жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Су басу кезіндегі конструкциялардағы бұзылыстары
Су басу кезіндегі конструкциялардағы бұзылыстары
Су басу – 1) жер бетіндегі ағын сулардың немесе жер асты сулары деңгейінің көтерілуі; 2) өзен маңындағы жер аумағын су тасу немесе тасқын кезінде (табиғи cу басу), не өзен арнасы мен аңғарына жасанды түрде бөгет салу кезінде (жасанды су басу) судың қаптай жайылуы; 3) гидротех. ғимараттар салудан және жер беті суын тежеуден, сондай-ақ а. ш. жерлерін дұрыс суармаудан ыза деңгейінің көтерілуі. Негізінен белгілі бір алаптағы қар мен мұздың күрт еруінен және жауын-шашынның көп мөлшерде түсуінен болады. Су басу – қала, елді мекен аумақтарында және бөгендер мен суармалы жерлерге жақын жатқан телімдерде пайда болатын техногендік процесс.СУ ТАСҚЫНЫ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР
Тұрғын үйлерді, өндірістік, мәдени-тұрмыстық объектілерді, темір жолдарды, автожолдарды, басқада инженерлік үймереттерді су алуын және адамдардың өлімін болдырмау мақсатында, жергілікті атқару органдары, кәсіпорындардың, ұйымдардың мекемелердің басшылары және тұрғындар су тасқынына қарсы бірқатар іс-шараларды өткізуге міндетті:
- Облыстың аудандарда, қалаларда және қызметтерде ТЖ жөнінде штабтар және комиссиялар құру керек;
-
Су тасқыны маусымындағы төтенше
жағдайларды жою жоспарларын түзету;
-
Тұрғындарды көшіру үшін уақытша
резервтегі тұрғын үйді көрсетіп, су
алуы мүмкін аймақтан тұрғындарды, малды
және материалдық құндылықтарды
эвакуациялау жоспарларын түзету;
-
Қар көп жиналған жерлерді тазалау, су
өтетін арналарды және каналдарды
тазарту, мехнаизмдерді және су өткізетін
құрылғыларды жөндеу;
- Су алуы мүмкін
аймақтардан және телімдерден еріген
сулардың кедергісіз өтуін ұйымдастыру;
- Су алуы мүмкін аумақтарды алдын ала себу керек;
- Су тасқыны маусымында негізгі қамтамасыз ету базасымен қатынассыз қалатын елдімекендерде, шопандардың тұрғын жерлерінде азық-түлік, отынның қажетті қорын құру.
Су тасқынының ауыр салдарын жеңілдетуге болады, егер келесі қауіпсіздік ережесін ұстанса:
- Көктемде қарқынды қар ери бастаған кезде, қолайсыз ауа райында, сел жүре бастаған кезде төмен өзен жалағалауына тоқтауға болмайды;
- Апатты су тасыған кезде тез төмен жерлерден кету керек, тым болмаса бедердің жоғарғы жағына қарай жету керек;
- Су қоймасы бөгетінің және өзендердің жанында орналасқан саяжайға барудан бас тарту керек;
- Өзендердің үстінен өтетін терең және кең жырадан, каналдардан, орлардан және басқада конструкциялардан өтуге болмайды;
-
Құрлықтан алшақ болмау үшін өзендердегі
түбектерге баруға болмайды;
- Жазатайым
оқиға болмау үшін белгісіз жерлерден,
өзендердің, арықтардың, басқада суаттағы
мұздың үстімен өтуге болмайды;
- Балалардың өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең жыралардың жанында ойнауға тыйым салыңыз;
- Балықшылар осы кезеңде су толық түскенге дейін балық аулаудан бас тарту керек.
Егер Сіз өзеннің алай-дүлей көтерілген толқынында қаза болғыңыз келмесе, көктемнің су тасқыны нәтижесінде құнды заттарыңыздан айырылғыңыз келмесе, қазір қажетті шараларды қолданыңыз.
Егер сіз су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алсаңыз не істеу керек
Егер сіздің аудан су тасқыны мен су басудан жиі зардап шегетін болса, онда су басу аймағының шекараларын, сондай-ақ биік жерлерді, өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан, сирек су басатын жерлерді, сондай-ақ сол жерлерге баратын төте қысқа жолды біліп және есте ұстаңыз,
Қайықтың, су салдарының және жүзу құралдарының дайындауға қолда бар материалдардың сақтау орындарын есте сақтаңыз. Эвакуация болған жағдайда бірінші кезекте өзіңізбен бірге алатын құжаттардың, мүлік пен дәрілердің тізімін алдын-ала жасаңыз.
Құндылықтарды, қажетті жылы киімдерді, артық тамақтарды, суды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді арнайы шамаданға немес рюкзак қапшыққа салып қойыңыз. Қайық пен басқа да жүзу құралдарын дайындаңыз. Оларды су айдап әкетпес үшін, міндетті түрде байлап қойыңыз.
Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:
- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;
- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;
- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;
-
ауылшаруашылық инвентарларын қауіпсіз
орынға апарыңыз;
- өз үйіңізді апат
соққысына дайындаңыз;
- бірінші қабаттағы барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болғанда және уақыт көтерсе терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе үйеңкі фанерасымен шегелеп тастаңыз;
-
өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте
жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар,
медициналық қобдиша, мезгілге сай киім
мен аяқ киім, жатын жаймалары мен
дәретханаға қажеті заттарды сонымен
қатар үш күндік тамақ (киімдер мен
тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған
жөн) алыңыз;
- қауіпсіз ауданға
көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық
жинақтау пунктіне барыңыз.
Кенеттен су басса:
- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;
-
тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік
жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен
қатар қолда бар жүзу құралдарының
көмегімен көшуге тырысыңыз;
- егер
бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы
қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;
- су көтерілген жағдайда шатырға ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;
- балалар, ауру, әлсіз, жаураған адамдарды өзіңізге немесе шатырдың берік бөлігіне мысалы пеш құбырына байлаңыз;
- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;
- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;
-
құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы
қабатта және биік жерлерде қалыңыз;
-
өз бетіңізбен көшіруді тек зардап
шегушіге тез арада медициналық көмек
көрсету қажет болғанда, тамақтың
жоқтығынан, құтқарушылардың келуіне
сенімсіздік туғанда немесе жай - күй
нашарлағанда жүзеге асыруға болады;
-
өз бетінше көшіруде жеке қайықтар мен
катерлерді, бөренелер мен басқа да қолда
бар құралдарды пайдаланыңыз.
Су қайтқаннан кейін:
-
үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына
көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап
шығу;
- ішкі бөлмелерді жарықтандыру
үшін шырпыны немесе шамдарды қолданудан
сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі
жарық түсіргіштер қолдануға болады);
-
үзілген немесе жалғанбаған электрлі
сымдардан сақтану;
- есте ұстаңыз,
мамандардың электр торабын тексергенге
дейін электр құралдарын қосуға тыйым
салынады;
- қираған немесе нұқсан келген су құбырлары, газ және канализация магистральдары туралы тез арада коммуналды қызметтер мен ұйымдарға хабар беріңіз;
- суда қалып қойған азық түлікті санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің тексерісінсіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;
- су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.
Су басу ауыр стихиялы апат болып табылады.Көптеген су басулардың басты себептері нөсерлі жауындар, қардың қарқынды еруі, өзен арналарындағы желдің бағытының өзгеруінен немесе жаға толқындарының қатты соғуынан өзен суларының арнасынан шығуы болап табылады. Су басу кезінде тұрғындардың әрекеттері су басу жайында ескерту уақыты мен былтырғы жылғы көрсеткіш байқаулары ескеріле отырып жүргізіледі. Су басу масштабтарын, мысалы көктемгі, жазғы және күзгі жауын-шашындардан туындайтын су басуларды бір ай немесе одан да көп уақытта болжайды, ал желмен айдалған су басуларды – бірнеше сағат ішінде (тәулікке дейін) болжайды. Су басу қаупі болжанған уақыт аралығы ұзақ болса, онда өзен жағалауында және басқа да су басу қаупі бар жерлерде гидротехникалық үймереттер тұрғызу бойынша және су басу қауіпі бар аудандардағы тұрғындар мен ауыл шаруашылық жануарларын қауіпсіз аймақтарға көшіруге дайындалу мен көшіруді жүргізу, материалдық құндылықтарды шығару бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Су басу кезінде тұрғындарды көшіру жайында су тасқынымен күресу бойынша комиссияның арнайы бұйырымымен хабарландырады. Тұрғындар көшірудің басталуы мен тәртібі жайында жергілікті радио желілері мен жергілікті телеарналар бойынша хабарландырылады; сонымен қатар жұмысшы қызметкерлер кәсіпорынының, мекемелерінің және оқу орындарының әкімшілігі арқылы хабарландырылады; ал қызмет көрсету мен өндіріс саласында жұмыс істемейтін тұрғындар – тұрғын үйді пайдалану және үйді басқару конторлары арқылы хабарландырылады. Тұрғындарға көшіру пункттеріне жиналу орындары, осы пункттерге келу уақыттары және жаяу саппен көшіру қарастырылатын болса жүру бағыттары және жергілікті жағдайға байланысты, зіл-заланың күтілетін масштабына және оны ескерту уақытына байланысты туындайтын басқада деректер хабарландырылады. Егер апаттың болжанған уақыты жеткілікті болатын болса, онда тұрғындар өз мүліктерімен бірге көшіріледі. Осы мақсатта әр жанұяға автокөлік немесе жүк көлігі беріледі, ол көліктердің қайтарылу уақыты белгіленеді.
Су басу қаупі бар аймақтарда жатпайтын жақын маңдағы елді мекендерге көшіріледі. Көшірілген халық қоғамдық орындарда немесе жергілікті ауыл тұрғындарының үйіне орналастырылады.
Су басу қаупі кезінде кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс тәртібі өзгертіледі, кей жағдайларда тоқтатылады. Материалдық құндылықтардың кейбір бөлігін қорғау сол жерде қарастырылады, ол үшін жертөле мен төменгі қабаттарда кірістер, терезе қуыстары және шұңқыр қазылады.
Су басу қаупі бар аймақтарда мектептер мен балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылады; ол жердегі балалар қауіпсіз аймақтардағы мектептер мен балабақшаларға ауыстырылады.
Су басу аяқ астынан болған жағдайда тұрғындарды хабарландырудың барлық техникалық құралдары қолданылады. Сонымен қатар дауыс күшейткіш жылжымалы құралдары да пайдаланылады.
Су басудың кенеттен туындауы тұрғындардың ерекше түрде тәртіп сақтауымен дұрыс әрекет етуін талап етеді. Төменгі қабатта тұратын тұрғындар үйдің ішінде және сырттағы судың деңгейінің көтерілуін байқаса, онда тез арада пәтерінен шығып жоғарғы қабаттарға көтерілуі керек, егер бір қабатты жер үй болса, онда үйдің шатырына шыққан жөн. Егер жұмыс орнында болатын болса, онда белгіленген тәртіп бойынша неғұрлым жоғарғы қабаттарға орналасу керек. Кенеттен бу басу кезінде ашық алаңдарда болсаңыз, биіктеу төбелерге немесе ағашқа шығу керек, тіптен болмаса суға батпайтын, жүзетін құралдарды пайдалану керек (мысалы, ауыл шаруашылық техникаларының немесе автокөлік дөңгелектерінің камерасы, бөрене және т.б.).
Су басқан аймақтардан адамдарды іздеу тез арада ұйымдастырылады және жүргізіледі, ол үшін азаматтық қорғаныс құрылымдарының жүзу құралдарының экипажы мен басқа да барлық күштер мен құралдар жұмылдырылады.
Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында шыдымдылық пен ұстамдылық таныту керек, құтқарушылардың талаптарын қатаң тәртіпте орындау қажет. Құтқарушы құралдарына (катер, қайық, плот және т.с.с.) шамадан тыс отыруға болмайды, себебі ол жапа шегушілер мен құтқарушылардың қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Суға түскен жағдайда үстіңіздегі ауыр киімдер мен аяқ киіміңізді шешіңіз, жақын маңнан жүзетін құралдар немсесе су деңгейінен биік тұрған жерлерді қарастырыңыз және құтқарушылар келгенше оларды міндетті түрде пайдаланыңыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген