Материалдар / "Су -тіршілік көзі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Су -тіршілік көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қосымша ақпарат негізінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
861
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Су-тіршілік көзі

Мектеп: Теміртау қаласы №17 жалпы білім беретін орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Катпатаева Риза Кабыловна

Сынып: 6 сынып

Сабақ тақырыбы

Су-тіршілік көзі. Сумен байланысты аңыз-әңгімелер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6. Т/А.1 Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру,мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

6. Ж/1 Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып,графиктік мәтін (диаграмма,кесте,сызба) түрінде құрастыру.

6.ӘТН/1 Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну ,есімдікті зат есім,сын есімнің орнына қолдану.

Сабақ мақсаты

1.Тыңдалған мәтін бойынша ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру;

2.Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинап,графиктік мәтін құрастыру;

3.Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіне отырып, есімдікті зат есім ,сын есімнің орнына қолдану;

Бағалау критерийі

Су-тіршілік көзі туралы сұраққа жауап береді;

Судың маңызын шынайы өмірмен байланыстырып, жауаптарын дәлелдейді;

Берілген тапсырмалар бойынша жеке,жұптық,топтық тапсырмаларды орындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Сумен қатысты аңыз-әңгімелерді танысады;

Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

Графиктік мәтін құрастырады;

Тақырып бойынша берілетін тапсырмаларды жеке,жұппен,топпен жұмысты ынтымақтаса орындайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: су,мұз, сарқырама,қайнар, тұзды су, тұщы су, Балқаш көлі

Жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Есімдіктерді қолдану,сумен байланысты мақал-мәтел,аңыз- әңгіме

Құндылықтар-ға баулу

-ата –бабамыздың өткен тарихына құрмет

-бейбітшілік және келісім транзиттік өзен, көлдер қорғалуы ,ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық арқылы патриоттыққа тәрбиелеу

-туған табиғатқа деген сүйіспеншілік

Пәнаралық байланыс

әдебиет,тарих,география

Алдыңғы білім

Өзендер,көлдер,су-тіршілік көзі туралы алған білімдерін пысықтайды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдер

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

СShape1 абақтың басы

10 мин



Ұйымдастыру кезеңі

«Еркін микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтау

ЖЖ

- Жауын-шашынның табиғатпен байланысы қандай?




- есімдік туралы не білесің?


-қарым-қатынас барысында есімдікті орынды қолдана аласың ба?


-жауын-шашынға қатысты қандай ырым бар?


-жауын-шашынға байланысты қандай мақал-мәтел білесің?


Топқа бөлу:

1-топ: «Мұхит»

2-топ: «Теңіз»

3-топ: « Көл»

Т

Мәтін тыңдату арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтаймын.


ТЖ

1 –топ: Берілген мәтіннен есімдіктерді тауып жазыңдар.

2- топ: Судың маңызын шынайы өмірмен байланыстырыңдар.

3- топ: Мәтіндегі ақпаратты кестеге түсіріңдер.



Дескриптор:

  • Есімдіктерді тауып жаза алады;

  • Суды адам өмірмен байланыстыра біледі;

  • Ақпаратты кестеге орналастыра алады.



ҚБ: Ду қол шапалақ арқылы бағалау






оқулық,флипчарт







Мейірім

Мұз сұп-суық.Күн ұзақ шатырға ілініп,міз бақпай тұра беруден жалықпайтын.Балалар қызығып ұстағысы келсе,оянып сұп-суық денесімен қарып алады. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді.Ол өткен- кеткендерден мейірім күтіп,ұзақ тұрды.Мейірім үшін өзін құрбан етуге, еріп су болып кетуге бар еді.

Көктем келді.Күн шықты.Күн жер бетіндегі тірліктің бәрін бірдей көретін.Кенет мұзға көзі түсті.Сол-ақ екен, күлімдеді.

Неткен сұлу,-деді Күн.

Сен де ,-деді Мұз.

Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты.


Флипчарт,постер,маркер




СShape2 абақтың ортасы

15 мин


































« Ментальді карта» әдісі

Мақсаты:

Ойды жүйелеу,жоба жасауға идея тудыру,шешім қабылдау

Ж

Тапсырма:

Аңыз-әңгімелердегі өзен-көлдерді еске түсіріп, картаға түсір .

Оқушылар Балқаш көлі,Шайтанкөл туралы аңыз-әңгімелерді еске түсіреді: «Балқаш деген байдың Іле деген сұлу қызы болады.Қызы Қаратал деген кедей жігітке ғашық болады.Аңыз-әңгіменің соңы қайғылы жағдаймен аяқталады.Қыз құздан құлап өледі,махаббатың құдіретінің күшті екенін Іле дәлелдейді.Балқаш бай Іле мен Қараталдың ортасына жатып,өзіне қанжар салады.Сөйтіп Іле мен Қаратал Балқаштың саласы болып қалады.»

Дескриптор:

  • Қай көлдің суы тұзды не тұщы екенін картаға түсіре алады;

  • Сумен байланысты аңыз- әңгімелерді есіне түсіре алады.



ҚБ: «Бағдаршам»









ЖЖ

«Т кестесі» әдісі арқылы берілген сөздерді екінші бағандағы сөздермен ауыстырып жазады.


Сөйлем

Есімдік












Дескриптор:

  • Есімдіктің сөйлемдегі қызметін түсініп,есімдікті зат есім ,сын есімнің орнына қолдана алады;

  • Берілген сөздерді екінші бағандағы сөздермен ауыстырып жаза алады.



ҚБ Ду қол шапалақ арқылы бағалау










Жасыл-толық түсіндім,сенімдімін

Сары- сұрағым бар

Қызыл –түсінбедім

Су жансыз Жер ғаламшарларына жан бітірген .Жер бетінің жетпіс пайызын су алып жатыр.Менделеев кестесіндегі ең қасиетті элемент су болып табылады.Жаңбыр жаууын тілеп, халық «тасаттық » жасайды.

Бірнеше, барлығы, ол, осы











Сабақтың соңы

10 мин















Рефлексия

5 мин



























Shape5

«Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты пікір,дәлел, мысал,қорытынды арқылы сабақ нәтижесін шығарады.

Пікір-------------------------------

Дәлел---------------------------------

Мысал----------------------------------

Қорытынды---------------------------


Дескриптор:

  • Сабақтың пікірін жаза алады;

  • Дәлел келтіре алады;

  • Мысал жаза алады;

  • Қорытынды арқылы сабақ нәтижесін шығара алады

ҚБ Күлегештер арқылы бағалау


Кері байланыс

«Табыс ағашы» әдісі .Табыс ағашына бүгінгі сабақты қалай түсінгеніміз бойынша алмаларды ағашқа жабыстырамыз. Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. Табыс ағашына бүгінгі сабақты қалай түсінгеніміз бойынша алмаларды ағашқа жабыстырамыз.



Үй тапсырмасы: Сумен байланысты аңыз-әңгімелерді оқу .





















Саралау

Оқушыларға

барынша қолдау көрсету, оқушыларды топқа бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі.Үш топтың сұрақтары әр түрлі деңгейдегі оқушыларға арналып құрастырылған.

Топтық жұмыс арқылы мәтінді кестеге толтырып пысықтайды. Топтық тапсырмаларды талқылай отырып,бірін-бірі қолдайды,танымдық қызметке қызығушылықтарын арттырады, өздік жұмыс істеу қабілеттерін,жігерін,да-ралығын дамытады.Бұл жұмыс барлық оқушыларға арналған.

« Ментальді карта» әдісі арқылы

ойды жүйелеп,жоба жасауға идея тудырады,шешім қабылдайды, судың адам өміріндегі маңызын байланыстырады,

мәтіндегі ақпаратты кестеге орналастырады.Осы әдіс арқылы қысқа мерзім ішінде оқушылардың білімінің биік деңгейіне жететінін көруге болады. «Т кестесі» әдісі арқылы берілген сөздерді екінші бағандағы сөздермен ауыстырып жазады.Осы әдіс арқылы білім,білік дағдыларының тұрақты болуына,өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету,олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу.


Бағалау:

Бағалау критерийі бойынша, тапсырмалар

дескрипторлары бойынша ҚБ жүргізіледі

Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді,дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы бағалау:

Жасыл-толық түсіндім,сенімдімін

Сары- сұрағым бар

Қызыл –түсінбедім

Ду қол шапалақтау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылар денсаулығына зиян келтіретін заттар қолданылмайды.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасы сабақ үдерісінде толық сақталады.


Белсенді жаттығу түрлері орындалады.




СShape7 абақ бойынша рефлексия

«Табыс ағашы» әдісі арқылы рефлексия жүргізіледі

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма? Иә


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Иә


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Егер сабақ мақатына жетпеген болса,оқытудың беленді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдамауында әрі SMART

мақсаттарға бағытталмауында деп ойлаймын. Оқушылардың сол күнгі көңіл- күйлері мен сабаққа дайындықтары, қызығушылықтары , жауапкершіліктері де әсер етеді.


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Иә,саралау әдістері дұрыс жүргізілді. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар бойынша оқушы білімін саралау негізге алынды.


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым.


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? Сабақ жоспарынан ауытқу болмады.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы сабақты пікір,дәлел, мысал,қорытынды арқылы сабақ нәтижесін шығарады.

2.Топтық жұмыста «Ментальді карта» кестесімен жұмыс әдісі.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!