400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су. Ол қандай екен? 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы); 2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Су. Ол қандай екен?

Мектеп: А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін №6 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі: Балдикова Жанаргул Мейрашовна


СЫНЫП: 2

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

2.3.3.3 -судың табиғи көздерін анықтау

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Себетпен суреттер әкелу. Оқушыларға себеттен суреттерді алуларын сұраймын. Суреттердің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Күндей күлімдеп,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен

Біз сабақты бастаймыз!

1-топ «Қар»

2-топ «Бұлт»

3-топ «Жаңбыр»



Ортасы 20 минут

Ширату жаттығуы

ОЙЫН: “Дұрыс және бұрыс”

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

Бейнебаяннан жұмбақ жасырылады, оқушылар соның шешімін табады.

Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет. Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Сұрақ: Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Адам су ішпей 6-7 күнге шыдауы мүмкін. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.

Дәптермен жұмыс.

Picture 7 Picture 8







Бейнебаян

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.


























Тәжірибе жасайды

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті:
Ал балалар бір ауық,
Дұрыс бұрысты ұзалық.
Дұрыс болса отырып
Бұрыс болса тұралық
Суды жейміз (тұр - бұрыс)
Суды ішеміз (отыр - дұрыс)
Сумен жуынамыз (отыр - дұрыс)
Су қатпайды (тұр - бұрыс)
Су сұйық (отыр дұрыс)


Аяқталуы 20 минут

Шығармашылық тапсырма:

Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. Түйелердің біреуі өзеннен әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың? Оқушылар топпен жауабын тауып, түсіндіреді.

Судың қасиетіне жататындардың астын сыз.
Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады.

Синтез







Оқушылар суретпен жұмыс жасайды

Үйге тапсырма: Мазмұндау.


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

Picture 6

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі