400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйіспеншілік өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
мен бұл материал мұғалімлерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: «Өрлеу» біліктілігін арттыру институты

Күні: 26.01.2018ж

Тақырыбы: Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсы көру, мейірімділік. шынайылық

Мұғалім: Уразбаева Шолпан Тажигалиевна.

Сыныбы: Оқушылар: 20


Сабақтың мақсаты: оқушыларға  риясыз сүйіспеншілікпен өмірдің мәнді болатынын ұғындыру


Білімділік: Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасын түсіндіру.

Дамытушылық:Жақсылыққа ұмтылу, мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын , жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

топпен жұмыс,ән айту,дәйек сөз,шалқан ертегісіне қолданылатын көрнекіліктер


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Топқа бөлу

1-топ Ақыл

2-топ Қайрат

3-топ Жүрек

4-топ Ғылым


Үй тапсырмасын тексеру

Тыныштық сәті

Орманға саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз.

Өзіңіздің сынып есіғіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл пәл қызарған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап, айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз, гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз, оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз.Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі құстардың дауысы және жәндәіктердің ызыңы орманға қарай түсіңіз. Қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің сәулесін қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут дем алыңыз, түбіне барып, отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз оның құаттылығын сезініңіз, және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүеп отырыңыз.Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.(осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасайды). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүетінімізді, қадірлейтінімізді бірде бір тірі жәндікке зияян тиғізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта ғана оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне мектептің алдынада келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып өз орныңызға қата келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып күлімсіреңіз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1.Балалар көздеріңізге не елестеді?

2.Қандай сезімде болдыңыздар?

Балалар жауаптары


Сабақты талдау

5-Т Ережені еске түсіру:

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

2. Үй тапсырмасын тексеру

“Махаббат шуағы” мәтінін оқып келу

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Бәрінің бастауы – Махаббат дегенді қалай түсінесіңдер ?

2.Махаббат неліктен адам жанын нұрға,көңілін қуанышқа

бөлейді ?

3. Достықтың,сүйіспеншіліктің, яғни, махаббаттың қандай түрлерін білесіңдер?


3. Жағымды ой- пікір.

Сабақтың дәйексөзі

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді»

В.Г.Белинский

«Нағыз құштарлық пен сүйіспеншілік қай ісі болса да, ілгері баспайды»

П.И.Петрович


4.Үлгілі оқиға.бауырмашылдық,мейрімділік аңыз әңгіме.

Бейне ролик

5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Постер қорғау.



6. Топпен ән айту

«Ана туралы жыр»

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді
Қайырмасы:

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал


Аудио жазба

7. Үй тапсырмасы

«Сүйіспеншілік» тақырыбында эссе жазу


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Енді көзімізді жұмып, осы сабақтан айтылған ойлармен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып,орналастырайық.Енді көзімізді ашайық. Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Бүгінігі күндеріңіз қуаныш әкелсін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі