жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Су -тіршілік көзі

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекет: Қоршаған ортамен таныстыру.Сурет салу,Сөйлеуді
дамыту.
Тақырыбы: Су – тіршілік көзі.
Мақсаты: Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың,
жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып
дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.
Тәрбиелік: Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы
қорғап,аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау.
Қажетті көрнекіліктер: глобус, су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер
және т.б
- Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз,
Армысың алтын Күн!
Армысың Жер ана!
Армысыздар қонақтар!
Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық. Бүгінгі ашық оқу қызметінің тақырыбын
айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:
Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?
Жауабы: Су.
Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі ашық оқу қызметінің тақырыбы – «Су – тіршілік
көзі» екен. Ойыма ақын су туралы мынадай өлең жолдары есіме түседі.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.
Балалар осы өлең жолдарында айтқандай су болмаса тіршілік болмайды.
Тосын сәт – Су патшайымының келуі
(Есік қағылады. Көгілдір көйлек киген, қолында су тамшысы бар Су патшайымы кіреді.)
Су патшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен... мен... өзімнің кім екенімді ұмытып
қалыппын...
Мүмкін сендер көмектесерсіңдер?
Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, бұл ханшайым өз атын ұмытып қалыпты. Оған көмектесеміз
бе?
Балалар: Иә!Иә!
Тәрбиеші: Ендеше, мұқият тыңдаңдар
- Көп тамшыдан су пайда болады. Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге
түседі. Арық болып өзенді құрайды. Содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға
көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады.

- Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және
тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.
Су - тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар егін суарамыз,
өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Балалар, мына
ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен
белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 2, 5 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы. Суға
қоқысты тастауға болмайды, жазда теңізге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің
барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана
халқымыз"Суды бекерге төкпе","Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Балалар су қандай зат? (балалардың жауаптары тыңдалады)
Тәжірибелер мен тапсырмалар
1-тапсырма: “Судың қасиеттерін анықтайық” Дамыта оқыту технологиясы бойынша
Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? (балалар суды иіскеп көреді)
Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды
ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)
Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер.
Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал
басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)
Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.
Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе
арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь
бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)
Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық
көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ
көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.
Судың пішіні бар ма?
Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)
Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.
Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны
дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.
Су патшайымы: Қандай қызық! Мен де мөлдірмін, иіссізбін... Демек мен судың бір бөлшегімін
бе?
Тәрбиеші: Иә, сен – судың патшайымы боларсың!
2-тапсырма: “Судың үш күйі” Монтессори технологиясы бойынша ұстап сезіну арқылы
Білесіңдер ме судың үш күйі бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және
қайнаған суды көрсету)
Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге
қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу
болып ұшады.
Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол
ери бастайды.)
Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.
Тәрбиеші су, мұз, бу көрсетеді. Балалар мұзды ұстап көреді.

Су патшайымы: Дұрыс айтасыңдар! Мен кейде мұзға айналамын, кейде аспанға ұшып, бұлтқа
айналамын.
3-тапсырма: “Су айналымы” Экологиялық білім беру технологиясы бойынша
(Алдын ала дайындалған макеттен су айналымын көрсетеді)
Су патшайымы: Иә! Енді есіме түсіп жатыр! Мен – жаңбыр болып жауам, өзен болып ағысам!
Су патшайымы: Жарайсыңдар! Сендер судың нағыз достары екенсіңдер! Сендерге
жолыққаным жолымның болғандығы екен!
Балалар сендер су туралы мақал – мәтелдерді білесіңдер ме, қане айтыңдаршы?
1. Су бергеннің сауабы бар,
Су төкеннің жауабы бар.
2. Ағын су жолын табады,
Ақ адам оңын табады.
3. Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – жанарсың.
4. Су анасы – бұлақ,
Сөз анасы – құлақ.
Жарайсыңдар балалар су туралы мақал – мәтелдерді біледі екенсіңдер.
Сергіту сәті: Денсаулық сақтау технологиясы
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
Ал енді балалар тынығып алған болсаңдар,өздерің қалаған орталықтарыңа барып сумен түрлі
тәжерибе жасайық.
-Балалар қалаған орталықтарына барып ,сумен жұмыс жасайды.
1-топ Вулкан жасау (Зерттеушілік және ізденушілік технологиясы және STEM технологиясы)
2-топ Бұлттан жаңбыр жасау (Экологиялық білім беру технологиясы және Дамыта оқыту
технологиясы)
3-топ Кемпірқосақ (Танымдық - шығармашылық технология және Монтессори элементтерімен
дамыта оқыту технологиясы)
4-топ Суда қайық жүргізу (Ойын арқылы оқыту технологиясы және Жобалау технологиясы)
5-топ Таблетка арқылы вулкан жасау (Зерттеу және тәжірибелік іс –әрекет технологиясы және
STEM технологиясы)
6-топ Су бетіне түрлі-түсті бояулардан пішіндер шығару (Зерттеушілік- шығармашылық
технология және ART + STEM технологиясы)
Су патшайымы: Керемет! Сендер маған көп нәрсені үйреттіңдер! Сендер өте креативті және сыни
ойлана алатын бала екенсіңдер!
Ал кім су туралы тақпақтар біледі екен? (Балалар су туралы тақпақ айтады)

Су туралы қандай тыйым сөздерді білеміз?
1. Су ішкен құдыққа түкірме.
2. Түнде суға барма.
3. Түнде судың бетін ашық қалдырма.
4. Өзен, көлдерді ластама.
Тәрбиеші: Балалар суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге, көлге түсуге барғанда,
өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кету керек. Осының бәрін суға
тастауға болмайтынын білу керексіңдер.
Адамдар сусыз өмір сүре ала ма?
Ал, жануарлар мен өсімдіктер ше?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды.
Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.
Өзен мен көлдерде, теңіздер мен мұхитта нелер тіршілік етеді? (әртүрлі балықтар, өсімдіктер)
Олар сусыз өмір сүре ала ма?
Адамдарға су не үшін қажет?
Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс)
Суды ішеміз және жуынамыз.
Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.
Сумен ас әзірлейміз.
Сумен кір тазалаймыз.
Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.
Балалар «Күн мен жаңбыр» ойынды ойнайды.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз
сендермен су туралы көп мәлімет алдық.
Су патшайымының қоштасу сөзі:
(Су патшайымы алға шығып, балаларға мейіріммен қарап сөйлейді. Артқы фонда жеңіл су сыңғыры
немесе баяу әуен ойнап тұрады.)
Су патшайымы:
– Рақмет, менің кішкентай достарым!
Бүгін сендердің арқаларыңда мен өзімнің кім екенімді есіме түсірдім.
Сендер өте ақылды, ізденімпаз және табиғатты сүйетін балалар екенсіңдер.
Мен сендердің жүректеріңнен судың мөлдірлігін, күннің жылуын, мейірім мен қамқорлықты
көрдім.
Суды сүйіңдер, қорғаңдар,
Әр тамшының қадірін ұғыңдар.
Су – тіршіліктің нәрі,
Сусыз өмір сәні жоқ!
Сендер суды таза ұстасаңдар, мен де әрдайым күлімдеп, мөлдір күйімде сендерге қызмет етемін.
Қош болыңдар, менің достарым!
Келесі кездескенше, мөлдір судай таза, таза ойлы болып жүріңдер!
(Су патшайымы қол бұлғап, баяу музыкамен шығып кетеді.)
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер Су патшаймына көмектестіңдер! Сендер өте ақылды екенсіңдер.
Ал, енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:
Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?
Судың қандай қасиеттері бар?
Қандай тәжірибе жасадық?

Сусыз өмір сүруге бола ма?
Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?
Қандай ойын ойнадық?
Суды үнемдеу керек пе?
Жарайсыңдар балалар бүгінгі ашық іс-әрекетіне белсене қатысқандарың үшін сендерге
алғысымды білдіремін. Ал ,енді келген қонақтармен қоштасып, оларға өздеріңнің жылы
лебіздерің мен ыстық ықыластарың ретінде өз қолдарыңмен жасаған сыйлықтарыңды тарту
етіңдер!

«БЕКІТЕМІН»
«Қызғалдақ»бөбекжай бақшасы
МКҚК меңгерушісі
_____________Ж.Жакенова
20.10.2025ж
«Су-тіршілік көзі»
(Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет)
Тәрбиеші:Медетова М
Маханова Д
2025 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген