400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сүттің пайдасы. Мустафанова Алина 4 сынып оқушысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сүттің пайдасы» тақырыбына тезисті орындаған 4 сынып оқушысы Мустафанова Алина бастауыш сынып мұғалімі Бижанова Шынар Сұлтанбекқызының жетекшілігімен (Алматы облысы Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылы Аль-Фараби атындағы орта мектебі)

Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ болып саналады. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын «бақыт несібесі» деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастархан молшылығын жасаған. Сүттен жасалатын өнімдерді тағам ретінде және сусын ретінде де пайдаланған.

Адамның ден саулығы ең басты байлығы, сол себепті сүттің емдік пайдасының бар екенін де білген. Келе-келе біздің ата-бабаларымыз сүтті рәсуа етпей сақтау жағын да ойластырған. Сөйтіп, сүтті ашытып-сусын, қайнатып-құрт, ірімшік, тағы басқа тағамдар жасаған. Осы ата бабамыздан келе жатқан мирасты одан ары қарай жалғастыру біздің парызымыз. Себебі оның жасалу жолын, оның құндылығын сақтап қалу керек деп ойлаймын.

Сүттің пайдасын тек тағам ретінде ғана қарастырмай, болашақта таза қоспасыз жасалған сүт өнімдері көбейтілетін болса, қосымша комплекстер, цехтар пайда болады. Жұмыс орындарын да ашуға болады деп есептеймін. Ол дегеніңіз ауыл адамдары жұмыспен қамтылады. Сонда ауылды жерлердің де тұрмысы жақсарады

Таңдап алған тақырыбым өзекті және маңызды.

Біз өмірде сүтті қолданғанымызбен, бірақ оның құрамын адам ағзасына әкелетін пайдасының себебін жетік білмейміз. Оны мен оқитын мектептегі оқушылармен сөйлесу барысында білдім, өйткені олар сүтті ұнатпайтынын көп айтады. Және де өз сыныптастарымнан сұхбат алғанда да олардың сүтті көп қолданбайтынын естідім. Сол себепті жобаның мақсаты: Сүт пайдасын зерттеу. Адамдардың оны қандай мақсатта пайдалана алатынын кеңінен таныстыру, мектеп оқушыларына сүттің пайдасын насихаттау.

Жұмыстың кезеңдері:

1 кезең. 02.02.2019 жыл-31.05.2019 жыл аралығында тақырыпқа қатысты мәләметтер жинақтау. Алған тақырып бойынша ақпараттар, мәліметтер жинастыру 2 кезең жұмысты жазу.

- Сүттің қалай және қай жерде қолданылатынын оқып білу арқылы оны өмірде пайдалана білуге үйренемін.

Зерттеу нысаны: Мектеп оқушылары.

Зерттеу заты: Сүт және сүт өнімдері.

Зерттеудің болжамы:

  • Сүттің түрлерін, құрамын білетін боламыз;

  • Сүттің емдік қасиеті туралы мәліметтер жинақтаймыз;

  • Сүттің ұлттық тағам ретінде дұрыс пайдалануды үйренеміз;







Аннотация:

Сүт-химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келмейді. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт, кептіруден бастап ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнімді пайдаланады. Жас кезінен сүт өнімдерін пайдалануымызды оқушылар арасында насихаттап сүттің маңызды екендігіне көз жеткізу.































КІРІСПЕ

Мен кішкентай кезімнен жиі ауырдым. Ауырған кезімде апам сүтке бал, қойдың құйрық майын қосып сүтті ыстықтай ішкізетін. Сонда жазылып кететінмін. Қазір әлі де осыны қайталаймыз. Сүттің қандай тағы емдік қасиеті бар екен деп ойланатынмын. Бірде апам өзі ауырып жылқының сүтін ішіп жүрді. Жылқыда да сүт болатынын біліп қатты таң қалдым. Себебі біз мектепте «Төрт түлік мал» тақырыбын өткенде қой, ешкі, сиырда сүт, жылқыдан қымыз, түйеден шұбат алатыны туралы айтқан. Маған тағы қызық болғаны адамдар мен жануарлар тіпті жалпы тіршілік қалай пайда болған?. Ол кезде де осылай сүтті қолданды ма екен? – деген сұрақтар мені жиі мазалап жүрді. Апайымнан осы сұрақтарды сұрағанымда осыны ғылыми жұмыс ретінде орындауға кеңес берді. Қазір бізде жаңартылған оқу түрі болғандықтан апайымыз нақты маған жауап бермей, мәліметтерді жинауға нұсқау берді.

Жобаның мақсаты:

  • Сүт пайдасын зерттеу.

  • Адамдардың оны қандай мақсатта пайдалана алатынын кеңінен таныстыру.

  • Мектеп оқушыларына сүттің пайдасын насихаттау.

Міндеттері:

  • Сүттің пайда болу тарихымен танысу;

  • Сүттің құрамын оқып білу

  • Сүттің түрлерін білу

  • Сүттің қалай және қай жерде қолданылатынын білу

Зерттеу нысаны: Мектеп оқушылары

Зерттеу заты: Сүт

Зерттеудің өзектілігі- біз сүтті күнделікті қолданамыз, көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін білмейміз.

Зерттеудің болжамы- сүт туралы көбірек оқып білсек, сүт туралы жақсы білеміз.

Зерттеу әдістері

  • ғылыми әдебиеттердегі анықтамалық мәліметтермен танысу;

  • бақылау;

  • зерттелген нәтижеге (сауалнамаға) талдау.

2.Негізгі бөлім.

    1. Сүттің шығу тарихы.

Қазақ халқы ежелден көшпенді өмір сүрген екен. Сол себепті мал өсірумен айналысқан және оның өнімдерін өңдеуді шебер меңгерген. «Ақ-дертке дауа, жанға шипа» демекші бүгін, біз сүттің және одан алынатын тағамдардың пайдасы туралы білетін боламыз. Сүттің адам денсаулығына пайдасы зор.

Сүт –өнімдерінің тарихы ежелгі заманнан бастау алады. Тарихи деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен қоректенгенді үйренген секілді. Сақ заманы кезінде көшпенділер мәдениетінде де сүт өнімі белгілі болған. «Ақ-дертке дауа, жанға шипа» демекші бүгін біз сүт және сүттен жасалатын тағамдар туралы тоқталамыз. Сүттің адам денсаулығына пайдасы зор. Қазақ халқының бұл қасиетті сусыны төрт түлік малдан өндіріледі. Ата-бабамыз ежелден көшпенді өмір сүргендіктен шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстырып келеді және шебер меңгерген.

Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да жоғары болады. Сондықтан да қазақ халқы ақтың орнын басқамен айырбастамайды. «Аузы аққа тиген» «уызына жарыған» деген сөздер арқылы адам өмірі мен денсаулығы үшін сүттің орны зор екеннін көрсетеді. Кісіге ақтан ауыз тигізеді. Көш алдынан ақ алып шығу, ұшынған өртке қарсы ақ төгу , жыланның басына ақ құйып шығарып салу, халық дәстүрінде бұлжымас заң, белгіленген жол-жоралғы болған. Ел ішінде, ауылда бұл әлі сақталған. Қазақ өмірі мен тұрмыс-салтында, емшілік өнерінде ертеден келе жатқан тәжірибе қазір де бар. И.Мечниковтың тұжырымдамасы бойынша «ағзадағы сүт микроорганизмнің көп мөлшерде болуы басқа микроорганизмдердің көбеюіне жол бермейді»,сол себепті де өмір жасын ұзарту мен денсаулықты сақтау үшін күнделікті тамақ рационына «айран» және «қышқыл сүт» енгізіп тұру керек екен. Айтып өтетін тағы бір жайт Нобель сыйлығының иегері И. Мечников 15 жыл бойы үздіксіз айран ішіп, өзінің күш-қуатын арттырып отырған екен. 99 жасқа келуіне себеп болған осы айран болғанын Жамбыл бабамыз айтқан еді. Ежелгі Грецияда сүт «жастықтың сусыны»деп, табиғаттың керемет сыйы деп есептеген. Мәңгілік өмір береді деп сенген.

1.2 Сүттің түрлері

Төрт түлік малдан алынады ол жылқы сүті-қымыз, сиыр сүті, қой сүті, ешкі сүті және түйе сүті –шұбат, ешкі сүті де болады екен.



1.3 Сүттің құрамы

Жалпы сүттің құрамы өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және сүттің түрлеріне тығыз байланысты болады екен. Сүт адам үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңірілетін өнім болып есептеледі.Сүттің құрамында А1 , В2 , Д витаминдері бар және жазда қыстың күнге қарағанда витаминдер көп болады. 100 грамм сүтте:

Сүттің құрамы

Сүттегі заттар мөлшері

Су

88 гр

Ақуыз

3 гр

Май

3,2 гр

Кальций

113 мг

Қант

5 гр

А дәрумені

28 мкг

В1 дәрумені

0,04 мг

В2 дәрумені

0,18 мг

В12 дәрумені

0,44 мкг

Д дәрумені

2 мг

1.4 Сүттің қолданылуы:

  1. Тағам түрлерін жасағанда

  2. Медициналық (емдік) жағдайда

  3. Косметология саласында( бетті әрлеу)

1.5 Сүттен жасалатын тағамдар:

Уыз, Айран, Сүт – сусын ретінде де, тамақ ретінде де қолданылатын бірден-бір өнім. Уыз, сүт, айран, құрт, ірімшік, қызыл ірімшік, май, кілегей, қаймақ, көже, қымыз, шұбат, сүзбе, шалап. Сиыр, қой, ешкі,түйе малдарының жаңа сауылған, пісірілген, шикі сүттерін пайдалана отырып, қолма-қол ішуге сақтауға жасалынады. Сүт қазақ халқының ертеден ұрпаққа жалғасқан құнды тағамдары. Сүтті пісіріп бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді. Сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Мысалы бие сүтін қымыз. Түйе сүтінен шұбат жасаған. Сиыр, қой ешкі сүтінен құрт, ірімшік, май жасап алуан түрлі тамаша тағамдар жасап даланың дарқан дастарқанын барынша толтырған.



2. Тарау Зерттеу бөлімі

Сүтпен емдеу:

Отандық дәрігерлер, диетолог мамандар пікірі бойынша: сүтті дәрумен ретінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін пайдаланған дұрыс. Себебі, сүт- шипалы тағам. Құрамында адам ағзасына өте қажетті 70-тен астам зат бар.

Сүт- адамның есте сақтау қабілетін арттырып қана қоймай, жоғары қан қысымын түсіреді. Күш – қуатты толықтырады, әсіресе іш құрылысына, жүрек ауруына пайдалы. Сүттен жасалған сусынның асқазан ауруын емдеу әсері зор. Дегенмен дәрігерлер сүтпен емделуді бастамас бұрын кеңес алғанын дұрыс көрді. Жүрек қысылып ауырғанда 1 стакан сүтке 3 тамшы қара зере тамызып ішсе қояды.

2.2 Сүттің қолданылуын зерттеу

Айран. Қаймағы алынған сүтке кішкене ұйытқы қосып ұйытады. Ол үшін бұрынғы айраннан ұйытқы құйып, бір шелек сүтке бір үлкен кесе ұйытқы айран құйған соң 2-3 минуттай жақсылап араластыру керек. Сонда сүт пен ашытқы бөлшектері біртекті сұйықтыққа айналады. Оны қымтап жауып қою керек.

Қатық. Көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынған сүтінен ашытылып, дорбаға құйып іліп сорғытады. Қатықты көп уақыт сақтауға болады. Сонымен қатар қатықтың құрамы кальцииге бай.

Дәрігермен кездесу.

Мамандардың айтуынша

Сауалнама нәтижесі:

Осы тақырыпты зерттеу барысында көптеген мағлұматтарды оқып үйрендім,қызықты деректер жинақтадым. Оны сыныптастарыммен бөлістім.

Өз сыныптастарыммен сауалнама жүргіздім. «Иә» «Жоқ» деп жауап бере алатындай оған әдейілеп сұрақтар құрастырдым. Сауалнамаға 22 оқушы қатысты. Онда «Сүт ішу саған ұнай ма» сауалына 22 оқушының 8 оқушысы ғана «Иә» деп жауап берді. Бұл төмен көрсеткіш. Сұхбат алу арқылы оқушылардың пікірін білдім. Сұхбатты 44 оқушыдан алдым. «Сүтті ұнатпаймын, мүлде ішпеймін» деп жауап берген-18 оқушы. «Белгілі бір кезде ішемін» дегенге 15 оқушы , «Сүтті жүйелі ішемін» деп жауап берген 11 оқушы болды. Осы жерде сүтті ұнатпайтыны туралы пікір айтқандар көбірек болды. Бірақ сүтті неге ұнатпайтынын айта алмады.Яғни мектеп оқушылар арасында сүтті насихаттау жүргізуді алдыма міндеттеп отырмын.

Дәрігер кеңесі-

Қорытынды:

Сүттің пайдасы өте зор. Оның емдік қасиеттеріне байланысты кеңінен қолдануға болатын және қолдану керектігін түсіндік.

Сүттің құрамында адам ағзасына пайдалы барлық химиялық элементтер бар екенін білдік.

Сүттің өте ертеде алғашқы адамдарға деген пайда болғанын ата-бабаларымыз оны тағам ретінде ем-дом ретінде пайдаланғанын оқып білдік.

Біз алдымызға қойған мақсатқа жеттік деп ойлаймын.

Осы тақырып төңірегінде көптеген мағлұматтар ала отыра, өз зерттеу жұмысымызды жүргізіп, көзімізбен көріп, дәлеледеуге тырыстық. Бұл жұмыс бізге қатты ұнады. Осы жұмысымызды келешекте ары қарай жалғастыру жоспарымыз бар.



























Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Балдырған» балалар журналы. 2009 жыл

  2. Интернет ресурты пайдалану.

  3. Энцеклопедия.

  4. «Ақ дастарқан»кітабы 1985 жыл.

  5. «Қазақтың ұлттық тағамдары» «Қайар» баспасы. Алматы -1977 жыл

6


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі