт та таянып қалды.Осы кезде есік қағылды
.Есікті ашқанда бейтаныс жолаушыны
көрді .Ол былай деді :
-Мені үйіңізге кіргізіңізші ? Мен күн ұзағына жол жүріп келемін
.Қонатын
жерім болмай тұр, түн жарымында ешкім есік ашар емес …
Етікші оны үйіне кіргізіп, тамақтандырды,өзінің төсегіне жатқызды
.
Ал өзі еденге жатты .Ұйықтар алдында ол іштей өзіне :
-Мүмкін , мен ,бүгінгі күткен қонағыма лайық емес шығармын, өйткені
ол келмеді ғой »- деп ойлады да ұйықтап кетті . Түсінде сол баяғы
данышпан ата ақырын дауысымен былай деді : Мен бүгін саған үш рет
қонаққа келдім, әр келгенімде сен мені құшақ жая қарсы алдың .Сенің
ақ пейілің жаныңдағыларға деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің
– баға жетпес сый. Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол
жүректен шығады. Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен
жылуыңды сыйласаң «Адам! » деген ұлы атқа лайықты жансың ұлым
.
Мәтін бойынша
сұрақтар:
1.Мәтінді оқығанда қандай
сезімде болдыңдар ?
2. Мәтіндегі етікшінің адамдарға жақсылық жасауға итермелеген қандай
күш ?
3. Данышпан ата ол кісіге «
Адам » деген ұлы атқа лайықсың!- деп не үшін айтты
?
4.Қандай істер өмірде ең
маңызды болып табылады ?
5. Сіздер осы әңгімеден
қандай ой түйдіңіздер? Қандай әсер
алдыңыздар?
Қорытынды.
Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспеншілік.
Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең
басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесепатты жеңетін күш
те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын
санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы
кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына
қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі
жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани
дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен
бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың
тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы
сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Рефлексия