Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су және оның қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға су және оның қасиеттерін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Су және оның қасиеттері»

Мақсаты:

1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Тірі табиғатқа су мен ауаның өте қажет екендігін айтып түсіндіру.

2. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға, су, ауа туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айтып, суды, ауаны ластамауға, табиғаттың берген сыйын үнемдеп, аялап қолдануға, қамқорлық сезімдерін ояту.

3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: су, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер, түтікше, стақан, қар, мұз.

Кіріктірілген оқу қызметтері: Шығармашылық, Таным, Коммуникация, Әлеумет, Денсаулық және Біртұтас тәрбие.

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,
Күн нұры бізді жарқырат.
Таза ауа дем берші,
Мөлдір су бізді салқындат.

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу қызметінің  тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не? (Су)

Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы «Су және оның қасиеттері»

Судың дыбысын тыңдау. (музыкамен)

- Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

-Дұрыс, судың дыбысы.

-Балалар, жер бетіндегі адамзат және тіршілік көзі сусыз өмір сүре алмайды екен. Судың түсі, дәмі болмайды. Ол мөлдір болады. Суды біз ішеміз, омен жуынамыз, бау бақшаны суарамыз.Үйді тазалаймыз, тамаққа қолданамыз. Тіпті өсімдіктер мен балықтарда сусыз өмір сүре алмайды екен. Су – тіршілік көзі екен. Табиғатта су қар, жаңбыр, мұз түрінде кездеседі.

- Қалай ойлайсыңдар, мұз, қарды жылы жерге әкелсек не болады?

- Әрине ериді, бүгінгі оқу қызметімізде сендермен тәжірбелер жасаймыз. Ендеше соны дәлелдеу үшін

1-тәжірбеміз: ыдыстағы қар мен мұзды оқу іс-әрекетінің соныңна дейін үстелдің үстіне қоямыз.

Тәжірбелер.

І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? 

Судың иісі жоқ

(Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады).



ІІ.Судың пішіні бар ма?

«Суда пішіні жоқ»

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

ІІІ. Судың дәмі бар ма? 

«Суда дәм жоқ»

Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

ІҮ. Судың түсі бар ма? 

«Су — мөлдір»

Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағысуға гуашь бояуларын қосайық. Сонымен қатар суды мен сүттісалыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінедіме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінедіме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс.

Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. 

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, олмұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

 Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен?(балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

Сергіту

Музыкалық сергіту

Су туралы қандай өлең шумақтарын білесіндер?

Асылым:

Су деген – өмір көзі,

Тіршіліктің нәрі бұл

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Аяжан:

Болмас еді шөп-шалаң,

Болмас еді тірі жан

Сол себепті балалар,

Суды қылма ысырап.


Ойын:

1 топ «Оюдың жартысын тап»

(белгіленген оюдың жартысын тауып, жапсыру)

2 топ «Асық» ойыны

(асықтарды түстері бойынша орналастыру)

Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:

Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

Судың қандай қасиеттері бар?

Қандай тәжірибе жасадық?

Сусыз өмір сүруге бола ма?

Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

Қандай ойын ойнадық?

Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу қызметіне  белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымыздыды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі