Өзiн-өзi тану сабағының
жоспары
Мектеп: Ақшатау орта мектебі.
Мерзімі: 16.10.2018ж. Сабақ №7
Тақырып: «Сүйіспеншілік таным
жолы ретінде»
Құндылық:
сүйіспеншілік
Қасиеттері: жомарттық,
өзгенің қайғысын сезіне білу, адамгершілік
болу
Мұғалiм: Туребекова А.Б.
.Класс: 8 Оқушылар саны:
|
Мақсаты: Адам бойындағы махаббат
сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып, оны құрмет
тұтуға баулу.
Міндеттері: - Махаббаттың бар адамға ортақ
көп қырлы, оның тек қана адамға тән іңкәрлі сезім екенін білдіру;
-
Адамды, табиғатты,
өмірді сүйе білуге оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу;
-
Адамгершілікке, сенімділікке,
сезімталдыққа, нәзіктікке
тәрбиелеу;
|
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңi. Тыныштық сәті. Нұрға
бөлену
2.Үй тапсырмасын
тексеру«Хаттар» мәтінін
талқылау.
Ы.Алтынсарин
халқының игілігі үшін алдына қандай мақсат
қойды?
Оның Николай
Ивановичке жазған хатындағы көтерілген мәселелер қаншалықты
маңызды?
-
Ұлы ұстаз кітаптың
мазмұнына не себептен аса мән
берді?
-
Оның еліне
сүйіспеншілігі қандай іс-әрекеттерінен
көрінеді?
-
Өз халқының болашағының жарқын
болуы үшін қандай мақсат қойған болар
едің?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
|
3.Дәйек сөз.
«Махаббат –іс-әрекеттің қуатты
көзі» Клод Адриан
Гельвеций.-
Нақыл сөздің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
|
|
|
4.Мұғалімнің сыйы. Махаббат туралы әпсана Бір аралда түрлі сезімдер
өмір сүрді, Олар: Бақыт, Қайғы, Махаббат т.б. еді. Бір күні аралды
су басуы мүмкін болғандықтан, кемелерге мініп аралдан кету
қажеттігі туралы хабарланды. Барлығы аралдан кетті. Тек қана
Махаббат қалды. Аралды су басқанда ол өзіне көмекке өзгелерді
шақыруға ұйғарды. Оған көмекке алғашқы болып Байлық келді. Махаббат
айтты:- Байлық, сен мені әкете аласың ба?- Жоқ, менің кемемде ақша
мен алтын көп болғандықтан, саған орын жоқ.Махаббат кемемен өтіп
бара жатқан Мақтанышты көріп көмек сұрауды ұйғарды:- Мақтаныш,
маған көмектесуіңді өтінемін!- Мен саған ешқандай көмек бере
алмаймын, өйткені сенің үстің су болыпты, кемемді бүлдіруің
мүмкін.Махаббат Өкініштен сұрады:- Өкініш, мені өзіңмен бірге ала
кетші.- ....Ой... Махаббат, мен сондай көңілсізбін, дәл қазір
жалғыз қалғым келеді.Бақыт аралдың жанынан жүзіп өтіп бара жатты,
бірақ өзі бақыттан басы айналғаны сонша, Махаббаттың өзін
шақырғанын естімеді.Кенеттен біреудің даусы естілді:«Махаббат, бері
кел, мен сені өзіммен бірге алып жүремін». Оны шақырған қарт адам
болатын. Махаббат қатты қуанғанынан қарияның атын сұрауға да ұмытып
кетті.Жерге аяқ басқан соң Махаббат Білімнен сұрады: - Маған
көмектескен кім?- Бұл Уақыт болатын- Уақыт? Ол неліктен маған
көмектесті? – деп сұрады Махаббат.Білім даналықпен жымиып, былай
деді:- Сондықтан, өйткені өмірде Махаббатың қаншалықты маңызды
екенін тек Уақыт қана түсіне алады.
|
|
|
5. Шығармашылық
жұмыс, жеке
жұмыс.
1-2
тапсырма
3-тапсырма «Сүйіспеншілік елінде»
тақырыбына эссе
жазындар.
|
|
|
6. Топпен ән айту. «Сағындым
алматымды»
Өлеңін жазған
Серікбай Оспанов
Әнін жазған Алтынбек
Қоразбаев
|
|
|
7. Үй
тапсырмасы.№8 сабақ. 32- бет. « Балапан
торғай» мәтінің оқып келу.
|
|
|
8.
Соңғы тыныштық
сәті: Енді көзімізді жұмып осы
сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, жақсы тілектерді
жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты
айтайық. Көздеріңізді ақырын аша
қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа
толы болсын!
|
|