400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Су патшалығына саяхат».

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға су туралы түсінік беру, судың қасиетімен таныстыру, балаларға сумен зерттеу жасауды ұсыну; бояуға, дәмін өзгертуге болады. Қарапайым тергеу-себеп байланысын белгілеу дағдысын дамыту. Зерттеудің нәтижесін көру үшін, балаларды өз еркіндігімен әрекет жасауға үйрету. Судағы мекендейтін балықтармен, суда жүзетін құстардың аттарын атауға, буынға бөлгізіп айтқызу. Балаларға су туралы тыйым сөздер, тақпақтар айтқызу, жұмбақтарды шеше білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Қатынас, Шығармашылық.

Кіші сала: Қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, сурет салу.

Тақырыбы: «Су патшалығына саяхат».

Тақырыбы: Балаларға су туралы түсінік беру, судың қасиетімен таныстыру, балаларға сумен зерттеу жасауды ұсыну; бояуға, дәмін өзгертуге болады. Қарапайым тергеу-себеп байланысын белгілеу дағдысын дамыту. Зерттеудің нәтижесін көру үшін, балаларды өз еркіндігімен әрекет жасауға үйрету. Судағы мекендейтін балықтармен, суда жүзетін құстардың аттарын атауға, буынға бөлгізіп айтқызу. Балаларға су туралы тыйым сөздер, тақпақтар айтқызу, жұмбақтарды шеше білуге үйрету.

Көрнекіліктер: су, құдық, т.б.

Сөздік жұмыс: Су-вода, су патшасы-морской царь, балық –рыба, құс-птица.


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар шеңберге тұрады.

Табиғатпен амандасады.

Қуаң, шаттаң, алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

-Балалар біздің шеңберімізге ұқсайтын заттарды атаңдаршы.

-шеңбер күн сияқты дөңгелек, жылы. Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің күлкісін көре алады. Бір-бірлеріне қарап күлкілерді сыйлаңдар.


Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?




-Күзде нелер піседі?

-Ал кім күз туралы тақпақ біледі?


Балалар табиғатпен амандасады.





-күн, доп, доңғалақ, алма.т.б.




Бір-бірлеріне қарап күледі.



-Күз мезгілі.


Жаңбыр жауады, күн суытады, адамдар жылы киінеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Жемістер, көкөністер, егін.

Балалар күз туралы тақпақ айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс


Тосын сәт. Судың дыбысы естіледі.Балалар тәрбиешімен бірге құдықтың жанына келеді.

-Балалар мынау не?

-Құдықтың ішінде біреу қозғалады, ол кім екен?

Су патшасы: -Ой, бұл кімдер, маған ұйқы бермей жатқан? Бұл не шу, бұл не айқай?

Тәрбиеші: -Кешіріңіз, біз мұнда судың дыбысын естіген соң келдік.

Су патшасы: -Ақыры мені оятттыңдар, мен сендерді жібермеймін, менің тапсырмаларымды орыңдасаңдар ғана жіберемін.


1 тапсырма: Үстел үстіндегі 4 стақандағы суға зерттеу жасау, 1ші стақанға тұз, 2ші стақанға қант, 3ші стақанға құм, 4ші стақанға ештене салмау.

2 тапсырма: Су астында мекендейтін балықтарды, су бетінде жүзіп жүрген құстардың аттарын атау, буынға бөліп айту.

Құстар: Ақ-қу, қаз, үй-рек, тыр-на.

Балықтар: Са-зан, тұ-қы, та-бан ба-лық, шор-тан, ала-бұ-ға.


3 тапсырма: Су, балық туралы жұмбақ шешу, тақпақтар айту.


4 тапсырма: Сурет салу.

Қағаз бетіне бояудың көмегімен саусақ арқылы балықтың суретін салу. Тәрбиеші балаларға үлгісін өзі салып көрсетеді.


Өзіндік жұмыс: Балалар тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша өздері жұмыс жасайды.


5 тапсырма: Су туралы тыйым сөздер айту.

-Суға түкірме

-суға дәрет сындырма

-суға тас лақтырма

-Суды сапырма

-Суды төкпе

-Сумен ойнама.


Су патшасы: -Жарайсыңдар, балалар, сендер менің тапсырмаларымды орындадыңдар, енді мен өз мекеніме оралайын. Сендерге рахмет. Сау болыңдар.

Балалар жақындайды.


-Құдық

-Ол су патшасы.






Балалар су патшасының тапсырмаларын орындайды.




Балалар әр стақандағы суды сипаттап береді.






Балалар құстармен балықтардың аттарын атап, буынға бөліп айтады.



Балалар жұмбақтар шешеді, тақпақтар айтады.




Балалар саусақтармен балықтардың суретін салады.



Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.




Балалар тыйым сөздерді айтады.







Балалар су патшасымен қоштасады. Қонақты шығарып салады.

Рефлексивті-коррекциялау

Тәрбиеші: -Балалар судың қандай қасиеттері бар, су туралы не білдіңдер?


Қорытындылау.

Жүректен жүрекке:

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Балалар су туралы өз ойларын айтады.




Тәрбиешімен бірге қайталайды.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: бақылай білу, бір шешімге келе білу.

Түсінеді: Су, құстар балықтар туралы түсінік.

Қолданады: өз беттерінше жұмыс істей білу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1251
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі