400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Су- тіршілік көзі» бөлімі. «Табиғат ғажабы- су»

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа беретін мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ: «Су- тіршілік көзі» бөлімі.

«Табиғат ғажабы- су» тақырыбы. 3 сабақ.


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:5

Қатысқандар: 12

Қатыспағандар: 0


Сабаққа негізделген

оқу мақсаттары:

5Т2. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5Ж4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер құру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша тірек

  • сөздерді біледі, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып бойынша

  • мәтіннің мазмұнын топтық жұмыс арқылы түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды, постер құрайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі ақпарат бойынша

  • сұхбатқа түсу арқылы өз көзқарасын білдіреді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: тірек сөздерді біледі, сөз тіркестерін құрайды, ақпаратты анықтайды, постер құрайды, өз көзқарасын

білдіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Жер асты, жер үсті, сұйық, пайыз, тілсіз жау, ащы, тұщы.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер

Менің ойымша, ..., Мен айтсам..., ... неге деп ойлайсың?

Талқылауға арналған тармақтар:

  • Су дегеніміз не ? Су неге ең қажетті зат деп есептеледі?

  • Судың ерекшелігі неде? Суды не үшін қажет?

  • Сонда су қандай нәрсе? Су болмаса не болар еді?

Алдыңғы оқу:

«Тіршілік көзі- су» бөлімінің 3 сабағы. Алдыңғы 2 сабақта оқушылар су деген зат туралы жалпы түсінік алды, судың маңызымен, қасиеттерімен танысты.

 Сабақ тақырыбына байланысты ажырамас бөлігі, шөлдегенде, ғаламат, судың құрамы,қасиеттері деген тірек сөздермен, сөз тіркестермен қарапайым сөйлем құрай алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

(9 минут)














Оқушылармен сәлемдесу, кезекшіні анықтау, түгендеу.

(2 минут)

- «Бүгінгі сабағымызға қош келдіңдер! Көңіл- күйлерің қандай? Енді осы жақсы көңіл- күйлерімізді бір-бірімізге жақсы тілек айту арқылы көрсетейікші!»- деп жағымды көңіл- күй тудыру үшін «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір- біріне жағымды сөздер айтады. (2 минут)

«Еркін микрофон» әдісі (5 минут) бойынша бір оқушы екінші оқушыға микрофон беру арқылы «Су- өмірдің нәрі» мәтінінің мазмұны бойынша сұрақ- жауап алу арқылы үй тапсырмасын еске түсіру іске асырылады. (Оқушылар жекелей кезекпен жауап беру).

  • Су дегеніміз не ?

  • Су неге ең қажетті зат деп есептеледі?

  • Судың ерекшелігі неде?

  • Су не үшін қажет?

  • Сонда су қандай зат?

  • Су болмаса не болар еді?

(Сусыз өмір жоқ, сондықтан су- ғажайып зат).

Сонымен, балалар, бүгін біз су тақырыбын жалғастырамыз. Өздерің айтқандай, сабағымыздың тақырыбы: «Табиғат ғажабы- су». (Оқушылар өткен сабақты қайталау арқылы жаңа сабақтың мақсатына шығады).









Оқулық.

Микрофон.


Ортасы

(26 минут)


























































Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен сөздік жұмыс жүргізіледі.

А). Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады.

Тіршілік, ғажайып, сұйық, пайыз, күйінде, тілсіз жау, ащы, тұщы.

«А» деңгейлі оқушылар жаңа сөздерді сөздікпен аударады.

Жер асты- подземный, жер үсті- наземный, сұйық- жидкость, пайыз- процент, тілсіз жау- безмолвный враг, ащы- горький (не годный к пище), тұщы- не горький (пресный).

«В» деңгейлі оқушылар сөз тіркестерін құрайды.

Жер асты суы, жер үсті байлығы,сұйық зат, 20... пайыз, су- тілсіз жау, ащы шай, тұщы тамақ.

«С» деңгейлі оқушылар қарапайым сөйлем құрайды.

Сөздік жұмыстан кейін, оқушылармен «Сыңарын тап» (5 минут) әдісі бойынша суға байланысты сөз тіркестері жазылған қима қағаздар таратылады, сөз тіркестерін дұрыс құрап (судың құрамы, судың қасиеттері , тіршілік көзі), 1 сөз тіркесін құраған оқушылар «Қайнар» тобы болып, 2 сөз тіркесін құраған оқушылар «Тіршілік» тобы болып, 3 сөз тіркесін құраған оқушылар «Ғажайып» деген 3 топқа бөлінеді. Әр топ мүшелері қоржыннан қағаз алу арқылы топ ішіндегі рөлдерін анықтайды (көшбасшы- постер қорғаушы, хатшы- қағазға сөздерді, сөз тіркестерін түсіреді, бағалаушы- барлық топ мүшелерінің жауаптарын мұқият тыңдап, өз ойын қосып, бағалайды, таймер- уақытты қадағалайды).

Топ ережесімен танысады, талдайды, қабылдайды.

  1. Бір- бірінің сөзін бөлмеу.

  2. Кезекпен сөйлеу.

  3. Белсенділік таныту.

  4. Уақытты сақтау.

Тақырып бойынша мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты анықтау үшін әр топ берілген мәтінді аудиотаспадан тыңдайды, мазмұны бойынша постер құрады, қорғайды. (13 минут постер құру+ 6 минут қорғау).

Дескрипторлар:

  1. Сөздер мен сөз тіркестері мәтіннің мазмұнына сай болуы.

  2. Сөздер мен сөз тіркестері 8-ден аспауы.

  3. Қорғау 1 минуттан аспауы.

1).«Қайнар» тобына «Табиғат ғажабы- су» тақырыбы бойынша мәтін беріледі.

Су- әлемдегі ең көп таралған зат. Су- мөлдір, түссіз зат. Судың үш түрлі болады: сұйық- су, қатты- мұз, газ- бу. Барлық зат судан тұрады.Адам денесінің 70 пайызы су. Жер шарының 3 пайызы тұщы , ал қалған 97 пайызы ащы су. Ащы су- теңіз, мұхит сулары, ал тұщы- өзен, көл, жер асты сулары.

2). «Тіршілік» тобына «Судың пайдасы» атты мәтін беріледі.

Сусыз тіршілік жоқ. Судың қасиеттері: иммунитетті жақсартады, дене температурасын реттейді. Суды ішеді, жуынады. Сумен өсімдіктерді, бау-бақшаны суарады. Бір көлік машинасын жасау үшін 177 литр су керек. Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек. Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, лас күйінде қайтарады. Жылан суда шаға алмайды.

3). «Ғажайып» тобына «Судың зияны» атты мәтін беріледі.

Су- тіршілік көзі. Адам тамақ ішпей айдан астам өмір сүре алады, ал сусыз үш күнге шыдай алмайды. Жыл сайын 4 миллион адам су тараған аурудан қайтыс болады.Су мен өрт тілсіз жау. Суды үнемдеп қолдану керек. Адам күнделікті 2-3 литр су ішу керек. Судың емдік қасиеті де бар. Жаз айында суға түскенде абай болмаса, суға батып кетуге болады.

Әр топ дескрипторларға сүйеніп, бір- бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы әр түрлі түсті көрсетіп, неге? деген сұраққа жауап беру арқылы бағалайды.

Тақырыпты қаншалықты меңгергендерін байқау үшін «А» деңгейіндегі оқушыларға «Тосын сый» әдісі (2 минут) бойынша мұғалім жекелей сұрақтар береді, оқушылар жауап береді. Қалған оқушылар берілген дескрипторлар бойынша ауызша бағалайды. Дескрипторлар:

  • Жауапты жылдам беруі;.

  • Жауап толық болуы;

  • Жауап нақты болу қажет.

1. Су дегеніміз не ?

2. Судың пайдасы қандай?

3. Судың зияны қандай ?

Жауаптарын дескрипторлар арқылы «Бас бармақ» әдісі бойынша сыныптастары бағалайды.















Қима қағаздар





Қоржын




Плакатқа жазылған топ ережесі









Мәтін




























Бағдаршам









Соңы

(10 минут)






Үй тапсырмасы (2 минут) беріледі. Дескрипторлар бойынша «Судың пайдасы мен зияны» атты сұхбат жазып келу. Дескрипторлар:

  • Ақпарат мәтінге сай болу;

  • Пайдасын нақты айту;

  • Зиянын нақты айту;

  • Сұрақтар 3- тен кем болмау;

  • Жауаптар толық болу.

Сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат туралы , одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін туралы өз пікірін «Еркін жазу» әдісі ( 8 минут) бойынша стикерге түсіреді. Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң, оқушылар өз ойларымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқиды.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс –Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

  • Саралау сабақтың барлық кезеңінде жүргізіледі. Саралау әрекеті сөздік жұмысын жүргізуден басталады, топқа бөлгенде топ мүшелерінің өз рөлін орындау, үй тапсырмасын тексеру кезіндегі оқушылардың бір- біріне сұрақ қоя білуі, топтық жұмыс ұйымдастыруда бір тапсырмаға әр түрлі мәтін беру, «А» деңгейлі оқушыларды алған білімдерін бекіту және сабақ қорытындысына дайындау үшін «Тосын сый» әдісі бойынша блиц сұрақтар арқылы іске асты.

Сабақта бағалау: психологоиялық ахуал туғызу кезіндегі «Жарайсың», «Керемет» сөздері арқылы, топтық жұмыс ұйымдастырылған кезде әр топ дескрипторларға сүйеніп, бір- бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы әр түрлі түсті көрсетіп, неге? деген сұраққа жауап беру арқылы, жекелей жұмыста- оқушылар бір- бірінің жауаптарын дескрипторлар арқылы «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

  • Пәнаралық байланыс- биология сабағымен тығыз байланысты, себебі су деген не?, оның қандай қасиеттері бар? деген сұрақтар бойынша жалпы түсінік алады.

  • Құндылықтармен байланыс- тіршілік көзі- су болғандықтан, суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:


2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:


2:








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі