15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін жағдайлар.
3. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі.
4. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.
5. Тұтынушылық мінез-құлық. Тұтынушылардың жалпы /түпкілікті/ және кезекті /қосымша/ пайдалықты максималдау талдамы.
6. Бәсеке мәні және түрлері.
1. Осы аталған рыноктың механизмдерінің негізгісі болып сұраныс, ұсыныс және баға табылады.
Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.
Сұраныс заңы:
А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.
Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.
Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер.
Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.
Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.
Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді
ә) бағалық емес факторлар.
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Тұрғындардың ақшалай табыстары;
- Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;
- Тұтынушының талғамы мен талғауы;
- Жинақталған мүлік;
- Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;
- Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.
Егер рынокта сұраныс азайса, онда тауар бағасы төмендейді, ұсыныс көлемі азаяды.
2. Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.
Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
а) баға;
ә) бағалық емес факторлар.
Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
- Қолданылатын өндіріс технологиясының сипаты;
- Салықтар мен дотациялар;
- Табиғи-климаттық жағдайлар;
- өндіріс ресурстарының сапасы мен санының өзгеруі;
- ресурстардың бағаларының өзгеруі;
- күтім;
- маркетинг, бәсеке, жеткізушілер санының өзгеруі.
Басқа факторлар өзгеріссіз қалғанда, тауардың бағасының өзгеруі сұраныс деңгейін өзгертеді және ұсыныс қисығын өз бойында жылжытады. Егер де баға өсетін болса, онда ұсыныс деңгейі де өседі, керісінше баға төмендейтін болса, онда ұсыныс деңгейіде төмендейді.
Баға тұрақты болған уақыттағы басқа факторлардың өзгеруі ұсынысты өзгертеді және қисықты бір жерден екінші жерге көшіреді.
Нарық механизмінің 5 негізгі элементі бар:
а) өндірушілер мен тұтынушылар;
ә) меншіктің жеке және аралас нысандары;
б) баға;
г) сұраным мен ұсыныс;
д) бәсеке.
Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.
Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.
Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:
а) жетілген бәсеке;
ә) жетілмеген бәсеке.
Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.
Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.
Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.
Жетілген жіне жетілмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:
Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:
а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.
ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.
Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:
Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.
Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.
б) Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері блуы керек: а) өнім өндіру масштабы; ә) құқықтық артықшылығы;
б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);
в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.
Қосымша табыс алу мақсатында, монополия, өзінің нарықтық күшін пайдаланып, бірдей тауарларды әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатады.Әртүрлі бағаларды қолдану баға алалаушылығы деп аталады. Оның 2 түрі бар:
сатылатын өнім бірлігі бойынша алалаушылық;
тұтынушылар арасындағы алалаушылық.
Баға алалаушылығының пайда болуының 3 шарты бар:
а) фирманың күшті монополиялық күші болуы керек, баға белгілеу мен өндірісті бақылайтын;
ә) тауарды қайта сату болмау керек;
б) нарықты сегменттеуге өндірушінің икемі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген