400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал пән мұғалімдеріне сабаққа дайындалғанда көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 сынып 2 тоқсан

«Су – тіршілік көзі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау №3

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып,мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.

Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымызбен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен»,-деген жалғыз армандары болыпты.

Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:

-Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды,-дейді.

Толағай:

- Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма?-дейді.

Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.

Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.

Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.


(kk.wikipedia.org) (167 сөз)


Ақпараттар

+ дұрыс

- бұрыс

Дәулетті елді мекендеушілердің бір ғана арманы болған екен.



Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты.



Қарттың айтуынша, бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды.



Толағай Тарбағатайдың етегінде орналасқан тауға бір айда жетеді.




Толағай тауды ауылына жеткізе алмай қалады.




2-тапсырма

Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

Shape1





3-тапсырма. Семантикалық картаны толтыр.


Мысалдар

Есептік сан есім

Реттік сан есім

Жинақтық сан есім

Болжалдық сан есім

Бөлшектік сан есім

Топтау сан есім

Жетеу







Төрт-төрттен







Бесінші







Үштен екі







Екі жарым







Алпыс-жетпіс







Екеу







Елу бестерде







Он шақты







Қырық-елудей







жиырма







Екі бүтін оннан бес









4-тапсырма

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, «Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.


Тірек сөздер: тіршілік көзі, ауадай қажет, организм, өмір.







Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әдеби мәтіннің дұрыс, бұрыстығын белгілеп, мәтіннің тақырыбын анықтайды.

1

мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс ақпаратты белгілейді;

1-ақпарат

2-ақпарат


1

1

2

негізгі тақырыпты анықтайды;

1

Сан есім ережесін еске түсіру арқылы семантикалық картаны толтырады.

3

семантикалық картаны толтырады.


бір-екі сөзі бар 1 балл, жартылай орындаған 2 балл, толық орындаған 3 балл



3

Шағын эссе жазады.

4

тірек сөздерді қатыстырып, шағын эссе жазады;

1

1

Барлығы 8



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
2520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі