400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сүндетке отырғызу »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілік Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт –дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Мейрам ететін жер салт – дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұттық киімдерімен келеді. Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

№79 «Шабыт» балабақшасының

меңгеруші__________________

Ш.М. Абдыхалыкова







22 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

«Сүндетке отырғызу »


«Сыбызғы» тобы

Тәрбиеші: Абишова А.Е.





АСТАНА 2017

Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілік

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;

Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт –дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;

Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Мейрам ететін жер салт – дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұттық киімдерімен келеді.

Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші:Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!Армысыздар құрметті қонақтар. Бүгінгі біздің мерекеміз қазақ ұлттық салт дәстүрі «Сүндетке отырғызу».



Баланы сүндетке отырғызу үшін біраз күн дайындайды. Сүндетке отырғызу тек мұсылман халықтарында ғана болады. Сүндетке отырғызу пайдалы, медицина жағынан да дұрыс деп тапқан. Ертеректе сүндетке тек молда, қасиетті кісілер ғана отырғызған. Қазіргі кезде хирург дәрігерлерде отырғызады. Баланы сүндетке отырғызатын күні мал сойып, көршілерін, ағайын, туысқандарын шақырып той жасаған, оны сүндет той деп атайды. Сүндетке отырғызған баланы ақ төсекке жатқызып, басына үкілі тақия кигізіп құрметтеген. Тойға жиналған қонақтар балаға «мұсылман» болдың, «жігіт» болдын деп, қолына ақша ұстатқан, туыстары мал атайтын болған.

Ортаға сүндетке отырғызған баланы жатқызып, рәсімін жасау.

Ауылдың үлкен қариялары бата береді.

Аңсар:Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің,

Балам, балам, батыл бол!

Жауға шабар батыр бол!

Бибажар:Ұзақ болсын иншалла өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің.

Жарқырап күн санап өсе бер,

Жарқылдап семсердей сенімің.

Жүргізуші:Бата беріп атамыз

Бата беріп анамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз!

Ортаға екі бала шығады.

1 бала: Ассалаумағалейкум

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

2 бала: Уағалейкумссалам

Ұлыс оң болсын!

Пәле – жала жерге енсін!

Екі бала төс қағыстырып, сұрасады.

Ән «Көктем келді»

Жүргізуші:Ал балалар, құрметті қонақтар! Біздің «Сүндет тойымыз» Наурыз тойыменен қатар келіп қалыпты. Енді осы тойымызды Науры тойға жалғастырып жіберейік.

Жасай берсін жаңа күн

Жасай берсін жаңа жыр

Дүр сілкітсін дала бір

Құтты болсын Жаңа жыл!

Құтты болсын Наурыз той!

Әмина:Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Алихан: Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кеңелді

Соңы тойлар ел енді!

Дәрия: Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын!

Сардар: Наурыз тойы салтымыз

«Көгерсін» деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар және бүлдіршіндер біздің тойымыз қызықты өтуі үшін балаларымыздың айтысын тамашалайық. Ортаға бір ұл мен бір қызымызды шығарып айтыстырайық.

Дарын: Менімен айтысар,

Қыз құрбылар қайсың бар.

Қолдан келсе әзілдеп.

Маған сынды айтыңдар.



Інжу: Айтысуға өзіңмен,

Шығып тұрмын алдыңа.

Күн аттырын білмеуші ең,

Жаттап оны алдыңба.



Дарын: Құрбым кімге күлесің,

Өзің нені білесің ?

Онға дейін қиналып

Санай алмай жұресің.



Інжу: Бәтеңкеңнің бауын да,

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе, жидеңді,

Теріс қарап киюші ең


Дарын: Олпы - солпы кигенің

Ойыңда не түйгенің,

Намысыма құрбыжан

Наурыз күні тимегің.

Інжу: Айтысуға шақырдың

Тимесең сенде тимегің

Наурыз күні достасып

Бірге көже ішейік.

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Рахмет сендерге! Бір – бірінен қалыспай жақсы айтастындар! Өркендерін өссін! Тойымызды ары қарай тақпақпен жалғастыра йық.

Айша: Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын жас гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Жансель:Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді.

Інжу: Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу бастады

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

Жаннұр:Бидай,күріш,тары бар.

Бар сүр ет пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар,

Көже-елдің ырзығы...

Жүргізуші:Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош ,сау болыңыздар, халайық!

Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі