жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Су -өмірдің нәрі ашық сабақ мектепалды даярлық
Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
«Бәйтерек аудандық білім беру бөлімі Макаров жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
І санатты Бекбулатова Гулмайраш Кушеновна
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Оқу іс-әрекеті: Экология
Тақырып: Су- өмірдің нәрі
Мақсаты: . Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.
2.Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып
Су мен ауаның қасиеттерін сипаттау. Суды ластамауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Барлық балалар: • қарапайым тәжірибелер жүргізеді. Көпшілік балалар: • зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасайды; • зертханалық жұмыс үдерісінде жеке тәжірибені қолданады.
тілдік мақсат :Дағдыларды дамыту: сұрақтарға жауап алудың жолдарын талқылау (топта), бақылау кезеңдерін дұрыс атау
Сабақтың әдіс – тәсілдері: монопипия , түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау,дид.ойын.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, слайд – шоу, су, қант, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер, стақан, қар, мұз,сулы бояу,қыстырғыш
Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.
Көптілділік: су-вода-water
негізгі терминдер мен сөз тіркестері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің басқару әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық - қозғаушылық |
Көңіл күй шеңбері Оқушылаарға айна таратылып,Мыстан кемпір мен Қайырымды Феяның бет- бейнесін салу
Балалар осы екі бейненің қай көңіл күйімен әрдайым жүргілерің келеді?
|
Балалар мыстанның жағымсыз бейнесін ,Феяның мейірімді бейнесін мимикамен салу айнадан қарау Балалар жауабы |
Ұйымдастыру шылық-ізденушілік
|
Ұйымдастыру бөлімі: Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар: Жұмбақ: Дәмі де жоқ, түсі жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не? Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар? -Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? Бүгінгі оқу қызметінлде тапсырмалар орындап, су тамшыларын жинап бағаланып отырасыңдар 1 тапсырма 1.Су не үшін керек? 2.Суды қайда кездестіреміз? 3.Су қандай табиғатқа жатады? 4.Өлі табиғатқа нелер жатады? 5 Тірі табиғатқа нелер жатады? 6.Кез келген суды ішуге болады ма? Слайд 1 су түрлерінің кездесуі
Балалар глобусқа назар аударыңдаршы. Бұл жер шары, назар салып қараңдаршы, жер шарында қандай түс көп екен? (Глобус көрсету.) Бұл көк түстер – сулар, яғни көлдер, теңіздер, өзендер және мұхиттар. Жер шарының ¾ бөлігін, су алып жатыр. Адам ағзасының, өсімдіктердің судан тұрады. Ал бұл судың барлығын ише беругеболмайды. Мұхиттың,теңіздің суы тұзды келедіОл қыс мезгілінде қатпайды. Ал тұщы су аз келеді,сондықтан үнемдеуіміз керек. Су бізге не үшін қажет? 2 аялдама Сергіту сәті: Суда да біз жүземіз Тауға да біз шығамыз Шынығамыз жүгіріп Шынығамыз секіріп Шынығамыз адымдап Бір мезгілде демаламыз ,дамылдап Тәжірибе алаңы І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? «Судың иісі жоқ» ІІ.Судың пішіні бар ма? «Суда пішіні жоқ» Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю) Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады. ІІІ. Судың дәмі бар ма? «Суда дәм жоқ» Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер. Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?. ІҮ. Судың түсі бар ма? «Су — мөлдір» Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен. Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады. Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен?(балаларға мұз беру, ол ери бастайды.) Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы. Сиқыр (фокус) көрсету: Керек заттар: стақан, су, бояу (марганцовка) Бірінші стақанға су құямын. Балаларға айтамын мұқият қарап отырыңдар деп….Еш нәтиже шықпады. Екінші стақанға су құймастан бұрын сиқырлы сөз айтамын (сим салабим!) ішіне су құямын, сол сәтте судың түсі қызыл түске боялады
Дидактикалық ойын: 3 оқушыға 3 түрлі
|
Кеменің дыбысын тыңдау
Жауабы: Су.
Су туралы
Судың дыбысын. Ишемиз жуынамыз,киім жуамыз,балықтар жүзеді т.б өзенде,көлде ,мұхитта, теңізде -Өлі табиғатқа
Балалар жауабы
Слайд қарау
Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.
Балалар қимылмен бойларын сергітеді
Слаид арқылы көрсету
(балалар суды ішіп көреді)
Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен
(балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)
(үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету) Слаид көрсету.
Балалар аң-таң болып қалады 1.Су жануарларын тап? 2.Судағы бақаның суретін құрастыру 3.Судың маңызына қатысты суреттерді жинақта(қыстырғышқа қыстыру) |
Рефлекстік - түзетушілік |
Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші: Су-түссіз, бояу қосқанда өзгереді. Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді. Судың пішіні болмайды.
|
Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? (жоқ) Судың қандай қасиеттері бар? (Қатты, бу, сұйық) Қандай тәжірибе жасадық? Сусыз өмір сүруге бола ма? (жоқ) Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?
Суды үнемдеу керек пе? (Ия) |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген