400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Сүйкімді жануарларым. Қ дыбысы мен əрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп шағын əңгіме құрастырады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Қ дыбысы – дауыссыз дыбыс, қ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі қ дыбысының орнын ажыратады. Қ əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ. Тақырыбы: Сүйкімді жануарларым.

Қ дыбысы мен əрпі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу

Оқу ісінің меңгерушісі: З.Жұмабаева

Күні:05.12.2018

Педагогтің аты-жөні:Қазыбаева Самал

Сынып:МАД «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ұоқ-нің оқу мақсаттары:

        1. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау.

        2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау.

0.2.1.2. Суреттер бойынша тапсырмадағы сұрақтарға жауап беріп, əңгіме құрастыру.

0.3.3.1. Жазу жолына Қ əрпінің элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп шағын əңгіме құрастырады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Қ дыбысы – дауыссыз дыбыс, қ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі қ дыбысының орнын ажыратады.

Қ əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған өлең жолдарын мазмұндап, ішінен М дыбысы естілген сөздерді табады.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

Қ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы қ

дыбысының орнын ажыратады. Жазу жолына əріп элеменін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суреттен қ əрпі бар заттардың атауын атайды. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Қ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Қ əрпін бейнелейді.

тілдік мақсаттар

Тəрбиеленушілер:

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Сөйлемдегі сөздер санын ажыратып, буынға бөледі.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Лақ, қозы, құлын.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Саған саған төл ұнайды?

Алдыңғы білім

Сөздерге дыбыстық талдау жасатып,

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут




II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау.

2 – 5 минут

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, жақсы тілек тілейді:

Балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрып, əсемдікке байланысты тілек айтуларын өтінеді. Мысалы: Айна, сен сұлусың!

Марат, сен сымбаттысың! Ғалия, сенің көйлегің əдемі!

Педагог балалардың қолына бірдей пішінді домалақ айна таратып береді.

Балалар айнаға қарап тұрып, өздерінің əдеміліктерін айтып жеткізеді.


ҰОҚ-нің ортасы

III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.


  1. -тапсырма. Балалар суреттегі төлдердің іс- əрекетін əңгімелейді. Төлдер туралы əңгіме жүргізіледі. Балалар өз ойларын білдіреді.


  1. -тапсырма. Жануарлардың құлақтарының суреттерін салады. Құлақ сөзін буынға бөлдіреді, оған дыбыстық талдау жасатады.


Балалар қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Балалар Қ дыбысын қайталап айтады.

Қ дыбысының дауыссыз айтқан кезде ерін ашылып,тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді.


Қ – қатаң, дауыссыз дыбыс.


  1. -тапсырма. Жаңылтпашты жаттайды. Балалар Қ дыбысымен танысады.

(Ұ) Сергіту сəті.


Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды.


Қояным тұршы Бетіңді жушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы!

Енді алға адымдап жүрші!


  1. -тапсырма. Ермексаздан Қ əрпін мүсіндетеді.


  1. -тапсырма. Сурет бойынша сұраққа жауап береді, əңгіме құрастырады. Күшік пен мысыққа ат қояды. Мысалы: Мойнақ, Ақмоншақ.

Жұмыс дəптеріндегі тапсырманы орындатады. Енді балалар қарындашпен бастырып жазады.


Əліппе-дəптер













Қ əрпінің баспа түрі жазылған плакат.












Əліппе-дəптер.

IV. ұоқ-ін қорытындылау. Рефлексия.

26–30 минут


Педагог балалардың белсенділігін талқылай отырып өз білімдерін бағалауын өтінеді.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Смайлик арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі