400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

СҮйкімді жануарларым Қ дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы
Күні:10.12.2018жылБілім беру саласы: КоммуникацияБөлімі: Сауат ашуОқу іс-әрекетінің тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. Сөйлем ойлап, табуына назар аударып, олардың сөздік қорын толықтырып, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сюжетті ойын арқылы балаларды ата-бабамыздан кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: сандық, торсық, жастық, қоржын, тоқылған ши, кеспе әріптері, киіз ұй суреті, сөз жұмбақ.Оқу іс-әрекетінің барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
  • Мына суреттен нені көріп тұрмыз?
  • Оны неден жасайды?
  • Балалар, мына сырмақ қандай оюлармен әшекейленген?
  • Негізгі бөлім.
1. Тақырыпты хабарлау.
  • Ал бүгінгі оқу іс-әрекетінде қ дыбысымен танысамыз. (Балалар қ дыбысын айту арқылы оның дауыссыз дыбыс екенін анықтайды).
  • Дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
  • Ал біз әріптерді көреміз бе?
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.Әжемнің қолында шыр айналар,Шыр айналса, өзіне шыр байланар. (Ұршық)«Шыр байланар» дегеннің мағынасын түсіндіру.Шыр байланар - семіру.
  • Ұршық сөзінде қ дыбысы қай жерде орналасқан?
Ұршық сөздерін тақтаға текшелер арқылы жазады, қалғанбалалар орындарында дауыстап айтады.
  • Ұршық сөзінде неше буын бар?
Балалар ұршық сөзін шапалақ ұру арқылы екі буынға бөледі.Сергіту сәті: Қ дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлдіріп, қ дыбысының орнын тапқызу. Педагог сандық, торсықтың суретін көрсетіп, олардың аттарын ататады, буынға бөлдіреді. Мысалы: сандық сөзі екі буыннан тұрады. Қ дыбысы сөздің соңында кездесіп тұр.
  • Өзіміз ұйықтарда жамылатын көрпені, жастанатын жастықты неден жасайды екен? (Мамық).
  • Сөз жұмбақ шешу.
Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрышты жиһаз (сандық).Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат (жастық).Ас ішетін құрал (қасық).Дәптермен жұмыс. Қыс туралы тақпақтар айту. Қыс, қолғап, қар, ақшақар, қырау сөздерімен сөйлем құрау. Балалардың өздеріне қ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.Үлгі бойынша қ дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Қорытынды: Балалар Қожанасырдың қоржының ашып қарайық, не бар екен? Мынау қарлығаш туралы ертегі, қане, қарлығаш сөзін буынға бөліп дыбыстық талдау жасайық. Ертегіні балаларға айтқызу. Ал мынау қ әрпі бар сөздер қане, текшелерді жинайық, сөз құрайық, құрт, қант, қобыз, құлақ, қымыз.
  • Балалар бүгін біз қай дыбыспен тансытық?
  • Қ дыбысы. Қ дыбысы дауыссыз.
  • Қоржында тағы мына зат бар екен.
  • Қолғап.
Белсенділік көрсеткен балаларға сыйлыққа қолғап сыйлап, Қожанасыр туралы ертегі айту. Күтілетін нәтиже:Не білу керек? Қ дыбысы мен әрпін.Нені игерді? Қ дыбысы мен әрпін.Не біледі? Қ әрпін жаза біледі.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі