Материалдар / Сүйіспеншілік таным жолы ретінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сүйіспеншілік таным жолы ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйіспеншілік жайында ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
689
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі:

Күні: _______________

: 7

Мұғалімі:

Сыныбы: 8

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық.

Мақсаты: Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға риясыз қызмет жасауға үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.www.shkolamechti.ru

2. http://bilim-all.kz/

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсі ріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқта рыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындық ты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №5 – сабақ. Аса көрнекті ғалым, академик Қ.Сәтпаев өмір жолы туралы эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №6, «Хаттар» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:

1. Ыбырай Алтынсарин халқының игілігі үшін алдына қандай мақсат қойды?

2. Оның Николай Ивановичке жазған хатындағы көтерілген мәселелер қаншалықты маңызды?

3. Ұлы ұстаз кітаптың мазмұнына не себептен аса мән берді?

4. Оның еліне сүйіспеншілігі қандай іс – әрекеттерінен көрінеді?

5. Өзің халқыңның болашағы жарқын болуы үшін қандай мақсат қояр едің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Махаббат – іс – әрекеттің қуатты көзі.

Г. Гельвеций

Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) - 18 ғасырдағы француз ғалымы.
Сұрақтар:
1. Сүйіспеншілік – жүректе дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ханның ісі қараға түседі ме?1

Адам үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Көңілімдегі ойға алған істеріне қол жеткізуді ойлайды. Оның жолында қанша адамдармен сыйлас, сапарлас болады. Жанын түсінетін серік іздейді. Бәлкім, адамдардың мүмкіндігі де осыдан бастау алатын шығар?

Адамдардың өмір жолдарының тоғысуы да қызық-ақ. Біреу мектепте, бірі жоғарғы оқу орнында, біреу әскери борышын өтегенде, бірі қызметтес болғанда, енді бірі ауруханада... танысып, табысып жатады. Әсіресе, өмірге деген көзқарастарының бірлігі, мінездерінің сәйкестігі жолдастық жолдарын ұзарта түседі.

Осындайда бабаларымыздың сөзі ойға оралады «Жүз теңгең болғанша, жүз жолдасың болсын» - деген. Мұны бүгінгі өмірдің адамдары «жүз долларың да, жүз жолдасың да болсын» - дейді. Қазіргілер араласар адамын таңдап барып, белгілейді. Ал кейбіреулерін өмірдің өзі көрсетіп жатады.

Шынын айту керек, көбінесе бастық пен бастық, бай мен бай, іскер мен іскер, қойшы мен қойшы... достасуға ұмтылады. Бұл әсіресе жұмысы, тыныс-тіршілігі, ойы, қызығушылығы, мүддесі бір болғаннан шығар. Ал бастық пен қарапайым қызметкердің, баймен кедейдің, іскер мен жұмыссыздың сыйластығын байқай қоймайсыз. Күштілер әлсіздерді менсінбейді. Әлсіздер күштілерге жете бермейді. Оны уақытты текке өткеру деп біледі. Бүгін кедей ертең бай болмасына кім кепіл. Бүгінгі байдың ертең кедейге айналмасына ешкім де ештеңе айта алмайды. Тағдыр - шебер бәрін орнына қойып жатады. Жалғанды жалпағынан басып, асып-тасқандар да тәубасына келеді.

Ертеде бір жолбарыс ұйықтап жатса үстінен бір тышқан өте беріпті. Оянып кеткен жолбарыс тышқанды ұстап алып, сығымдап, өлтіруге айналады. Жаны қиналған тышқан еңіреп жылап тұрып:

О, тақсыр! Өзіңе айтатын арызым бар. Мені өлтіре көрме. Күнәмды кешіре гөр.

Білместік өтті басымнан. Тірі жүрсем мен де саған пайдамды тигізермін, – деп жалбарыныпты.

Сонда жолбарыс бармақтай тышқанның сөзіне қарқылдап күліп:

Мен жолбарыспын! Күшім де мығым. Сен шырпы сындыра алмайтын тышқансың.Сонда да қалжыңың қызық екен. Мына түріңмен сен маған қалай қызмет етпексің? Дегенмен, әзілің ұнады. Босатайын, бар, бара ғой, – деп тышқанды қоя беріпті.

Тышқан:

Жолбарыспен дос болдым! – деп мақтанып жорғалай жөнеліпті.

Өмір деген қарама-қайшылыққа толы емес пе? Күндердің күнінде жолбарыс тоғайда жортып жүргенде мойны аспалы тұзаққа ілініп қалыпты. Қанша бұлқынса да босана алмай қиналыпты. Жолбарыстың гүрілдеген дауысын естіген тышқан жетіп барыпты.

Жолбарыс қинала:

Ей досым, мынаның бір амалын жасашы, – деп көмек сұрапты.

Қазір, қазір... – деп зыр жүгіріп жүріп, тұзақтың жібін тісімен қырқып үзеді.

Тышқанға разы болған жолбарыс:

Рахмет, досым. Бұл жақсылығыңды өмір-бақи ұмытпаймын, – деп қайталай беріпті.

Иә, ажал тырнағынан алып қалған бармақтай тышқанғажолбарыс осылай разы болған екен.

Иә, мұндайжағдай өмірде болмай қалмайды.

Ауылдан іздеп келіп қаладағы бастық досының кабинетіне кіре алмай отыратындар да бар. Немесе керісінше, үлкен лауазымдағы басшы ауылдағы қарапайым шаруа досын арнайы іздеп баратыны бар.


* * *

Иә, кіршіксіз көңілге, шынайы сыйластыққа не жетсін? «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа» - деген сөз бар халқымызда. Ертеңгі күніңді ойлан.

Сұрақтар:

  1. Риясыз сүйіспеншілік болмаған жерде достық бола ма?

  2. Жолбарыс тышқанды не үшін жібере салды?

  3. Тышқан досына қандай көмек көрсетті?

  4. Бармақтай тышқанға жолбарыс қалай разы болды?

  5. Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1 – топ: «Жанашырлық»

2 – топ: «Мейірімділік»

3 – топ: «Сүйіспеншілік»

4 – топ: «Ізгілік»
Тапсырма: Риясыз сүйіспеншілікті сипаттап сурет салу.


6. Топпен ән айту.

1. Асқар тау әке саялы
Бақыттың тапқан баянын
Үміт пен сенім бақшаңда сенің
Жайқалып мен өркен жаямын

2. Үйреттің өмір сырларын
Алдыңда сендей тұлғаның
Заңғар шың биік, басымды иіп
Келеді күн сайын тыңдағым

Қайырмасы:
Жайдарлы жан әкем
Аяаулы ән әкем
Құтты болсын думан тойыңыз
Қасыңда ұл қызың
Жарқырап жұлдызың
Тусын күн оңыңнан, айың да

3. Жасыңа бір жас қосылды
Аттадың жаңа ғасырды
Әлемді шарлап
Таппаспын ардақ
Өзіңдей аяулы асылды
Өткізбей босқа уақытты
Жаныма шаштың жақұтты
Ақылшы таудай, қасында мәңгі
Әкесі бар жандар бақытты

Қайырмасы:
Жайдарлы жан әкем
Аяаулы ән әкем
Құтты болсын думан тойыңыз
Қасыңда ұл қызың
Жарқырап жұлдызың
Тусын күн оңыңнан, айың да


7. Үй тапсырмасы.

1. №7 – сабақ. «Сүйіспеншілік елінде» эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №8, «Балапан торғай» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!


















1Ысқақ. Ә. Абзалдық әліппес. – Шымкент: Шекер, 1996. –78-79 бет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!