Меркі ауданы. «Балдырған»
бөбекжай-бақшасы.
«Айгөлек» мектепке дейінгі
ересек топ.
Тәрбиеші:Салтаева Шапағат
Ерболқызы
Тақырыбы:“Менің тобымдағы
заттық дамытушы орта”
Бөлімі:Экология негіздері,Қоршаған
ортаны дамыту,Жаратылыстану.
Ұ.О.Қ.
тақырыбы: «Су өмірдің
мәні»
Мақсаты: Су және оның табиғатта болатын
орындары туралы түсінік беру.Суды ластамауға оған қамқорлық
көзқарасқа тәрбиелеу. Табиғаттағы судың айналымы және оның маңызы
туралы білімдерін тереңдету. Су – тіршілік көзі екенін, пайдасы мен
қасиеті жайлы білім беру. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық
дағдыларын жетілдіру. Ұқыптылыққа және табиғатты аялауға
тәрбиелеу.
Міндеті:Адам өмір бойы өзін өзі тану
құндылықтарын пайымдау; жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы
кемелдендіруге талпындыру;
Дамытушылығы: балалардың
қоршаған ортаға онда өмір сүріп жатқан адамдарға , олардың өмірде
болып жатқан түрлі оқиғалар мен жағдайларға жаңаша қарауын
әсемдікті түсіне білуі, өмірге құштарлықтарын
дамыту;
Тәрбиелілігі: Балаларды
адамгершілікке, өмірге деген құштарлыққа, адалдыққа
тәрбилеу.
Сөздік
жұмыс:су,тәжірибе,зертхана.
Көрнекіліктері:зертхана орталығы,тәжірибеге
керекті құралдар.
Билингвальды
компонент:су,вода,water;
зертхана,лаборатория,laboratory.
I.Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық
шеңбері
Еңбек етсем
ертеңгі,
Бақытыма
сенемін!
Мақсатыма
жеткізер
Уақытыма
сенемін!
II.Ұ.О.Қ.
барысы:
Сәлеметсіңдерме
балалар!Бүгінгі оқу қызметіміз Зертхана орталығында өтеді.Сендерге
жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Сылқ - сылқ
күледі
Аяғы жоқ жүреді
(Су)
Балалар демек бүгін сумен
тәжірибе жасаймыз.
Су туралы кім тақпақ
біледі?
Балалар ал сендер білесіңдер
ме су қайдан, қалай пайда болатынын? Ендеше мен сендерге толығырақ
түсіндіре кетейін.
Су өмір бойы айналымда болады.
Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал
содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер
бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар
бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз
құрайды.
Ендеше тәжірбие жасайтын жерге
барайық.
Тәжірибеге кірісбес бұрын
мұқият қарап алайық бізге қандай заттар керек
екенін.
1-тәжірибе: «Су
сұйық-сондықтан ағады»
Балаларға стақандағы суды
екінші бос стақанға төкпей шашпай кұюды ұсынамыз.Су ағама?
Неліктен?
2- тәжірибе: « Су
мөлдір»
Балалардың алдында екі шыны
ыдыс тұрады біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған.Екі ыдыстада
қасық салып қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін
бақылайды.
Сергіту
сәті. Сылдырлайды мөлдір
су
Мөлдір суға қолың
жу
Жуынсаң сен
әрдайым
Аппақ бетің,
маңдайың
Тазалықтың досы Су деген
осы
3-тәжірибе: «Суда дәм
жоқ»
Балалар суды ішіп көреді. Онда
дәм барма?
Енді осы суға тұзды салып
көріңдер.Қандай дәм пайда болды?
4-тәжірибе: « Суда кейбір
заттар ериді, кейбір заттар ерімейді»
Суы бар екі стақан
алып,біреуіне құм салып , қасықпен араластырып көреді. Құм еріді
ме?Екінші стақанға қант саламыз, не өзгерді?қай стақандағы
еріді?
5-тәжірибе: « Судың түсі
өзгереді»
Ал балалар, су туралы кім
қандай мақал - мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім
айтады?
1. Судың да сұрауы
бар.
2. Су анасы -
бұлақ
Сөз анасы -
құлақ
3. Сумен ойнама -
батарсың
Отпен ойнама -
жанарсың
4. Сулы жер - нулы
жер
5. Су - табиғаттың
ажары
Су - тазалықтың
досы
6. Суды шашып
ойнама
6-тәжірибе: «Судың
ауамен,отпен тығыздығы»
Қорытынды: Балалар біз бүгін неге
тәжірибе жасадық?Судың түсі бола ма? Дәмі бола ма? Суды үнемдеу
керек пе? Балалар сендер бүгін жақсы қатыстыңдар, өз ойларыңды
жақсы жеткізе білдіңдер.Балалар шырын ішкілерің келе ме? Менің мына
сиқырлы таяқшам арқылы шырынды алдарыңа ұсынамын. Сонымен
қорытындылай келе тәжірибе әдістері табиғатты зерделеудегі ең
маңызды қажетті әдістер екенін түсіндік.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:Суды үнемдеуді, суды
ластамауды;
Игереді: Саусақ арқылы сурет салуды,
судың ащы және тұщы болатынын, тұщы суды қайда пайдаланатынын,
судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы
біледі;
Меңгереді: Сусыз тіршілік болмайтынын
түсінеді.