Квест - ойын түріндегі
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: «Су асты әлемінің
құпияларын іздеу»
Тақырыбы: «Су асты әлемінің құпияларын
іздеу».
Мақсаты:
Білімділік:
Дамытушылық:
-
Танымдық және шығармашылық
дағдыларын өз бетімен шешуге деген қызығушылықты
дамыту;
-
Қисынды ойлауды,
байқампаздықты дамыту.
Тәрбиелік:
-
Топта жұмыс жасау
біліктіліктерін, бір біріне көмектесу, балалардың арасында жағымды
қарым-қатынасты тәрбиелеуге
көмектесу;
-
Қырағылыққа, ептілікке,
жылдамдыққа, бірлікке, шыдамдылыққа
тәрбиелеу.
Әдістер мен
тәсілдер: көрнекілік
(сызба-карта,балықтардың суреті), сөздік( түсіндіру), практикалық
(тәжірибе), ойын (ойын
тапсырмалар).
Құралдар: интербелсенді тақта, бүктелген
ақ парақ,қылқалам бояулары,жіптер,«Балық аулау»
ойыны.
ҰІӘ жүру
барысы
Кіріспе
бөлім.
-
Балалар, бүгін мен сендерді
сиқырлы саяхатқа шақырғым келеді. Саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Тұрып, қолдарымыздан ұстап, көзімізді
жұмайық.
1,2,3 көзімізді
ашамыз.
Сыңғырлаған судың дыбысы
естіледі.
Тәрбиеші балалардың назарын
сегізаяққа аударады.
Сегіз
аяқ сөйлей
бастайды.
-Саламатсыңдар ма? Балалар,
мұнда келген екенсіңдер, су асты әлемін жақсы танығыларың келсе, ең
бастысы 5 кілтті тауып алуларың керек. Бірінші кілтті алтыншы
тастың астынан табасындар».
Тәрбиеші: Олай болса балалар, сегізаяқ
айтқан бес кілтті табу үшін бізге жол картасы
керек.
-
Балалар, бізге карта не үшін
қажет?
-
Ия, ол біздің саяхатымызға
көмектеседі. Кане, картаны қарайық.
(Балалар тәрбиешімен бірге
картаны қарайды. Жолды анықтайды).
Негізгі
бөлім.
Судың сыңғыры естіліп
музыка ойнап тұрады.
Жол картасы арқылы бірінші
бекетке тоқтаймыз.
«Шортан»
бекеті.
Шортан балық: Саламатсыңдар ма, балалар. Мен
шортан балық боламын. Мен суда өмір сүремін. Суды сүйемін. Сендерге
екінші кілт өте қажет екенін білемін. . Алайда менің сендерге
шығармашылық тапсырмам бар. Соны дұрыс орындасаңдар, сол орындаған
тапсырмаларың арқылы екінші кілттің қайда жатқанын білетін
боласыңдар.
Тәрбиеші: Балалар ендеше топтарға мына
балықтарды аулау арқылы бөліне қояйық. Осы аулаған балықтарыңның
артында сан болады. Сол сандарды айта отырып, топтарға
бөлінеміз.
Шығармашылық жұмыс.
«Балдырлар» бейнесі.
Шарты: ақ парақты ашып, жіпті түрлі
түсті акварельге салып, ашылған ақ парақ ортасына боялған жіпті
қойып, ақ парақты екіге бүктеу. Жіптің артылған бөлігін ақ қағазды
алақанмен сыртынан баса отырып, жіпті тартып алу. Ақ парақты ашу,
ішінен балдыр тәрізді кескіндерді тамашалау. Демек балдыр судың
түбінде өседі. Ол өте қалың әрі әдемі болады. Міне балдырлар
арасынан екінші кілтті де таптық.
Екінші кілт табылды. Картаға
қараймыз. Жолымызды жалғастырайық.
Су асты әлемі патшалығының
дауысын естиді.
Су асты
әлемі:
-Саламатсыңдар ма, балалар.Мен
су асты әлемінің патшасы Менің суым лайланып жатыр, тазалап беруге
қалай қарайсыңдар?
Тәрбиеші: Әрине біздің балалар көмек
береді. Еш уайымдамаңыз. Демек су лай болса біз үшінші кілтті таба
алмаймыз ғо. Ендеше зертхана бекетіне
барайық
«Зертхана»
бекеті.
- Қараңдаршы, маржандар тастар
(коралл) көп екен.Балалар, білесіндер ме маржандар тек таза суда
өседі. Су таза болса балықтар да су асты әлемінің тіршілігі де,
маржандар өліп қалмау үшін суды тазалау
керек.
Тәжірибе «Суды
тазалау»
(Балалар тәрбиешінің
нұсқаулығы бойынша мақта дискіден қос сүзгішті жасайды, содан соң
одан лас суды сүзеді. Бақылайды, су
тазарды).
Сергіту
сәті.
«Сазан балық»
бекеті.
Тәрбиеші:
-Балалар
бұл сазан
балық.
-Балалар бізге сазан балық
ойын дайындап қойыпты.
Дидактикалық ойын «Артығын
тап»
Шарты: Берілген тақтадағы
балықтардың арасындағы артық затты алып
тастау.
Балалар кілтті тауып алады.
Картаға қарайды.
«Шаяндар»
бекеті.
Тәрбиеші:
-Балалар, сендерге шаяндар
бекеті де сендердің білімдеріңді білгісі келіп тұр
екен.
Ойын «Түрлі үсті
шаяндар».
-
Қараңдаршы біздің қасымызда
түрлі түсті шаяндар. Санап қарайық. (10
шаян).
-
Оң жақтағы шаян нешеу?
(5)
-
Сол жақта нешеу?
(2)
-
Төмендк нешеу
(2)
-
Жоғарыда нешеу?
(1)
-
Жасыл шаян қай жаққа бара
жатыр?
-
Кішкентай көк шаян қай жаққа
бара жатыр?
-
Жарайсындар! Тапсырма
орындалды.
Бесінші кілт
табылды.
-
Балалар, карта бойынша біздің
саяхатымыз қай жерде аяқталады? (теңіз
үңгірінде).
-
Міне теңіз үңгірі. Ал онда не
бар екен? (сандық)
-
Кілттерімізбен сандықты
ашайық. Кілттердің қайсысы сандықты ашуға сәйкес келеді екен
көрейікші. Сәйкес кілтпен сандықты ашу. Ал онда жұмыртқа жатыр. Осы
жұмырқаны жырту арқылы кімге қандай балық бұйырғанын көру.Сол алған
балықтары туралы сипаттама беру. Саяхатымыз аяқталды. Теңіз
мекендеушілеріне рахмет айтайық. Шеңбер бойымен тұрып, қолдарымызды
ұстап, көздерімізді жұмайық. 1,2,3 біз
топтамыз.
Қорытынды.