Материалдар / сүйіспеншілік пен достық

сүйіспеншілік пен достық

Материал туралы қысқаша түсінік
сүйіспеншілік пен достық қысқа мерзімді жоспар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

САБАҚ: № 6

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7-cынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сүйіспеншілік пен достық

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Сүйіспеншілік пен достық тақырыбын меңгеріп, өз пікірін айту, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

Көпшілігі: мәтіннің мазмұнын түсіну, ақпараттан факті мен көзқарасты анықтау, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыра білу;

Кейбір оқушылар: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу, мәтін бойынша проблеманы анықтау және проблемалық сұрақтар құрастыру.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұнын есте сақтайды

  • Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады

  • Мәтін бойынша проблеманы анықтай алады

  • Проблемалық сұрақтарды құрастырады

Осыған дейін меңгерілген білім

Сүйіспеншілік - сағыныш

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы










1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық ахуал. «Кімнің дауысы?» тренингі. Көрсетілген дос туралы өлеңнің алғашқы екі қатарын ұлдар айтса, қалған екі қатарын қыздар айтады.

Ұлдар дауысы: Досы үшін дос көнеді бейнетке,Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте.

Қыздар дауысы:Жақсылардың айырылмас досы көп,Қолын берер қиыншылық сәттерде.

Мақсаты-достық және сүйіспеншілік бөлімін оқып жатқандықтан, дос жайындағы өлең арқылы сыныпта тыныштық орнатып, зейінді шоғырландыру.


Оқушыларды достық және сүйіспеншілік бөлімін оқып жатқандықтан, дос жайындағы өлең арқылы сыныпта тыныштық орнатып, зейінді шоғырландыру.




ҚБ



Сабақтың ортасы

































І. ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ

Ой шақыру. «Дос-досқа айна» дегенді қалай түсінесіздер?-Дос деген кім?-Айна деген не?-Дос қандай болу керек?

«Күн сәулесі» кластер жасау (графикалық органайзер) Шашыраңқы ойларды жинақтау, танымдық қабілетін кеңейту үшін кластер жасату

Shape1




ІІ.ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Аудиомәтін. Мәтін мазмұны арқылы достың қадірі мен маңыздылығын ұқтыру Оқушылардың есте сақтау, зейін қойып тыңдау, байқампаздық, ойлау қабілеттерін дамыту, факт пен көзқарасты ажырата білуге қалыптастыру.

Тыңдалым мәтіні. Достық туралы бірер сөз.

«Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп» деп Махамбет ақын «Достық» туралы нақты ой айтқан. Философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - депті. Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес. Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты. Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар? Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: –Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық. –Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.

Жетелеуші сұрақ:

-Дос туралы айтылған ойларыңыз бен тыңдайтын мәтіндеріңіз сәйкес келе ме?

-Мәтінді мұқият тыңдап, білмейтін, жаңа ақпарат кездессе, белгілеп отырыңыздар.

Тапсырма. «Маңызды конверт» әдісі.

Бағыттаушы сұрақ:

-Факт және көзқарас ұғымын қалай түсінесіздер? - Өз түсініктеріңіз бойынша анықтама шығарыңыздар. -Өздеріңіз жазған анықтама мен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі» ақпаратпен салыстырғанда не байқадыңыздар? Демек, өзіңіз ойлаған пікір- көзқарас болып табылса, нақты дәлел келтіретін болсақ, ол-факт болып табылады.

Көзқарас - пікір, ой, ұғым. Адамдардың қоршаған ортаға деген түрлі дүниетанымы. Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс.

Әр топқа жасыл түсті «Факт конверті» және көк түсті «Көзқарас конверті» және адасқан сөйлемдер беріледі.

  Ұсынылған сөйлемдерден факт пен көзқарасты ажыратып, 2 конвертке жылдам уақытта бөліп салыңыздар.Бірінші әрі тапсырманы дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • Мәтіннің мазмұнын есте сақтайды

  • Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады

*мәтін мазмұнын түсінеді-*мәтіннен факт пен көзқарасты ажыратады

ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН

Мәтін бойынша мәселені анықтау.Сөйлемдерге мәселе көтере отырып сұрақтар құрастырады.

Дамытушы сұрақтар:

1.Мәтінде не туралы айтылған? Қалай түсіндіңіздер?

2.Әйтімбет шешен достың неше түрін көрсетті?

3.Амал дос, адал дос қандай болады?

4.Олай болса, слайдтағы кестеде көрсетілген сөйлемдер арқылы қандай мәселені анықтаймыз?

1. Проблемалық сұрақты қалай қоямыз? «Жауабы мынадай болса, сұрағы қандай болады?» әдісі арқылы оқушы мәтін бойынша проблемалық 3 сұрақ дайындап, сұрақты сағат тілімен келесі топқа ұсыныңыз. Оқушылар топ ішінде проблемалық сұраққа сəйкес келетін ерекше сұрақты сынып ішінде талқыға салады.

2. «Жылдам дебат» әдісі арқылы жаңа сабақты қорытындылаймыз.

Бүкіл топты екі шағын топқа бөлу. Тақырыппен байланысты «Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады» деген пікірмен келісесіздер ме? деген тəрізді сөйлемдер ұсыну. Сыныптың жартысы жақтайды, жартысы қарсы болады. Топтарды шағын топтарға бөліп, дайындалуға 2 минут беру. Бұл уақыт ішінде тыңдаушылар өз көзқарастарының себебін, дəлелдері мен мысалдарын дайындайды. Содан соң, «келісемін» пікіріндегі тыңдаушыларды шақырып, бір сызықтың бойына тұруды ұсыну. «Қарсымын» пікіріндегі тыңдаушылар жұп құру үшін оларға қарсы тұрады. «Келісемін» пікіріндегі тыңдаушыларға өз көзқарастарын дəлелдеу үшін бір жарым минут уақыт беру, олардың əріптестері бұл кезеңде тыңдап, қажет деген жерлерін түртіп алады. Уақыт өткен кезде рөлдерін алмастырады. Соңында екі жақ та пікірлерін айту үшін барлығына бір минут беріледі. Дəлелдер олардың тыңдағанын көрсетіп, көзқарастар жүйелі ұсынылуы тиіс.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • Мәтін бойынша проблеманы анықтай алады;

  • Проблемалық сұрақтарды құрастырады.

* мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды;

* проблемалық сұрақтар құрастырады;

* өз ойын еркін және жүйелі айтады.


Шашыраңқы ойларды жинақтау, танымдық қабілетін кеңейту үшін кластер жасату.




Мәтін мазмұны арқылы достың қадірі мен маңыздылығын ұқтыру Оқушылардың есте сақтау, зейін қойып тыңдау, байқампаздық, ойлау қабілеттерін дамыту, факт пен көзқарасты ажырата білуге қалыптастыру.
























Жетелеуші сұрақтарға жауап беру.




Ұсынылған сөйлемдерден факт пен көзқарасты ажыратып, 2 конвертке жылдам уақытта бөліп салыңыздар.Бірінші әрі тапсырманы дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.













Мәтін бойынша мәселені анықтау.Сөйлемдерге мәселе көтере отырып сұрақтар құрастырады.



















Тақырыпты дебат жасау арқылы қорытындылайды.

ҚБ






































ҚБ


























ҚБ








ҚБ










https://www.youtube.com/watch?v=IzaRkN6uWRA


Сабақтың соңы


Рефлексия «Досымның жүрегі» жүрек пішінді стикерлер таратылып, бір-біріне ақ тілектерін жазып, жүрек тұсына жабыстырады.

Мақсаты-оқушылардың бойында ізгілік, адалдық, жанашырлық, шынайлылық құндылықтарын қалыптастыру.

Кері байланыс «Сыныптан шығу билеті» әр балаға таратып беремін.Ризамын... (өзіңіз орындаған қай жұмысқа ризасыз?) Ойланамын... (бүгінгі сабақ бойынша не туралы ойланасыз?) Түзетемін... (бүгінгі орындаған тапсырмаңыз\ сабақққа қатысыңыз бойынша нені түзетесіз?)












27 Мамыр 2025
34
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі