Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ

ШЫМКЕНТ АLT КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ


БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А________

2024-2025 оқу жылы

Оқу сабақ жоспары №11

Модуль/пән атауы

Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану

Сабақтың тақырыбы

Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi

Педагог

Еркебекова Ж

Курс


Топ







Сабақтың өткізілетін күні







Сабақтың түрі

Теориялық сабақ

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Нарық ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлеріне, қызметтеріне, принциптеріне тоқталу, оның негізгі элементтерін, соның ішінде сұраныс пен ұсыныс теориясын, икемділіктің мәнін жан-жақты талқылау.

Бағалау критерийлері

Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын сұраныс пен ұсыныс теориясын толықтыру.

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

  1. Ғабит Ж. Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана, 2006. 248 б.

  2. Нарматов С. Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы (Оқу құралы). – Алматы: Эверо, 2009. – 516 бет.

3. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері: оқу құралы /А.Б. Темірбекова.- Алматы: Эверо, 2012.- 194 б.

4. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. 196 б.

Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үйлестірмелі карточкалар, оқулық, видео роликтер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

Студенттермен сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

2.Үй тапсырамасын тексеру кезеңі

  1. инут)

«А,В,С» әдісі арқылы үй тапсырмадарын тексеру

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

( 5 минут)

Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс тұтынушылардың белгілі бір уақытта берілген баға бойынша тауарлар мен қызметтердің берілген көлемін сатып алуға деген дайындығын көрсетеді.

Сұраныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды

енгіземіз:

1. Сұраныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып алу көлемі арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Игіліктің бағасы өскен сайын сатып алу көлемі азайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті төмендейді. Және

керісінше, игіліктің бағасы төмендеген сайын сатып алу көлемі ұлғайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.

2. Сұраныс бағасы – тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Тұтынушылар бұл жерде игілікті сатып алуда өздерінің мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек, яғни нарықта қолындағы қаражатын толық жұмсай алуы тиіс.

3. Сұраныс көлемі – тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды саны. Нарық жағдайында тұтынушылар игіліктердің берілген жиынын тұтынады деген болжам жасалады.

4. Сұраныс функциясы – сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа әсер ететін маңызды фактор баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін бағалық

емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны, т.б. Сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп

те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып табылады:

QD = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В),

мұндағы, QD – сұраныс; Р – баға; I – табыс; Z – талғамдар мен қалаулар; W – күтулер (waiting); Psub – алмастырушы (субститут) тауарлардың бағасы; Pcom – толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы; N – сатып алушылардың саны; В – басқа да факторлар.

5. Сұраныс қисығы – сұраныс заңының графикалық көрінісі. Ол тұтынушылардың әртүрлі бағаларда сатып ала алатын игіліктерінің көлемін көрсетеді. Сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады. Сұраныс қисығы Сұранысқа әсер ететін факторларға байланысты сұраныс қисығы өзгеріске ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде сұраныс көлемі өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің

бағасы өскенде сұраныс көлемі қысқарады немесе баға төмендегенде сұраныс көлемі артады. Бірақ біз баға өзгергенде бағалық емес факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде сұраныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, тұтынушылардың табысы өссе, онда сұраныс кеңейіп қисық

оңға жылжиды немесе табыс қысқарса, онда сұраныс төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды төмендегі суреттерден көруге болады.Сұраныс қисығының өзгеруі

Сонымен, сұранысқа бағалық фактор әсер еткенде сұраныс көлемі, бағалық емес факторлар әсер еткенде сұраныстың өзі өзгереді. Сондықтан сұраныс көлемінің өзгеруі мен сұраныстың өзгеруін шатастырмау қажет.

4.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі)

(30 минут)

Ұсыныс – сатушылардың белгілі бір уақытта игіліктердің берілген көлемін белгілі бір баға бойынша нарықта сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті.

Ұсыныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды

енгіземіз:

1. Ұсыныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сату көлемі арасындағы тура байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Нарықта баға жоғары болғанда, сатушылар игіліктерді сату көлемін арттырады. Және керісінше, нарықта баға төмендегенде, сатушылар игіліктерді сату көлемін қысқартады.

2. Ұсыныс бағасы – сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы.

3. Ұсыныс көлемі – нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны.

4. Ұсыныс функциясы – ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс

детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының

(ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; ғ) сатушылардың саны; т.б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады: Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В), мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; К – технология; Т – салықтар мен субсидиялар; N – сатушылардың саны; В – басқа да факторлар.

5. Ұсыныс қисығы – ұсыныс заңының графикалық көрінісі. Ол сатушылардың әртүрлі бағаларда сата алатын игіліктерінің көлемін көрсетеді. Ұсыныс қисығы әдетте, оң көлбеулі болып табылады. Ұсыныс қисығы

Ұсынысқа әсер ететін факторларға байланысты ұсыныс қисығы өзгеріске ұшырайды. Баға факторы әсер еткенде ұсыныс көлемі өзгеріп қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Мысалы, игіліктің бағасы өскенде ұсыныс көлемі де өседі немесе баға төмендегенде ұсыныс көлемі қысқарады. Бірақ, біз баға өзгергенде бағалық емес

факторларды тұрақты деп болжаймыз. Ал бағадан тыс факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгеріп, қисық оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, ресурстардың бағасы төмендесе, онда ұсыныс кеңейіп қисық оңға жылжиды немесе ресурстардың бағасы өссе, онда ұсыныс төмендеп қисық солға жылжиды. Бірақ біз бағалық емес факторлар өзгергенде бағалық факторды тұрақты деп болжаймыз. Осыларды

төмендегі суреттерден көруге болады.

Ұсыныс қисығының өзгеруі Сонымен, ұсынысқа бағалық фактор әсер еткенде ұсыныс көлемі, бағалық емес факторлар әсер еткенде ұсыныстың өзі өзгереді. Сондықтан ұсыныс көлемінің өзгеруі мен ұсыныстың өзгеруін шатастырмау қажет.

Сұраныс пен ұсыныс тарапынан сатып алушылар мен сатушылардың ортақ мүдделерінің келістірілуі нарықтық тепе-теңдіктің орнауына алып келеді. Нарықтық тепе-теңдік – берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Нарықтық

тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлем қажет. Тепе-теңдік баға – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Тепе-теңдік көлем – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен

ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерлесуін сипаттайтын нарықтық тепе-теңдікті төмендегі сурет сипаттайды.

5.Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі)

(20 минут)

«Топтастыру» стратегиясы. Екі топқа бөлініп сұраныс пен ұсыныстың қайссы бірінші пайда болғанын анықтау.

6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі минут)(5 минут)

1. Сұраныс сызығын салып келу

  • 2. Ұсыныс сызығын салып келу


7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)

Топтың көшбасшылары топ мүшелерінің жұмыс жасау деңгейіне тоқталады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді жабыстыру.
Нәтижелі жұмысқа «Үш шапалақ».



Педагог: ___________________________________























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі