400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су. Ол қандай екен?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Жаратылыстану

Күні:13.12.2018ж

Сынып: 2А

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Мұғалімі:Есмурзаева Г

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Су. Ол қандай екен? 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

2.3.3.3 -судың табиғи көздерін анықтау;

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы : судың дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштық қасиеттерін анықтайды.

Көбі: су туралы түсінік алады және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы біледі.

Кейбірі: дәмсіз, иіссіз,түссіз, аққыштығы формасының болмауын эксперимент арқылы көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Қасиеттер, дәм, иіс, пішін, аққыштық, мөлдір, сұйықтық.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Неліктен судың дәмі мен иісі болмайды?

-Неліктен судың тұрақты пішіні жоқ?

-Шүмектен аққан су қандай қасиетке мысал болады?

-Неліктен суды үнемдеу керек?

Бағалау критерийлері

Судың физикалық қасиеттерін анықтайды

Судың табиғи көздерін анықтайды

Эксперимент жүргізеді және оның нәтижелерін кестеге түсіреді.

Құндылықтарды дарыту

Судың маңыздылығы жайлы айта келе суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика«Шамалар» , дүниетану«Менің ауылым» ,қазақ тілі«Сөйлемдегі сөздердің байланысы»тақырыптарымен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz, ustaz.kz



Бастапқы білім

Заттар және олардың қасиеттері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы



2 минут





5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Өткен сабақты пысықтау.

« Күннің көзін ашайық »әдісі

-Ауаның қандай қасиеттері бар?

-Ауасыз адам тіршілік ете ала ма?

-Заттарды ауамен толтыра аламыз ба?

-Ауа қалай ластанады?

-Ауаны қалай тазартуға болады?

-Ауа жылуды қалай сақтайды?

-Суықтан сақтану үшін қандай киім киеміз?

Смаликтер арқылы ынталандыру.












АКТ









смаликтер

Сабақтың ортасы

3 минут













1 мин











4 мин































































































3 мин



9 мин

































































2 мин





















4 мин



































Сабақтың соңы

5 минут


Қызығушылықты ояту.

-Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

-Су.

Ой қозғау.

Жұмбақтар жасыру.

1.Ауыл сыртында сайда ,

Жатыр үлкен айна. (Көл)

2.Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты.

Керемет-ау кернеуі,

Тасты тесіп жарыпты. (Өзен)

3. Бұйра жасап сан қилы,

Сұйық жазық шалқиды (Теңіз)

Оқушыларды 3 топқа біріктіру.

1-топ.Бұлақ.2-топ .Көл.3-топ.Өзен.4-топ.Теңіз

Мағынаны тану.

Жаңа сабақ

Су.Ол қандай?

Су туралы видео көрсету.

Су туралы түсінік беру. Су табиғатта шық, мұз, бу,

тұман,мұздақ,қар, жаңбыр,сел, көл, өзен, теңіз,

мұхиттарда кездеседі.
Су жердің 3/4бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір

жоқ. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрай-ды.Аспаннан жаңбыр түрінде түседі.

Судың нақты пішіні болмайды. Су – мөлдір. Судың түсі жоқ. Ол түссіз. Судың дәмі жоқ. Судың иісі жоқ.

– Жер бетінде су көп болса да, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермейді. Су тұщы және тұзды (ащы) болады. Біз ішу үшін тұщы суды пайдаланамыз.

Су – тіршілік көзі. Оны тамаққа пайдаланамыз, шөлімізді басамыз. Сонымен қатар, егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан-жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды.

Біздің ауылымызда Бөржар өзені ағып жатыр.Осы өзен Бөржар басы деген бұлақтан бастау алып жатыр.Біздің ауыл таза сумен қамтылған,артизан құдығынан су ішудеміз.Судан ешқандай тапшылық көріп отырған жоқпыз.

Балалар, мына ғаламшарға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейді. Ал ауыз су сол сулардың 3 пайызын құрайды. Сондықтан ауыз су тапшы, суға қоқысты тастауға болмайды. Балалар, сендер даладан ойнап келген кезде немесе тамақ ішер алдында қолдарыңды жуасыңдар ғой, сол кезде суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз   «Суды бекерге төкпе» «Судың да сұрауы бар» деп айтатыны – сондықтан.

Өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол, автомобиль көліктерінің т. б. шайындылары.
Осы шайынды су арқылы судағы жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады, ауру тудырады.
Адамдар ірі – ірі құрылыстар салудың нәтижесінде, өзендерге бөгет жасайды. Суды шамадан тыс пайдаланғандықтан көлдерге құятын өзен сулары азаяды. Суды үнемдеу керек.Суды көп мөлшерде төгуге болмайды.

-Балалар саяхатқа шыққыларың келе ме?

-Ия.

-Қандай көлік түрімен шыққыларың келеді?

-Кемемен.

-Кемемен біз қандай табиғи су көздерінде жүзіп саяхаттай аламыз?

-Мұхиттарда,теңіздерде.

Балалар Каспий теңізіне саяхатқа шыққыларың келе ме?

-Ия.

-Ендеше,балалар, біз Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз.

Әр аялдамада сендерге тапсырмалар берілген сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар теңізді толық аралап саяхаттап шығамыз.

Топ ережесін құру.

1-аялдама

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқыту.

Қалыптастырушы бағалау.Балықтар беру арқылы ынталандыру.

2-аялдама

Тәжірибе жасау

« Мен зерттеушімін»әдісі
 І-топ.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? «Судың иісі жоқ»  Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.(балалар суды иіскеп көреді)

ІІ-топ.Судың пішіні бар ма? .   «Судың пішіні жоқ» Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

ІІІ –топ.Судың дәмі бар ма? «Суда дәм жоқ» Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен. «Су — мөлдір»

4-топ.Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін

айтады) Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Дескриптор:

-Судың иіссіз екенін анықтайды

-Судың аққыш, пішін жоқ екенін анықтайды

-Судың түссіз екенін анықтайды

-Судың дәмсіз екенін анықтайды

Қалыптастырушы бағалау.Балықтар беру арқылы ынталандыру.

Сергіту сәті
«Дұрыс-бұрыс»ойыны

Ал балалар бір ауық,
Дұрыс -бұрысты табалық.
Дұрыс болса қол шапалақтап,
Бұрыс болса ,қолымызды көтерейік.


Суды жейміз ( бұрыс)
Суды ішеміз (дұрыс)
Сумен жуынамыз (дұрыс)
Су қатпайды (бұрыс)
Су сұйық (дұрыс)
Су сары(бұрыс)

Суға шомыламыз(дұрыс)

Су түссіз(дұрыс)

Судың исі бар(бұрыс)

Су ағады(дұрыс)

3-аялдама

Топтық жұмыс

1-топ.Суға топтастыру жасау.

2-топ.«Дұрысын таңда»әдісі. Таза суды сипаттайтын сөздерді белгілеу.

3-топ.«Кір жаю»әдісі.Судың қасиеттерін атау.

Кеспе қағаздардың ішінен судың қасиетіне қатысты сөздерді теріп ілу.

Мөлдір,түссіз,дәмсіз,пішінсіз,аққыш,иіссіз

4-топ.«Адасқан сөздер»ойыны

Араласып кеткен сөздерді орнына қойып сөйлем құрау

Дескриптор:

-Табиғи су көздерінің атауларын жазады

- Таза су көзін қоршап, белгілейді

-Судың қасиеттерін табады.

-Араласып кеткен сөздерді орнына қойып сөйлем құрайды

Қалыптастырушы бағалау.Балықтар беру арқылы ынталандыру.

4-аялдама

Сабақты бекіту.

Ой толғаныс

1-топ.Суға байланысты бес жолды өлең жазу.

2-топ.Суға байланысты мақал-мәтелдер айту.

3-топ.Суға байланысты тыйым сөздерді айту.

4-топ.Венн диаграммасы.Ауа мен судың ортақ қасиеттерін табу.

Дескриптор:

-Суға байланысты бес жолды өлең жазады.

-Суға байланысты мақал-мәтелдер айтады.

-Суға байланысты тыйым сөздер айтады.

-Ауа мен судың ортақ қасиеттерін табады.

Қалыптастырушы бағалау.Балықтар беру арқылы ынталандыру.


Аудио таспа



















кеспе қағаздар





видео













Интерактивті тақта












































































Тәжірбиеге керекті заттар


Стакан,қант,тұз,бояу,сүт


балықтар












































балықтар






















Суреттер,кеспелер











балықтар
























балықтар

2 мин

Кері байланыс:





кеспе қағаздар





Саралау– оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Тәжірибе жасауда судың қасиеттерін көрсету.Суға байланысты мақал-мәтелдер,тиым сөздер айту.

Смаликтер ,балықтар арқылы ынталандыру.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Партада дұрыс отыру ережесін ескерту

АКТ,эксперимент жасауда абай болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?








Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________З.Керімбекова





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі