400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сүйіспеншілік пен жақсылықтың жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды жақсылық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

№: 25

Мұғалімі:

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Сүйіспеншілік пен жақсылық жолы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.

Мақсаты: Оқушыларды жақсылық жасауға үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға айналасындағы барлық адамдарды жақсы көрудің маңызын ұғындыру.

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тату болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Тыныштық сәті. «Орманға серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз.  Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет.

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №24 – сабақ. Отан туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №25, «Райымбек бұлағы» аңызын оқып келу.

Сұрақтар:

1. Райымбек батыр еліне қандай қызмет етті?

2. Батырдың жауынгерлері қандай жағдайға тап болды?

3. Райымбек батырдың ғажап ісін қалай түсінуге болады?

4 Жақсылық жолында жасалатын қандай істерді білесіңдер?

5. Өзің жақсылықты қалай көрсетер едің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Жақсы сөз – жан жылытар»

Халық мақалы

Сұрақтар:

1. Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

2. Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жұлдыздар

Ертегі

Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Сегіз жасында әке-шешесіне бірдей айырылып, тұл жетім қалыпты. Көнетоз көйлегі мен бір жапырақ ормалынан басқа киімі, ішерге асы жоқ қыз ел кезіп, қайыр сұрауға мәжбүр болыпты.

Бір қайырымды жан оған қатқан нан ұсыныпты. Қыз қақпадан шыға бергенде, бір қария шыға келіпті.

– Қызым, қарыным қатты ашып тұр. Наныңнан берші! – депті.

Қыз нанын түгел ұсынып:

– Алыңыз, ата. Ас болсын, – депті де, кете барыпты.

– Қараңғы түсіп, ымырт үйірілген кезде алдынан бір жас жігіт шығыпты.

– Басым тоңып барады, орайтын бірдеңе берші, – депті.

– Қыз басындағы орамалын алып ұсыныпты.

Ол ары қарай жүре бергенде, жан-жағына жұлдыздар шашырап, күміс теңгелерге айнала бастапты.

«Өзгеге жасаған жақсылығың ерте ме, кеш пе, алдыңнан шығады» деген сөз рас екен.

Сұрақтар:

1. Қыздың жасаған әрекетінен қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқауға болады?

2. Мәтіндегі «Өзгеге жасаған жақсылығың ерте ме, кеш пе, алдыңнан шығады» деген ойды қалай түсінесіңдер?

3. Әңгімеде қандай құндылықтар туралы айтылады?

4. Өзіңе өзгелердің жасаған қайырымды ісі туралы айтып бер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

 Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлінеді
Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
(Әр топ өз ойларын плакат бетіне түсіреді.Жұмыстарын қорғайды.)


  1. Топпен ән айту.

Бала тілегі
Сөзін жазған С. Молдасаұлы 
Әнін жазған Ф. Лұқпанова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет)


7. Үйге тапсырма

1. №25 – сабақ. Оқулықта берілген 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №26, «Қайырлы іс» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
688
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі