Материалдар / Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы ашық сабақта газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіруді, сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын қорытып шығару және оны есептер шығаруда қолдануды, күрделі шығармашылық тапсырмаларды орындауды, тәжірибе жасауды үйренеді. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сұйықтар мен газдар қысымды жан жаққа бірдей таратады. Өйткені олардың молекулалары барлық бағытта оңай қозғала алады. Сұйыққа немесе газға берілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін және бейберекет қозғалғыштығымен түсіндіріледі.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: «Қысым»

Мектеп: ЖББ №5 орта мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты жөні: Абдильдина Л.Б


Сынып: 7 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: (оқу жоспарына сілтеме)

7.3.1.4 газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;

7.3.1.5 сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын қорытып шығару және оны есептер шығаруда қолдану


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар істей алады:- газ ыдыс қабырғасына қысым түсіретінін білу және молекулалық құрылым негізінде түсіндіру.

Көптеген оқушылар істей алады: - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану.

Кейбір оқушылар істей алады:- Күрделі, шығармашылық тапсырмаларды орындау.


Бағалау критерийі

1.Газ қысымының пайда болуын түсіндіреді.

2.Қысымның ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігін біледі

3. Гидростатикалық қысымның мәнін анықтауға есептер шығара алады


Тілдік мақсаттар


Сұйықтардың негізгі қасиеттері....

Газдың ерекшеліктерін ата....

Паскаль заңы....


Құндылықтарға баулу


«Мәңгілік Ел» идеясы, бұл -Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.


Пән аралық байланыс

Математика-есеп шығару барысында;

Информатика- презентациялауда


Бастапқы білім

7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасы мен өзгерту тәсілдерін біледі

7.3.1.3 Қысым формуласын пайдаланып, есеп шығара алады.


Сабақ барысы



Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар


Сабақтың басы

3 мин





5 мин































Жаңа сабақ


15 мин












































10 мин

Сабақтың басында:

1.«Мен саған тілеймін...» әдісі жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында бір-біріне жақсы тілек айтады. Мысалы, сен өте әдептісің! ...

2. Бағалау парақшасымен таныстыру

3. Сандар бойынша топтарға бөлу

1,2

3. Үй тапсырмасын сұрау

«Қар үйіндісі» әдісі

Қысым деп нені айтады?

 Дененің біл өлшем бетінің ауданына перпендикуляр бағытта түсетін күш.

Қысымды қалай анықтайды?

 Қысым қатты денелерде әрекет ететін күштің бағытымен беріледі.

Қысымның формуласы?

 p=F/S

Қысымның қандай бірліктерін  білесіңдер?

 1 гПа = 102Па

1 кПа =103Па

1 МПа = 106Па

Шаңғысыз жүрген адам неге қарға  омбылайды?

 Қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Табанның ауданы, шаңғыға қарағанда жиырма еседей аз болады.

1 Па неге тең?

 1 Па = 1 Н/м2

Қатты дененің қысымы қалай  беріледі?

 Қатты дененің қысымы бір бағытта таралады.

Дескриптор: Білім алушы

- анықтаманы біледі

- формуланы біледі

- өлшем бірлікті анықтай алады.

БББ толтыру

4. «Ой қозғау» әдісі. Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.

Проблемалық сұрақтар арқылы оқу мақсаттарын анықтау. Оқушылармен бірге сабақтың оқу мақсаттарын анықтау үшін ойлануға сұрақ:

-Қатты денелердегі қысым туралы білдік.Енді қандай денелер туралы сөз етуіміз мүмкін?

5. Жаңа тақырыпты игерту

1. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге болады? Паскаль заңы қалай айтылады?

Сұйықтар мен газдар қысымды жан жаққа бірдей таратады. Өйткені олардың молекулалары барлық бағытта оңай қозғала алады.

Сұйыққа немесе газға берілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Бұл қағида Паскаль заңы деп аталады. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін және бейберекет қозғалғыштығымен түсіндіріледі.

2. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы. Сұйықтар мен газдардың қабаттарының түсіретін қысымы қандай формуламен анықталады?

Газ молекулалары үлкен жылдамдықпен қозғалады. Сонда бір-бірімен де, өзі тұрған

ыдыстың қабырғаларымен соқтығысады. Газдың молекулалары өте көп.

Газдың массасы мен температурасын өзгертпей көлемін кішірейтсе, оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.

Газдарды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан, олардың қысымы артады. Сондықтан газдарды өте берік, арнаулы болат баллондардың ішінде ұстайды.

p = ρgh

Бұл формула сұйықтың қысымының ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтынын, тек сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына тәуелді болады.

Оқушылар топтық іс-әрекет барысында ақпаратты талдау арқылы білім мен айтылым,тыңдалым, жазылым, оқылым сияқты дағдылар қалыптасады.

-Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.

- Тәжірибе жасалады

-Видеожазба тыңдалып,мұғалім толықтыра отырып,жаңа сабақты нақтылайды.

Газдар бен сұйықтардағы қысымның таралуы туралы Паскаль заңының физикалық мағынасын меңгереді.

Дескриптор: Білім алушы

- жаңа ақпаратпен танысады

-өздігінен тапсырма орындай алады

6. Әр топ «Кім  жылдам» әдісі бойынша есептер шығару

 1. Керосиннің 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар?

БShape2 Shape1 ерілгені: Е.м.т.т Шешуі:

h = 0,6 м p = ρgh p = 800 кг/м3 · 10 Н/кг · 0,6 м = 4800 Па

g = 10 Н/кг

ρ = 800 кг/м3

pShape3 - ?

 Shape4 2. Тығыздығы 1800 кг/м сұйықтың деңгейі 10 см цилиндрдегі қысымы қандай болады?

БShape6 Shape5 ерілгені: ХБЖ Е.м.т.т Шешуі:

h = 10 см 0,1 м p = ρgh p = 1800 кг/м3 · 10 Н/кг · 0,1 м = 1800 Па

g = 10 Н/кг

ρ = 1800 кг/м3

pShape7 - ?

3. 0,02 м2 ауданға түсірілген күш 100Н – мен әсер ететін болса, қысым қандай болар еді?

4. Бетке 45 кН күш түсіріп 2 кПа қысым алсақ, ауданы қандай болған?

5. Бізді қоршап тұрған  ауа барлық денеге  105 Па  қысым  түсіретін болса , ауданыі 4800 м2  болатын  үстел бетіне қандай күш  түсірер еді?


p

g

h

F

S

 Физикалық шаманың атауы

 

 

 

 

 

 Өлшем бірлігі

 

 

 

 

 


Дескриптор: Білім алушы

  • Есеп шарты бойынша шамалар физика тілінде дұрыс жазылған

  • Өлшем бірлік түрлендірілген, формула жазылған

  • Жауабы сәйкес, толық өлшем бірлігімен













Қима қағаздар









































Кітаппен жұмыс











Карточкамен жұмыс







































Тәжірибе жасау

видеожазба





Сабақтың аяғы




6 мин














Бекіту сұрақтары:

-Газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндір

Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын қорытып шығар, түсіндір

1.БББ-кестесі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қалай меңгергені мен келесі сабақта неге көңіл аудару қажеттігін анықтаймын.

Сабақтың аяғында оқушылар кері байланыс жүргізу үшін БББ кестесі ұсынылады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді




2.Оқушылар берілген критерийлер арқылы бағалау парақшасын толтыру арқылы өздерінің жұмысын бағалайды.

Бағалау парағы


Оқуышының аты жөні

«Қар үйіндісі»

«Ой қозғау»

«Кім жылдам» әдісі

жалпы ұпай











рубрикатор

баға

0-4

"2"

5-8

"3"

9-12

"4"

12-15

"5"








Үй тапсырмасы

1 мин

Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы

«Паскаль тәжірибесін тексеру.».

Күнделік



Дифференциация – Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау







Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?


Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2

Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?






29 Қаңтар 2019
3870
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі