су өмір нәрі экология негіздері бойынша ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

су өмір нәрі экология негіздері бойынша ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттағы судың айналымы және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Су - тіршілік көзі екенін, пайдасы мен қасиеті жайлы білім беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

263 орта мектеп жанындағы «Балдәурен» шағын орталығы.

«Балдәурен»ортаңғы тобы.

Күні: 18.11.2024 ж.

Білім беру саласы: таным, қатынас, әлеуметтік орта
Бағдарлама тарауы: қоршаған орта, экология негіздері, тіл дамыту,
Тақырыбы:  «Су - өмір нәрі» экологиялық оқу қызметі
Мақсаты:
1. Табиғаттағы судың айналымы және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Су - тіршілік көзі екенін, пайдасы мен қасиеті жайлы білім беру.
2. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру.
3. Ұқыптылыққа және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Су - вода, қар - снег, тәжрибе - эксперимент
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

     Әрекет   

   кезеңдері

    Педагогтың іс-әрекеті

      Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер.

«Сәлемдесу»

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!


  Жұмбақ:

  1.  Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. 

  2. Сылқ-сылқ күледі, аяғы жоқ жүреді. 

  3. Еш тесiкке тұрмайды, ол жоқта жер құрғайды.

Бұл не? /Су/

Балалар бір-біріне таң шуағын тілеп , атқан таңмен ризашылықтарын білдіреді.

 

 

Балалар жұмбақ шешімін табады.

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар судың адамға пайдасы қандай?

 Суды үйде қандай жағдайларда біз көп қолданамыз? Өте дұрыс, сусыз жер бетінде тіршілік болмайды. Өйткені сусыз адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктердің барлығы тіршілік ете алмайды. Су өмір бойы айналымда болатын нәрсе. Мысалы адам шөлдегенде не ішеді? Иә су адамның шөлін қандырады. Ендеше бүгін біз осы судың ерекше қасиеттерін, оның пайдасы туралы тәжрибеден бақылаймыз.

І.Тәжірибе: 

Ал балалар судың түсі қандай? Суда арнайы иіс болама? Иіскеп көріңдер.

Ал су сұйықпа әлде қою ма?

Айран қандай болады? Балалар суды екінші ыдысқа құйсақ су бірден тез құйылады. Су сұйық сондықтан ағады егер су сұйық болмаса, онда ол өзендерден, арықтардан, крандардан аға алмас еді. Ал айран қою болғандықтан баяу құйылады.(Балалар айранды екінші ыдысқа құйып бақылайды.)

Екеуін салыстырсақ түстері қандай? Әдетте ақ деп атаймыз.Бірақ су сұйық болғандықтан ол мөлдір, ал айран әппақ қоймалжың болады. Екеуініңде пайдасы біз үшін зор. Ал судың мөлдір екенін былай байқауға болады. Қасықтың бірін су құйылған ыдысқа салып, екіншісін айранға салсақ, қасықты қайсысынан көруге болады? Балалар суда пішіні, болама? Неліктен? Иә су сұйық оның  пішін де, көлемі де болмайды.

ІІ.Тәжірибе: Ал балалар біз шай ішкенде біз суды не істейміз? Дұрыс айтасыңдар. Су қайнағанда судан не шығады? Бу ауаға шығып ол тарайды. Будың өзі балалар су. Ол үшін ыстық су құйылған ыдыстың бетіне айнаны немесе шыны қойсақ біздің әйнектеріміз буланып, бу бірте-бірте су тамшыларына айналады. Осыдан кейін тағы су пайда болады.

Біздің шайымыз дәмді болу үшін не қосамыз? Сендер қанты ұнатасыңдар ма? Оның дәмі қандай? Қанттың түсі қандай? Қантты  ыстық шайға салсақ қандай болады? Дұрыс дәмі ерекше тәтті. Ендеше қантты ыстық суға салайық.Ол еріді.  Ал құмды салсақ ол қант сияқты ериме? Өте дұрыс қант тез ерігіш болғандықтан бірден суда ериді, және шайымыз тәтті болады.Ал құм суда ерімей түбінде тұнып тұра бередіде, ол балшыққа айналады сумен араласып.

Суға тұз салып көрейікші қандай болды?

Иә тұз суға ерігенімен оның дәмі ащы болды. Оны іше алмаймыз. Тек өзен көлдердің суы ғана осылай ащы болады.Осылайша ащы сумен тұщы суды ажыратуға болады.

Қосымша: Балалар судың түсін өзгертуге болады. Мысалы сендер дүкеннен тәтті шырындар аласындар.Ол шырындардың дәмі де, түсі де әртүрлі болады. Ол неліктен әртүрлі болады деп ойлайсыңдар?

Иә дұрыс айтасыңдар шырындар түрлі жеміс-жидектерден жасалады. Мысалы алма шырын бар, оның түсі ақшыл болады. Шие шырын қызыл болады. Өйткені шие қып-қызыл. Апельсин шырыны сары болады. Т.б Қазір біз түрлі түсті бояуларды қолданып судың түсін өзгертіп көрейік. Мысалы апельсин шырыны сияқты сары түспен бояп көрейік.

Неліктен су әр түрлі болып шықты? Дұрыс өйткені бояу суда еріп оның түсі бірден өзгерді.

Міне біздің суымыздың түстері бірден өзгеріп кетті. Балалар сендер ойламаңдар біздің ішетін шырындарымыздың бәрін осылай бояумен бояйт деп, қателесесіңдер. Олар таза әр түрлі жемістің шырынынан жасалады. Әр жемістің дәмі әртүрлі, соған орай шырыныда ерекше дәмді болады. Меніңде сендерге тәтті шырыным бар.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане жүзіп алайық,оңға,солға бір қарап, денемізді бұрайық.

Қорытынды: Біз не білдік?

 Судың түсі мөлдір, оның арнайы  пішіні, көлемі болмайды.  Су-табиғат сыйы, сусыз тіршілік жоқ.

- Сусыз адам тіршілік ете алмайды.

 - Сумен біз тамақ жасаймыз, үйді жинаймыз, беті-қолымызды жуамыз, бақшаларды суарамыз.т.б

- Су ішеді.

 

 

 

- Судың түсі ақ.

 - Жоқ болмайды.

 - Су сұйық болады.

- Қою болады.

 - Айранныі түсі әппақ.

 

- Қасықты суға салсақ оны стаканның сыртынан көрінеді.

Айран құйылған ыдыстан қасық көрінбейді.


 


  

- Суды қайнатамыз.

 - Судан бу шығады.

 - Жоқ болмайды.

    Су сұйық.

 

-Қант қосамыз.

-Иә, қант өте тәтті.

-Ақ

-Ыстық шайға салсақ ол ериді.

 

 


 

 

Жоқ ол судың түбінде тұнып ерімей тұрады.

Су ашты болды.

- Олар түрлі жемістер шырыны болады.

- Мен суды шие шырыны сияқты қызыл түспен боядым.

-Бояу суда еріді.

-Апельсин шырыны сары болады.


 
 

 

 

 

 Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

Судың адамға пайдасы өте зор. Суды біз тағамға қолданамыз. Судың арнайы көлемі болмайды.

Рефлексивті - корригиялық

Д/ойын: «Қандай сурет, қандай мағына?»

Балалар өзен, адам, гүл, қайық, су, қалпақтың суреттерін алып, оның пайдасы мен сақтану шаралары туралы айтады.

 

Балалар ойынға белсене қатысады.

 

.

Болжамды нәтиже:

Білу керек: Судың адам өміріне маңызы зор екенін, онсыз тіршілік болмайтынын білу керек


Тәрбиеші: Мырзалиева Айбану Кунтуганова



Тексерілді: Әдіскері. Каликова Эльмира



































































































































































































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
107
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі