400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүтқоректілер класына сипаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сүтқоректілер класының кейбір өкілдерін қорғауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 сынып Биология

1.Сабақтың тақырыбы : Сүтқоректілер класына сипаттама

2.Сабақтың мақсаты: а) Білімділік : Оқушыларға сүтқоректілер класының түрлері және маңызы туралы білім беру

Ә) Тәрбиелігі: Оқушыларды сүтқоректілер

класының кейбір өкілдерін қорғауға тәрбиелеу

Б) Дамытушылығы :Сүтқоректілер класының

кейбір өкілдерінің ішкі және сыртқы

құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы

ойын дамыту

Сабақтың түрі Жаңа сабақ

3. Сабақ өту әдістері : Сұрақ жауап, СтО-ның әдіс тәсілдері

4. Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,Буклеттер, Суреттер,слайдтар

5.Пәнаралық байланыс: География, Биология

6 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлеметсіздер ме балалар !

бүгін бізде ерекше сабақ .Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр

«Қош келдіңіздер!» дей отырып сабағымызды бастайық

Қане оқушылар «Шаттық шеңберге» тұрып бір бірімізге сәттілік тілейік

ІІ Үй тапсырмасын сұрау - сұрақ жауап әдісі

Біліміңді сына

1Құстар класына жататындардың түр саны

2Құстарды зерттейтін ғылым саласы

  1. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар

  2. Ұшатын құстардың төссүйегінің ерекшелігі

  3. Ұсақ ауатамырдың тұйық тармақтарының атауы

  4. Өңештің кеңейген бөлігі

  5. Құс қарынының қоректік заттар ұсақталатын бөлімі

  6. Құс қанының оттекпен екі рет қанығуы

  7. Құс аналығының атауы

  8. Құс аталығының атауы

  9. Құстың дене температурасы

  10. Құстың жұмыртқажасушасы ұрықтанатын мүше

  11. Төссүйегінде қыры болмайтын құстар тобы

  12. Қазақстанда қоқиқаз қорғалатын қорық

  13. Аққу балапанының атауы

  14. Төссүйегінде шамалы қыры бар құстар тобы

  15. Қазақстанның оңтүстік өңірінде таралған ұзын сирақты киелі құс

  16. Қыран құстар қоразының атауы

  17. Үй тауығының жабайы арғы тегі

  18. Мүшелі жыл санауға кірген құс

  19. Қазақ халқының қыран құстарға байланысты дәстүрлі өнері.

ІІІ Кіріспе бөлім: Слайдпен жұмыс

1Төрт түлік малдың дауысын тыңдатып анықтау.

2 Үй жануарлары деп аталуын айту және оның қазақ халқының тыныс тіршілігі,бүкіл өмір өткелдері төрт түлікпен тікелей байланысты екендігі тарихтан да белгілі екенін айту.

3 Төрт түлік малдың пірлерін атау?

4 Малдың пайдасын айту ,балаларын сүт пен асырауын айтқызу.

ІV Жаңа сабақ. Екі топқа бөліп, оқушылар кітап мәтінімен жұмыс істеу.

1 топқа Сүтқоректілердің пайда болуы, түрлері, денесінің құрлысы, тері жабыны, қаңқасы, бұлшық еттері, класс тармақтары. сүтқоректілер мен жорғалаушылардың ұқсастығы.

  1. Топқа Асқорыту жүйейесі, тыныс алу жүйесі, қанайналым жүйеі, зәршығару жүйесі, жүйке жүйесі, сезім мүшелері, көбею мүшелері, шаруашылықтағы маңызы, сүтқоректілерді қорғау.

Әр топтан оқушылар шығып мәтінді мазмұндайды



Логикалық сұрақтар

1 Әлемдегі ең биік жануар (керік)

2 Ең жүрдек сүтқоректі (қабылан)

3 Ең ұзын жүнді сүтқоректі (қодас)

4 Жер бетінде қандай жануардың төрт тізесі бар? түйе

5 Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары? ит

6 Бір жақ қырымен жатып ұйықтайтын жыртқыш сүтқоректі? Ақ аю

7 Ең ірі тұяқты сүтқоректі жануар (бегемот)

8 Жұмыртқа салатын сүтқоректілер (үйректұмсық пен түрпілер)

9 Құрлықтағы ең үлкен жануар (піл)

10 Мұхиттағы ең үлкен сүтқоректі (көк кит)

V Бекіту сұрақтары

Сүтқоректілер қандай экологиялық топтарға бөлінеді атап бір өкіліне сипаттама беріп кластер құру.

1 топқа .

Құрлықта мекендейтін сүтқоректілер және ұшатын.

2 топ

Суда мекендейтін сүтқоректілер және топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер.

VІ Оқушыларды бағалау

VІІ.Үйге тапсырма беру Сүтқоректілер класы оқып келу

VІІІ Оқушылармен қоштасу























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі