400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарына көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы : Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар. Сабақтың мақсаттары : 1) Оқушыларға судың еріткіштің қасиетін түсіндіру. Тәжірибелер арқылы суда еритін және ерімейтін заттар туралы мәлімет беру; 2) Оқушылардың байқағыштығын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту. Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу; 3) Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау, түсініп оқу, сауатты жазу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сабақтың түрі : Аралас сабақ. Сабақтың типі : Дәстүрден тыс тәжірибелі сабақ. Сабақтың көрнекілігі : глобус, тәжірибеге керек заттар, суреттер , слайд. Сабақ әдісі : Сұрақ – жауап, әңгімелеу, тәжірибе жасау, баяндау.

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру. Қайырлы таң досым Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын ! Бастаймыз-------Баяндаймыз-------Пысықтаймыз------Толықтырамыз-----Анықтаймыз Слайд. «Адамға бес қажеттілік» 1-топ «Су», 2-топ «От», 3-топ «жарық»

Үйге тапсырманы тексеру. – Балалар үйге не тапсырма берілген еді ? - Су. Судың қасиеті туралы шағын эссе жазу. – Есімізге түсірейік қай оқушы жазғандарын оқиды. 3-4 оқушыға оқыту – Бағалаймын. Қалған оқушылар жазғанын жинап қояды.

Миға шабуыл Қосымша сұрақтар қою.

Слайдтан – Су туралы не білеміз?

Shape1

Су

пішінсіз

Shape2 Shape3 бу сұйық

Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 еріткіш мөлдір

жабысқақ қатты





Мына жұмбақтарға жауап беріңдер. 1. Жылт – жылт етеді, Жылғалардан өтеді. ( су, сұйық түрі) 2. Өзі судан жаралған Бірақ жылыдан қорқады. (мұз. қатты күйі) 3. Көзге көрінгенмен, Қолға ілінбейді. ( бу. газ күйі ) Бұл балалар судың үш күйі екен.

Тәжірибе. – Балалар тағы бір қасиетін қайталайық. – Суда ауа бар. ( Стақандағы мұздай суды төгемін. Сонда стақан қабырғаларында ұсақ көпіршектер пайда болды. Бұл су ішінде ауа бар екендігін білдірді. Су ішіндегі ауадан әсіресе балықтар мен өсімдіктер тыныс алады екен.) - Судың тағыда мөлдір екенін білдік. Мысалы екі стақан біреуінде сүт ішінде қасық , екінші стақанда су ондада қасық болады қайсы стақандағы қасық көрінді. –Әрине судағы қасық көрінеді – Бұл судың мөлдірлігін дәлелдейді. – Әрі қарай осы су туралы білгілерің келе ме? - Бүгін өте қызық әр түрлі тәжірибелерді өз қолымызбен ұстап, көзімізді жеткізуге мүмкіндік бар. Глобус - Сендер жаңа судың қасиеттерін айтып жатырсыңдар. Ал , енді мына глобусқа қарасаңдар, біздің планетамыздың көп жерін су алып жатыр.Ғалымдардың есептеуінше , жер бетіндегі тіршілік ең алғашында суда пайда болған. Жер үстінің 71 %-ы сумен көмкерілген. Бұл- мұхиттар, теңіздер, көл және өзендер. Адамның денесінде де су көп. Мысалы 70 кг адам денесінің 50 кг –мы су болады екен. Соның 17 кг кемісе адам өледі екен. Біздің планетамызда су көп, бірақ оның бәрі ішуге жарамды емес. Адамға ауа қандай қажет болса су да сондай қажет екен.

Слайд

Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер бар. Соның ішіндегі ірілері Ертіс, Тобыл, Есіл, Шу, Іле, Сырдария, Жайық өзендері. Тәжірибе : - Бізге су мөлдір ішінде ештеңе көзге көрінбейді. Қазір таза суды әйнек бетіне тамызып, оның астынан май шаммен қыздырамыз. Су буға айналып, ұшып кетеді. Ал әйнектің бетінде ақшыл дақ қалады. – Бұл не дақ екен? - Бұл суда басқа еріген біздің көзімізге көрінбейтін заттар бар дегенді дәлелдейді. Таза мөлдір судың өзінде ерілген заттар бар. Ал ащы көл, өзенде, теңізде мұндай заттар көп болады. Табиғатта ешбір қосылысы жоқ таза су кездеспейді.Жер бетіндегі су мөлшері 97 % -теңіз суы. Ал 3 % -ғана тұщы су. Біздің елімізде тұщы су жеткілікті. Бізге өзіміздің Ақтауда атом электр станциясы бар, ол теңіз суын тұщытады. Онда Каспий теңізінің суын халыққа тұщытып жеткізіп отырады.Олай болса бугин біз суда еритін жане ерімейтін заттармен танысамыз.

Жаңа сабақ Суда еритін және ерімейтін заттар. Бідің мақсатымыз судаы еріткіш тұрғысында қарау. Судың еріткіш қасиеттерін анықтай түсеміз. Слайд.

1.Тәжірибе: -Бәріміз бірге суға қант салып, араластырайық қант еріп кетті, су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді екен. Оны білдік. 2. Тәжірибе: Суға бір қасық тұз салып араластырамыз. Тұз суда еріп кетті. Су бірақ мөлдір күйінде қалды. Бірақ судың дәмі ащы болды. Тұз да суда жақсы ериді екен. 3. Тәжірибе : Суға құм араластырамыз. Құм қиыршықтары сол қалпында су түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді. 4. Тәжірибе : Суға саз салып қараймыз, суды араластырамыз. Су лайланды. Бірақ саз еріп жоғалған жоқ, су түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді. марганец пен ас содасынсуға араластырып көрсетемін.

Слайд

Сергіту. «Ақ бұлақ» әніне жаттығу жасау.

Оқулықпен жұмыс. 1. Тізбектей оқыту. 2. Іштей оқыту Дәптермен жұмыс. Слайд

Еритін Ерімейтін қант құм тұз саз ас содасы бор марганец тас Слайд

*Адамдар судың жалпы әлемдік қорының 0.4 % ғана пайдаланады. * Бүгінде өмірлік қажеттілік үшін әлемнің 40-қа жуық елдерінде, 2 миллиардтан астам адам су жетіспеушілігін сезінуде. * 2 миллион тонна қалдықтар күн сайын су қоймаларына тасталынады.

«Елу жылдан кейін су мұнайдан да қымбат болады.Сол кезде адамдар суға үлкен назар аудармағанын сезініп, бармақтарын тістейді. Бірақ бәрін қалпына келтіруге кеш болады»

Вадим Соколов Постер От, Су, Күн, пайдасын, зиянын жазып постер қорғап щығу

Қорыту. « Не үйрендік, не білдік Оқушылар: -Суды қорғау 1)Суды үнемдеу 2) қоқыс тастамау 3) судың жағасын ластамау 4) суды бекер төкпеу 5) зиянды заттардан қорғау 6) Тек қана таза су ішу 7) суда еритін және ерімейтін заттарды білдік.

Су туралы білетін мақал – мәтелдерімізді айтайық. 1. Суды улама, суға түкірме. 5. Судың да сұрауы бар. 2. Су анасы – бұлақ. 6. Су – атасы, жер – анасы. 3. Су жүрген жер береке. 7. Сулы жер – нулы жер. 4. Су – тіршілік көзі. 8. Көлдің көркі – құрақ, Таудың көркі – бұлақ. Ой толғаныс« Мен сумын» эссе

Мен сумын. Мен барлығыңа керекпін. Ей, адамзат баласы, мені ластамаңдар ! Маған үнемі қамқор бола біліңдер. Болашақты ойлаңдар. Мені үнемдеп қана жұмсаңдар. Қосымша тапсырма

Үстіне жүк артқан екі түйе келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды. Сендер не ойлайсыңдар ? Тұз артқан түйе судан жеңіл өтті ме, әлде мақта артқан түйе судан жеңіл өтті ме қалай ойлайсыңдар? -Балалар бірі мақта артқан түйе деуі мүмкін. Ал келесі бірі тұз артқан түйе деуі мүмкін. Сондықтан мен бұл тәжірибені балалардың өздеріне жасап келуін тапсырамын.қандай қорытынды жасауға болады. Бағалау. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырған оқушылар бар. 4 – 5 деген бағалар қою. Үйге тапсырма. 44 – бетті оқу, мазмұнын айту. Үйде манағы түйе үстіндегі не ауыр екенін білу , соған тәжірибе жасап білу. Тұз ба әлде мақта ма?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
5278
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі