400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Су әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Су туралы түсінік беру, маңызы туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Бақ-бақ II-кіші тобы

Күні: 3.04.18 ж

Білім беру саласы:« Таным»

Оқу қызметінің түрі:Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Су әлеміне саяхат»

Мақсаты:  Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.

Кажетті көрнекіліктер мен құрал жабдықтар:Презентация, әр балаға тәжірибе жасауға арналған стақандар сумен, бояу, қылқалам, қасық, қант, тас.

Әдіс – тәсілдер:Түсіндіру, әңгімелесу, тәжірибе жұмысы.

Билингвальды компонент:Су – вода-water, су әлемі-водный мир-water world.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар бүгін бізге қонақтар келген. Қанекей келген қонақтармен амандасып алайық.

Осы сәтте судың сарқыраған, толқынның ескен лебінің дыбыстары қосылады.

Балалар, қандай дыбыстар естідіңдер?

Дұрыс айтасыңдар бұл судың дауысы. Бұл дыбыстар су әлемінен шығып жатыр.

Менімен бірге су әлеміне барғыларың келе ме?

Қанекей саяхатқа автобуспен барайық.

(Автобус музыка)

Келген қонақтармен амандасады.



Судың.



Иә


Ұйымдастыру-іздестіру

Су ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар, мен су ханшайымымын. Менің әлеміме қош келдіңдер.

Ендеше мен сендереге судың пайдасы, қасиеттері туралы айтып берейін.

Экранға назар аударыңдар. (слайд көрсету)

  • Судың пайдасы... Балалар сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.

Суды ішеміз және жуынамыз. Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз. Сумен ас әзірлейміз. Сумен кір тазалаймыз. Суды жануарлар да ішеді, шомылады.

Су жетіспегенде.... 1. Бас ауырады. 2. Бас айналады. 3. Шаршау, әлсіздік пайда болады. 4. Тәбетсіздік туады.

Сергіту сәті:
Ал,балалар,тұрайық,

Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды созайық.

Су ішінде қалықтап, 
Кәне жүзіп алайық.

Мақал-мәтел

1.Судың да сұрауы бар (Гүлім)

2.Сумен ойнама батарсың (Аделья)

Отпен ойнама жанарсың

3.Сулы жер- нулы жер (Ильяс)

Судың қасиеттері туралы өз көзімізбен, қолымызбен тәжірибе жасап көрейік.

Тәжіибе №1

«Су- иіссіз»

Балалар, алдымыздағы стақандағы суды иіскеп қараңда. Судың иісі бар ма?

Тәжіибе №2

«Су – дәмсіз»

Балалар, стақандағы суды ішіңдер, дәмі қандай?

Тәжірибе № 3

«Судың дәмі өзгереді»

Қантты суға салып қасықпен араластырып ішіп көріңдер. Дәмі өзгерді ме?

Тәжірибе № 4

«Су – түссіз, мөлдір»

Стақанның ішіне алдарыңдағы тасты салып көріңдер, тас көрінеді ме?

Тәжірибе № 5

«Судың түсі өзгереді»

Сендер қалай ойлайсыңдар судың түсін өзгертуге бола ма? Таза стақандағы суға бояуды қылқаламмен іліп алып араластырамыз. Судың түсі өгерді ме?

Билингвальды компонент: Су – вода- water, су әлемі-водный мир-water world.

Жаңбыр туралы видеоролик



Ойын: «Жаңбыр»


Жарайсыңдар балар енді балабақшаға қайтатын уақыт болды. Менде сендермен бірге балабақшаға барамын. Қанекей автобуспен балабақшамызға қайтайық.

Мінекей балалар балабақшамызға да келдік.





Судың пайдасы қасиеттері туралы тыңдайы.



Слайд қарайды.



Түсіндірмені тыңдайды.













Қимылмен орындайды.





Мақал-мәтел айтады.



Қайталайды.





Жоқ.



Дәмі жоқ.





Иә. Дәмі тәтті.





Көрінеді.







Өзгерді.

Қайталайды.

Видеоролик қарайды.

Ойынға белсене қатысады.

Балабақшаға оралады.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар сендерге саяхат ұнады ма? (слайд)

Судың иісі бар ма?

Судың дәмі бар ма?

Судың түсі бар ма?

Сусыз өмір сүруге бола ма?

Суды үнемдеу керек пе?

Балаларды мадақтап ҰОҚ аятау. Келген қонақтармен қоштасу.

Иә

Жоқ.

Жоқ.

Жоқ.

Болмайды.

Иә.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Судың иіссіз, дәмсіз, түссіз екенін, судың пайдасын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.



Әдіскер: Айсагулова Б.С.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі