жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сүзгілеу тәсілдері. Жазбаларды сүзгілеу тәсілдері.
Сүзгілеу тәсілдері. Жазбаларды сүзгілеу тәсілдері.
Мәліметтер жиынында таңдалынатын жазбалар үшін шек қою – фильтрация деп аталады. Delphi жүйесі жазбаларды фильтрациялау мүмкіндігін өрнек бойынша және аралығы бойынша жүзеге асырады.
Өрнек бойынша електен өткізу.
Мәліметтер жиынын өрнек бойынша фильтрациялауды қолдану барысында, жазбаларды таңдау шартымен берілген фильтрдің өрнегін қанағаттандыратын жазбалармен шектеледі. Фильтрдің өрнегін беру үшін String типті Filter қасиеті қолданылады.
Фильтрация шартын көрсетуге мысал ретінде келесі өрнекті келтірейік.
Oklad <= 20000
Post = ‘Инженер’ OR Post = ‘лаборант’
Бірінші өрнек оклад өрісінің мәні 20000 аспайтын барлық жазбаларды іріктеп алады. Екінші өрнек мамандық өрісі инженер немесе лаборант мәнінен тұратын жазбаларды іріктеуді қамтамасыз етеді.
Фильтрді екпінді етуге және оны алып тастауға Boolean типті Filter қасиеті қолданылады. Қалыпты жағдайда бұл қасиеттің мәні False, және фильтрация өшірілген болады. Filtered қасиетіне True мәнін қойғанда фильтрация қосылады, және Filter қасиетінде жазылған фильтрді қанағаттандыратын мәліметтер жиынында жазбалар іріктелінеді.
Фильтрация параметрі TFilterOptions типті FilterOptions қасиетінің көмегімен беріледі. Бұл қасиет жиын типіне жатады, және екі мәннің комбинациясын қабылдайды:
foCaseInsensitive – әріптердің регистрі ескерілмейді, яғни Post = ‘преподаватель’ фильтр өрнегіндегі преподаватель, ПРЕПОДАВАТЕЛЬ немесе Преподаватель бірдей мағынада қабылдана береді.
foNoPartialCompare – іріктеу үшін, өріс және мәндерінің толық сәйкес болуын тексеруді орындайды. әдетте символдар жолы үшін қолданылады. Мысалы, Post = ‘П*’ фильтрі үшін foNoPartialCompare мәні қосылғанда Post өрісінде Преподаватель, Преп-ль, немесе Профессор мәндерінен тұратын жазбалар іріктелініп алынады.
Өрнек бойынша мәліметтер жиынын фильтрациялау үшін, форма оқиғасын өңдеу мысалын қарастырайық. Форма 24-суретте келтірілген.
24-сурет. Өрнек бойынша електен өткізу формасының мысалы
Мәліметтер жиынын фильтрациялау екі түйменің және редакциялау өрісінің көмегімен орындалады. Фильтровать (btnFilter) түймесін басу барысында мәліметтер жиынының Filtered қасиетіне True мәні меншіктелу жолымен фильтр орындалады. edtFilter редакторы фильтр өрнегін қоюға арналған. Фильтрдің орындалуында өрнектегі шартты қанағаттандыратын жазбаларды іріктеу орындалады. Все записи (btnAllrecord) түймесін басқанда фильтр ажыратылады, барлық жазбалар көрсетіледі.
Төменде Form1 форма қосымшасының үш оқиғаны өңдеу модулі келтірілген.
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject); begin
Table1.FilterOptions:=[foCaseInsensitive]; Table1.Filtered:=False;
end;
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject); begin
Table1.Filtered:=True; Table1.Filter:=edit1.Text; end;
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); begin
Table1.Filtered:=False; end;
procedure TForm1.Button3Click(Sender: TObject); begin
Form1.Close; end;
end.
Жазбаларды таңдау үшін дайын өрнектердің тізімін пайдаланған да ыңғайлы болады. Мұндай режим ComboBox және Memo компоненттерінің көмегімен жасалынады. Егер фильтрация шарты белгілі және өзгермейтін болса, онда пайдаланушы жазбаларды іріктеуді CheckBox жалаушасының және RadioButton айырып-қосқышының көмегімен басқара алады.
Форма қосымшасы оқиғасын өңдеуге мысалы ретінде, пайдаланушы фильтрацияны екі өріс бойынша немесе өрнегі бойынша басқару мүмкіндігін қолданатын, әйтпесе фильтрацияны алып тастайтын қарастырайық.
сурет. Бірнеше өріс бойынша електен өткізу формасына мысал
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject); begin
Table1.Filter:=''; Table1.FilterOptions:=[foCaseInsensitive]; Table1. Filtered: =True;
end;
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); begin
Table1.Filtered:=True;
// оклад бойынша фильтрациялау
if Radiobutton1.Checked then table1.Filter:='Salary >'+ Edit1.Text+ 'AND Salary <'+Edit2.Text;
// туған күні бойынша
if Radiobutton2.Checked then table1.Filter:='Birthday >'+ DateToStr(DateTimePicker1.Date)+'AND Brithday < '+DateToStr(DateTimePicker2.Date);
// өрнек бойынша фильтрациялау
if Radiobutton3.Checked then Table1.filter:=edit3.Text; if Radiobutton4.Checked then Table1.Filter:='';
end;
Ең кіші және ең үлкен датаның мәнін енгізу үшін екі TDateTimePicker (DateTimePicker1.Date және DateTimePicker2.Date) типті компоненттер қолданылады. Окладтың мәндеріне шек қою үшін Edit1.Text және Edit2.Text бір жолды редакторлары қолданылды.
Сүзгілеу тәсілдерін және жазбаларды сүзгілеу тәсілдерін қолдану.
Мәліметтер жиынында таңдалынатын жазбалар үшін шек қою- фильтрация деп аталады. Delphi жүйесі жазбаларды фильтрациялау мүмкіндігін өрнек бойынша және аралық бойынша жүзеге асырады.
Өрнек бойынша фильтрациялау. Мәліметтер жиынын өрнек бойынша фильтрациялауды қолдану барысында, жазбаларды таңдау шартымен фильтрдің өрнегін қанағаттандыратын жазбалармен шектеледі. Фильтрдің өрнегін беру үшін String типті Filter қасиеті қолданылады.
Фильтрді екпінді етуге немесе оны алып тастауға Boolean типті Filtered қасиеті қолданылады. Қалыпты жағдайда бұл қасиеттің мәні False, және фильтрация өшірілген болады. Filtered қасиетіне True мәнін қойғанда фильтрация қосылады.
Фильтрация параметрі TFilterOptions типті FilterOptions қасиетінің көмегімен беріледі. Мәндері:
foCaseInsensitive-әріптердің регистрі ескерілмейді. Яғни Fio=Петров, ПЕТРОВ немесе петров бірдей мағынада қабылдана береді.
foNoPartialCompare-іріктеу үшін, өріс және мәндерінің толық сәйкес болуын тексеруді орындайды. Әдетте символдар жолы үшін қолданылады. Мысалы, Fio=‘П*’ фильтрі үшін foNoPartialCompare мәні қосылғанда fio өрісінде Петров, Петрова, Попова мәндерінен тұратын жазбалар іріктелініп алынады.
Аралық бойынша фильтрациялау. Аралық бойынша фильтрацияда мәліметтер жиынына өрістерінің мәндері көрсетілген аралықта болатын жазбалар енеді, яғни фильтрация шарты мәні>төменгі шекара and мәні<жоғарғы шекара түріндегі өрнек болып табылады. Өрнек бойынша фильтрациядан айырмашылығы кестенің барлық жазбалары тізбектеліп қарап шыққанда, аралық бойынша фильтрациялау индекстік-тізбектелген әдіспен жүргізіледі, сондықтан фильтрацияның бұл тәсіліне тек индекстік өрістер ғана қолданылады. Индекстік өріс аты IndexName, IndexFieldNames қасиеттерінің көмегімен ағымдағы секілді қойылуы керек. Егер ағымдағы индекс қойылмаса, онда келісім бойынша басты индекс қолданылады.
Аралық бойынша фильтрацияны қосу және ажырату үшін қолданылатын әдістер:
ApplyRange- аралық бойынша фильтрацияны қосу
CancelRange- аралық бойынша фильтрацияны ажырату
SetRangeStart-аралықтың төменгі шекарасын беру
SetRangeEnd-аралықтың жоғарғы шекарасын беру
EditRangeStart- SetRangeStart әдісімен берілген аралықтың төменгі шекарасын өзгерту
EdtrRangeEnd- SetRangeEnd әдісімен берілген аралықтың жоғарғы шекарасын өзгерту
SetRange (const StartValues, EndValues: array of const) – МҚ-да индекстік өрістер тек қана [StartValues..EndValues] диапазонында жататын жазбаны көрсетеді.
ІІ. Өз бетінше тапсырма
Форманың түрі:
3.1-сурет. Фильтрация жүргізу формасы
indfio индекстік өрісі бойынша електен өткізуді жүзеге асырайық. CheckBox1 компонентінің оқиғасы:
procedure TForm3.CheckBox1Click(Sender: TObject); var N:string;
begin
if checkbox1.Checked then
begin
N:=edit1.text;
with table1 do
begin IndexName:='indfio'; CancelRange; SetRange([N],[N]); end;
end else Table1.CancelRange; end;
Форманы filtr_un.pas деген атпен сақтаңыз.
Form1-дегі Mainmenu1 компонентіне жаңа Електен өткізу менюін қосыңыз да, оны үшінші формамен байланыстырыңыз.
Қосымшаны орындауға жіберіңіз.
Мәліметтерді сүзгілеу және мүмкін болатын мәндер диапазондарын орнату тәсілдерін қолдану
Аралық бойынша фильтрацияда мәліметтер жиынына өрістерінің мәндері көрсетілген аралықта болатын жазбалар енеді, яғни фильтрация шарты
мәні>төменгі шекара AND мәні < жоғарғы шекара
түріндегі өрнек болып табылады. Өрнек бойынша фильтрациядан айырмашылығы кестенің барлық жазбалары тізбектеліп қарап шыққанда, аралық бойынша фильтрациялау индекстік-тізбектелген әдіспен жүргізіледі, сондықтан фильтрацияның бұл тәсіліне тек индекстік өрістер қолданылады. Өріс аты, жазбаларды таңдау үшін критерий ретінде көрсетілген аралық, IndexName IndexFieldNames қасиеттерінің көмегімен ағымдағы сияқты қоюлуы керек. Егер ағымдағы индекс қойылмаса, онда келісім бойынша басты индекс қолданылады.
Аралық бойынша фильтрацияны қосу және ажырату үшін қолданылатын әдістер:
ApplyRange- аралық бойынша фильтрацияны қосу
CancelRange- аралық бойынша фильтрацияны ажырату
SetRangeStart-аралықтың төменгі шекарасын беру
SetRangeEnd-аралықтың жоғарғы шекарасын беру
EditRangeStart- SetRangeStart әдісімен берілген аралықтың төменгі шекарасын өзгерту
EdtrRangeEnd- SetRangeEnd әдісімен берілген аралықтың жоғарғы шекарасын өзгерту
SetRange (const StartValues, EndValues: array of const) – МҚ-да индекстік өрістер тек қана [StartValues..EndValues] диапазонында жататын жазбаны көрсетеді
Аралық бойынша фильтрацияны қосу және ажырату ApplyRange және
CancelRange әдістері қолданылады.
SetRangeStart және SetRangeEnd әдістері аралықтың төменгі және жоғарғы шекараларын қояды. Аталған процедуралардың параметрлері жоқ, сондықтан аралық шекараларын қою үшін меншіктеу инструкциясын қолданылады. Сонымен қатар SetRangeStart және SetRangeEnd әдістері мәліметтер жиынын dsSetKey режиміне ауыстырады. Алдын ала қойылған аралық шекараларын өзгертуге SetRangeStart және SetRangeEnd әдістерінің әрекеттеріне сәйкес келетін, EditRangeStart және EditRangeEnd әдістері арналған.
Аралық бойынша фильтрацияны қамтамасыз ететін қосымша формасы оқиғасын өңдеу модулін мысал ретінде қарастырайық.
26-сурет. Аралық бойынша електен өткізу формасына мысал
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject); begin
Table1IndexName:='indSalary'; end;
// Salary өрісі бойынша фильтрация
/ / бұл өрістің индексі ағымдағы индекс сияқты қойылған болу керек
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); begin
with Table1 do begin
// аралықтың төменгі шекарасын қою SetRangeStart; FieldByName('Salary').AsString:=edit1.Text;
// аралықтың жоғарғы шекарасын қою SetRangeEnd; FieldByName('Salary').AsString:=edit2.Text;
// фильтрацияны қосу
ApplyRange; end;
end;
//фильтрацияны алу
procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject); begin
Table1.CancelRange;
End;
end;
Өз бетінше тапсырма
Форманың түрі:
3.1-сурет. Фильтрация жүргізу формасы
Indfio индекстік өрісі бойынша електен өткізуді жүзеге асырайық. CheckBox1 компонентінің оқиғасы:
procedure TForm3.CheckBox1Click(Sender: TObject); var N:string;
begin
if checkbox1.Checked then begin
N:=edit1.text;
with table1 do begin IndexName:='indfio'; CancelRange; SetRange([N],[N]); end;
end else Table1.CancelRange; end;
3. Форманы filtr_un.pas деген атпен сақтаңыз.
4. Form1-дегі Mainmenu1 компонентіне жаңа Електен өткізу менюін қосыңыз да, оны үшінші формамен байланыстырыңыз.
5. Қосымшаны орындауға жіберіңіз.
Мәліметтерді іздеу
Жазбаны іздеу қандай да бір анықталған шартты қанағаттандыратын жазбаға ауысуды білдіреді. Фильтрациядан айырмашылығы іздеу нәтижесінде мәліметтер жиынындағы жазбалар санының өзгермейтіндігінде. Өріс бойынша жазбаны іздеу үшін Locate және Lookup әдістері қолданылады, өрістер индекстелмеген болуы да мүмкін.
Locate (const keyFields: String; const KeyValues: Variant; Options: TLocateOptions):Boolean функциясы өрістің берілген мәнімен іздейді. Егер жазба табылса, онда функция True мәнін, ал басқа жағдайда False қайтарады. Іздеу жүргізілетін өріс тізімдері KeyFields параметрінде беріледі, өріс нүктелі үтірмен (;) бөлінеді. Variant типті KeyValues параметрі іздеу үшін өріс мәнін көрсетеді.
Options параметрі келісім бойынша символдық жолды іздеуге пайдалынады. Бұл параметр жиын типіне TLocateOptions жатады, және келесі мәндерді қабылдайды:
loCaseInsensitive (әріптердің регистрі ескерілмейді);
loPartialKey (мәндердің кейбір бөлігі сәйкес болуды білдіреді);
Бір өріс бойынша іздеуге мысал:
Table1.Locate(‘Number’, 123, []);
Іздеу Number өрісі бойынша орындалады, және бұл өрістің мәні 123 саны болатын бірінші жазба ізделінеді.
Мысал ретінде мәліметтер жиынынан іздеуді қамтамасыз ететін оқиғаны өңдеуді қарастырамыз. Форма түрі 22-суретте келтірілген.
22-сурет.Іздеу формасының мысалы
Пайдаланушы товар аты (Name) және құны (Price) өрістері бойынша іздеуді жүзеге асырады. Іздеу процесі «Іздеу» түймесін шерткен соң басталады. Төмендегі оқиғаны өңдеу модулінің мәтіні келтірілген.
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); Var Keyfields: String;
KeyValues: Variant; Options: TLocateOptions;
begin
if not (CheckBox1.Checked or CheckBox2.Checked) then begin MessageDlg('yt pflfys eckjdbt gjbcrf', mtInformation, [mbOK],0); exit;
end;
// Бір уақытта Name, Price екі өрісі бойынша іздеу
if CheckBox1.Checked and CheckBox2.Checked then begin KeyFields:='Name;Price'; KeyValues:=VararrayOf([edit1.Text,edit2.Text]);
end
// Екі өрістің біреуі бойынша іздеу
else begin
// Name өрісі бойынша іздеу
if CheckBox1.checked then begin Keyfields:='Name'; keyvalues:=edit1.Text;
end;
// Price өрісі бойынша іздеу
if CheckBox2.Checked then begin KeyFields:='Price'; KeyValues:=edit2.Text;
end; end;
// Іздеу әріптердің регистріне байланысты емес орындалады
// кейбірелері сәйкес болатын мүмкіндіктерімен іздеу
Options:=[loCaseInsensitive,loPartialKey];
// Жазба табылған жоқ
if not Table1.Locate(KeyFields,KeyValues,Options) then begin Beep;
MessageDlg('Жазба табылмады, mtInformation, [mbOK],0); exit;
end; end;
Тізбектеп іздеуді, жазба өрістері мәні мен іздеу үшін берілген мәннің ұқсас сәйкестерін іздеуге арналған FindNearest, SetNearest, EditNearest және GotoNearest әдістерінің көмегімен ұйымдастыруға болады.
Жазбаларды тізбектеп іздеу үшін, қосымша форма оқиғасын өңдеуге мысал қарастырайық.
23-сурет. Тізбектеп іздеу формасына мысал
Қосымшаның форма компоненті үшін оқиғаны өңдеу программасы төменде келтірілген.
procedure TForm1.Edit1Change(Sender: TObject); Var strField: String;
begin
// егер іздеу режимі қосырмаған болса, онда процедурадан шығу
if not CheckBox1.Checked then exit;
// іздеу үшін өрісті таңдау
case RadioGroup1.ItemIndex of 0:strField:= 'Name'; 1:strField:= 'Firm'; 2:strField:= 'City';
end;
// іздеуді орындау
Table1.Locate(strField,edit1.Text, [loCaseInsensitive,loPartialKey]); end;
procedure TForm1.CheckBox1Click(Sender: TObject); begin
edit1Change(Sender); end;
procedure TForm1.RadioGroup1Click(Sender: TObject); begin
edit1Change(Sender); end;
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); begin
Form1.Close; end;
Бірнеше кестелердегі мәліметтер жиынтығын құру және өңдеу
Кестелерді біріктіру
Біріктіру амалы SQL тілінде бірнеше кестеде орналасқан ақпаратты бір сұранысқа біріктіріп, бір кесте түрінде шығарады. Бұл SQL тілінің негізгі мүмкіншіліктерінің бірі.
Біріктіру амалы сыртқы және ішкі деп бөлінеді. Біріктірудің екі түрі де SELECT операторының WHERE сөйлемінде арнайы шартпен беріледі. Сыртқы біріктіру ANSI-92 стандартын қолдайды және "JOIN" қызметші сөзі арқылы анықталады.
Әрбір кестелер жұбын біріктіру үшін бір кестенің алғашқы, ал екінші кестенің сыртқы кілті анықталуы керек. WHERE операторында бірнеше біріктіру шарты берілуі мүмкін.
Мысалы:
select a.surname,a.name,b.pay,c.avg_ball
from personal.db as a,pay.db as b,progres.db as c
where (a.nom_ud=b.nom_ud) and (b.nom_ud=c.nom_ud)
Мұндағы а,b,c кестенің псевдонимдері.
Нәтижелік кестедегі қайталануды болдырмау үшін DISTINCT операторы қолданылады. Берілген модификатор бір рет қана жазылып, барлық бағандар тізбегі үшін орындалады.
Мысалы:
select distinct a.surname,a.name,b.pay,c.avg_ball from personal.db as a,pay.db as b,progres.db as c
where (a.nom_ud=b.nom_ud) and (b.nom_ud=c.nom_ud) Жазбаларды сұрыптап шығару (ORDER BY) Жазылуы:
ORDER BY <баған аты> [ASC | DESC]
ASC өсу ретімен cұрыптау
DESC кему ретімен сұрыптау
ORDER BY операторы сұраныстың соңында жазылады. Мысалы:
select distinct a.surname,a.name,b.pay,c.avg_ball from personal.db as a,pay.db as b,progres.db as c
where (a.nom_ud=b.nom_ud) and (b.nom_ud=c.nom_ud) order by a.surname
ІІ. Өз бетінше тапсырма
Титульдық формаға Сұрыптау батырмасын қосыңыз.
10.1-сурет. Титульдық бет
Сұрыптау батырмасын шерткенде төмендегі форма ашылсын.
10.2-сурет. Мәліметтерді сұрыптау формасы
Query1 компонентінің SQL қасиетіне select distinct a.surname,a.name,b.pay, c.avg_ball from personal.db as a,pay.db as b,progres.db as c where (a.nom_ud=b.nom_ud) and (b.nom_ud=c.nom_ud)
сұранысын жазыңыз. Яғни сұраныс personal.db кестесінен фамилиясы, аты,
pay.db кестесіне оқу ақысы және progres.db кестесіне орта балы өрісіналады.
Сұрыптау түрі мен сұрыптау бағыты таңдалған соң кестеде сүрыптау жүргізетін батырманың OnClick оқиғасы:
procedure TForm7.Button1Click(Sender: TObject); var s:string;
begin query1.Close; query1.SQL.Clear;
query1.SQL.Add('select a.surname,a.name,b.pay,c.avg_ball');
query1.SQL.Add('from personal.db as a,pay.db as b,progres.db as c');
query1.SQL.Add('where (a.nom_ud=b.nom_ud) and (b.nom_ud=c.nom_ud)');
case radiogroup1.ItemIndex of
0:s:='order by b.pay'; 1:s:='order by c.avg_ball'; end;
case radiogroup2.ItemIndex of 0:s:=s+' ';
1:s:=s+' desc '; end;
query1.SQL.Add(s); query1.open;
end;
Байланысқан кестелер қосымшасын құру.
Мәліметтер қорының бөлек кестелерінің арасында байланыс болуы мүмкін, ол кестелердің байланыс өрістері арқылы ұйымдастырылады. Байланыс өрісі міндетті түрде индекстелген болуы қажет. Кестелер арасындағы байланыста бір кесте-негізгі кесте, ал екінші кесте- бағынышты кесте болып табылады. Кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруда бағынышты кестеде келесі қасиеттер пайдаланылады:
MasterSource- негізгі кестенің мәліметтер көзі;
IndexName-бағынышты кестенің ағымдағы индексі;
IndexFieldNames- бағынышты кестенің ағымдағы индексінің өрісі немесе байланыс өрісі
MasterFields-негізгі кесте индексінің өрісі немесе байланыс өрісі.
Өз бетінше тапсырма
DataBase Desktop программасын ашып, құрылымы төмендегідей болатын Oplata.db кестесін құрыңыз.
Өрістің аты |
Типі |
Өлшемі |
Кілттік өріс |
Қызметі |
Number |
+ |
|
* |
|
Kod |
N |
|
|
Негізгі кестемен байланыстыратын код |
Mesiaz |
A |
10 |
|
Ай аты |
Ab_oplata |
N |
|
|
Айына төленетін абоненттік сома |
Minut_mezh_razg |
N |
|
|
Халықаралық байланысқа кеткен минут көлемі |
Oplacheno |
N |
|
|
Осы айға төленген сома |
Dan.db кестесімен Oplata.db кестесін Kod өрісі бойынша байланыстырыңыз. Кестелер арасындағы байланыс “мастер-детальды”. Мұндағы Dan.db негізгі кесте де, ал Oplata.db бағыныңқы кесте.
Dan.db
Oplata.db
Kod
Fio
Adres
Nomer_tel
Number
Kod
Mesiaz
Ab_oplata
Minut_mezh_razg
Oplacheno
5.1-сурет. Екі кестені байланыстыру
Байланыстыру үшін Бағыныңқы кестенің(Oplata.db) құрылымын ашыңыз.
Table Properties біріктірілген тізімінен Referential Integrity элементін таңдаңыз.
Пайда болған терезенің
5.2-сурет. Кестелер арасында байланыс орнату терезесі
Fields бөлімінде Oplata.db кестесінің өрістері, Table бөлімінде кестелер тізімі көрсетілген.
Fields бөлімінен Kod өрісін, Table бөлімінен негізгі кестені(байланыстырылатын кестені-dan.db) таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Пайда болған терезеде байланысқа dan_opl атын беріңіз де, ОК батырмасын шертіңіз.
Delphi программасын жүктеп, ats_pr.dpr қосымшасын ашыңыз.
Қосымшаға жаңа форма қосыңыз. Форманың түрі:
5.3-сурет. Байланысқан кестелердің мазмұнын көрсету формасы
Table1 компонентімен Table2 компонентін байланыстырыңыз.Ол үшін Table2 компонентінің MasterSource қасиетіне Datasource1 мәнін меншіктеңіз.
Masterfields қасиетінің оң жағындағы үш нүктелі батырманы шертіңіз.
Пайда болған терезенің
5.4-сурет.Бағынышты кестеден негізгі кестемен байланыс орнату
Available Indexes төгілмелі тізімінен Kod индексін таңдаңыз. Detail Fields, Master Fields бөліктерінен Kod өрісін таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.
Форманы Sviaz_tab_un.pas деген атпен сақтаңыз.
Form1-дегі Mainmenu1 компонентіне жаңа Кестелерді байланыстырыңыз менюін қосыңыз да, оны бесінші формамен байланыстырыңыз.
Қосымшаны орындауға жіберіп, кестені толтырыңыз.
Есеп беру конструкторы
Есеп беру – мәліметтер қорына сұраныс нәтижесінде алынатын мәліметтерді баспадан шығаратын құжат.
Есеп берулердің төмендегідей түрлерін атап өтуге болады:
Қарапайым есеп беру;
Мәліметтерді топтастыру арқылы құрылатын есеп беру.
«Негізгі – бағынышты» байланысындағы кестелердегі мәліметтерден құралған есеп беру;
әртүрлі есеп берулерді біріктіретін құрама есеп беру.
Delphi-де есеп берулерді құруға мүмкіндік беретін компоненттер жиынынан тұратын QuickReport есеп берулер генераторы қолданылады.
QReport компоненттер палитрасында есеп беруде қолданылатын жиырмадан астам компонент орналасқан. Олардың .шіндегі «негізгі» компонент толығымен есеп беру құрылымына жауап беретін TquickRep болып табылады.
TQuickRep компонентінің негізгі қасиеттері, әдістері мен оқиғалары қарастырайық.
Қасиеттері:
property Bands: TQuickRepBands; - төмендегідей мәндерді қабылдайды:
HasColumnHeader – есеп беру бағандарының тақырыптары;
HasDetail – нақты ақпарат;
HasPageFooter – парақтың төменгі бөлігі;
HasPageHeader – парақ тақырыбы;
HasSummary – есеп берудің төменгі бөлігі;
Has Title – есеп беру тақырыбы.
property DataSet: TDataSet; есеп беру құрылатын мәліметтер жиынын көрсетеді.
property Frame: TQRFrame; есеп беру шектерінің параметрлерін анықтайды:
Color – шектеріндегі сызықтардың түсі; DrawBottom – төменгі сызықты шығару; DrawLeft- сол жақ сызықты шығару; DrawRight- оң жақ сызықты шығару; Draw Top- жоғарғы сызықты шығару; Style – сызық стилін анықтау;
Width – пиксель түрінде сызықтың ұзындығы.
property Page: TQRPage; парақ параметрлерін анықтайды.
property PrinterSettings: TQuickRepPrinterSettings; принтер параметрлерін анықтайды.
property PrintIfEmpty: Boolean; егер True мәні көрсетілсе, мәліметтер болмаса да парақты баспадан шығаруды орындайды.
Әдістері
procedure NewPage; Жаңа параққа көшуді орындайды; BeforePrini немесе AfterPrint оқиғалар өңдегішінде қолданылады және OnPrint, OnStartPage және OnEndPage оқиғаларында қолданылмайды.
procedure Preview; алдын ала көру режимінде қарау. procedure Print; принтерде есеп беру құжатын шығарады. procedure PrinterSetup; принтер параметрлерін баптайды.
Оқиғалар
property AfterPreview : TQRAfterPreviewEvent; есеп беруді алдын ала қарағаннан кейін орындалады.
property AfterPrint: TQRAfterPrintEvent; есеп беру құжатын баспадан шығарғаннан кейін орындалады.
property BeforePrint: TQRBeforePrintEvent; есеп беруді генерациялау кезінде орындалады.
property OnEndPage : procedure(Sender : TObject); есеп берудің соңғы парағын генерациялау кезінде орындалады.
property OnStartPage : procedure(Sender : TObject); есеп берудің алғашқы парағын генерациялау кезінде орындалады.
Есеп беруде қолданылатын құрама компоненттер.
Қалған компоненттер есеп берудің құрама бөлігін анықтайды:
TQRBand – есеп беру тақырыбын, мәліметтер облысын және орналастыруға арналған аймақ. Есеп беру негізінен төмендегілерді жүзеге асыратын TQRBand, компоненттерінен тұрады:
есеп беру тақырыбының облысы; • парақ тақырыбының облысы;
топ тақырыбының облысы; • есеп беру бағандары тақырыптарының облысы;
мәліметтер облысы;
топталған мәліметтердің қорытынды облысы;
• парақтың төменгі облысы; • есеп берудің төменгі.
TQRSubDetail – МҚТ байланыстар негізінде анықталған Master-Detail байланысын жүзеге асыруда бағынышты кестенің мәліметтерін орналастыру облысы;
TQRGroup – есеп беруде топтауды жүзеге асыру қолданылады;
TQRLabel – Статикалық мәтінді есеп беру парағына орналастырады;
TQRDBText – есеп беруде мәліметтер жиыны өрістерін орналастыруға мұмкіндік береді;
TQRExpr - өрнекті есептеу нәтижесінде алынған мәнді шығару үшін қолданылады; өрнекті есептеу алгоритмі осы компоненттің өзінің формулалар редакторының көмегімен құрылады;
TQRSysDate – есеп беруде дата, уақыт, парақ номері, қандай да бір мәннің қайталанып шығарылу санын және т.б. шығару үшін қолданылады;
TQRMemo – есеп беруде комментарий өрістердің мазмұнын шығару үшін қолданылады;
TQRRich Text – есеп беруде форматталған комментарий өрістерінің мазмұнын шығару үшін қолданылады;
TQRDBRich Text – есеп беруде мәліметтер жиынынан алынған комментарий өрістердің мазмұнын шығару үшін қолданылады;
TQRShape – есеп беруде грфаиктік фигураларды шығару үшін қолданылады;
TQRImage – есеп беруде мәліметтер жиынынан алынған графиктік ақпаратты шығару үшін қолданылады;
TQRChwt – есеп беруге графикті кірістіру үшін қолданылады.
Есеп беруді құру
Есеп беру - бұл МҚ-на сұранымдар орындау нәтижесі тәрізді мәліметтерден тұратын баспадан шығаратын құжат. Есеп берудің төмендегідей түрлері бар:
Қарапайым есеп беру;
Мәліметтерді топтастыру арқылы құрылатын есеп беру.
Қатынас арқылы байланысқан біріктіретін құрама есеп беру.
Delphi-де есеп берулер құруға мүмкіндік беретін компоненттер жиынынан тұратын QuickReport есеп берулер генераторы қолданылады.
Есеп берулер құруға арналған компоненттер QReport парағында орналасады. Компоненттердің барлығы визуальды болып табылады. Олардың көбісі Standart, Additional және Data Controls парақтарындағы компьютерге ұқсас.
Есеп берудің негізгі компоненті QuickRep. QuickRep компоненті DataSet қасиеті арқылы есеп беру құрылатын Table және Query жиынымен байланыстырылады.
Мысалы QuickRep1.DataSet:= Form1.Table1;
Есеп беру жеке жолақтардан тұрады. Әрбір жолақтың үстіне сәйкес компоненттер орналастырылады. Жолақтардың есеп беруде бейнеленуін TQuickRepBands типті Bands қасиеті арқылы басқаруға болады. Оның көмегімен мынадай жолақтар қосуға болады:
Has PageHeader – жоғарғы колонтитул ;
HasTitle – есеп беру тақырыбы;
HasColumnHeader – баған тақырыптары;
HasDetail – мәліметтер облысы;
HasSummary – есеп беру қорытындысы;
HasPageFooter – төменгі колонтитул.
Жолақ түрі TQRBandType типті BandType қасиеті арқылы анықталады.
Мәндері:
rbTitle – есеп беру тақырыбы (жоғарғы колонтитул астында орн-ды)
rbPageHeader – жоғарғы колонтитул әрбір парақта басып шығар-ды.
rbDetail – есеп беру жазбалары.
rbPageFooter - төменгі клонтитул
rbSummary – есеп беру қорытындығы
rbGroupHеader – топ тақырыбы, әрбір топ үшін шығарылады.
rbGroupFooter – топқа көрсетілетін нұсқау
rbSubDetail – байланысқан бағынқы мәліметтер жиынының мәліметтері.
rbColumnHeader әрбір парақта бір рет басып шығарылатын баған тақырыптары
rbOverlay - алдыңғы (Quick Report 2) версияның есеп беру генераторымен сәйкестік үшін қолданылады.
rbChild – байланысқан жолақтан кейін шығарылатын қосымша (дочерняя) жолағы.
Жолақта орналасатын компоненттер.
Белгілі бір типті жолақты құрғаннан кейін, оның үстіне сәйкес компоненттер орналастырылады.
Есеп берудің жиі қолданылатын компоненттері:
QRLabel – кезкелген жолақта орналаса алатын (жазба) текст. Тек мәліметтер жолағы үшін қолданылмайды.
QRDBText – мәліметтер жолағында орналасатын жазба өрісінің мәні.
118
QRExpr - өрнек негізінде қалыптастырылатын мән. Онда жазба өрістерінің мәндері қолданылуы мүмкін. Мәліметтер жолағы мен төменгі колонтитул үшін қолданылады.QRSysData – қорытынды жолақтар мен колонтитулдарда қолданылатын жүйелік ақпарат. Оның түрін QRSysData Type типті Data қасиеті анықтайды. Мәндері:
qrsColumnNo – ағымдық баған нөмері (1 баған=1)
qrsDate – ағымдық дата
qrsDateTime – ағымдық дата мен уақыт
qrsDetail Count – мәліметтер жиынындағы жазба саны
qrsDetailNo – ағымдағы жазба нөмері
qrsPage Namber – ағымдағы парақ нөмері
qrsPage Counr – есеп берудегі парақтар саны
qrsTime – ағымдағы уақыт.
QRImage – графикалық бейне
QRShape – кез келген жолақта орналастырылатын геометриялық фигура.
Өз бетінше тапсырма
Delphi программасын жүктеп, ats_pr.dpr қосымшасын ашыңыз.
Қосымшаға жаңа форма қосыңыз. Формаға QuickRep, QRBand, QRLabel, QRDBText компоненттерін келсідей түрде орналастырыңыз:
6.1-сурет. Есеп беру формасы
Компоненттердің қасиеттеріне сәйкес мәндерін меншіктеңіз:
Form5-ті ашыңыз.
Формаға Есеп беру батырмасын орналастырыңыз. Есеп беру батырмасының коды:
Компоненттің аты |
Қасиеті |
Мәні |
QuickRep1 |
Dataset |
Form5.table1 |
QRBand1 |
|
|
QRBand2 |
Bandtype |
rbColumnHeader |
QRBand3 |
Bandtype |
RbDetail |
QRLabel1 |
Сaption |
Есеп беру |
QRLabel2 |
Сaption |
ФИО |
QRLabel3 |
Сaption |
Ай аты |
QRLabel4 |
Сaption |
Абонеттік төлемақы |
QRLabel5 |
Сaption |
Қалааралық төлемақы |
QRLabel6 |
Сaption |
Төленген сома |
QRDBText1 |
Dataset Datafield |
Form5.table1 Fio |
QRDBText2 |
Dataset Datafield |
Form5.table2 Mesiaz |
QRDBText3 |
Dataset Datafield |
Form5.table2 Ab_oplata |
QRDBText4 |
Dataset Datafield |
Form5.table2 Minut_mezh_razg |
QRDBText5 |
Dataset Datafield |
Form5.table2 Oplacheno |
procedure TForm5.Button1Click(Sender: TObject); begin
form6.QuickRep1.Preview; end;
Форманы otshet_un.pas деген атпен сақтаңыз.
Қосымшаны орындауға жіберіңіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген