400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су патшасы-Сүлейман

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл — қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл — қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Жалаушалар мен шарлар, ғажайып сәттер, су құятын ыдыстар, сүзгі, су тапаншасы, шелектер, жасанды бассейн.

Жүру барысы:

Фанфара

Су ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін сіздер мен біздер болып су патшайымы Нептун күнін тойламақпыз. Бүгін бізге сол су патшайымы өзі келмекші. Қане, балалар олай болса өз өнерімізді көрсетейік.

Толқын: Сәлеметсіздер ме, балалар? Су патшайымы Нептун келмес бұрын мерекемізді бастай берейік. Менің өзіммен бірге алып келген сыйларым бар. Соның бірі кішкентай су ханшалары. Олар сендерге билеп берсін.

Би: «Русалки».

Су ханшайымы: Жарайсыңдар, су ханшалары! Біздің де сіздерге арналған балалардың өнері бар. Тамашалаңыздар!

Тақпақтар:

Сәлімбекова Адина- «Зеректер» тобының тәрбиеленушісі

Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың

Өтеулі Әміржан- «Алтын Сақа» тобының тәрбиеленушісі

Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.

Дәулеш Жансая- «Алтын Сақа» тобының тәрбиеленушісі

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін

Нұрланқызы Назира- «Зеректер» тобының тәрбиеленушісі

Су тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі –
Су деп және білгейсің.

Толқын: Балалар барлығымыз көңілімізді көтеріп би билейік?

Толқын мен «Буги-буги» биі

(музыка ырғағымен қарақшылар билеп келеді).

1-ші қарақшы: Мұнда не болып жатыр? Сендер бізді бүгінгі мерекеге шақырмадыңдар.Біз сендерге би билеп, ән айтып мерекені өткізулеріңе мүмкіндік бермейміз.

2-ші қарақшы: Ешқандай мереке болмайды! Қазір біз сендердің су ханшайымдарыңды алып кетеміз.

(су ханшайымын өздерімен бірге алып кетеді)

Толқын: Балалар, ханшайым сусыз өмір сүре алмайдығой. Қане, біздер көмек келгенше өз көмегімізді көрсетіп, су сеуіп тұрайық. Ол үшін ойын ойнайық.

Ойын: «Су құйғыштар». (Ересектер тобы)

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады. Кішкентай шелекке құйылған суды кедергілер арқылы бір-біріне беріп мәреге жеткізеді.

Толқын: көмекке кімді шақырсақ екен? Қане, балалар барлығымыз су патшайымы Нептунды шақырайық? Сендер Нептунның кім екенін білесіңдер ме?
Балалар: Ол су патшайымы.

Толқын: Олай болса Нептунды шақырайық.
БӘРІ: Нептун — су патшайымы.
Бізге қонаққа кел!(айқайлап шақырады).

(Әуенмен Нептун кіреді).


Нептун: Сәлеметсіздер ме балалар, құлағыма шақырғандарың жетті, бұл мереке менің құрметіме арналған екен. Мен су патшайымы- Нептунмын, сендер шақырған соң келдім. Олай болса мерекемізді бастайық!

Толқын: Келгеніңізге рахмет. Біздің көңіл-күйіміз болмай тұр, қарақшылар су ханшайымымызды алып кетті. Сіздің көмегіңіз керек, құтқарыңызшы?

(Нептун ысқырып таяғын жерге соғып қалғанда, қарақшылар домалап алдына келеді. Су ханшайымы қайтарылады.)

Қарақшылар: Су патшайымы кешіріңіз бізді. Енді олай қайталамаймыз.

Нептун: Балалар ,кешіремізбе қарақшыларды?

Балалар: Иәәәәәәә!!!

Су ханшайымы: Балалар, ендеше көңілімізді көтеріп ән тыңдайық?

Ән: «Тамшылар.»

Орындайтын: «Мерей» тобының тәрбиеленушілері Бақытжан Сурайя, Бексұлтан Раяна.


Қарақшылар: Тамаша! Керемет! Тағы қандай өнерлерің бар?

Би: «Чунга-чанга» Шұғыла тобының тәрбиеленушілері.


Су ханшайымы: Балалар ендеше бәріміз бірге ән айтайықшы?

Ән: «Қошақаным қайда екен?»

Қарақшылар: Қане, барлығымыз ойын ойнайық?

Ойын: «Хауыздан шар жинау»

Ойынның шарты: Резеңке хауызға су құйылып, оған көлемі кішкентай шарлар салынады. Балалар екі топқа бөлініп, шарларды аулап, шелекке салып мәреге апарады. Қай топтың шарлар саны көп сол жеңімпаз.

Су ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, барлығымыз «Дождик» (кап-кап, тук-тук-тук) әнін бірге шырқайық!

Би: «Көңілді би»

«Алтын сақа» тобының тәрбиеленушілері.

Су ханшайымы: Мен ыстықтап барамын, сусыз көп жүре алмаймын. Барлығымыз ойын ойнайық.

Ойын: «Күн мен жаңбыр».

Ойынның шарты: Барлығы ортаға жиналып тұрады. «күн»- дегенде көңілді музыка ойнап, балалар билей жөнеледі. «Жаңбыр» - дегенде қолдарындағы су атқыштарынан су атады. Осылай 2-3 рет жалғасады.


Ән: «Жау, жау жаңбыр».

Орындайтын: Балабақшамыздың тәрбиеленушілері: Алтаева Айша, Саясат Інжу.


Нептун: Балалар, сіздерге көп-көр рахмет, керемет көңіл-күй сыйладыңдар! Өнерлі екенсіңдер, менің кететін уақытым болды. Сіздер сияқты балабақша балалары бізді күтіп отыр. Мен достарымды алып сол балаларға барайын. Су барлық адамзат пен тіршілікке қажет, сондықтан оны көп ысырап етпей, ұқыпты пайдаланыңдар! Сау болыңдар!


Су ханшайымы: Осымен бүгінгі су патшайымы Нептун күніне арналған мерекеміз өз мәресіне жетті.















































«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты

№34 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы КМҚК











Тақырыбы:

«Су патшасы- Сүлеймен»











Өткізген саз жетекшілері:

Омар А.Ж

Нұрғали А.Н

















Атырау 2018

Жау-жау жаңбыр

Келді міне көктемім

Жердің жүзі көктеді

Ақ жаңбырды сыйлады

Акша бұлттар көктегі

Қ/сы

Жау,жау жаңбыр,жау жаңбыр!

Мөлдіреген тамшыларың.

Жау,жау жаңбыр,жау жаңбыр!

Табиғаттың әні.



Жаушы, жаңбыр, тағыда

Күттік сені сағына

Кірсін жердің сәні де,

Топырақтың нәрі де.
















































1.Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың



2.Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.



 3.Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

   Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

   Судың біз біле тұра маңызын,

   Көп болған соң ұмытамыз қадірін







4. Су тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі –
Су деп және білгейсің.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі