400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі 7-СЫНЫП Химия

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Сабақ:

Мектеп: №203

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сайтова Шолпан

Сынып:

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы:


Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі

Практикалық жұмыс №2 «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі»

Сабақ негізделген оқу мақсаты

7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Оқушылар кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуі туралы біледі. Карбонаттар құрамына кіретін элементтерді атайды.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесудегі реакциясын сөзбен жазып көрсете алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

  • Химиялық реакция нәтижесіне қорытынды жасайды;

  • Карбонаттар туралы мәліметтер жинақтайды.

Бағалау критерийлері

1.Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларының әрекеттесуін көрсетеді;

2.Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесудегі өнімді анықтайды.

Пәнаралық байланыс

6-сынып. Жаратылыстану 3.2 Заттардың жіктелуі


Құндылықтармен байланыс

Сын тұрысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық, бір-біріне құрметпен қарау, жауапкершілікті сезіну, айналадағыларға қамқорлық көрсету, білім алуға дайын болу.


Тілдік мақсат

Оқушылар:

Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесудегі белгілеріне қатысты бақылауларын жазады және түсіндіреді. Диалог түріндегі қауіпсіздік ережелері жайлы қысқаша мазмұндама жазады.

Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

оксид, (әмбебап) индикатор, бейтараптану,қышқылдылық, сілтілілік, өртке қауіпсіз, көзді қорғау құралы,

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

... қышқылдырақ болып табылады

Әмбебап индикатор .... алынады

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі…

Қышқылдар теріні күйдіреді, себебі...

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Зертханада / тәжірибе жүргізу кезінде, біз … жасауымыз/жасамауымыз керек/ керек емес

Алдыңғы білім

Сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу туралы түсініктері бар.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз


Ресурстар

Сабақтың

басы



1 мин

2 мин







5мин





Ұйымдастыру кезеңі

Ой қозғау

  • Қышқыл және сілті ерітінділері әсерінен түсін өзгертетін заттар. Ол қандай заттар? Қалай ойлайсың?

  • Неліктен металдардың ығыстыру қатары қажет?

  • Бейтараптану реакциясының қандай практикалық маңызы бар? Неліктен олай ойлайсың?

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.

Реакция теңдеуі сөзбен жазылған (1.мырыш + қышқыл= тұз + сутек газы, 2. карбонат + қышқыл = тұз + су + көмірқышқыл газы )қағаз қиындылары арқылы сынып оқушылары топқа топтастырылады және жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.

  • Құрастырғанда қандай реакция теңдеуі пайда болды?

  • Реакция теңдеуінің айырмашылықтары қандай?









Қағаз қиындылары


Сабақтың

ортасы

32 мин


6мин











2мин




10

мин








2мин


2мин


2мин

8мин


АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі туралы практикалық жұмыс көрсетіледі. (http://kze.docdat.com/docs/214/index-24067.html?page=9)

Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуі

Оқушылар бақылауларын кестеге жазады

Тапсырма 1. Бақылау парағын толтыру

(жұптық жұмыс)

№

Тәжірибе атауы

Байқалған құбылыс

Себебі










Дайын үлгі жауап арқылы жұптардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады.

Тапсырма 2. Химиялық тәжіриблер жасау

(Топтық жұмыс)

Топ мүшелері рөлдерді ( уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы) өзара анықтап алады.

Оқушылар көзге көрінетін өзгерістермен жүретін химиялық реакцияларды сынауықтарда орындайды. (Практикалық жұмыс №2 «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі»)

  1. Бор мен тұз қышқылы

  2. Көмір қышқыл газы мен әкті су

Әр топтың баяндамашысы өз бақылау нәтижелерін таныстырады

Кері байланыс орнату

1.Топта жұмыс істеу ұнады ма?

2. Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?

«2 жұлдыз – 1ұсыныс» арқылы бағалау


Сергіту сәті. (қызықты қимыл қозғалыстары)

Тапсырма .3 Кестені толтыру ( Жеке жұмыс)

Тапсырмалар дифференциаланған




Оқу жоспарын-

дағы сайт

Бақылау парағы









Химиялық құрал-жабдықтар, реактивтер

Сабақтың

Соңы

5мин








Рефексия:

(білу,түсіну, қолдану)

  • Өздерің сабақта қандай тәжірибе жасадыңыздар?

  • Сыныптастарыңызға қалай көмектесе алдыңыздар?

  • Сабақ қызықты болды ма?

  • Білгендеріңіздің маңызы қандай?

  • Сабақтың қай кезеңі ұнады?

Үйге тапсырма: Үй жағдайында зерттеу, бақылау нәтижелерін жазу

Стикерлер


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау,көмек көрсету жүзеге асырылады.

Оқушылардың білімдерін тереңдету мақсатында сұрақтар беріледі.

Сергіту жаттығуларын қимыл арқылы көрсету

Рефлексия

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


1.


2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






















1.Тапсырма


Кестені толтырыңыз

Берілген заттар

Түзілген өнім

Қорытынды

Кальций карбонаты + тұз қышқыл = ?




Кальций карбонаты + күкірт қышқыл = ?




















Бағалау критерийлері

Дескриптор

1.Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен

реакцияларының әрекеттесуін көрсетеді.


Сұйылтылған қышқылдардың

реакцияларының әрекеттесу аймағын анықтай алады

2.Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен

әрекеттесудегі өнімді анықтайды.

Оқушылар түзілген газды, оның көмірқышқыл газы екендігіне көз жеткізеді және карбонаттардың сұйытылған қышқылмен реакциясы кезінде көмірқышқыл газы түзілетіндігі туралы себебін кестеге толтырады.


2.Тапсырма

Карбонаттар туралы мәліметтерді

кестеге жазыңыздар



Жұмыс реті


MgCO3

(Магний карбонаты)

CаCО3

(Кальций карбонаты)

1. Берілген карбонат құрамындағы элементтерді атаңыз?



2. Карбонаттардың қышқылмен әрекеттесу теңдеуін сөзбен жазыңыз















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі