400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

су қоймасы ,

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып дуниетану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі: Мерғалиева Н.Х

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «Б» сынып Мұғалім: Сағындықова А.Ж

Сабақтың атауы

Су қоймаларын ластанудан қорғау

Мақсаты






1) білімділігі: су экологиясы туралы түсінік беру; судың ластану жолдары туралы тоқталып өту; халықтың салт-дәстүрлерге негізделген экологиялық тәрбие беру;

2) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, ойлауын, көз алдына елестету қабілетін және өзіндік ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту;

3) Тәрбиелігі: табиғатты қорғай білуге, аялауға баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнектілігі: Балқаш көлі, Арал теңізі – плакаттары, Қазақстанның физикалық картасы, Арал және Балқаш туралы жазылған рефераттар, бейнекассета;

Психологиялық ахуал

Қайырлы күн досым ,

Қайырлы күн болсын.

Дүйсенбідегі  сабақ,

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар баған,

Тек ғана бестік болсын!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын сұрау

- а) Қазақстандағы өзендер мен көлдерді ата;

ә) Картадан ірі өзендер мен көлдерді тап;

б) Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар?

в) Көл суының қасиеттері, Қазақстанда кездесетін көлдер.

«Өзен» өлеңімен таныстыра отырып, сабағымды қорытындылап өткіземін.

Өзен Ы.Алтынсарин

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертінді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып басылады.

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да

Шуылдап желмен бірге бас ұрады...

Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса су бармаған сай қалмайды.

Тасыған өзен судың қуатымен

Көк шығып шөп бітпеген жай қалмайды.

Ел қыстап күн көреді жаныбында,

Дәм болар алуан - алуан балығында...

Тас таста, алтын таста сынамаққа,

Сонда да аққан өзен қалыбында.

Құдіретін құдайымның көресін бе?

Не нәжіс тоқтар өзен денесінде...

Арыстан демалуға суға кірсе,

Балықтар шымшып ойнар терісіне...

Мағынаны тану

 Қазіргі уақытта елімізде қандай  ең өзекті мәселелер талқылануда:

а) Суды пайдалану;

ә) Суды ластайтын заттар;

б) Ластанған суды тазарту жолдары;

в) Арал тағдыры – адамзат қасіреті;

г) Балқаш көлінің ластануы, таяздануы

Қарағанды қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол – ластанған су.

Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол және автомобиль көліктерінің т.б. шайындылары. Шайындылар арқылы судағы тірі ағзалар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе ауру таратады. Шаруашылыққа орны толмас аса үлкен зиян келеді.

Қазіргі кезде лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттілігі туды.

Мұхиттар мен теңіздердің суы да үздіксіз ластануда. Оларға орасан көп мөлшерде мұнай және өндіріс қалдықтары төгіледі.

Адам баласы ғасырлар бойы табиғатты пайдалануды ғана білді. Ірі-ірі құрылыстар салды. Өзендерге бөгеттер жасады. Суды шамадан тыс пайдаланудың нәтижесінде көлдерге құятын өзен сулары азайды. Оны тартылып қалған Арал теңізі мен Балқаш көлінен анық көреміз.көрсету.

Кітаппен жұмыс.
«Арал қасіреті» жайлы бейнетаспадан көрсету.

Ой толғаныс

«Сөздердің орнын тап» ойыны
Ойынның шарты, тақтада үш негізгі тақырып тұр, солардың әрқайсысынының тұсына мына тірек сөздерді тауып, қасына қоямыз.
Суды қорғау үшін
Суды үнемдеу
Судың жағасын ластамау
Қопсытпау
Зиянды заттарды төкпеу
Лас су қайдан пайда болады?
өнеркәсіп
шайындылар
көліктер
шахтаның
мұнай
кен орындары
Ластанған судың зияны
Адам ағзасының улануы
Арал теңізі
Балықтардың азаюы
Сулардың көлдер мен өзендердің су деңгейінің азаюы

Қорыту.

Шығармашылық тапсырма:
1 - топ. Су туралы мақал - мәтел жазу.
2 - топ. Жұмбақ шығару.

3 - топ. Тыйым сөздер жазу.

Үйге тапсырма

а) түсінік оқу; ә) су туралы нақыл, наным түсініктерді, табиғат туралы түсініктермен байытып жазып келу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Біз не білдік?

-Не үйрендік?

Белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.


Өз ойларымен бөліседі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
1178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі