400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су. Ол қандай екен? 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Судың қандай қасиеттері бар екенін біледі. Судың физикалық қасиеттерін анықтайды (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы). Табиғи су көздерін анықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

ІІ оқу тоқсаны

Жаратылыстану

IV - бөлім. Заттар және олардың қасиеттері

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігі «№77 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК


Ғазымова Нұргүл Ғазымқызы

2


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Су. Ол қандай екен?»

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);

2.3.3.3 - судың табиғи көздерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Судың қандай қасиеттері бар екенін біледі.

Көптеген оқушылар: Судың физикалық қасиеттерін анықтайды (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы).

Кейбір оқушылар: Табиғи су көздерін анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Судың қасиеттерін атайды.

  • Табиғи су көздерін атайды.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Ресурстар

Сабақтың басы











Қызығушылықты ояту


  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаратылыстану пәнін бастаймыз. Сендермен бірге, мен, бастауыш сынып мұғалімі Ғазымова Нұргүл Ғазымқызы осы сабақты өткіземін.

  • Сабақтың тақырыбы: «Су. Ол қандай екен?».

Бүгінгі сабақта:

  • Судың физикалық қасиеттерін анықтайсыңдар;

  • Табиғи су көздерін туралы білетін боласыңдар.

Ширату жаттығуы.

  • Жұмбақты шеш:

Аяғы жоқ жорғалайды жүреді,

Ауызы жоқ сыңғырлайды, күледі.

Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ

Айтыңдаршы осыны кім біледі?

  • Жарайсыңдар, жауабы – «Су».

Слайд 1





Слайд 2





Слайд 3


Сабақтың ортасы

Білу және түсіну























































Сабақтың соңы


  • Балалар, судың қандай қасиеттері бар екенін қарапайым тәжірибелер жасау арқылы анықтап көрейік.

1-тәжірибе.

- Ең алдымен стақанға таза су құй. Оның түсі қандай екен? - - Енді стақандағы суға қасық немесе ұсақ заттарды салып көр. Олар анық көріне ме?

- Бәрекелді, иә.

- Бұл судың қандай екенін білдіреді?

- Дұрыс, бұл судың мөлдір екенін білдіреді. Мөлдірлік – су тазалығының маңызды көрсеткіші.


2-тәжірибе

- Стақандағы таза суды иіске және дәмін татып көр. Енді стақанға бір қасық қант сал. Қайтадан дәмін татып көр. Судың иісі, дәмі туралы не айта аласыңдар?

- Жарадыңдар, су таза күйінде дәмі мен иісі болмайды.


3-тәжірибе

Әр түрлі пішіндегі шыны ыдыстарға су толтыр.

Судың пішіні қандай болды?

Керемет жауап, судың пішіні болмайды.


4-тәжірибе.

- Алақаныңа су толтырып ал. Алақандағы суды ұстап тұру оңай ма? Неліктен?

Бұл судың қандай қасиетін білдіреді деп ойлайсыңдар?

- Жарайсыңдар! Суды ұстап тұру мүмкін емес. Бұл судың аққыш екенін білдіреді.


Дескриптор:

- судың физикалық қасиеттерін анықтайды, атайды.

ҚБ- Жарадыңдар!


  • Су - тіршілік көзі. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.


  • Суретке қара. Табиғатта кездесетін су көздеріне қайсысы жататынын анықта.

- Бәрекелді, табиғатта кездесетін су көздеріне өзен, теңіз, мұхит, бұлақ, көл, құдықтар жатады.


Дескриптор:

- сурет бойынша табиғи су көздерін анықтайды.

ҚБ – Керемет!


Су — бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған.

Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.

Ғалымдардың зерттеуінше су жер бетінде ең көп кездесетін сұйықтыққа жатады.


  • Берілген кестеден Қазақстан жеріндегі өзен, көл, теңіздердің аттарын тап.


Дескрипторлар

- Теңіздің, өзендердің, көлдердің аттарын табады.

ҚБ – Жарайсыңдар!


  • «Су – тіршілік көзі» тақырыбына қысқаша әңгіме құраңдар.


Су - тіршілік көзі.

Сусыз ешбір ағза тірлішілік ете алмайды. Құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді. Барлық тірі ағзаларға су міндетті түрде қажет. Адам баласы су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

Сулы жер – нулы жер. Суды ластауға, үнемдемей пайдалануға болмайды. Сусыз тіршілік көзінің жойылатыны айдан анық.

Қорыта келгенде, Қазақ халқы «судың да сұрауы бар деген». Жергілікті жеріміздегі аз ғана байлығымызды қорғап, маңызын білу әрбір азаматтың міндеті.


Дескрипторлар

  • Судың тірі ағзалар үшін маңызын айтады;

  • Судың табиғатта қоғау міндетіміз екенін түсіндіреді.

ҚБ – Өзімізді бас бармақ әдісі арқылы бағалайық.

Слайд №4































Слайд №5







Слайд №6









Слайд №7









Слайд №8







Слайд №9




Слайд №10















Рефлексия


  • Су тақырыбына синквейн (бес жолдық өлең) жазыңдар.

Дескрипторлар

-Тақырыпқа қатысты сынын білдіретін 2 сөз жазады.

-Қимылды білдіретін 3 сөз жазады.

-3 сөзден құралған сөйлем құрайды.

-Тақырыпқа мағыналас сөз жазады.


- Дайын болса, менің жауабыммен салыстырып көріңдер.

Су

Өзі мөлдір, өзі түссіз,

Сылқ – сылқ күледі.

Бар тіршілік иесі,

Онсыз өмір сүрмейді.


Бүгінгі сабақта сендер:

  • Судың қандай қасиеттері бар екенін білдіңдер;

  • Судың физикалық қасиеттерін анықтадыңдар;

  • Табиғи су көздері туралы білдіңдер.


Балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Слайд №10








Слайд №11








Слайд №12




Слайд №13





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі