400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге судың қасиеттерін таныстыру және қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қаиеттерін зерттеу.Баланың сумен эксперимент жамау процесінде танымдық қызығулықтарын ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Экологиялық жоба «Сиқырлы су»

Жобаның түрі: танымдық-зерттеушілік.

Жобаның мерзімі: ( алты ай)

Зерттеу нысаны: судың қасиеті.

Балалардың санына байланысты: топтық ( ортаңғы топ)

Су- баға жетпес байлық. Жер бетінде барлық тіршілік суға байланысты.

Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен, көл, бұлақ, әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата- бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-анасы «суды сабама, балығын шошытасың», «Бұлақты лайлама, құсын кетіресің» деген тоқтау сөздер айтып, тәрбиелеген. Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп, қорғайтынын көреміз.

Су- балалар үшін зерттеуге арналған ең қызықты да түсінікті нысан. Балалардың сумен жанасу дүниеге алғаш шыр етіп келген күндерінен басталады, танымдық қасиеттері басталысымен- ақ сумен байланысты ойындарды ойнай бастайды. Сол себепті де мен « Сиқырлы су» атты жобаны алдым.

Мақсаты: Тәрбиеленушілерге судың қасиеттерін таныстыру және қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қаиеттерін зерттеу.Баланың сумен эксперимент жамау процесінде танымдық қызығулықтарын ояту.

  1. Білімділік: тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін меңгерту.

  2. Дамытушылық: балалардың байқағыштығын, тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру, ойларын жүйелі түрде қорытуын дамыту.

  3. Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға, ұқыптылыққа және үнемдеушілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру ( дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі бір пішіні болмайды, мөлдір, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады)

Себеп- салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.

Қызығушылықтарын туғызып, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу.

Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын артыру.

Жобаны жүзеге асырудың кезеңдері:

1.Ұйымдастырушылық:

-экологиялық аймақ ұйымдастыру « Су кімге? Неге қажет?»;

Қажетті әдебиеттер таңдау;

Су тақырыбында әңгіме құрастыру.

2. Қорытынды:

-судың қасиеттерін зерттеу барысындағы суреттер.

Өткізілген жұмыс барысында балалар судың табиғаттағы және біздің өміріміздегі орнының қаншалықты қажеттілігі туралы білімдері қалыптасады.

Жұмыс барысында мынандай қорытындыларға келдік:

1.Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері сумен қоректенеді, суды қажет етеді;

2.Мұздар жылудың әсерінен еріп суға айналады, су қатты қайнаса буға айналады;

3.Судың түсі, иісі, дәмі болмайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.04.2023
348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі