Материалдар / Су асты әлемі. (балықтардың құрылысы)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Су асты әлемі. (балықтардың құрылысы)

Материал туралы қысқаша түсінік
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Маусым 2018
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айналамен таныстыру.


Сабақтың тақырыбы: Су асты әлемі.(балықтардың құрылысы)

Сабақтың мақсаты:

  • Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Балықтар жайлы мағлұмат беру.

  • Балықтар,сегізаяқ,тасбақа бейнесін қиып,су асты әлемін құрастыруда ұқыпты жұмыс істеу іскерліктерін дамыту.Жұмысты бірлесіп істеуге,бір-біріне көмектесуге,ұқыптылыққа баулу.

  • Су асты әлемінің тіршілік  иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын,құрастыру.

Көрнекі-құралдар: тақырып бойынша суреттер, тақтаға ілетін құралдар, құрастыруға қажетті құралдар, т.б.


I апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды түгендеу, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Жылулық шеңберінде тұрып жылы лебіз, тілек сөздерін айту.

Жарқырап күн де ашылды

Айнала нұр шашылды

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

-Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз.

III. Жаңа сабақ.

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдап жұмбақты шешіңдер.

Бет көретін айнам,тауып алдым сайдан.

(ағын су)

Жазда сылдыр қағады,қыста тыным табады.                                          

(Өзен)

Еркелеп жатамын,қаңтарда қатамын

(көл)

Күміспен апталған,теңгемен қапталған

(Сазан)

Суда өседі,өнеді,сыртқа шықса өледі

(Балық)

Тақтамен жұмыс: Балықтардың суреттерін жапсыру.


IY.Сергіту сәті:  Балық болып жүземіз,

Шынығамыз суда біз!

Шынықсақ біз бәріміз,

Шымыр болып өсеміз!

II апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Балықтар - судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.Жүзу  жағынан олар өзге жануарлар

дан асып түседі.Балықтар өкпе арқылы емес,желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтар суда араласқан оттегі түседі.Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе,ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді.

Балықтар-ең көп тараған омыртқалы жануарлар. 

Альбоммен жұмыс: Балық бейнеленген суреттерді түрлі-түсті бояумен бояу.


IY.Сергіту сәті.

III апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

Психологиялық дайындық.

Табиғат! Тіршіліксің тұнып тұрған.

Сен – күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Балалар, қазір біз «Су асты әлемінің» бейнесін құрастырып үйренеміз. Жұмыс жасамас бұрын алдымен «Су асты әлемінің» жасалу жолдарын мына көріп алайық.

Қағазды екі бүктеу,бүктелген жағы арқасы болады.Көлбеу сызық сызу,сызық бойымен қайшымен қию.Желбезегі мен құйрығын жасау үшін кертпелер қию.

«Тез жина!» ойыны. Қырқылған балықтардың бөліктерін құрастырып жинау.

IY.Сергіту сәті.

IY апта

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).

«Суреттерді ретіне қарай топтастыр»

Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген.Осы суреттерді ретіне қарай топтастыру қажет.Ол үшін теңіздің суреті бейнеленген суретке суда тіршілік ететін жануарлар суретін,ал жердің суреті бейнеленген суретке жерде тіршілік ететін жануарлар суретін топтастыру.

« Кім жылдам» ойыны. 

Балықтардың суреттерін құрастырып тақтаға жапсыру.

IY.Сергіту сәті:

V. Бекіту.

Саусақ жаттығуы: Саусақтар шынжыр болады

Үзілмейді тартсаңда

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келеді

Достық үшін пілге мен

Гүл сыйлағым келеді.

VI. Қорытынды.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.

VII. Бағалау.

Балаларды жеке-жеке мадақтау.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!