
«Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасы
Бекітемін:
«Кішкентай данышпан» б/б-ның
меңгерушісі: У.К.Ешенкулова
Тақырыбы: «Су әлеміне саяхат»
Тәрбиешілер: Қалдыбаева А
Шымкент қаласы 2025 жыл
Тақырыбы : «Су әлеміне саяхат»
Мақсаты:
Балаларды су әлемімен таныстыру;
Қиялын дамыту, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Жазғы көңіл көтеруді ұйымдастыру.
Қажетті құралдар:
Нептун киімі (тәж, мантия, скипетр)
Су перілері, балықтар, медуза, т.б. рөліндегі балаларға арналған костюмдер
Су құйылған шелек, сыпырғыш, доптар, орамал, сабын көпіршіктері
Әуен (теңіз толқындарының дыбысы, көңілді музыка)
Сценарий барысы:
(Тәрбиеші сөз алады)
– Балалар, бүгін біз ерекше саяхатқа аттанамыз! Қайда дейсіздер ме? Жер асты су патшалығы – Нептун еліне! Бізбен бірге сүңгуге дайынсыңдар ма?
? (Музыка ойнайды – су шуылы, толқын дыбыстары)
2. Сиқырлы сөздер айту
Балалар бәрі бірге айтады:
– Толқында тербел, тереңге жет,
Нептунға саяхат – таңғажайып сәт!
(Түсті ленталармен, сабын көпіршіктерімен көрініс жасалады)
Нептун теңіз түбінде достарымен отырады.
Кенеттен су дүмбілі пайда болады.
Су перісі:
Достарым бүгін бізге қонақ келе жатқан сияқты ғой
Әсем әуенмен балалар кіреді.
Су перісі: Сіздер қайдан келдіңіздер?Қандай ғаламшардан келдіңіздер?
Балалар: Біз жер бетінен «Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасынан келдік.Су астындағы өмірді тамашалауға келдік.
Су перісі: Қош келдіңдер! Мұнда менің достарым – балықтар, медузалар және су перілері барлығымыз жиналып Нептун мерекесін атап өткелі жатырмыз!
Мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыздар!
Су перісі:
Біз бүгінгі мерекеге бірнеше сынақтар дайындаған едік. Кім батыл, кім шапшаң – бәрін көргіміз келеді!Сендер де қатысып көріңдер.Жолдан шаршап келген боларсыңдар!Менің су перілерімнің керемет биін тамашалап, демалып алыңдар!
Би: «Су перілері»
3. Ойындар бөлімі:
Ойын 1: "Балық аулау"
(Су ішіне лақтырылған ойыншық балықтарды қармақпен не сачокпен аулау)
Ойын 2: "Су тасушылар"
Балалары ыдыстағы суды губкамен келесі шелекке құяды.
Ойын 3: "Көз мергені"
(Балалар қолдарындағы су пистолеттерімен жиналып тұрған стакандарды дәлдеп, құлатады.)
Ойын 4 : "Епті аяқтар"
(Балалар ыдыс толы судағы шариктерді аяғымен қыстырып, келесі ыдысқа салу)
5. Қорытынды: Барлық балалар «Baby sharк» биін билейді
Нептун:
Сендер тамаша балалар екенсіңдер!
Ойындарда белсенді болдыңдар, тазалық пен достық туралы көп нәрсе білдіңдер.
Сендерге денсаулық, шаттық тілеймін!
Тәрбиеші:
Рахмет, Нептун! Балалар, қоштасайық!
(Барлығы қоштасып, қол шапалақтайды.)

Алғыс хат
Құрметті: _________________________________________
«Су әлеміне саяхат» атты ертеңгілікке белсене қатысып, ұйымшылдық пен тапқырлық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Ойын барысында жылдамдықтарыңызбен, ынтымақтастығыңызбен және қызығушылықтарыңызбен көзге түстіңіздер.Осындай жарқын сәттер мен жетістіктер алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз!
Топтарыңызға шығармашылық табыс, көңілді күндер
мен жарқын болашақ тілейміз!!!
Балабақша меңгерушісі: У.К.Ешенкулова
Шымкент қаласы 2025 жыл




жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Су әлеміне саяхат!"
"Су әлеміне саяхат!"

«Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасы
Бекітемін:
«Кішкентай данышпан» б/б-ның
меңгерушісі: У.К.Ешенкулова
Тақырыбы: «Су әлеміне саяхат»
Тәрбиешілер: Қалдыбаева А
Шымкент қаласы 2025 жыл
Тақырыбы : «Су әлеміне саяхат»
Мақсаты:
Балаларды су әлемімен таныстыру;
Қиялын дамыту, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Жазғы көңіл көтеруді ұйымдастыру.
Қажетті құралдар:
Нептун киімі (тәж, мантия, скипетр)
Су перілері, балықтар, медуза, т.б. рөліндегі балаларға арналған костюмдер
Су құйылған шелек, сыпырғыш, доптар, орамал, сабын көпіршіктері
Әуен (теңіз толқындарының дыбысы, көңілді музыка)
Сценарий барысы:
(Тәрбиеші сөз алады)
– Балалар, бүгін біз ерекше саяхатқа аттанамыз! Қайда дейсіздер ме? Жер асты су патшалығы – Нептун еліне! Бізбен бірге сүңгуге дайынсыңдар ма?
? (Музыка ойнайды – су шуылы, толқын дыбыстары)
2. Сиқырлы сөздер айту
Балалар бәрі бірге айтады:
– Толқында тербел, тереңге жет,
Нептунға саяхат – таңғажайып сәт!
(Түсті ленталармен, сабын көпіршіктерімен көрініс жасалады)
Нептун теңіз түбінде достарымен отырады.
Кенеттен су дүмбілі пайда болады.
Су перісі:
Достарым бүгін бізге қонақ келе жатқан сияқты ғой
Әсем әуенмен балалар кіреді.
Су перісі: Сіздер қайдан келдіңіздер?Қандай ғаламшардан келдіңіздер?
Балалар: Біз жер бетінен «Кішкентай данышпан» бөбекжай-балабақшасынан келдік.Су астындағы өмірді тамашалауға келдік.
Су перісі: Қош келдіңдер! Мұнда менің достарым – балықтар, медузалар және су перілері барлығымыз жиналып Нептун мерекесін атап өткелі жатырмыз!
Мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыздар!
Су перісі:
Біз бүгінгі мерекеге бірнеше сынақтар дайындаған едік. Кім батыл, кім шапшаң – бәрін көргіміз келеді!Сендер де қатысып көріңдер.Жолдан шаршап келген боларсыңдар!Менің су перілерімнің керемет биін тамашалап, демалып алыңдар!
Би: «Су перілері»
3. Ойындар бөлімі:
Ойын 1: "Балық аулау"
(Су ішіне лақтырылған ойыншық балықтарды қармақпен не сачокпен аулау)
Ойын 2: "Су тасушылар"
Балалары ыдыстағы суды губкамен келесі шелекке құяды.
Ойын 3: "Көз мергені"
(Балалар қолдарындағы су пистолеттерімен жиналып тұрған стакандарды дәлдеп, құлатады.)
Ойын 4 : "Епті аяқтар"
(Балалар ыдыс толы судағы шариктерді аяғымен қыстырып, келесі ыдысқа салу)
5. Қорытынды: Барлық балалар «Baby sharк» биін билейді
Нептун:
Сендер тамаша балалар екенсіңдер!
Ойындарда белсенді болдыңдар, тазалық пен достық туралы көп нәрсе білдіңдер.
Сендерге денсаулық, шаттық тілеймін!
Тәрбиеші:
Рахмет, Нептун! Балалар, қоштасайық!
(Барлығы қоштасып, қол шапалақтайды.)

Алғыс хат
Құрметті: _________________________________________
«Су әлеміне саяхат» атты ертеңгілікке белсене қатысып, ұйымшылдық пен тапқырлық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Ойын барысында жылдамдықтарыңызбен, ынтымақтастығыңызбен және қызығушылықтарыңызбен көзге түстіңіздер.Осындай жарқын сәттер мен жетістіктер алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдеміз!
Топтарыңызға шығармашылық табыс, көңілді күндер
мен жарқын болашақ тілейміз!!!
Балабақша меңгерушісі: У.К.Ешенкулова
Шымкент қаласы 2025 жыл




шағым қалдыра аласыз













