Материалдар / Су асты әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Су асты әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Пальчиковая гимнастика На поляне дом стоит, ну а к дому путь закрыт. Мы ворота открываем, в этот домик приглашаем (ладони сначала направлены под углом друг к другу, кончики пальцев соприкасаются, потом ладони прижаты к друг другу. На вторую строчку сначала разводим ладошки, а потом руки
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұсақ моториканы дамыт

«Аққаланы жина»
Мақсаты: ұсақ моториканы дамыту, әртүрлі заттармен әрекет етуге үйрету.
Ойынның барысы. Ойында әртүрлі шарлар немесе кубиктер пайдалануға болады. Тәрбиеші шарларды не кутиктерді көрсетеді, балалар қолдарына ұстайды. Содан соң аққала көрсетеді. Аққала қандай дөңгелектерден жасалғанын айтады: атында – үлкен, ортасында – орташа, үстінде – кішкентай. Шарлардан аққаланы жасауға ұсынады немесе кубиктерден жасауға болады. Астында – үлкен, ортасында – орташа, үстінде – кішкентай кубик.

«Анасына төлдерін тауып бер»
Мақсаты: әр жануардың өз төлін немесе балаларын дұрыс табуға, тани білуге үйрету.
Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға көлікті көрсетіп, әңгіме айтады. «Бір күні бұзау, кішкентай мысық, құлыншақ аналарынан қашып кетіп, адасып қалады. Жоғалған төлдердің аналары көлікпен іздеуге шығады. Мысықтың баласы ең кішкентайы болды. Ол сүрінді де мияулады. Ол қалай мияулады? (балалардың жауабы). Оны естіген анасы баласын шақырады: «Мияу-мияу». Сол дыбыс бойынша мысық өз баласын табады». Тәрбиеші әңгімесінен кейін бір балаға көліктің ішінен мысықты алуға ұсынады. Сол ойыншықпен үстел үстіндегі төлдер бейнеленген суреттердің ішінен мысықтың баласын тауып беруге ұсынады

.«Сиқырлы қапшық»
Мақсаты: заттарды ерекше белгілері бойынша танып
үйрету.
Ойын барысы. Ойынды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші балалар танитын заттарды жинақтайды. Қысқаша әңгіме өткізеді. Балаларды заттарды атап беруге және де олар не үшін керек екенін айтуға ұсыныс береді.
- Қазір біз ойнаймыз. Шақырған бала мына қапшыққа не салғанымды айтып беру керек. Айгүл, үстел үстіндегі заттарға қара, еске сақта! Енді айналып тұр. Мен ойыншықты қапшыққа саламын, сен сол ойыншықты айтып бересің! Қолыңды қапшыққа, онда не жатыр?
Содан соң қиындалады. Бірнеше ойыншықтар қапшыққа салынады. Ол ойыншықтарды бір бала да білмейді. Шақырылған бала қапшықтағы қолына түскен ойыншықты атап беру керек.

«Бұл не зат?»
Мақсаты: затты атап, сипаттап үйрету.
Ойын барысы. Бала сиқырлы қапшықтан ойыншық немесе бір затты шығарады да айтады. Мысалы: доп. Тәрбиеші алдымен сол затты сипаттап береді, содан соң бала қайталайды.
- Мынау – доп. Ол дөңгелек. Оның түсі көк, т.с.с.

«Ойыншықты тап»
Мақсаты: затты оның сипаттамасына қарай табу біліктілігін қалыптастыру.
Ойын барысы. 3-4 ойыншық балалардың алдына қойылады. Тәрбиеші былай дейді:
- Балалар, мен қазір бір ойыншықты сипаттап беремін, ал сендер ол не ойыншық екенін айтып берулерің керек.

Ескерту: бірінші заттың 1-2 сипаттамасы ғана айтылады. Егер балалар қиналса 3-4 сипаттамасы.



«Айналаңдағы заттарды ата»
Мақсаты: балаларды сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға айналаларындағы заттарды атауға ұсыныс береді. Тек көрініп тұрған заттарды ғана атау керек. Дұрыс айтқандарын және қайталамауларын қадағалайды. Егер балалар кейбір заттарды атамаса, тәрбиеші сұрақтар арқылы жауап алады. Мысалы: «қабырғада не ілініп тұр?» т.с.с.



«Айгүлдің көмекшілері»
Мақсаты: баланың тілін дамыту.
Ойын барысы.
- Бізге қонаққа Айгүл өзінің көмекшілерімен келді.
Мен сендерге оларды көрсетемін, ал сендер оларды айтып берулерің керек.
Қуыршақ үстел үстімен жүреді, тәрбиеші аяқтарына көрсетеді.
- Бұл не? (аяқтар)
- Олар — Айгүлдің көмекшілері. Олар не істейді? (жүреді, жүгіреді, билейді…).
Басқа дене мүшелеріне тоқталып, сондай сұрақтар қойылады. Қолдар – алады, сурет салады, жұмыс жасайды,… Тістер – тістейді, тамақ жейді, … .Көздер – көреді, жылайды,… .



«Әдемі сандық»
Мақсаты: баланың тілін дамыту.
Ойын барысы.
- Мен мына әдемі сандыққа суреттерді салдым.
Сендер суреттерді алып, не екенін айтып бересіңдер.

«Пошташы ашық хат (открытка) әкелді»
Мақсаты: балалардың еске сақтау қабілеттерін, тілін дамыту.
Ойын барысы. Ойын 5-6 баламен жүргізіледі. Біреу есікті қағады. Тәрбиеші:
- Балалар, пошташы бізге әдемі ашық хаттар ікелді. Қазір бәрін қарайық. Мына ашық хатта не ? ( балалар жауабы). Дұрыс, қонжық. Ол не істеп тұр? Ия, барабан соғып келе жатыр. Мына ашық хат Дианаға. Диана, есіңе сақта! Ал мына ашық хат Алдиярға. Мынада не? Ол не істеп тұр? т.с.с. Тәрбиеші:
- Енді мен тексеремін, сендер қалай менің айтқанымды еске сақтадыңдар екен? Аққала билеп тұр, бұл кімнің ашық хаты?.. т.с.с.



«Санамақ»
Мақсаты: ойын арқылы саусақтардың аттарын үйрете отырып, бөбектердің тілін дамыту, саусақтарының қимылын жетілдіру. «Қуырмашты» айта отырып, қой, түйе, қасқыр, жылқы, ешкі, түлкі сөздерін сөздік қорларына енгізу.
Ойын барасы. Тәрбиеші:
- Қане, балалар, саусақтарыңды көрсетіңдерші? (Балалар көрсетеді.)
- Түу, қолдарың қандай тап-таза! Саусақтарың неткен әдемі! Балалар, осы саусақтарыңның аттарын білесіңдер ме? (Үнсіз отырады.) Тәрбиеші өзінің саусақтарын жая көрсетіп, әрқайсысын атай бастайды.
- Балалар, бірінші саусағым – бас бармақ, екіншісі – балаң үйрек, ал мына үшінші ұзын саусағым – ортан терек, төртіншісі – шылдыр шүмек, ал кішкентай ғана соңғы саусағым – кішкентай бөбек, — дейді. Содан соң балалармен бірнеше рет қайталайды. Бұл ойында балалар саусақтардың аттарын үйреніп қана қоймайды, сандық ұғымды да түсіне білетін болады. Осыдан кейін балалардың алақанын ашқызып, «Қуырмаш» ойынын бастайды. Балалар да тәрбиешіге қарап қимыл жасайды.
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаша,
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе есік аш,
Қасқыр келсе мықтап бас.
Мына жерде қой бар,
Мына жерде ешкі бар,
Мына жерде сиыр бар,
Мына жерде жылқы бар,
Мына жерде түлкі бар,
Мына жерде күлкі бар
Қытық-қытық , -
деп, баланы қытықтайды. Әр жануарды атағанда суретін немесе ойыншығын көрсету керек.
Халықтық педагогика тәсілімен ойналатын осындай ойындардың баланың тілін жаттықтыруға да, дүниетанымын байытуға да септігі мол.



«Балақай»
Мақсаты: балалардың ой-қиялын дамыту, қойылған сұраққа зейін аудара отырып жауап беруге дағдыландыру.

Ойын барысы.
- Бүлдірген тереміз, балақай!
(қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарын төмен қарай жұлқиды)
- Алақай!
- Ат жарыс көреміз, балақай!
(атша шапқан қимыл көрсетіледі)
- Алақай!
- Кел, ағаш жарамыз, балақай!
(бастарын шайқайды)
- Әй, атай, жоқ, атай!
Тәрбиеші: -Жалқау болуға бола ма, балалар?
Балалар: -Жоқ, жоқ!
Тәрбиеші: -Келіңдер, ендеше, көмектесейін!
(бәрі екі алақандарын біріктіріп, оған шабу қимылын келтіреді)
- Айға ұшып барамыз, балақай!
(екі қолдарын ерсілі-қарсылы сілтейді)
- Алақай!

«Қайсысы қайда барады?»
Мақсаты: балардың қабілеттерін ашу. Кейіпке енуді жетілдіру. Сөйлеу қорларын дамыту.
Ойын барысы. Бұл үшін әртүрлі аңдардың, құстардың, кейіптері таратылып беріледі. Өлең оқыла бастаған кезде әр бала өз рөліне еніп, өздерінің айналысатын кәсіптерін дәлме-дәл көрсетеді.
Жүргізуші: Қасқыр, қайда барасың?
Қасқыр: Қой қыруға барамын.
Жүргізуші: Қарсақ, қайда барасың?
Қарсақ: Қаңғыруға барамын.
Жүргізуші: Түлкі, қайда барасың?
Түлкі: Тауық іздеп барамын.
Жүргізуші: Маймыл, қайда барасың?
Маймыл: Сауық іздеп барамын.
Жүргізуші: Майлан, қайда барасың?
Майлан: Мал баққалы барамын.
Осыдан соң әр кейіпкердің мінез-құлқын сипаттау, әрқайсысы жайлы ойдан шығармашылық әңгіме құратуға болады.

«Ала күшік»
Мақсаты: ойын ерекшелігі мен тәрбиелік маңызы және сюжеттік мәні балаларды сақтыққа тәрбиелейді, қиындықты жеңуге, батылдыққа баулиды.
Ойын барысы. Тәрбиеші жерге шеңбер сызады. Бұл – ала күшіктің үйшігі. Бұдан 2-3 қадам жерге тағы да сызық түседі, бұл сызыққа балалар жете алатындай болуы керек. Осы сызықтан 20-25 адымдай жерге екінші сызық сызылады, бұл – балалардың ала күшіктен сақтанатын жері. Мұндай дайындық балалардың көңілін сөзсіз сақтыққа аударады. Тәрбиеші ойын шартымен таныстырады.
Міне жатыр ала күшік,
Табанына мұрнын тығып.
Маңғазданып тыныш жатыр,
Бірде қалғып, бірде ұйықтап.
Жақын барып оятайық,
Үрмес пе екен, байқайық.
Ойын барысында тәрбиеші «ала күшік» рөлін өзі атқарады. Оның ұсынысымен балалар бір-бірінің қолынан ұстап сызыққа жақындайды. Ортаға бір бала шығып өлең айтуы тиіс, қалғандары оны қайталайды. Осы өлеңнің соңғы шумағы айтылғанда балалар итті түртеді және сипайды. Ит өзін балалар келіп түртіп, сипағанша көзін ашпай жатады. Кенеттен көзін ашқан ит арс-арс етіп үреді де, балаларды қуады. Ал балалар үйлеріне қарай қашады. Балалардың соңына түскен ит сызыққа жеткенше ұстап алады. Балалар ұстатпауға тырысу керек.

«Жүргізуші»
Мақсаты: балалардың жүргізушілік мамандығына, техникаға ынтасын арттыру. Сөздік қорын байыту.
Керекті құралдар: машинаның сырт көрінісі (суретте автобустың алдыңғы жағынан көрініс), машинаның рулі, автобус билеті, жүргізушінің бас киімі, микрофон (аялдамаларды хабарлайтын құрал).
Түсінік жұмыстары: руль, педаль, микрофон, жүргізуші деген сөздермен таныстыру. «Жүргізуші» — жеңіл машинаны, жүк машинасын, таксиді, автобусты, трамвайды, троллейбусты жүргізетін адам.
Ойын барысы. Тәрбиеші балалаға қазіргі ойын автобустың жүргізушісі туралы екенін және оның атқаратын қызметімен таныстырады. Балаларға автобусқа отырарда артқы есігінен кіріп, шығарда алдыңғы есігінен түсу керектігін, оған мінген адам жол ақысын билет алу арқылы төлейтіні, оларды қолына қызыл шүберек байлаған тексеруші тексеретінін, әрбір аялдаманы жүргізуші микрофон арқылы дауыстап айтып отыратынын, әркім өзі қалаған жеріне жетіп түсіп қалатынын әңгімелеп түсіндіреді. Автобусқа мінушілердің билет алған-алмағанын тексеретін себебі: кейбіреулер билет алмай, тәртіп бұзатынын, ондайлар анықталса, айып төлететін тәріп барын, жол ақысын төлемеу ұят екенін балаларға жете ұғындыруға
тырысады. Содан кейін ғана «Жүргізуші» ойыны басталады. Ойын шартыбойынша жүргізуші болып тек тәртібі өте жақсы бала болатыны ескертіледі. Сондай баланың бірі Мейрамбек жүргізуші болып бекітілді. Ол автобустың рулін ұстағандай, оңды-солды дөңгелете:
Машинам да жүйіткейді,
Жолдың шаңы ұйытқиды, — деп әндетеді. Автобусқа отырғандай оның соңынан тіркелген балалар қозғалып жүре бастайды. Машинаның гүрілін салып жүріп келе жатқан жүргізуші Мейрамбек біраздан кейін тоқтап, «Аялдама «Дәріхана» » деп хабарлайды. 1-2 бала (тіркеуден шығып) автобустан түсіп, дәріханаға қарай аяңдайды. Жүргізуші Мейрамбек енді қатардың соңына келіп тұрып, оның орнына Біржан жүргізуші болады. Ол да :
Артқа тастап белеңді,
Арқалаймын көп елді, — деп әндетіп кетеді. Бір айналыс жасағанда жүргізуші Біржан:
- Түсуге дайындалыңдар, келесі аялдама «Құрылыс» деп хабарлайды. Осы жерден 1-2 бала автобустан түскен болып, қатардан шығады. Олардың орнына тағы 2-3 бала автобусқа мінген болып тіркеледі. Біржаннан кейін рульге ие болған жүргізуші Бекзат:
Өзім енді рульде,
Өзім мотор гүрілдеп.
Педальды көп басамын,
Қырат, қырдан асамын, — деп әндетіп, автобусты жүргізеді. Келесі аялдама «Наубайхана» екені хабарланады. Аялдамаға тоқтасымен автобусқа тергеуші кіреді. Бір тамашасы бәрінде де билет бар екен. Алдыңғы жүргізушінің іс-әрекетін қайталаған Марат та:
Кірістім мен жұмысқа,
Жолаушылар ұрыспа, — деп әндете келіп, келесі аялдама «Балабақшаға» келіп тоқтайды. Бәрі автобустан түсіп, балабақшаға кіреді. Олар түсіп болғанша, жүргізуші жолаушыларға «Жолдарың болсын!» деп ақ тілеу тілейді.
Тәрбиеші: — Балалар, автобуспен біраз жер жүрдік. Бұл ойын сендерге ұнады ма? деп сұрайды. Тәрбиеленушілер өздерінің әсерін әңгімелейді. Тәрбиеші келесі ойында басқа балалар жүргізуші болатынын хабарлайды.

«Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты:
1. Өткен сабақтарды еске түсіріп, сандар қатарын, геометриялық пішіндерді тануды, кеңістікті бағдарлай білу қабілетін бекіту.
2. Балалардың логикалық қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл - ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға, жылдам есептеуге қызығушылығын ояту.
3. Еліміздің болашақ ұрпағын біліммен сусындаған, тапқырлығымен тамсандыратын салауатты, саналы етіп тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру - көрсету, сұрақ - жауап, баяндау, бақылау, дидактикалық, логикалық ойындар.
Көрнекіліктер: атрибуттар, карточкалар, алма ағаштары, шыны ыдыстар, доп, етіктер
Амандасу. Шаттық шеңбер:
Дөңгеленіп тұрайық
шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық
Әлемде нұр тыныштық
Әрбір бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң балабақша
Қайырлы күн достарым
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламын
Сәлем! Сәлем! Сәлем!

Сабақ барысы:
Бүгін балалар біздер ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Барғыларың келе ме? Ендеше сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та қызықты, сиқыры көп елге барамыз. Ыңғайланып отырып, көздерімізді жұмамыз. Ұштық! (Жай әуен ойнатылады).
Көздерімізді жұмып елестетейік: жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?
Ал енді көзімізді ашайық. Міне ертегілер еліне де жеттік. Қараңдаршы қандай әдемі үйшік. Бұл үйшікті атай қандай пішіндерден құрастырған? ( төртбұрыш, үшбұрыш). Атай үйінің ауласына бау-бақша егіп қойған екен. Күз мезгілінде олар піседі. Мына алма ағашына қараңдаршы, қанша алма пісіп тұр? (санайды – 5). Ал екінші алма ағашында ше? ( 5) Айырмашылығы неде? (үлкен - кіші). Сонда алмалардың саны бірдей де ал көлемі әр түрлі. Яғни көлеміне қарай заттың саны өзгермейді.
Күздің салқын желі ағаштардың жапырақтарын ұшырған екен. Олар мына жолдарда жатыр.
Санайықшы бірінші жолда қанша жапырақ жатыр, ал екінші жолда ше? (санайды, саны бірдей). Айырмашылығы неде? (түсінде). Яғни түсіне байланысты заттың саны өзгермейді.
Мына ағаштың бұтағында қарлығаштар жылы жаққа ұшуға дайындалып отыр екен. Неше қарлығаш отыр? (3) кенет иттердің үрген даусы естіледі. Қарлығаштар ұшып кетеді. Иттердің даусы басылған соң қарлығаштар қайтадан бұтаққа келіп отырады. Санайықшы балалар, қарлығаштың барлығы қайта оралды ма? (санайды - 3, барлығы оралды) бірақ бірдеңе өзгерді, не өзгерді қалай ойлайсыңдар? (орындарын ауыстырды). яғни заттың саны олардың орналасуына байланысты өзгермейді екен.
Атайдың бақшасында шалқан үлкен болып өскен екен. Атай шалқанды жұлып алмақшы болады. Ол соншалықты асыққанынан өзінің етігінің бір сыңарын таба алмай отыр екен. Көмектесейік. (балалар тапсырманы орындайды.)
Атай етігін киіп алып шалқанды жұлмақшы болады. Тартады, тартады жұла алмайды. Көмекке әжені шақырады. Ал әже болса шыны ыдысындағы тұздалған қиярларын ретімен қоя алмай, жинастыра алмай отыр екен. Көмектесейік.( балалар шыны ыдыстарды ретімен қойып 5 - ке дейін тура және кері санап береді.)
Сергіту жаттығу:
1 дегенде тұрайық
2, 3, 4 алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылы
Бір отырып
Бір тұрып
Біз жүгіріп алайық
5 дегенде асықпай
Орнымызды табайық
Әже атайға көмекке барады. Әже атадан, ата шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Әже немересін шақырады. Ал немересі сабағын оқып, есептерін шығара алмай отыр екен. Көмектесейік.
∙ 5 есекте неше құйрық бар?
∙ 2 иттің неше тұмсығы бар?
∙ үстел үстінде 3 алма мен 2 алмұрт тұр, барлығы қанша жеміс тұр екен?
∙ үйректің 2 балапаны мен қаздың 2 балапаны суда жүзіп, шулап жүр. барлығы қанша балапан жүзіп жүр?
Жарайсыңдар балалар, Машаның есептерін тамаша шештіңдер. Немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады, жұла алмайды. Немересі көмекке күшігін шақырады. Күшігі болса аулада доп ойнап жүр. Күшікпен бірге доп ойнайық..
Қ. о: «Керісінше айт»
Күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Күшігі мысығын шақырады. Ал мысықтың балалары тентек болып, оның моншақтарын үзіп, шашып тастаған екен. Мысықтың үзілген моншақтарын жинауға көмектесейік.(балалар тапсырманы орындайды).
Мысығы күшіктен, күшігі немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады жұла алмайды. Мысығы тышқанды шақырады. Тышқан болса, ол жай тышқан емес, ақылды тышқан екен. Ол карталармен ойнап отыр, жай емес математикалық карталар екен.
Д. о: «Артығын тап»
Тышқан көмекке барады. Тышқан мысықтан, мысық күшіктен, күшік немересінен, немересі әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан тартады, тартады шалқанды жұлып алады! Алақай!
Шалқанды кім бірінші болып тартты? (ата). соңғы болып көмекке кім келді? (тышқан).
Жарасыңдар балалар, енді балабақшаға оралатын кез келді. Сиқырлы ұшқыш кілемшемізге отырайық. Бақшамызға жеттік. Сендерге саяхат ұнады ма?
Қалай ойлайсыңдар, неліктен ертегі кейіпкерлері шалқанды жұлып алды? ( себебі олар керек кезде бір - біріне көмекке келді; біріккеннің арқасында; достығының арқасында)
Жарайсыңдар балалар! Сендер де жарадыңдар, оларға көптеріңді тигіздіңдер. Балалар біздер ертегі елінен қайтар кезде әжей маған бір себет беріп жіберген, қарайықшы не бар екен? (кәмпиттер). Астарыңыз дәмді болсын!(рахмет).

























Білім беру аймағы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру»

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»

Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.

Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау.

Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.

Сөздік жұмыс:__ «Саяхат»___________________________________________

Билингвалды сыңары: _Саяхат — путешествие , ертегі – сказка.__________

Заттық-дамыту орта: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» — доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар.



Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.

Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді.



I аялдамаға келдік. Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісін сахналау.

Балалар жарты шеңбер құрып отырады.



II аялдама. «Сергіту сәті» — балалар «Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.



III Ертегілердің үзінді аялдама сұрақтар қояды.

Мынау аялдамаға қызық суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі?

- «Лақтар мен қасқыр»

- Осы ертегіні айтып беріңдер суреттерге қарап.

- Суретте не салынған?

- Ешкі тамаққа кеткен кезде лақтарға не айтып кетті?

- Ал мынау суретте не көріп тұрсыңдар?

- Қасқыр не істеп тұр?

- Ол не үшін аңдып тұр?

- Ал мынау суретте не көріп отырсыңдар?

- Лақтар не істеп тұр?

- Ең соңғы суретте не көріп отырсыңдар?

- Ешкі лақтарымен не істеп тұр?

Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады.



IV аялдама. «Орман». Сол орманда Аю жылап тұр.

Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсын, саған не болды?

- Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай

сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? – деп балалардан сұрайды.

Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі.

Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді.



V аялдама. «Шұбар тауық».

Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемотаблицаны көрсетеді.

- Балалар, сендер мынау мнемотаблица бойынша ертегіні айтып бере

алысыңдар ма?

Бір-екі бала мнемотаблица бойынша ертегіні айтып береді.

«Шұбар тауық» рақмет айтады.

- Сендер менің балапандарыма тары жасай аласыңдар ма? – деп

сұрайды.

Балалар: Ия, біз оны жасай аламыз – дейді. Қыздар суретті салуға кетеді, саусақ арқылы балапандарға тары салады.

Тәрбиеші: Аю, саған біздің ұл балаларымыз үйшік соғуға көмектеседі.

Аю мен ұл балалар конструктордан үйшік соғады.

Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына кетеді.



VI Сюрпри

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!