Бекітемін
«Жұлдыз
балабақшасының
меңгерушісі
Кунесова
Р.К__________
Жазғы сауықтыру іс –
шарасы
«Балдәурен» мектепалды
даярлық тобы

«Су
әлемінде»
Тәрбиеші: Бейсебаева
Г.С
Шымкент
қаласы
2024-2025 оқу
жылы
Мақсаты: Балаларды су асты әлемінің
алуан түрлілігімен таныстыру, экологиялық тәрбие беру, жазғы
көңіл-күй сыйлау.
Қатысушылар: Тәрбиеші, Балық, Сегізаяқ,
Тасбақа, Акула, Су перісі, Балалар.
Сахнаның
безендірілуі:
Көк мата – теңіз
бейнесі
Теңіз жәндіктерінің суреттері
(балықтар, медуза, шаян, т.б.)
Жасыл таспа – су
өсімдіктері
Қағаздан жасалған көпіршіктер,
ракушкалар
Ертеңгілік
барысы:
Теңіз шуылдаған, жұмсақ музыка
ойнап тұрады. Балалар шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін біз ерекше әлемге – Су асты патшалығына саяхатқа
аттанамыз. Бұл жерде түрлі тіршілік иелері өмір сүреді. Ал олармен
достасуға дайынсыңдар ма?
Балалар:
- Иә! Дайынбыз!
Ойын – қимыл жаттығуы:
«Балықтар жүзіп жүр»
Музыка
қосылады, балалар балықтар сияқты
жүзеді:
Қолдарын
жайып, оңға – солға жүзіп
жүреді
«Толқын» болып айналып
өтеді
Бір-бірімен «көпіршіктер»
ойынын ойнайды (алақандарымен соғыстырады)
Тақпақтар:
Арсен: Суға түстім
шомылып,
Күнге қыздым мол ұнып.
Салқындаймын әрдайым,
Су асты әлем тамаша!
Ерболат: Медуза, балық,
сегізаяқ,
Теңіз толы тіршілік.
Табиғатты аялайық,
Суға түсер бір
қызық!
Кенет... сахнаға балық
шығады.
Балық:
-
Сәлем
достар! Мен - Көңілді балықпын. Біздің
патшалыққа қош келдіңдер! Бірақ мұнда кіру оңай емес. Алдымен бір
тапсырманы орындау керек.
Сұрақ – жауап
ойыны:
Балық:
– Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер жауап
беріңдер!
Теңізде қандай тіршілік иелері
өмір сүреді?
Су астында не
өседі?
Адамдар теңізге қалай
барады?
Балалар жауап
береді.
Сегізаяқ
келеді:
-Сәлем, балалар! Менің
аяқтарым көп, бірақ мен ештеңе істей алмай тұрмын!
Көмектесесіңдерме?
Қимылды ойын: «Сегізаяқтың
аяқтарын тап»
(Жерге түрлі түсті ленталар
қойылады – балалар сол ленталарды жинап
береді)
Су перісі пайда
болады:
- Менің інім – Кішкентай Балық жоғалып кетті!
Сендер оны
тапсаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Ойын: «Балықты тап!»
(Алдын ала залдың әр жеріне жасанды балықтар жасырылады. Балалар оларды іздеп тауып әкеледі.)
Тасбақа келеді:
-
Мен баяу жүремін, бірақ көп білемін. Ал сендермен бір сайыс жасап көрсем деймін.
Эстафета ойыны: «Тасбақа жарысы»
(Балалар қаппен секіріп, шелекпен су тасып
жарыстарға қатысады)
Акула
келеді (мейірімді):
-
Мен,
мейірімді акуламын. Тек менен бәрі қорқады. Шын
мәнінде мен де ойнағым келеді!
Ойын: «Акуладан
қаш!»
(Музыкамен жүгіру: музыка
тоқтағанда – бәрі «тоқтайды»)
Би: «Су асты
биі»
(Балалар су асты тіршілігіне
байланысты еркін қимылмен би билейді. Әсем теңіз музыкасы
қосылады.)
Қорытынды:
Су
перісі:
- Сендер өте ақылды, жылдам, мейірімді
балаларсыңдар!
Біздің су асты әлемімізге
келіп, бізбен бірге ойнағандарыңа рахмет! Міне, сендерге
сыйлығымыз!
(Балаларға тәттілер
таратылады.)
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін біз су асты әлемін аралап, достар
таптық.
Осындай таза, көркем табиғатты
аялай білейік. Жаздарың көңілді,
шат-шадыман
болсын!