400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүйіспеншіліктен туындаған сезімдер. Әдеби–музыкалық композицияға негізделген пікір алысу кеші.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінен он күндік декада барысында мұғалімдерге көмек , жұмыс тұрлері ұсынылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдеби–музыкалық композицияға негізделген пікір алысу кеші.

Тақырыбы: Махаббаттан туындаған сезімдер.

Мақсаты:

Білімділік:

Адамның бойында болатын, жүрегін нұрландырып, өмірін көркейтіп, болашаққа арман, үміт, сенімге алып келетін ғажайып сезімнің бар екендігін ұғындыру.

Тәрбиелік :

Балалардың бірін – бірі, қыздардың ұлдарды, ұлдардың қыздарды, үлкендерді, ата- ана, туыстарды сыйлауы, жалпы адамзатқа құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру.

Өз Отанын, кіндік кескен жерін, елін, ата-ана, ұстаз, туыстардың ең сүйікті сезімдерін қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық :

«Махаббат» - пәк, «Таза», «Адал» сияқты ең шынайы сезімдерді бойымызға сіңіріп, өз сезімдеріне дұрыс басшылық жасай білуге, Отанға деген сүйіспеншілік, анамен бала арасындағы махаббат, досқа адалдық және «Соқыр махаббат» атағын жамылып жүрген сезімдерден сақтандыру

Сабақтың түрі :
Әдеби–музыкалық композицияға негізделген пікір алысу кеші.

Әдісі : Баяндалу, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі : Суреттер, нақыл сөздер

«Сүйіспеншілік шеңбері»

Сәлеметсіздер ме ,балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын .Бүгінгі біздің шеңберіміз “Махаббат шеңбері ” деп аталады Ол үшін сендерді сол шеңберді құруға шақырамын ,және бір –бірімізге жақсы көрем , не үшін жақсы көремін , сенің қандай ерекше қасиетіңді бағалайтынымызды айтамыз.

Мен сені жақсы көрем......

Енді , балалар айналаға қараңдаршы ,біздің сынып махаббатпен , жарықпен, жылумен толы

  • Сіздер қалай қарайсыздар, Махаббат дегенде бұл атау бір ғана адамға тиесілі бола ма?

  • Тақтаға махаббат картасы ілінеді : Оқушылар «Кім жылдам ?» ойыны арқылы картаға жауап жазады .

  • «Сабақтың дәйексөзі»

  • «Көңілді босататын, жаныңды айқара ашатын, жалғыздыққа, зарыққанда, тарыққанда ем болатын жүрекке жалғыз ғана махаббат, адам шын сүймесе әлсірейді, махаббат бір тәтті у, дүниенің у – шуы жүрекке махабаттай күшті әсер ете алмайды», - деген Мағжан Жұмабаев атамыз

«Сыршыл жүрек»

«Ғашық адам айнаға жүз қарайды,

Ол жүріп өтетұғын із арайлы.

Ес түссіз еш адамды сүймегеннің

Ешқашан ет жүрегі сыздамайды »

Оқушылар өз сезімдерін ақ парақпен бөліседі.

Жаттығу : «Махаббатпен кешірім»

Мен адамдарды жақсы көремін

Мен оларға қуаныш сыйлағым келеді .

Мен анама, әкеме, достарыма, ұстаздарыма жүзіне күлкі сыйлайтын, жанын жадырататын нұрлы іс жасағым келеді.

Мен күнде өзімді қоршаған адамдарға жағымды іс жасағым келеді.

Егер де мен айналама дөрекі немесе мәдениетсіздік танытсам өте ұяламын

Мен барлығыңды да кешіремін /алақанды тамаққа қоямыз/

Мен жылылықты сеземін

«Мен барлығыңды сүйемін» /Қолын жүрегіне қояды/

Жаттығу : «Өзімді не үшін білуім керек »

Өзіндік талдау жасау : «Мен кіммін ?» Мен қандаймын?» Жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңдыжалғастырыңдар:

Мен ойлаймын, себебі мен...

Басқалар ойлайды, себебі ...

Менің болғым келеді, себебі ...

Ескерту : Әрбір сөйлемге оқушыларға сұраққа жауап беруге көмек ретінде берілген сөздер тізімінен алуға болады.

Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз, әділ, мақтаншақ , еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, ақылды, достықты сүйетін .

Сіз айтылған ойлармен келісесіз бе?

«Сергіту сәті» -

Жайыменен өтіп күйбең өмір

Әуре –сарсаң салады күнге небір

Сүйсем де,сүймесем де, сүйсінсем де

Ұстаз – өмір өзіңнен үйренемін ,-

Демекші өзімізге дәріс беріп жүрген ұстаздарымызға шәкірттік шынайы махаббатымызды білдіріп «сезім қоржынына» тапсырамыз. /«Ұстазыма» әні баяу орындалып тұрады/

«Сахналау»

  • «Махаббат монологы». Күләш Ахметова Орындайтындар :

  • Қошқарбаев Расим Мусаева Индира

Қорытындылау»

Тақтаға екі оқушы шығып сүйіспеншілікке негізделген он сөйлемді бір мезгілде шатаспай, әрі тез арада айтып үлгеруі керек.



Жүректен - жүрекке

Жанып сөнген махаббаттар, жылама,

Өткен күннен жалыныңды сұрама.

Өмір асу, өмір майдан, өмір құз,

Өзіңе – өзің қайрат бер де құлама!!!



Балалар біз бүгін күннің шуағымен жылындық,

бір – бірімізге жылылықпен махаббат сезімдерін сыйладық , осы кештен алған әдемі әсерімізді өз жүрегімізде мәңгілік сақтайық .



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.02.2019
712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі