Материалдар / Сүттің пайдасы

Сүттің пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыынп оқушысына аранлған ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2023
267
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Т.Жаманмұрынов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММ











Ғылыми жоба бағыты: Дүниетану



Ғылыми жоба такырыбы : «Сүттің пайдасы»



Дайындаған : 2 сынып білім алушысы Айдарбекұлы Айдынбек



Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Мұқашева А.Ә.





















2021-2022 оқу жылы





Мазмұны:



1.Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1.Сүттің шығу тарихы жайында.

2.2.Сүттің түрлері.

2.3.Сүттің құрамы.

2.4.Дәрігерлер кеңесі.

2.5.Сүттің қолданылуы

2.6. Сүт тағамдары

3. Біздің зерттеу жұмысымыз

3.1.Дәрігермен кездесу

3.2..Сүттің қолданылуын зерттеу

3.3.Сауалнама нәтижесі

4. Қорытынды

5. Пайдаланылған әдебиеттер















Зерттеу нысаны- адам



Зерттеу заты - сүт



Зерттеудің өзектілігі - біз сүтті күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.



Зерттеудің болжамы - егер біз сүт жайлы көбірек оқып білсек, онда сүттің көптеген сырларын ашар едік.



Зерттеу әдістері:

- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

- бақылау;

-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.



Жобаның басты мақсаты- сүт пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу



Міндеттері:

Сүттің пайда болу тарихымен танысу;

Сүттің құрамын оқып-білу;

Сүттің түрлерін анықтап білу;

Сүттің қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.

Сүт өнімдері , пайдасы...







1.Кіріспе

Мен табиғатымнан етжеңді,мықты баламын. Сәл ауырып тұмауратқан кезде анамның емдік шараларының бірі-сүт.Анам сүтке балды қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Сүт деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?

Менің сүт-бұл пайдалы тағам деп есептеймін.Бірақ менің сыныптас досым Өміржан,

-Бұл әрі тағам,әрі дәрі деп есептеймін,- деді.

Осы сұрақтарға жауап іздеп интернеттен мынадай анықтама таптым:

«Сүт- төрт түлік малдың өнімі – қоймалжың, тәтті сұйық зат.»

Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін осы тақырыпта ғылыми жоба әзірлеуге бекіндім.



2.Негізгі бөлім:

2.1.Сүттің шығу тарихы

Сүт өнімдерінің тарихы ежелгі заманнан бастау алады. Сақ заманы кезінде көшпенділер мәдениетінде қымыз өнімі белгілі болды.«Ақ – дертке дауа, жанға шипа» демекші, бүгін біз сүт және сүттен жасалатын тағамдар туралы тоқталамыз. Сүттің өз іадам денсаулығына пайдасы зор. Қазақ халқының бұл қасиетті сусыны төрт түлік малдан өндіріледі. Халқымыз тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстырып, тіршілікке пайдалануды шебер игерген.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша қышқыл сүттің ұзақ сақталып, өзіндік дәмі мен иісі бар екендігін бұрынғы заманда өмір сүрген малшылардың білген. Олар бұл өнімнің ағзаға пайдалы әсер беретіндігін сезген.Жалпы сүт қышқылды өнімдер ассортименті жеткілікті сан түрлі болып келеді. Қымыз, айран,шұбат,йогурт сияқты өнімдер бұрыннан белгілі. Ең бірінші қымыз туралы құжаттық мәлімет Геродоттың «Грек-мысыр жауынгерлері туралы тарих» еңбегінде б.з.д. 470 жылы жазған.

Кейіннен ұлттық сүт қышқылды сусындар пайда бола бастады: Украинада – қатық, Ресейде – простакваша мен варенец, Арменияда – мацун, Грузияда – мацони, Түрікменияда – чал,Кавказда – айран,Қазақстан, Татарстанда – қымыз, Египетте – лебен, ал Болгария, Грекия, Түркияда йогурт дайындайды.Сүттің ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған. Үнді жазбаларында да сүттің ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Ежелгі үндістер,сүт адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған. Л.А.Банникова еңбегінде келтірілген мәлімет бойынша ғылыми деңгейде сүт қышқылды өнімдерді емдік мақсатта қолданудың негізін салған Нобель сыйлығының лауреаты, орыс ғалымы И.И.Мечников еді. Оның тұжырымы бойынша ауру мен қартаю ішкі ағзадағы интоксикация құбылысына байланысты деп есептелді. Асқазанның шіріту микроорганизмдері әсерінен денсаулықтың әлсіреуіне әкелетін токсикалық метаболиттер пайда болады.И.И. Мечниковтың тұжырымдамасы бойынша «ағзадағы сүт микро организмдердің көп мөлшерде болуы басқа шіріту микроорганизмдерінің көбеюіне жол бермейді», сол себепті де өмір жасын ұзарту мен денсаулықты сақтау үшін күнделікті тамақ рационына «айран» және «қышқыл сүт» енгізіп тұру керек.

Айтып өтетін бір жағдай, И.И.Мечников өмірінің 15 жылын да үздіксіз айранды пайдаланып өткен болатын, бұл оның күш қуатының жақсы болуына және өз денсаулығын қалыпта ұстауына әсер еткен.Жамбыл атамыз да кешке 1кесе айран ішіп жатқан. 99 жасқа жетуімнің сыры осы деген атаның өзі.Ежелгі Грецияда сүт «жастықтың сусыны» деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген, мәңгілік өмір береді деп сенген.

2.2.Сүттің түрлері

Түйе сүті-шұбат, жылқы сүті-қымыз, сиыр сүті, қой сүті, ешкі сүті, ешек сүті т.б.

2.3. Сүттің құрамы

Сүттің құрамы мен қуаты

Сиыр сүтінің химиялық құрамы өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және сүттің түрлеріне тығыз байланысты.Сүт барлық жастағы адам үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім.100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз 3,2 грамм эмуль-гацияланған оңай сіңетін май, оңай сіңірілген калций мен фосфор қосындылары, белгілі мөлшерде А1, В2,Д витаминдері бар және жазда қыстағыдан едәуір көп болады.100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді.

2.4.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері

Сүттің пайдасы

Мамандардың айтуынша,сүттің адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, сүт қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Сүтті құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады

Сүтпен емдеу

Отандық дәрігерлер ,диетолог мамандар пікірі

Білікті дәрігерлердің пікірінше, сүтті дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс.Себебі, сүт — шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті жетпістен астам зат бар. Сүт адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді, күш- қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Сүттен жасалған сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. Дегенмен, дәрігерлер сүтпен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанды дұрыс көрдік.

Жүрек қысылып ауырғанда1 стакан сүтке 3 тамшы қара зере тамызып ішсе қояды.

2.5.Сүттің қолданылуы

Медициналық жағдайда;

Тағам түрлерін жасауда;

Косметологиялық жағдайда;

2.6. Сүт тағамдары

Уыз,сүт, айран , құрт,ірімшік, қызыл ірімшік, май, клегей,қаймақ, көже,қымыз, шұбат,сүзбе, шалап.Сиыр, қой,ешкі,түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілген шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма-қол ішуге, сақтауға жасалынады. Сүт қазақ халқының ертеден ұрпаққа жалғасқан құнды тағамдары.

3. Біздің зерттеу жұмысымыз

3.1.Дәрігермен кездесу

Сүттің денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін білу үшін,мектебіміздің,ауыл дәрігері Әсем апаймен әңгімелесіп,кеңес сұрадық.Ол кісіге сұрақтар қоя отыра,тағы да көп нәрсені біліп,таныстық.

Видеоролик:Әсем апаймен

Біздің болжауымыз бойынша сүттің пайдасы мен кері әсері де болуы керек қой.Сондықтан нақтырақ түсіндіруін сұрадық.Дәрігер бізге оны да түсіндіріп берді. Сүтті кішкентай еметін балалар ең аз дегенде алты ай толық емуі керектігін ана сүтін басқа сүттер алмастыра алатынын түсіндірді. Өйткені олардың ағзалары әлі түгелдей қалыптаспағандықтан.Сондықтан 1 жасқа дейінгі балаларға сүтті қолданғандығы дұрыстығын жөн - деді. «Ертеде патша баласы қатты ауырып қалыпты.Оны емдемеген емші қалмайды . Солардың арасында Геппокрад та болады. Ол балаға сездірмей есек сүтін ішкізеді. Апта өтпей бала ес жиып жазылады.»- екен.Ендеше ауырмаймын десеңдер күніне 1 стакан сүт ішіп, сүт тағамдарын пайдалану керек.



3.2.Сүттің қолданылуын зерттеу

а) Косметологиялық жағдайда зерттеу үшін ірімшік пен бал қосылған масканың рецептін тауып алдық.Ол үшін-1 шай қасық ірімшік,1 ас қасық сүт,1/2 қасық бал қажет.

б) Алманы үккіщтен өткізіп, ыстық сүтке араластырып 30 минут бетін жауып одан маска жасаса бет терісі ағарады т.с

Бұл кезде бізге менің жеңгем көмек көрсетті.(Видео керек.)Ол осы қоспаны 1 апта қолданып көріп,нәтижесінде бет терісінің ылғалданғанын,өңінде өзгеріс пайда болғанын айтты.

ә) Мен жазғы ыстықта шөлдеп дүкеннен кола, басқада сусындарды алып іштім . Бірақ шөлім қанбады. Бір күні апам сен оданда шөлдесең мына көже сусынды ішіп көрші, сусының қанады, қайта шөлдемейсің, қарныңда тоқ болады деді . Шынында солай болды.Содан бері шөлдесем көже сусынын ішетін болдым. (Видео керек.)

3.3. Сауалнама нәтижесі

Осы тақырыпты зерттеу жұмысын жүргізе отыра біз өте көп маңызды мағлұматтармен таныстық.Сүт -бұл бірегей өнім.Ол бізге зиянынан пайдасы көп екенін аңғардық.Өзімізге қажетті көптеген қызықты деректер аштық.

Менің осы тақырыпқа деген қызығушылығым арта түсті.Сондықтан біз 1-4 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргіздік.




Сүттің қай түрі аса пайдалы? Cауалға жауап:

Өз басым сүтті өте жиі пайдаланамын.Табиғи сүттің кез келген түрі пайдалы, сондықтан өзіңізге ұнайтын түрін пайдалана беруіңізге болады. Сондай-ақ денсаулығыңыз мықты болуы үшін күніне тым болмағанда бір стакан сүт ішіп тұрғаныңыз жөн. Сүттің ең бағалы сүттің бірі – ешек , ешкі сүті болып есептеледі.Ағзаны нығайтуға, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесін қалыпқа келтіруге пайдаланылады. Өзіне тән ерекше иісі барасқазан жұмысын жақсартуға, көздің көру қасиетін арттыруға және дене қызуын түсіруге таптырмайтын ем.



















4. Қорытынды

Сүттің пайдасы өте зор.Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болады және қолдану керектігін түсіндік.

Сүттіңқұрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық қоспалар бар екенін аңғардық.

Сүттің өте ертеде алғашқы адамдарға дейін пайда болғанын, ата-бабаларымыз оны тағам ретінде де,ем-дом ретінде де пайдаланғанын оқып білдім.

Мен алдыма қойған мақсатқа жеттім деп ойлаймын.

Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра,өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп,көзімізбен көріп,дәлелдеуге тырыстық.Бұл жұмыс маған қатты ұнады.Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымызда бар.

Біздің ауылымызда төрт түлік малдың барлық түрі бар.Елбасымыз қандай тіршілік жасасаңда күніңді көруге болады деген.Сол мүмкіндікті жібермей біздің ауылы тұрғындары құрт,май,сүзбе,ірімшік,қаймақ сатып тіршілік етеді. Ауылымның осындай тіршілікте екенін көріп қуанамын.































Пайдаланған әдебиеттер:



1. «Ақ дастарқан» кітабы 1985 ж.

2 .Интернет жүйесін пайдалану

3. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (2-том,1-том)

4. «Балдырған» балалар журналы 2009 ж. 9 нөмірі

5. «Егемен Қазақстан» газеті 2019 жыл,қазан айы

6. «Айгөлек» журналы №3 2017 ж 6 2018 ж





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ