400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұлу сөздің өрнегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдің қадір-қасиетін ұлықтап, сөз өнерінің сұлулығына сусындайды. Ұлы Мұхтар Әуезов: «Халықтың қасиеті – тілінде. Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайыс атауы: «Сұлу сөздің өрнегі»
Арналғаны: Тіл мерекесіне
Өткізу түрі: Шығармалардан үзінді оқу сайысы

I. Кіріспе бөлімі

1. Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, өнер сүйер оқушылар!
Тіл мрекесіне орай біз «Сұлу сөздің өрнегі» атты шығармалардан үзінді оқу сайысын өткізгелі отырмыз.

Тіл – ата-бабамыздың асыл мұрасы, ұрпаққа аманат еткен қазынасы.
Байқауымызға қатысушыларға сәттілік тілейміз!

2. Жүргізуші

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

II. Сайыс кезеңдері

1-кезең: «Сөз маржаны»
Бұл кезеңде қатысушылар қазақтың ұлы тұлғаларының шығармаларынан үш тілде үзінді оқиды.
Сөздің құдіретін сезіндіретін әсем әуезді дауыс, анық мәнерлі оқу сынға түседі.
Ендеше, алғашқы сайыскерімізді қарсы алайық!

2-кезең: «Сөз сыры»

1. Жүргізуші:
Әрбір сөздің астарында ой, әрбір өлеңнің түбінде сыр жатады.
Бұл кезеңде қатысушылар оқыған үзінділерінің мән-мағынасын қысқаша түсіндіріп береді.
Көркем сөзді түсініп жеткізу – нағыз оқырманға тән қасиет.
Қатысушыларымызға сөз береміз!

2. жүргізуші:

Ана тілің – арың бұл

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

3-кезең: «Өнерліге өріс кең»

Келесі кезеңде сайыскерлер үш тілде тіл туралы өз ойларын білдіріп, шағын өлең немесе қанатты сөз айтады.
Ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың парызы.
Олай болса, сөз кезегі қатысушыларға беріледі

III. Қорытынды

1. Жүргізуші:
Қадірлі қауым!
Бүгін біз тілдің қадір-қасиетін ұлықтап, сөз өнерінің сұлулығына сусындадық.
Ұлы Мұхтар Әуезов:
«Халықтың қасиеті – тілінде. Тілі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» деген.

2 Жүргізуші

Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Өлең-жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік
.

Олай болса, тілімізді қадірлейік, ардақтайық!

Баршаңызға рақмет! Тіліміз жасасын! ?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.10.2025
71
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі