400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Су және оның қасиеттері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі: Экология негізі

Тақырыбы: «Су және оның қасиеттері»
Мақсаты: Балаларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.
Балалардың ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:қасық,сүт,су,таяқщалар, суреттер, кесте, су құйылған ыдыстар.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу. Көрсету

Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Күндей жарқырап

Айдай арайлап.

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Тәрбиеші: Табиғат дегеніміз не?

Балалар: Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта.

Тәрбиеші: Табиғат қандай болады?

Балалар: Тірі табиғат және өлі табиғат.

Тәрбиеші: Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?

Балалар: Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер; ал, өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.

 Балалар, енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік.

Жалт – жұлт еткен,

Жылғадан өткен

Бұл не?  ( Су )













Аспаннан домалап,

  Көп моншақ төгілді.

  Бұл не?

              ( Жаңбыр )

Тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

1. Судың түсін ажырату және судың түсі қандай болатынын тәжірибе арқылы көреміз.

1 стақан суға шай қасықты салу. Қасығымыз көріне ме?

Балалар: Көрінеді.

1 стақан сүтке шай қасықты саламыз. Сүттің ішіндегі қасық көрінді ме?Балалар: Жоқ көрінбейді.

Балаларға суы бар стақан және бояу жағылған таяқшалар. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды балалар бояйды.

Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге болама екен?

Балалар: Болады.

Тәрбиеші: Су қандай ыдысқа құйылса, сол ыдыстың пішініндей пішінге айналады.

- Су қандай зат екен?

Балалар: Су – сұйық зат екен.

Сергіту сәті:

 Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Ағаштарға су құйып,

Өсіреміз саябақ.

Балалар: Оқу іс - әрекетін қорытындылап, өз ойларын айтып, тәжірибелердің қызықты болғандарын, не көргендерін айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Судың сұйық зат екенін біледі.

Түсінеді: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.

Қолданады: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі