Күні:18.02.2021
Білім беру
саласы:Таным
Ұйымдасырылған оқу
қызметі:Жаратылыстану
Тақырыбы:Су асты әлеміне
саяхат
Мақсаты:Жанды табиғат бұрышын
мекендеушілер туралы түсініктерін кеңейту.Қарапайым дербес тәжірибе
іс- әрекетін ұйымдастыру арқылы балалардың түсінітерін
дамыту.Табиғатқа,тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Көрнекілік
құралдар:Су асты
көрінісі,балықтар,жәндіктер.
Әдісі:Түсіндіру,таныстыру,сұрақ
-жауап,ойын.сергіту жаттығулар.
Ашық оқу кызметінің
барысы
Тәрбиеші:Балалар бізге келген қонақтар
бар екен.Ендеше амандасып алайық.
Сәлеметсіздерме!
Тәрбиеші:Балалар су асты әлемі жөнінде
білгілерін келеді ме?Су асты әлеміне саяхатқа барамыз
ба?
Балалардың
жауабы.
Тәрбиеші:Олай болса.саяхатқа кетпес
бұрын шаттық шеңберіне тұра қояйық.
Шаттық
шеңбер:
Достар біге
жүреміз
Бірге ойнап
күлеміз
Бірге балық
аулаймыз
Міне,біздер
қандаймыз
Өзен,көлге,теңізге
Саяхатқа
шығамыз
Әрқашанда
біргеміз
Ажырамас
іргеміз.
Тәрбиеші:Енді көзімізді жұмып, тыныштық
сәтіне енеміз.
1-2-3
қатамыз
Су асты әлемін
аралап,
Ғажайыпқа
батамыз,
Енді көзімізді
ашамыз.
Тәрбиеші:Міне,балалар су асты әлеміне
келдік.Айнала қандай әдемі,түрлі түсті балықтар.Сендерге ұнады
ма?
Балалар:иә
Су асты әлемі өте үлкен
болғандықтан,онда балық түрлері өте көп.Балықтар балдырлармен,су
асты шөптермен,теңіздегі ұсақ жәндіктермен
қоректенеді.
Сонымен бірге су асты әлеміде
жыртқыш балықтарда бар.Олар ұсақ балықтармен
қоректенеді.
Дельфин -әрқашан көңілді
жүреді,топтасып өмір сүреді.
Тасбақа- сауытына қарап бірден
қарап тануға болады.Олар өсімдіктермен
қоректенеді.
Сегізаяқ- денесі алмұртқа
ұқсайды.Үнемі түсін өзгертіп отырады.Ол
жыртқыш.
Акула -тенізде,мұхитта
кездеседі.Акула жыртқыш балық.Оның иіс сезу қабілеті жақсы
дамыған.
Ғажайып
сәт:Ішке теңіз қарақшысы кіріп
келеді.
Теңіз қарақшысы:Су асты
әлемінде жүрген кімдер?Менің қазынама ортақтасайын
дедіңдерме?
Тәрбиеші:Сәлеметсіңбе,теңіз қарақшсы
біз су асты әлеміне саяхатқа келдік.Су асты әлемінің тіршілігімен
танысайын дедік.
Теңіз
қарақшысы:Олай болса балалар маған
сендердің көмектерің керек.Мен сандық толы қазына таптым,бірақ оның
кілтін таба алар емеспін,кілті табу үшін тапсырма орындау керек
екен.
Тәрбиеші:біздің балалар оте
ақылды,саған қуана қуана көмектеседі.
Теңіз
қарақшысы:Асты тас ,үсті
тас,
Ортасында жанды бас жұмбақ
жасырады
Балалар:тасбақа
Теңіз
қарақшысы:дұрыс екен балалар,тасбақанын
жанында болар менің кілтім.Жоқ балалар тасбақа жанында тағы
тапсырма бар екен.
Жерде жүрер жөні
жоқ,
Судан басқа жолы жоқ бұл
жұмбақтың жауабын кім шешер екен.
Балалар
:кеме
Теңіз
қарақшысы:жарайсыңдар,қандай ақылды
балалар.
Тәрбиеші:теңіз қарақшысы жауабы кеме
екен ендеше сенің кілтін кеменің жанында
шығар.
Теңіз
қарақшысы:Кеменің жанында тағы бір
тапсырма бар екен.
Ол тапсырмада:балықтар туралы
тақпақ оқып бер дедінген,мен болсам тақпақ
білмеймін.
Тәрбиеші:уайымдама,біздің балалар
біледі тақпақтар.
Әділ:Айқайлама,ұрыспа
Тіпті ақырын
тыныста
Сазан өте сақ
балық
Жоламайды
дыбысқа
Дарын:Су астында
балықтар
Сазан,шортан,бекіре
Неше түрлі балық
бар
Шошытасың
секірме
Теңіз
қарақшысы:жарайсыңдар балалар сендердің
көмектеріңмен кілтімді таптым.Өте
қуаныштымын.
Тәрбиеші:теңіз қарақшысы сен асықпа
сағанда жұмбақ жасырып көрейік.
Теңіз
қарақшысы:жарайды
Дария:Дәмі де жоқ,түсі
жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ.
Су
Әмина:Суда
өседі,өнеді
Сыртқа шықса өледі.
Балық
Теңіз
қарақшысы:мен таба алмадым
жұмбақтарды.
Тәрбиеші:теңіз қарақшысы көңіл күйің
түспесін,оданда балалармен бірге бір сергіп
ал.
Сергіту
сәті: « Моряк»
биі
Теңіз қарақшысы қоштасып
жөніне кетеді,ал балалар балабақшаға
оралып
су асты әлемінен алған
әсерлерімен бөлісіп,балықтарды әртүрлі түске
бояйды.
Д/ойын:
«Ұшады,жүреді,жүзеді»
Әр суретті өз мекеніне қарай
орналастырады.
Қорытындылау:
Тәрбиеші:Балалар,айтындаршы саяхатқа
қайда бардық?Онда нелерді көрдік?
Біз кімге көмектестік?Ендеше
бүгінгі су асты әлеміне саяхат сендерге ұнады ма?Жарайсыңдар
балалар.
Тәрбиеші:Ендеше
қонақтарымызбен қоштасамыз.
№ 29
«Нұрсая»бөбекжайы

Ұйымдастырылған ашық оқу
қызметі
Тақырыбы:Су асты
әлемі
Тәрбиеші:Ахметова.Г.Ж.
Атырау-2021ж