400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сүйіспеншілік сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Алматы облысы, Көксу ауданы, Айнабұлақ бекеті,

№12 орта мектебі КММ

Мерзімі: 14.06.2018

Мұғалімі: Базилбекова Дина Сейтжаппаровна.

Сыныбы: 1 Оқушы саны: №7 сабақ

Тақырыбы: Сүйіспеншілік сый талап етпейді

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық.


Сабақтың мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға «жақсылық», «риясыз сүю» ұғымдарының мәнін мейірімділік қасиеті арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларды айналасына риясыз жақсылық жасай білуге, қамқорлық танытуға баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Оқулық, дәптер, қалам,слайдтар

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

5Т-ны оқушылардың естеріне салу.

Тазалық

Тәртіп

Тыныштық

Талап

Татулық

Тыныштық сәті. Тыныс алу жаттығуы

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз, арқамызды тіктейміз, қолдарыңды тізеге қоюға болады.

Д е м а л (ауаны ішке жұтамыз) ...

ш ы ғ а р (демді сыртқа шығарамыз) ...

(осылайша жаймен 4-5 рет)

немесе

1..................2 деп айтамыз.

Рахмет.


3. Дәйексөз.

Мейірімділікті анадан үйрен.

Нақыл сөз

Балалар хормен айтады.

Қыздар 2 рет, ұлдар 2 рет қайталап айтады.

Сұрақ қойылады:

– Балалар, осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді дәптерге жаздыру.

Балалардың жауабын тыңдаған соң, өзім қорытындылаймын.


4. Әңгімелеу.


Ауырғаннан аяған күштірек


Ыбырай Алтынсарин


Сейiт орам үстiнде жүгiрiп бара жатқанда, бiр арбалы келiп, аңдаусыз соғып кетiп, аяғын сындырыпты.

Ойбайлап жылап жатқан баланы көрiп шошынғаннан шешесi есiнен танып қалыпты.

Мұны көрген соң, Сейiт жыламақ түгiл, сынған аяғын орнына салып таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кiсi:
– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? - деп сұрады.
Сейiт шешесi шығып кеткен соң, демiн алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейдi:
– Ауырмақ түгiл, жаным көзiме көрiнiп тұр, бiрақ менiң жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесiн деп, шыдап жатырмын, - дедi.


Сұрақтар:

  • Сейіттің анасы неліктен есінен танып қалды?

  • Сейіт сынған аяғын салғанда өзін қалай ұстады?

  • Сейіттің аяғы ауырса да жыламауының себебі неде?

  • Сейіттің бойында қандай қасиеттер көрініс таптыдеп ойлайсыңдар?

  • Анаға сүйіспешілікті тағы қалайша білдіруге болады?

  • Өзің анаңды қалай жақсы көресің? Айтып бер.











5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Оқушыларды түрлі-түсті дөңгелекшелер арқылы топқа бөлемін.

Тапсырмалардың шартын түсіндіремін: жасаған сыйлықтарын аналарына ұсынады.

10 минут уақыт бөлемін.


1-топ: Аналарына арнап түрлі-түсті қағаздан бүктеп гүл жасау.

2-топ: Аналарына арнап сурет салу.

3-топ: Аналарына арнап моншақ тізіп жасау.


Балалар тапсырманы сынып алдында жария етеді.



5. Топпен ән айту


Жан ана


Сөзі мен әнін жазған Алтынбек Қоразбаев


Өз балаңнан артық бала бар ма, ана,

Мәз боласың, жарай қалсам шаруаңа.

Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме,

Жан ботасын сағынғанда Аруана.


Аруанасың, мен ботаңмын, жан ана,

Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма.

Сенсіз менің айым туып алдымнан,

Атым шауып бас бәйгені ала ма?


Асыл ана сенен қуат аламын,

Алдым сенен атар таңның арайын.

Сенің ғана жанарыңда тұратын,

Мейірімді қайдан ғана табайын.



7. Сабақтың қорытынды сәті

– Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсылықтарды жүрегімізге сақтап алайық.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!








3



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі