400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

су - тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныбына берер пайдасы зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-сабақ

Тақырыбы: Су.

Мақсаты: а) Су туралы түсінік беру.Судың қасиетін түсіндіру.Су туралы білімдерін арттыру. Кластер арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

б) Суды үнемдеуге, судан сақтануға, сумен шынығуға тәрбиелеу.

в) Оқушылардың сөздік қорларын дамыту және істеген жұмыстарынан нәтиже алуды үйрету.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, еңбекке баулу.

Көрнекіліктер: суреттер, слаидтар, глобус, карта, фотоклип.

Техникалық құралдар: интерактивтік тақта, активпульт.



Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Психологиялық дайындық.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Оқулықпен жұмыс.

  5. Суреттермен жұмыс.

  6. Тәжірибелік жұмыстар.

  7. Шығармашылық жұмыстар.

  8. Тест сұрақтары.

  9. Дұрыс жауаптар.

  10. Жарнама7

  11. Үйге тапсырма.

  12. Бағалау.

  13. Қорытынды бөлім.

  14. Сабақтың соңы.



Сабақ жоспарының әр бөлігі слаидпен интерактивтік тақтадан көрсетіліп тұрады.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу.Күн жадыны жазып қою.Бүгінгі сабағымызда әр тапсырманы орындаған сайын ағаштың бір бөлшегін салып отырамыз.Сабақтың соңында тұтас ағашты салып бітіруіміз керек.



2.Психологиялық дайындық.

Құдықтан су алайық,

Беті-қолды жуайық.

Салқын сумен жуынып,

Шынығып бір алайық.

(2-3 дауыс екпінін өзгеоту арқылы қайталап айтамыз).



3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауызша әңгімелесу. Сұрақтар қойып,оқушыларға жауаптарын айтқызу.

Мыс: 1) Адамдар,өсімдіәктер, жануарлар, яғни тірі табиғат өмір сүру үшін нелер қажет? (жарық, жылу, су, ауа).

2) Түйе неге шыдайды? (шөлге).



Жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты ашамын.



Сылдыр-сылдыр ағады,

Қыста мұз боп қатады.

Пешке қойып жылытсаң,

Буға айналып қалады. (Су).



Олай болса,бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Су» деп аталады.

Су-дегеніміз не? Қандай болады? Не үшін қажет екендігін оқушыларға айтқызамын.

Судың 3 түрі болатындығын түсіндіремін.



Shape1 сұйық су

СShape5 Shape4 Shape3 Shape2 у қатты қар, мұз

Shape6 газ

бу





Суды қайдан алуға болады?





құдық

СShape12 Shape11 Shape7 Shape10 Shape9 Shape8 у көл

бұлақ



өзен

мұхит

теңіз



Жер бетінде бірнеше құдық, көл, бұлақ, өзендер бар.Және үлкен 4 мұхит бар.

Тұщы су және ащы су болады. Адамдар тұщы суды пайдаланады. Қолдан құдықтар қазады.



Ағаштың тамырының суретін саламыз.



4. Оқулықпен жұмыс.

Оқулықты алдымен өзім оқып шығамын.Оқушылар таныс емес сөздерді түртіп алып отырамы.Оқушыларға кезектестіріп оқытамын.Картадан немесе глобустан жер шарының қаншама көлемін су алып жатқанын көреміз.Сусыз тіршілік жоқ екенін түсіндіремін. Адам ағзасында да су ерекше орын алатынын айтып кетемін.

Ағаштың діңінің суретін саламыз.

5.Суреттермен жұмыс.

1.Каспи теңізінің суреті.

2.Балықтардың суреті.

3.Шағаланың суреті.

4.Су үстіндегі жұмысшылардың суреті.

Суреттерді оқушыларға әңгімелету.



Ағаштың бұтақтарын саламыз.

6.Тәжірибелік жұмыстар.

Суды пайдаланып, тәжірибелік жұмыстар жүргізу.



  1. Стаканға суды құйып, оған секер салып қасықпен араластырамыз.Салған секер суда еріп кеткенін көреміз. Судың еріткіш қасиеті бар екенін ұғынамыз. Судың мөлдір екенін байқаймыз.

  2. Стаканға оралған қағаз немесе мақтаны салып, үстінен су құйып көреміз. Суды құйып болған соң ,мақтада судың құрамындағы ластың сүзілгенін көреміз.

Нәтиже: Су еріткіш,су мөлдір, су сүзіледі.

Ағаштың жапырақтарын саламыз.

7. Шығармашылық жұмыстар.



І-топ. Суға байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтамыз.

ІІ-топ. Судың (өзен, көлдердің суреттерін саламыз).

ІІІ-топ.Судың қатты күйін қағаздан қиып көрсетеміз.

Ағаштың гүлдерін саламыз.



8.Тест сұрақтары:



Тест активпультпен жүргізіледі.



1.Судың түсі қандай?

А) ақ

Б) мөлдір

В) жасыл

2.Судың неше күйі болады?

А) 2

Б) 3

В) 1

3.Су сүзіле ме,жоқ па?

А )ия

Б) жоқ

В) білмеймін.

4.Сусыз тіршілік ету мүмкін бе ,жоқ па?

А) мүмкін емес

Б) мүмкін

В) білмеймін

5. Судың қатты күйі қалай аталады?

А)бу

Б)мұз

В)су

6.Жер бетінде неше мұхит бар?

А)5

Б) 3

В) 4



Ағаштың жемістерін салып,жинаймыз.

9.Дұрыс жауаптар.

1-б

2-б

3-а

4-а

5-б

6-в

Ағашқа су құямыз

.

10.Жарнама.

Шаршағаныңды басатын,

Сарайыңды ашатын.

Су болмайды қашанда,

Қайнаған судан асатын,-дей келе,қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жан-жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік етуші күш деп санаған.



11.Үйге тапсырма.

Тақырыпты оқып,мазмұнын айтып келу және газет-журналдардан су туралы өлең жолдарын жазып, жаттап келу.



------- ------ су,

Шыбынға ------ ------.

------- ------ су,

Ұстап қалма -----.



12.Бағалау.



13.Қорытынды бөлім.

Қорытынды ретінде суға байланысты бейнеклип көрсету.





Сабақтың соңы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
501
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі