400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су- тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Алакөл

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары


Пәні: қазақ тілі

Мектеп: «Ынтымақ» ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: А.Жасузакова

Сынып 6

Қатысқандар: Қатыспағандар:


Бөлім:


Сабақтың тақырыбы:

Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.

Алакөл


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты

анықтау;

6.4.4.1 - сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат

есім, сын есімнің орнына қолдану;


Сабақтың мақсаты

Мәтініндегі негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтау.

Мәтінен есімдіктерді табу, оларды зат есім, сын есімдердің орнына

қолдану.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

- мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды

анықтайды;

- сөйлемдерден есімдіктерді тауып, қызметін анықтап, есімдікті зат

есім, сын есімдердің орнына қолданады;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады?

Оқушылар негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтай алады,

есімдікті зат есім, сын есім орнына қолдана алады;


Пән лексикасы және терминологиясы:

Минералды, ресурс, йод ,химиялық, элемент, медицина, жүйке-жүйе, демікпе, шипа, сазбалшық.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Судың маңызы неде?

2.Неліктен «сусыз тіршілік жоқ» дейміз?

3.Ауыз судан басқа тағы қандай суларды білесіңдер?

Ишара:


Құндылықтарға баулу

Оқушылардың бойында патриоттық сезім мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Пәнаралық байланыс

География, химия

АКТ-ні қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнежазба.

Алдыңғы білім


Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын біледі.




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

7 минут


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды «Гүлмен тілек білдіру» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу және топтастыру (5 минут)

Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлері және дескрипторларымен таныстыру. (2 минут)



Топтардың аты жазылған қағаз гүлдер


Сабақтың ортасы

25 минут





















































































«Миға шабуыл» стратегиясы. «Су туралы не білесің?» Бейнежазба көрсету. (2 минут)

Ой қозғау сұрақтары:(2 минут)

1.Судың маңызы неде?

2.Неліктен «сусыз тіршілік жоқ» дейміз?

3.Ауыз судан басқа тағы қандай суларды білесіңдер?



1-тапсырма: Жұптық жұмыс. (10 минут)

Кестемен жұмыс.

Мәтінді мұқият оқып, негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтап, төмендегі берілген кестеге ажыратып жазыңдар.

Алакөл

Алакөл – Қазақстанның ғажайып, қайталанбас көрікті көлдерінің бірі. Ол республикамыздың Қытаймен шегаралас жатқан оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан. Бұл – «Алакөлдер» тізбегіндегі ең үлкен айдын. Күн батар сәтте оның беті ақ түстен көгілдірге, жақұтты бояуынан құбыла ойнап, күңгірт-көк реңкке немесе сұр бояуларға ауысады. Кейде тіпті көл айдынының жартысы көгілдір түске, екінші беті сүттей аппақ бояуға малынып та тұруы мүмкін. Көл суының түсін бір қарағанда анықтау қиын. Ұсақ көлдердің түсі алуан түрлі болады. Айталық, Сасықкөл көгілдір түсті, Қоржынкөл сұрғылт, Қызылтұз сары. Жергілікті тұрғындар көлді пішінінің, түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен. Алакөл Ұялы, Жалаңашкөл, Сасықкөл және т.б. ұсақ көлдерден тұрады.

Алакөл – емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып, жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға,химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Алакөлдің суы тұзды және Бұқтырма су қоймасымен салыстырғанда әлдеқайда жылы. Адамдар Алакөлге оның емдік қасиеті үшін көптеп келеді. Халық сөзіне сүйенетін болсақ, оның қасиетті суы әртүрлі тері аурулары, жүйке-жүйе мен демікпе дерттеріне шипа көрінеді. Тек осы өлкеде емдік қасиеті мол сазбалшық пен таза ауа үйлесім тапқан.

( «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық парктері»)

Негізгі

ақпарат

Қосымша

ақпарат

Детальді

ақпарат


1. Алакөл – Қазақстанның республикамыздың Қытаймен шегаралас жатқан оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан.

ақ түстен көгілдірге

Ең үлкен айдын.

2. Жергілікті тұрғындар көлді пішінінің, түсінің, көлемінің әртүрлі болғаны үшін «Алакөл» деп атап кеткен.

сұр бояуларға

Қуаң даласындағы

3.



4.



Бағалау критерийі:

мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды

анықтайды;


Дескриптор:

- мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады;

- қосымша ақпараттарды таба алады;

-детальді ақпараттарды көрсетеді;

- кестеге жазады.


Қ.Б: «Екі жұлдлыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалау

(2 минут)

2-тапсырма: Жеке жұмыс. Түртіп алу» әдісі(7 минут)

«Алакөл» мәтінінен есімдіктерді тауып, қызметін түсіндіріңіздер, есімдіктерді зат есім, сын есім орнына қолданып, сөйлемдер құраңдар.




Бағалау критерийі:

Мәтіннен есімдіктерді тауып, қызметін анықтайды;

Есімдікті зат есім, сын есімдердің орнына қолданады;



Дескриптор:

-Мәтіннен есімдіктерді таба алады;

-сөйлемдегі есімдіктің қызметін анықтайды;

-есімдіктерді зат есім, сын есім орнына қолданып, сөйлемдер

құра алады.

Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау. (2 минут)


Интербелсенді тақта

Бейнежазба

https://www.youtube.com/watch?v=3_ZQDr_tugg










Оқулық «Мектеп» баспасы



























А 4 фортатты қағаз
































Пән дәптері












Сабақтың соңы


8 минут



Сабақты бекіту. «Саябақтағы жалғыз орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу. (5 минут)


1.Алакөлді не себепті ғажайып көл деп атаймыз?

2.Көлдің емдік қасиеті неден байқалады?

3.Бүгінде Алакөл қандай орталыққа айналды?

4.Неліктен «сусыз тіршілік жоқ» дейміз?

5.Ауыз судан басқа тағы қандай суларды білесіңдер?


Кері байланыс. « 3-2-1» стратегиясы (2 минут)

- бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

- қиындық тудырған 2 нәрсе;

- маған ұнаған 1 іс- әрекет.



Үйге тапсырма: (1 минут)

«Су - тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазу




















Түрлі түсті стикерлер






Оқушы күнделігі


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Қауіпсіздік ережелері

АКТ- мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)


1.Оқушылардың дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау-жеке жұмыста жүзеге асырылады. Мұнда оқушыға жеке қолдау көрсетуге мүмкіндік мол.

Сонымен қатар, қабілетті оқушыларға берілген критерийлердің мәнін түсініп, тапсырманы жылдам және нәтижелі орындауға мүмкіндік алады.

2. «Сабақтағы жалғыз орындық» әдісі арқылы ашық сұрақтарға жауап беру тапсырмасында «диалог негізінде саралау» жүзеге асырылады.Бұл саралауда мұғаліммен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Әр оқушыдан қабілетіне қарай тілдің мүмкіндіктерін пайдалана алатын диалог талап етіледі. Әр оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеттері мен қажеттіліктеріне сай тиімді кері байланыс ұсынатын боламын.



Бағалау критерийі:

мәтіннен негізгі, қосымша,

детальді ақпараттарды

анықтайды;

Дескриптор:

-мәтіндегі негізгі ақпаратты

анықтай алады;

-қосымша ақпараттарды таба

алады;

-детальді ақпараттарды

көрсетеді;

-кестеге жазады.

2.Бағалау критерийі: Мәтіннен есімдіктерді тауып, қызметін анықтап, есімдікті зат есім, сын есімдердің орнына қолданады.

Дескриптор:

-Мәтіннен есімдіктерді таба

алады;

-сөйлемдегі есімдіктің

қызметін анықтайды;

-есімдіктерді зат есім, сын

есім орнына қолданып

сөйлемдер құра алады.

Қ.Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.Бұл әдіс арқылы оқушылар екі жағымды тұсын анықтау әрі оны жұлдызшамен белгілеу және өз ойы бойынша қай тұсын толықтыру керектігіне мүмкіндік береді.

Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау критерийі негізінде оқушылар өзін-өзі бағалайды.Оқушылардан өз таңдауларын түсіндіруді сұраймын және тақырыпты қаншалықты меңгергендігін біле аламын.

1.Интербелсенді тақта.

2. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 6 – бағыты Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығы мазмұн арқылы жүзеге асырылады. Онда оқушылардың бойында патриоттық сезім мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту көзделген.


Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:




2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі