400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су -табиғат құбылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға су туралы толық мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Cу-тіршілік көзі

Мектеп:

Күні: 14.01.2020 ж

Мұғалімнің ТАӘ: Жиеналиева Индира


Сынып: 6

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :


Сабақтың тақырыбы

Су- табиғат құбылысы



Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1. –Мәтіннен негізгі және қосымша , детальді ақпаратты анықтау

6.4.4.1. –сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді;

  • тыңдалым бойынша жалпы мазмұнды, детальді ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтарға жауап береді.



Бағалау критерийлері

  • Жалпы мазмұнды түсінуге бағытталған сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннен детальді ақпаратты анықтап жазады.

  • мәтіндегі тілдік оралымдарды орынды қолданып, жеке көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Тыңдалым мәтініндегі тілдік оралымдардың мәнін ашады, айтылым барысында қолданады.

  • Көз жүгірту

  • Мұрты бұзылмау

  • Ұсынып бағу

  • Басшылық ету

Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу.

Пәнаралық байланыс

География, тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қазақстандағы көрікті жерлер», «Ұлттық және отбасылық құндылықтар» бөлімдері арқылы оқушылардың тыңдалым дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы



7 минут

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерін талқылау.

Мұғалім сабақтың тақырыбымен оқу мақсатымен таныстырады. Оқушылармен бірге осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды.

Үй тапсырмасы

Су туралы ақпарат






Сабақтың ортасы



5 минут























5 минут



















5 минут























5 мин

8минут

Тыңдалым тапсырмасы

Су - табиғат құыбылысы

Су – адамзат баласы тіршілігінің және экожүйенің тұтастығын сақтауда негізгі табиғи компонент. Су қоры тапшы өңірлердің  экономикасы құлдырайтыны белгілі. Ал еліміздің жалпы су ресурстарына, Қазақстанның әлеуметтік-экономи­калық  тұрғыдан тұрақты түрде дамуына, қолданыстағы су қорлары қандай ықпал етеді.  Қазақстан қазіргі кезде су қорларының  тапшылығы аса  байқала қоймаған елдер қатарына жатады. Әйтсе де Арал-Сыр­дария  және Нұра-Сарысу су шаруа­шы­­лық алаптарындағы көріністер бас­қа­ша.
Елі­міздің қалпына қайта келетін су қоры жылына орташа есеппен 100,5 км
3-ді құрайды. Соның тек 56,5 км3-і ғана рес­публика аумағында қалыптасады. Қал­ған 44,0 км3шекаралас мемлекет­терден келе­тін су қорлары. Мәселен, Қы­тай Халық Республикасынан – 18,9 км3, Өзбекстан Республикасынан – 14,6 км3, Қырғыз Республикасынан – 3,0 км3, Ресей Федерациясынан – 7,5 км3. Сондықтан Қа­зақс­тан көрші елдердің трансшекаралық өзендерінен келетін ағын суға өте тәуелді.
Табиғатты қорғау мақ­сатында өзендер мен көлдердің (эколо­гия­лық ағынды) экожүйелерін қорғау үш­ін жалпы 100,5 км
3 су қорлары қалып­та­суы қажет болса, біз әр жыл сайын 38,6 км3 қажет. Арналар мен өзендерде қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан, булану, сүзгілеу және Қытай, Ресей сияқты шекаралас мемлекеттерден судың міндетті түрде келіп түсуі тиіс көлемінің жетімсіз­ді­гінен жылына 29 км3 су жетпей отыр. Оның үстіне су қорларының 12,8 км3-і өзеннің ағын суының табиғи өзгергіштігі себебінен толықпай  қалуда. Сонымен Қазақстан Республикасында қазіргі уа­қытта су қорларының қолжетімді, тұ­рақ­ты және сенімді көлемі жылына 23,2 км3 құрайды.

(«Қазақстандағы су реурстарының өзекті мәселелері мақаласынан»

МShape1 Shape2 әтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, графиктік мәтін құрап жазыңыз.





Су қорының көздері (км2) Тапшы су қорлары(км2)

Сәйкестендіру тапсырмасы

6-тапсырма бойынша

10-тапсырма

Жіктеу есімдіктерін қолданып сөйлем құра

Бағалау.

Тыңдалым тапсырмасы бойынша оқушыларға бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылады. Оқушылар осы дескрипторға сай бірін-бірі жұпта бағалайды. Мұғалім дұрыс жауапты тақтадан көрсетеді.



Бағалау критерийлері

Дескриптор

Жалпы мазмұнды түсінуге бағытталған сұрақтарға жауап береді;

  • Тыңдалым бойынша 4 сұраққа жауап береді.

  • Тыңдалым мәтіні бойынша нақты дәлел келтіре жауап береді.

Мәтіннен детальді

ақпаратты анықтап жазады.

  • Берілген сандардың мәтінін ашып жазады

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Пирамидалардың пайда болуына қатысты халық арасында тараған бірнеше болжамды оқушыларға ұсынады.

  1. пирамиданы жерде болған басқа өркениет иелері салған

  2. пирамиданы бөтен ғаламшардан келгендер салған

  3. пирамиданы жындар салған

Осы болжамдардың бірін таңдап, «Ақылдың алты қалпағы» тәсілі арқылы жұпта талқылайды. Мұғалім жұптарға әртүрлі түсті қалпақтарды таратады. Сол түске қатысты оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Талқылау барысында тыңдалым мәтініндегі тілдік оралымдарды орынды қолданады.











Оқу бағдарламасы



























https://www.youtube.com/watch?v=VXgfA7cn25g





Үлестірме материал



































Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.



Рефлексия.

Мұғалім тақтаға «нысананы» іледі. Оқушылар сабақ туралы пікірлерін «нысанаға» белгілеп, рефлексия береді.



Үйге тапсырма: 11-тапсырма





Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
763
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі