400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су ресурстарының экологиялық мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
СТУДЕНТТЕРГЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

КІРІСПЕ



Еліміздің топырақ қоры–халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес.

Ауылшаруашылық өнімінің экономикалық тиімділігі және күйі халықтың әл-ауқаты мен азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Республикамыздағы экономикалық өзгерістер кезеңінде ауылшаруашылығының жалпы өнімі күрт қысқарды, осыған байланысты егін егілетін жерлердің ауданыда азайды.

Нарықтық экономикаға көшкен кезде, бағаның тұрақты болмауы, Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында өндірістің күрт төмендеуі, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданылмауы ауылшаруашылық өнімінің деңгейінің және топырақ құнарлығының төмендеуіне әкелді, аграрлық сектордың экономикасының төмендеуінің бірден-бір себебі осы.

Қазіргі уақытта ауылшаруашылығында қолданылып жатқан шараларға байланысты, жағдай тұрақтандырылды. 1999 жылдан бастап ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі өсті, егін егілетін жерлердіңде көлемі ұлғайды.

Алдыға қойылған міндеттеме шешімі бойынша ауылшаруашылық өндірісінің өнім деңгейін көтеру және мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар бірден-бір айтылатын жайт ауылшаруашылығын және агрохимиялық қызметті дамыту, белгілі бір деңгейге көтеру, яғни өндіріске ғылыми - негізделген тыңайтқыштарды қолдануда тиімді технологияларды ендіру.

Қазіргі жерді бағалаудың мәліметтері бойынша Қазақстан топырақтарының 75% әртүрлі деңгейде деградацияға ұшыраған, ал ауышаруашылық дақылдарын егуге жарамды, әрі қосымша мелиоративтік шараларды жүргізуді қажет етпейтін

23,3 млн.га ғана жер бар. Республикамыздағы экологиялық жағдайдың нашарлауы ауылшаруашылығы өндірісіндегі агротехникалық құралдарды экологияық заңдылық негізінде пайдалана отырып қайта құруды талап етеді. Қазақстанның аридті зонасындағы су ресурстары таусылуға таяп қалғандықтан, қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдердің сапасын жоғарылату үшін, әрі өнімдердің кез-келген ортаның төтенше жағдайларына экологиялық түрде тұрақты болуы үшін арнайы агромелиоративтік әдісті қолдану өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл дақылдардың жылдық өнімінің төмендеуіне әкеледі. Ол жауын-шашынға, сондай-ақ топырақтың мелиоративтік жағдайына және қоршаған ортасының мелиоративтік ластануына байланысты.

Адаптаген препараттары дән мен өсімдіктердің ерте даму кезеңдерінде биоэнергетикасын бақылау вариантымен салыстырғанда 2-3 есе жоғарылататынын 2009-2011 жылдары анықтады. Себуден бұрын ПА-3 препаратымен өңделген дәндер өзінің өсу фазасында қолайсыз жағдайларға төзімді әрі өсімдік аз өсетін жерлерде өнімділігі жоғары болады.

Күріш–Азия құрылығындағы ежелден келе жатқан әрі әлем бойынша маңызды азық-түліктік дақыл. Ол 111 мемлекеттің 14,5млн.га астам жерінде егіледі.

Күрішті өңдегенде алынатын жарманы консервтік өндірістерде спирт пен сыраның ерекше түрлерін (саке) жасауға қолданады. Сонымен қатар күріш жарамасынан алынатын крахмалды медицинада және күріш ұнтағын алу үшін пайдаланады.

Күріш сабаны – жоңышқа мен бұршақтың жасыл массасы қосылса мал азығы үшін өте пайдалы болады. Алайда оны көбінесе төсенішке жібереді. Сондай-ақ күріш сабанынан арзан және берік жіптер, қаптар, жоғарғы сорттағы қағаздар мен картондар жасауада шикізат ретінде қолданады.

Қазақстанда күріш дақылының егіс алқабы 78,7 мың.га жерді құраса, соның ішінде Қызылорда облысында 60мың.га жерге егіледі. Бұдан Республикамыз бойынша күріш егуден егістік алқабы бойынша бірінші орында Қызылорда облысы тұратынын көреміз. Бұл дақыл нақ қазіргі уақыттағы секілді, болашақта да егістің негізгі бөлігін құрайтын болады.

Алайда экологиялық жағдайға байланысты облыс көлемі бойынша күріш дақылын өсіру қарқындылығы, әсіресе Арал маңында біршама азайған.

Қызылорда облысы жоғарыда атап кеткендей Қазақстан Республикасы бойынша күріш егуде алғы орында. Алайда осы облыстағы экологиялық жағдай, топырақтардың тұздануы және сулардың құнарсыздануы, күріш дақылы үшін тиімді тыңайтқыштардың енгізілмеуі себепті егіс көлемі төмендеуде.

Аймақтағы қазіргі туындаған жағдайлардан соң, ауылшаруашылық өнімдердің экологиялық өндірісіне бағытталған жаңа кешенді жоспарлар туындайды. Сол себепті де күріштің азықтық өнімділігі және топырақ құнарлылығы, шығынның аз болуы жайлы сұрақтар ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Күріш дақылын өсіргенде азоттық қоректенуін негізгі орынға қояды. Алайда соңғы уақыттарда топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшері 67,8% төмендегені анықталған.

Осымен қатар наноагромелиоративтік әдістерді күріш өнімділігін артыруда қолдану өзекті мәселелердің бірі.

Жұмыстың мақсаты – Қызылорда облысының күріш алқабының топырақтарының құнарлығын наноагромелиоративтік әдістермен көтеру жолдары.

Жылжымалы фосфор мөлшері төмен шалғынды-батпақты топырақтарда өсірілетін күріш дақылына ең тиімді наноагромелиоративтік әдістерді қолданумен қатар сапалы әрі көп мөлшердегі өнімді алу.

Зерттеу жұмысының міндеті

  • Наноагромелиоративтік әдістердің шалғынды-батпақты топырақтардың азот және фосфор режиміне әсерін анықтау;

  • Наноагромелиоративтік әдістердің түріне байланысты күріш дақылынан жиналатын құрғақ зат мөлшерін анықтау;

  • Наномелиоративтік әдістердің күріш өніміне әсерін зерттеу;

  • Күрішке енгізілетін тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігін анықтау;

  • Күріш дақылының өңімділігіне және дән сапасына Маржан сортында отаңдық микробиологиялық препараттар, биокомпосттар ( күріш қауызынан целюлотикалық бактерия ассоцияциаларымен ыдырату арқылы алынған) және азөлшемді гуминді адаптоген ПА-3 препаратың су ертіңдісі тиімділіктері және шалғынды- батпақ топырақтарының құнарлығына әсері зерттелген.







































1 Әдебиетке шолу



Қызылорда облысы Қазақстан Респуликасы бойынша күріш егуден үлкен аймақтардың бірі. Алайда осы облыстағы экологиялық жағдай, топырақтардың тұздануы және сулардың құнарсыздануы, күріш дақылы үшін тиімді тыңайтқыштардың енгізілмеуі себепті егіс көлемі төмендеуде.

Аймақтағы қазіргі туындаған жағдайлардан соң, ауылшаруашылық өнімдердің экологиялық өндірісіне бағытталған жаңа кешенді жоспарлар туындайды. Сол себепті де күріштің азықтық өнімділігі және топырақ құнарлылығы, шығынның аз болуы жайлы сұрақтар ерекше өзектілікке ие.

Агрохимия ғылымының негізін қалаушы былай жазған: «Агрохимияның негізгі міндеті егіншіліктегі зат айналымын зерттеу және қолданған әдістердің топырақтағы не өсімдікте химиялық үрдістерге әсерін анықтау. Олардың өнімділікті жоғарылатқанын немесе құрамын өзгертетіндігін зерттеу. Бұл айналымға әсер ету үшін негізгі әдістердің бастысы тыңайтқыш қолдану » [1].

Құрғақ және суармалы жерлерде, сондай-ақ климаттық жағдайы қолайлы аймақтарда да ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыш қолдану негізгі факторлардың бірі болып саналады. Суармалы жерлерде өсетін, минералды тыңайтқыштарға сезімтал дақылдардың бірі - күріш.

Күріш физиологиялық табиғатынан алқаптарда толтырылған сулармен өседі. Ол оның минералдық қоректенуінің, су-ауа режимін және энергетикалық процессінің ерекшелігін анықтайды. Осы себепті «егіншаруашылығының күріштік типі» деп ерекше бөліп қараған [2,3].

Минералды тыңайтқыштардың қажетті мөлшері енгізілгенде, агроэкологиялық жағдай қолайлы болғанда күріштен ең жоғарғы өнімді алуға болады. Күріштің белгілі бір мөлшердегі құрғақ заты тамырлары арқылы сіңірілген элементтерден түзіледі [4,5].

Күріштің вегетациялық кезеңдері келесі фазалардан тұрады: көктеу, өсіп-шығу, түптену, сабақтану, шашақтану және гүлдеу, пісіп жетілу. Күріш дақылының әр вегетациялық кезеңіне сай өзіндік морфофизиологиялық белгілері және физиологиялық ерекшеліктері бар, сондықтан да олардың агроэкологиялық жағдайға, минералдық қоректену мен технологияларға сезімталдылығы әркелкі [6,7,8].

Топырақтың өнімділік деңгейіне, географиялық жағдайына, сорттық ерекшелігіне байланысты күрішті егу барысында азотты тыңайтқыштардың нормасы өзгеруі мүмкін. Ерте пісетін күріштің Дубоский 129, Арпа шахы және орташа пісетін Қазақстанның 5 сорттарын еккенде 110-120 кг/га минералды тыңайтқыштар себу керек, ал орташа пісетін Авангард, 140-180 кг/га және кеш пісетін Ақмаржан пен Кенже сорттарына 180-200 кг/га минералды тыңайтқыштарды себеді. Жоғарыда айтылған азотты тыңайтқыштардың нормасы мен күйі қалыпты жағдайға, яғни тұзсыз жерлерге арналған. Топырақ тұзды болған кездегі қолданылатын азот тыңайтқыштарының түрлері әлі шешілуде.

Сенегал өзенінің бассейніндегі тұзды жағдайдағы күріштің қоректенуін зерттеген француз оқымыстысының мәліметтері бойынша, азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері пайда бермейді. Өйткені ол күріштің жапырылуына тұрақтылығын төмендетіп бос дәндердің санын көбейтеді. Осы пікірге ғалым келіседі, ол тұзды жағдайда азоттың аз мөлшерін–60-90 кг/га ұсынады.

Ғалымның айтуынша тұзды топырақта азотты тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшері көп өнім береді. Азотты тыңайтқыштар, әсіресе тұзды топырақтарда өсімдіктің химиялық құрамын өзгертеді. Тұздылық деңгейі жоғарлаған сайын жапырақтар мен сағақтарда азоттың (N), натрийдің (Nа), калийдің (К), кальцийдің (Са) және магнийдің (Мg) мөлшері көбейеді. Дәннің құрамындағы ақуыз аздап көбейеді.

Күріш егетін далаларда фосформен қоректендірудің өзіндік ерекшеліктері бар, оны тыңайтқыш жүйесін өңдеуде ескеру қажет.

Тұзсыз топырақтардағы күріштерге енгізілетін фосфор тыңайтқыштарының жылдық нормасы осы элементтің жылжымалы формасына байланысты, топырақ картасы мен картограммаға сәйкес дифференциалданған болуы керек.

Сонымен топырақтың құрамында 30 мг/ кг дейін жылжымалы фосфор болатын болса, фосфордың жылдық нормасы 90-120 кг/га болуы керек.

Натрий мен магнийді сіңірген бұтақшаларда, аз натрийлі бұтақшаларда фосфор тыңайтқыштарының көп мөлшерін енгізгеннен өнім көп болады.

Осыған қоса оның азотты тыңайтқыштармен қатынасына көңіл аудару керек. Өсімдіктің фосфорды сіңіруі белгілі дәрежеде топыраққа енген, азотқа байланысты, яғни топырақтың құрамындағы азот фосфорды ассимиляциялайды. Сондықтан, фосфорлы тыңайтқышының жылдық нормасы азотты тыңайтқыштардың жылдық нормасына қарай себіледі. Тұздалған топырақтарда (Шардара және Шәуілдір т.б. облыстарда) күрішке себілетін фосфорлы тыңайтқыштардың жылдық нормасы жалпы қабылданған нормамен салыстырғанда 2-2,6 есе көбейту керек. Осы кезде суперфосфоат тұздарының зиянды әсерін толығымен бейтараптайды. Су алған кезде фосфор өсімдіктің бойына кәдімгі сурауға қарағанда жақсы сіңеді. А.С.Турдың пікірінше (1981) натрий хлориді натрий сульфатына қарағанда мақтаға зиянырақ. Ол өсімдіктің құрамындағы күкіртті азайтып фосфор мен жалпы азоттың мөлшерін жоғарлатады. Аталған тұздардың жоғарғы концентрациясында өсімдіктің бойындағы К, Са, Mg-дің құрамы азаяды. Шетелдік ғалымдардың айтуынша араластырып тұздаған кезде тұздардың улылығы айтарлықтай төмендеген. Мысалы, NaCl мен Na2CO3 зиянды әсерлерін CaSO4 ерітіндісін қосу арқылы әлсіретуге болады. Калий күріштің өсіп дамуына жақсы әсер етеді. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің өсуі баяулайды, егін әртүрлі ауруларға шалдыққыш болады.

Күріш егілетін далалардың топырақтарының құрамында калий жеткілікті мөлшерде. Бірақ, күріш осы элементтің жеңіл формаларын бойына жақсы сіңіреді. Күріштің вегетативті салмағы қалыптасу кезінде калийдің көп мөлшерімен қоректенеді. Сондықтан топырақтың құрамында оның жеңіл сіңірілетін формалары жеткілікті болу керек.

Күрішке калийлік тыңайтқыштардың ішінде құрамында 30-40% К2О немесе калий хлориді бар калий тұзын себеді. Тұзды топырақтарға калий хлоридін қолданған жөн. Үндістандық оқымыстылардың айтуынша тұзды топырақта Р және К төмендеп, дән мен сабанның құрамындағы ақуыз көбейеді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, күріштің улы NaCl тұзына реакциясын, оның азотты және фосфорлы тыңайтқыштарға деген қажеттілігін зерттеудің практикалық және ғылыми мәні зор екендігін айтуға болады.

Күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмақтың жиналуына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштардың әсері Фенологиялық бақылаулар бойынша күріштің өсуіндегі ерте фазаларында мочевинаның және қос суперфосфаттың оң әсері анықталды. Бұтақтану фазасында күріш өсімдігіне азот жетіспегендігін байқауға болады: жапырақтардың ашық-жасыл түсі, жанама өсінділердің болмауы. Хлорлы тұздылықта өсімдік аласалау болады, бірақ жапырақтың түсі қанық әрі қою болады. Хлор ионының кері әсерінің белгілері өсімдік жапырақтарының бірінші яруста құрғауынан байқалады.

Өсімдіктің жағдайы азот пен фосфорды енгізген кезде жақсарғанын көруге болады. Бұл екеуін бірге қолданған кезде өсімдіктің сыртқы көрінісі әдемі болып көрінеді. Бұтақтану фазасында жағдайы қанағаттанарлықтай болады. 0,05% бақылаушы өсімдіктің енгізген кезде ол аздап нашарлады. Мочевинамен қоректенген өсімдік тұзды фонға қарағанда өзінің қою-жасыл түсімен және жақсы шоқ түптілігімен ерекшеленеді. Хлорлы тұзды топыраққа фосфорды енгізгенде күріш өсімдігінің жағдайы аздап жақсарды, бірақ бұл кезде азоттың тапшылығы орын алады. Азоттың немесе фосфордың біреуін енгізгенге қарағанда екеуін бірге қолдану жақсы нәтиже берді. Ол өсімдіктің жақсы өсіп дамуынан байқалады. Бұтақтану фазасында бақылаушы нұсқадағы өсімдіктің биіктігі хлорлы тұздалған топырақтағыға қарағанда 1 см-ге биік болады. Мочевинаны енгізген кезде анық биіктігі 3-8 см болады. Фосфорды қолданған кезде ол 26 см-ге, ал оларды бірге қолданғанда 41 см-ге тең болған. Мочевина өсімдіктің биіктігімен қатар күріштің дамуына да жақсы әсерін тигізеді. Қос суперфосфат жанама өсінділердің қалыптасуына ықпал етпегенімен, азот фонында олардың санының көбеюіне әсер етті.

Бұтақтану фазасынан бастап күріштің қарқынды өсуін байқауға болады. Бұтақтану фазасынан түтіктенуге дейін бақылаушы өсімдіктің биіктігі 23 см-ден 42-43 см-ге дейін өзгерген. Фондармен салыстырғанда, тыңайтылған нұсқалардың ішінде азотты және азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өсуге жақсы әсер берген. Күріш өсімдігінің өсіп дамуына тұздар мен тыңайтқыштардың әсер етуінің аталған заңдылықтары вегетацияның соңына дейін сақталған. Күріш өсімдігінің ең биік ұзындығы азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды бірге қолданған кезде байқалады.

Мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштарын күрішке берген кезде трубалану-гүлдену фазасына дейін жанама өсінділердің саны артқан (бір өсімдікке 3,5-4,0 дана) Тұзды топырақта минералды тыңайтқышты қолданған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы артады. Оның жиналуына мочевина жақсы әсер етеді, хлорлы тұздылық кезінде 10 шикі өсімдіктің салмағы 14,5 г құрады. Азотқа қарағанда фосфор күріш өсімдігінің вегетациялық салмағын аздап арттырады. Мочевина мен қос суперфосфатты бірге қолданған кезде өсімдік көп салмақ берді.

Бұтақтану фазасынан трубалану және гүлдену фазасына ауған кезде күріш өсімдігінің вегетациялық салмағы (интенсивті) қарқынды жиналғаны байқалды. Гүлдену фазасында мочевина мен азотты-фосфорлы тыңайтқыш енгізген кезде 10 дана күріш өсімдігінің шикі вегетациялық салмағы сәйкесінше 156,5 және 167,7 г құрайды. Сонымен, топырақтың хлорлы тұздануы күріш өсімдігінің өсуіне, дамуына және вегетациялық салмағының жиналуына кері әсер етті. Минералды тыңайтқыштар қосқан кезде олардың биіктігі, биосалмағы, әсіресе жанама өсінділердің саны артады. Мочевина қос суперфосфаттан гөрі жақсы әсер береді, ал екеуін бірге қолданғанда әсер оданда жақсы болады. Күріш өнімі мен оның құрылысына топырақ тұздылығының, азотты және фосфорлы тыңайтқыштың әсері. Хлорлы тұздалған жапыраққа азотты және фосфорлы тыңайтқышты енгізгенде күріш өнімі құрылымының барлық көрсеткіштерін жоғарлатты. Азотты тыңайтқышты бір жақты қолданғанда басты сіпсебастың ұзындығын 14,5 см-ге дейін ұзартты, бұл кездегі ондағы дәннің саны 76 дананы құрады. Қос суперфосфаттың әсері мочевинаға қарағанда әлсіздеу, ал екеуін бірге қолданғанда олар үлкен мәнге ие болады. Тұздалған топырақтарда бос дәнділікті төмендетуге минералды тыңайтқыштардың алатын орны зор. Мочевина мен суперфосфаттың біреуін қолданғанда ол 12 және 18%-ға дейін, ал бірге қолданғанда 11% дейін төмендеді.

Күріш өсімдіктерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – шоқтүптілігі, ол оның өніп-өсу шарттарымен тығыз байланысты. Топырақ кедей болған жағдайда өсімдіктерде жанама өркендер өспеді. Мочевинаны қосқаннан жанама өркендердің саны артты. Хлорлы тұздалған топырақта бір өсімдікке 3,5 дана жанама өркендер келеді, оның 2,5 данасы өнімді болады. Фосфорлы тыңайтқыштар күріш өсімдігінде жанама өркендерді өсірмеді. Бірақ, оның мочевинамен біршге қосқан кезде жанама өркендердің, әсіресе, өнімділердің саны артқандығы байқалды. Күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу әлеуетінің артта қалушылығы.

2011 жылы Қазақстанда күріш бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге орташа есеппен 38 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл күріш шаруашылығы жалпы өнімдерінің 0,2 пайызынан артық емес. Бұл деңгей дамушы елдердің деңгейінен үш есе төмен және ауыл шаруашылығы секторы тиімді елдердің деңгейінен 15 есе төмен. Ресейде күріш шаруашылығындағы аграрлық ғылымды қаржыландыру соңғы екі жылда жалпы күріш өндірісінің 0,7 пайыздан астамын құрайды.

Күріштің өнімділігі мен сапасын арттырудың басты тежеуші факторларының бірі уақтылы сорт жаңартуды жүргізбеу және тұқым шаруашылығы жұмыстарының төмен деңгейі болып табылады. Осы себептен соңғы 10-15 жылда күріштің өнімділігі артқан жоқ және төмен болып қалып отыр. Бұдан басқа, күріш алқаптарында саңырауқұлақты аурулардың пайда болуымен және қызыл топырақты сор-алқаптар басуымен байланысты күріштің өнімділігі мен сапасының төмендеуі байқалады.

Селекцияға салынған салымдардың экономикалық тиімділігі АҚШ мамандарының бағалауы бойынша 1:300 құрайды.

Күріш шаруашылығы сорттарды жаңартуды талап етеді, өйткені кез келген сорт 3-4 жылда ескіреді. «Маржан» және «Кубань» деген сорттарын Қызылорда облысының күрішшілері 20 жылдан астам уақыт өсіріп келеді. Олар ескірген және әр түрлі ауруларға ұшыраған. Жергілікті ғалымдар жаңа аудандастырылған сорттарды шығарып жатқаны белгілі, бірақ оларды енгізуге қаражат жоқ.

Ресейде мемлекеттің қолдауымен күріш сорттары үнемі жаңартылып отырады (жылына 5-7 жаңа сорт пайда болады). Бүгінгі таңда Ресейдің шаруашылықтары күріштің 40-қа жуық өзіндік сорттарын пайдаланады, бұл өнімділікке (бізге қарағанда 2 есеге артық) және түпкі нәтижеде рентабелділікке әсер етеді.

Қазақстан Республикасының күріш шаруашылығы саласын қазіргі заманғы әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге нарыққа шығару мынадай міндеттерді біртіндеп шешуді талап етеді: сорттарды шағын аудандастыру, бір сорттылықты еңсеру, жүйелі сортты ауыстыру және сорт жаңарту, қарқынды жағдайда да, ресурс үнемдейтін (гербицидсіз) технология жағдайында да өнімділігі жоғары әмбебап типтегі сорттарды енгізу.

Күріш шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасы мен шынайылығын арттыру және күріш пен күріштік ауыспалы егіс дақылдарының жаңа сорттарын жасау процесін жылдамдату, күріш шаруашылығының су және ресурстарын үнемдейтін технологияларын әзірлеу үшін «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-тің ғылыми-техникалық инфрақұрылымын қайта жаңғырту қажет.

Селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарының техникалық нашар жарақталуы – қазақстандық селекцияның жаңа сорттарын енгізу қарқынының төмен болуының және күріштің ресейлік сорттарымен бәсекеде артта қалып қоюының (десек те, жергілікті селекцияның жаңа генотиптері олардан сіпсебастарының өнімділігі және бейімделу әлеуеті жағынан озады) басты себебі. Бұл проблема жалпы, сондай-ақ арнайы мақсаттағы ауыл шаруашылығы техникасының тым жетіспеуіне байланысты туындап отыр. «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның шағын габаритті селекциялық тұқым сепкіштері, егін ору машиналары, комбайндары жоқ. Жаңа сорт тұқымдарымен өнеркәсіптік тұқым шаруашылығын, әсіресе, өндірістік егістерді қол еңбегімен қамтамасыз ету мүмкін емес. Шағын габаритті селекциялық техника болған жағдайда Мемлекеттік сортсынауды, шарттық негізде жаңа сорттарды өндірістік сынауды, сорттық агротехниканың негізгі элементтерін зерделеуді және жаңа селекциялық жетістіктерді кеңінен практикаға тездетіп енгізуді қатар жүргізуге болар еді.

Күріш пен ауыспалы күріш егісі дақылдарының жаңа, өнімділігі жоғары сорттарын өсіру жөніндегі селекциялық процесті жеделдету үшін институттың кадрлық құрамын нығайту, міндетті түрде жылыжай кешенін салу, жыл бойы үздіксіз зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи фитотрон кешендерін құру қажет. Шет елдердің тәжірибелері көрсеткендей, тіпті, Оңтүстік Корея, Индия, Филипин аралдары сияқты табиғи-климаттық жағдайы күріш селекциясына барынша қолайлы жерлерде де селекциялық жылыжайлардың немесе фитотрондардың болуы селекциялық процестің маңызды бөлігі болып табылады.

Өсімдік табиғатта кездесетін барлық элементтерді аз не көп мөлшерде сіңіреді, бірақ олардың тек 20-25 ғана биологиялық болып саналады. Күріш үшін олар: оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фософор, калий, кремний, күкірт, натрий, магний, кальций, хлор, ванадий, хром, молибден, марганец, темір, кобальт, цинк, олово, фтор, йод және бор. Күріштің құрғақ массасының негізгі құрамы көміртегі, оттегі, сутегі және азоттан тұрады. Бұл элементтерді органгогенді деп атайды. Оларды сіңіру не қайта шығару негізінен фотосинтез, тыныс алу, су режимімен қатар жүреді. Күріштің беткі қабатында азот, фосфор, калий және кремнийдің мөлшері 0,1-10 % шамасында. Олар күрішке микроэлементтер болып саналады. Құрғақ заттардағы деңгейлері бойынша күкірт, магний және кальций макроэлементтерге жақындайды. Ал қалған элементтер күріш үшін микро (0,15-0,01% төмен) және ультра микроэлементтер (0,01% төмен) болып саналады.Күріштің минералмен қоректенуі оның тамыр құрылымының ерекшелігіне тығыз байланысты.

Өсімдіктің ағашқы жапырақтары пайда бола бастағанда күріш дақылының тамыры шығып жуандай бастайды. Ал тамыр саны топырақ – су режиміне тығыз байланысты болады. Су басу кезеңінде жәй ылғалды кезінде салыстырғанда 2 есе көп болады. Осымен қатар топырақ-су режимі тек ғана өсімдіктің тамыр санын анықтап қоймайды. Ол олардың орналасу сипатын көрсетеді. Топырақ ылғалды болған сәтте көптеген тамырлар төменге қарай тұрады, тек бұрыштарында көлденең орналасқан аздаған тамыршаларды көруге болады. Ал су атыздарда тола болған сәтте тамырлардың көп бөлігі бұрыштарынан шыға бастайды (46%), ал үштен бір бөлігі тік және шамамен 20% көлденең орналасады. Бұл күріштің тамыр жүйесі топырақ қабатының жоғарғы қабатында (0-10см) жатқандығын көрсетеді. Ол күріштің минералды қоректенуінде белсенді рөл атқарады.

Тамыр жүйесінің екінші ерекшелігі – жанындағы түптердің өте аз мөлшерде болуы және тамыр шашақтардың мүлде болмауы. Бұл ассимилияцияық заттар өркеннің берік болып қалыптасуына жұмсалып, вегетациялық кезеңінің соңында эндоспермде қосымша қор ретінде сақталады.

Су басқан алқаптағы күріштердің тамыр жүйесі әлсіз болғандықтан, тыныс алуы әлсізірек болып келеді. Бұл ретте суға толы атыздардағы тамырлар 1 г құрғақ затынан сағатына 1,8 мг СО2 бөледі, ал ылғалды топырақтарда бұл көрсеткіш 4 мг шамасында болады. Күріш тамырларында тыныс алу қарқындылығының әлсіз болуы тамырлардың оттегімен нашар қамтамасыз етілетіндігін көрсетеді. Ол олардың құрылуына кететін энергетикалық материалдардың аз шығынын ғана көрсетеді. Тамыр жүйесіндегі оттегінің жиналуы аэренхимия арқылы жүзеге асады – вегетациялық қабықтар, негізгі және қосымша тамырларда да жақсы дамыған. Фотосинтез нәтижесінде пайда болған оттегі өсімдіктің жер бетілік мүшелері арқылы үзіліссіз тамырға келіп отырады.

Фотосинтез процесі жарықта жүретіндіктен, күндіз өсімдіктің ауа қуыстарындағы оттегі мөлшері атмосфераға қарағанда көбірек болады. Тамырға қарай жылжитын оттегі ауа қуыстарында жоғары концентрацияны ұстайды.

Күріш тамырының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін минералды қоректендіру кезінде қатаң ескеру қажет.

Күріш өзінің вегетациялық кезеңінде қоректік элементтердің көп мөлшерін пайдаланады, олар бірінші кезекте азот, фосфор және калий. Топырақа бұл элементтердің аз болуы ауылшаруашылық дақылдары өнімділігінің төмен болуына себепші болады. Әсіресе азот жеткіліксіздігі күрішке теріс әсерін тигізеді. Күріштің азотпен қоректенуі КСРО мен шет елдерде кеңінен зерттелген. Күріш азот тыңайтқыштарымен жақсы қоректенеді, олар күріштің тыңайтқыштар жүйесінде маңызды (шешуші) роль атқарады. Бұл кезде тыңайтқыштағы азоттың күйіне (формасына) назар аудару қажет. Күріш егістіктерінде аммиакты (аммоний сульфаты, аммоний хлориді, сусыз аммиак, аммонийі бар күрделі тыңайтқыштар) күйдегі немесе амидті (мочевина немесе карбамид, кальций цианамиді) күйдегі азоты бар тыңайтқыштар ғана қолданылады. Өйткені олардың топырақтағы айналым процесінде аммонийлі азот түзіледі. Азоттың әр түрлі күйде (аммиакты және нитратты) күрішке енуінің басты себептерінің бірі олардың күріш егетін аймақтардың су алған топырақтарында тұру дәрежесінің әр түрлі болуы болып табылады. Күріш қорегінің маңызды элементі фосфор болып табылады. Фосфор тыңайтқыштарын күрішке сепкенде дәннің өнімін жоғарлатады. Фосфор маңызды органикалық қосылыстардың құрамына енеді де зат алмасуға қатысады. Сондықтан оның жетіспеуі өсімдіктің өсіп дамуына, әсіресе бастапқы вегетацияға кері әсер береді. Азотты, фосфорлы, калийлі минералды тыңайтқыштарын бірге қолданбасақ күріштен жоғарғы өнімді алу мүмкін емес. Азоттың жетіспеуінен өсу процесі бұзылады, жапырақтар сарғаяды, сағақтардың дәнденуі төмендеп күріш өсімдігінің өнімділігі азаяды.

Азотпен тыңайту. Азот-тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда есімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы NH4+ және нитрат ионы N03 түрінде сіңіреді. Азот тыңайтқыштары минералды және органикалық болып белінеді. Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03) нитраттары (селитра) жатады. Олар—ақ түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар, онда коректік элементазот 15—16% болады. Аммоний сульфатында (NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент—азот болады. Көп қолданылатын тыңайтқыштың бірі— карбамид (мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак суы NHg, онда қоректік элемент азот 80% шамасында болады. Азот ақуыздың, аминқышқылдар, амин және азоттың қосылыстар құрамына кіреді. Сонымен қатар бос нуклеотид пен нуклеин қышқылының құрамында да азот кездеседі. Сол себепті де күріщтің өсу,даму және күріш өнімділігінің қалыптасуындағы рөлі ерекше. Азот тыңайтқыштары жапырақтағы хлорофил мөлшерін жоғарылатады [9,10,11]. Азот дақылдың вегетациялық массасының ұлғаюына және тамыр жүйесіне тиімді әсер етеді. Сонымен қатар түптерінің берік, шашақ гүлдердің көлемі, дән салғыштығын және өнім деңгейін анықтайды. Күріш тамыры арқылы сіңірілген бейорганикалық азоттар аммоний және нитратты формада болады. Күріш дақылына қай азоттың, яғни аммиакты немесе нитратты түрінің пайдалырақ болатындығы жайлы сұрақ ұзақ уақыт бойы талқыланып келді. Қазіргі таңда зат алмасу процесінде азот тотығы (NO3) жаңа пайда болған (NH4) формасына түседі. сіңірілген аммоний азоты азот нитратына қарағанда белсендірек, ол азотты қосылыстардың айналымына түседі. күрішке азоттың аммоний және нитратты аммонийлі түрін енгізсе, биомассаның көп болуына және жеке қабаттарда және өсімдік мүшелерінде ең тиімді қатынасты орнатады. Ал азоттың нитратты түрі керісінше минералды қоректенудегі маңызды элементтердің сіңірілуін төмендетеді, әсіресе калий және фосфат ионы. Соның нәтижесінде иондық баланс бұзылып, күріштің өсуі мен азықтық сапасы нашарлайды. Нитраттарды азоттык көзі ретінде күріштің екінші вегетациялық кезеңінде қолдануға болады. Бұл кезде ертіндіден тамырлар нитрат ионын тез сіңіретін болады. Күріштің азоттық қоректенуі оның органогенез және онтогенезін толықтай өзгертеді. Күріш азотсыз онтогенез айналымынан толықтай өте алмайды. Азоттың аз болуы түптенудің барлық фазасында кері әсерін тигізеді. Сол себепті де күріштің жанама масақтарының аз болуы не тіпті болмауы азот жетіспеушілігін көрсетеді [12,13].

Жапырақ түстерінің өзгерістері арқылы да азоттың жеткіліксіз екендігін көруге болады: төменгі жапырақтардың қызыл сарғыш-жасыл түсті, ортаңғы және жоғарғы жапырақтардың сарғыш жасыл түсті болуы. Сонымен қатар азоттың жеткіліксіздігін жапырақтың сыртқы пішініне қарап та анықтауға болады.

Сонымен қатар күріш топырақ ертіндісіндегі азоттың жоғарғы концентрациясына сезімтал. Күріш дақылын үнемі азотпен тыңайту вегетациялық массаның жаппай дамуында күріштің ұрықтануын зақымдап, өркендерінің пісіп жетілу үйелсімділігін бұзады және масақтардың бос болуы анық байқалады. Азотты шамадан тыс қолдану вегетациялық кезеңнің ұзақ болуына әкеледі. Нәтижесінде егіс алқаптарындағы күріштер құлайды.

Күріштің егіс алқабын азотпен еселеп қоректендірсе, өсімдіктің жер бетілік мұшелерінің (сабан,жапырақ) өсу қарқындылығы арта түседі, ал тамырлар өзінің өсуін баяулатады. Сонымен қатар оның белсенді сіңіргіш беткі қабаты және жалпы өзінің көлемі азаяды [14].

Азот тыңайтқышын шамадан тыс қолдану күріш дақылындағы ақуыздың зат айналым процесін бұзады. Мұндай өсімдіктердің қабықтарында көміртегінің жетіспеушілігі байқалады, ал пайда болған қантты заттар азотты пайдалану үшін жеткіліксіз.

Аммиактың көп болуы клеткалардағы метаболизмді баяулатады, күріш онымен уланып қалуы да мүмкін, тіпті кей жағдайда ол күріштің жойылуына әкеледі.

Қоректік қоспада азоттың көп не аз мөлшерде болуы, фосфор метаболизмінің тиімділігін төменедеті. Аталмыш екі жағдайда да фосфор минералының салыстырмалы салмағы артып, органикалық түрі төмендейді. Азоттың шамадан тыс көп болуы кремний метаболизіне әсер етеді. Ол күріштегі кремний мөлшерін күрт төмендетеді. Аммиак детоксикациясына кеткен көмірсулардың және кремнийдің төмендеуі әлсіз әрі жұқа клетка қабықшасын түзеді. Бұл дақылдың ауру мен зиянкестерге деген сезімталдылығын жоғарылата түседі.

Егіс алқабының тығыз болуы және азотпен тиімді қоректендіру нәтижесі дән құрамындағы ақуыздың жоғарылауына, крахмал мөлшерінің азаюына әкееді.

Осылайша, қоректік ортада азоттың шамадан тыс және жеткіліксіз болуы дақылдың бойына, дамуы мен азықтық сапасына кері әсерін тигізетіндігін дәлелдеді.

Егер егіс алқабы суға толы болса аммоний азоты топырақ сіңіру кешенінде болады. Сол себепті де азот сумен шайлып кетпейді, әрі күрішке қоректік көзі ретінде ұзақ уақыт бойы сақталады. Нитраттар керісінше топырақта сақталмайды, сондықтан да болар сумен тез шайылып кетеді [15,16].

Фосформен тыңайту. Фосфор–өсімдік тіршілігінде маңызды рөл атқаратын көптеген макроэнергетикалық қосылыстарың құрамына кіретін негізгі компоненттердің бірі. Фосфор—барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады. Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді

Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде ғалымның және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді.Бұл элемент нуклеозидтрифосфат, фосфопротеин, фосфолипид, фосфорлы қант және поленуклеотидтердің сахарофосфат қаңқаларында және қос, үш, олигонуклеотидтердің құрамына кіреді. Сөйтіп фосфор өсімдіктің өсуі кезеңдерінде көптеген процестерге қатысады. Өсімдікті азотпен тыңайту-күріш дақылынан жоғарғы өнім алуы үшін кепілдіктің бірі.

Өсімдіктің фосфорды сіңіруі екі әдіспен жүреді:

а) гликолиз процесінде көмірсуға айналған бейорганикалық фосфат түрінде;

б) тотыққан фосфор, яғни минералды фосфор органикалық фосфорга ауысады.

Фосфордың алмасуы дақылдың алғашқы вегетациялық кезеңінде маңызды болып саналады. Сондықтан да өркеннің шығу фазасында жеткіліксіз болған фосфорды, басқа фазаларда үстеп қоректендіру арқылы орнын толтыра алмайсын. Жас күріштердің тыныс алу қарқындылығы жоғары болғандықтан жалпы фосфордың біршама қорын жинайды. Вегетацияның соңында көрсеткіштер төмендейді.

Өсімдіктің бірінші өсу фазасында фосфорға деген қажеттілік жоғары, ал кейінгі кезеңдерде қайта бөлінген қосындылар негізінде әрекет етеді. Бұл физиологиялық ерекшелік барлық фосфор түрлерін тұқым себуден бұрын пайдалануды көрсетеді.

Анна күрішін еккенде фосфорсыз фонда түптену фазасын дейін фосформен үстеп қоректендіру фосфор минералын көбейтеді. Онымен қатар өсімдік қабаттарында сахарофосфаттарды артады. Бұл қанттың фосфор минералының акцепторы екендігін көрсетеді. Фосформен үстеп қоректендіргенде сахарофосфаттардың көбеюі фосфор минералының деткосикациясына байланысты. Бұл ретте аммиак түзіледі. Күріш метаболизмінде аммиак пен фосфор көмірсутегі акцепторы үшін бәсекелестік көрсетеді.

Тұқым себуден бұрын фосфордың ең тиімді мөлшері пайдаланылатын болса, масақтардағы дәндер ірірек, дәнді және жанама өркендердің азықтық сапасын арттыра түседі. Сол себепті де фосфор тыңайтқышын пайдалану арқылы азоттың кері әсерін алдын алуға болады.

Фосфор тыңайтқыштарын азотпен бірге пайдаланса тиімділігі артады. Фосфорды тұқым себер алдын енгізсе, азотты жинар алдын береді. Суға толтырылған күріш ақаптарында өсімдікке қиын сіңіріетін фосфор қосылыстары жылжымалы түріне ауысады.

Фосфор тыңайтқышының мөлшері топырақ типіне және ондағы жылжамыла фосформен қамтамасыз етілгендігіне байланысты алынады. Тұзданған топырақтарда жылжымалы фосфор мөлшері орташа болса Р90 , ал жылжымалы фосфор төмен болса Р 120 мөлшері жеткілікті.

Күрішке берілетін фосфор тыңайтқыштарының негізгі түрлері кәдімгі, қос және аммонмй суперфосфаты, фосфат ұнын және принципитатты кейде қолданады.

Күріш дақылы үшін калий барлық вегетациялық кезеңінде қажет болады. Дегенмен, калийдің критикалық кезеңі сабақтану-шашақтану фазаларында жүреді. Күрішке қосымша үстеп қоректендіру кезінде калий пайданса, жоғарғы сабақ жапырақтарында көмірсулардың көп болуына әкеледі.

Гулдеу кезеңінде, жапырақ пен сабақтарда көп болғандығына қарамастан тиімді болады. Калийдің бұлай тиімді болуының себебі, дәннің пісу кезеңінде енгізілеген калий қажетті өсімдік мүшелеріне бірден түседі. Ол бұдан бөлек дән тозаңдарының да бойына оң әсерін тигізеді.

Күріш өнімділігі негізінен азот тыңайтқыштарының енгізілуімен есептелінеді. Оларды дұрыс пайдалана білсек өнімділік 60-80% , кейде тіпті 4,5 есе жоғарылайтын болады. Азот тыңайтқыштарының күріш өнімділігіне әсерін зерттеген көптеген ғалымдар «максимум өнім» ау үшін азот тыңайтқышының 175-180 мг/га мөлшерін пайдалануды ұсынған.

Азот тыңайттқышының өнімділікке әсерін ТМД аймағында зерттегенде, әртүрлі азот мөлшеріне байланысты қосымша өнімділікте өзгеріп отырған. Мысалы, N60 болғанда 3,5-15,8 ц/га аралығында, ал N120 болғанда 18,4-27,8 ц/га жеткен. Шет елдік мемлекеттерде күрішен 65-80ц/га һнім алу үшін, азот тыңайтқышының 150-200 кг/га мөлшерін енгізеді.

Азот тыңайтқышының тиімділігін арттыра түсу үшін күріштің қоректік элементтерді максимум сіңіретін кезеңінде берген дұрыс.

Зерттеу жұмыстары күріштің азотты пайдалануында бірнеше уақыттары бар: түптену, масақтану фазалары. Түптену фазасында күріштің азотты сіңіретіндігін, ал гүлдеу кезеңінің басында (70-80 %), өркендер шығарда аз мөшереде қажет екендігін ғалым анықтады. Ал басқа зерттеушілердің жұмысынан күріштің топырақтан түптену фазасына дейін 20-25% сіңіретіндігін, ал сабақтану кезеңінде топырақтан бұл элементтің 90% сіңіреді. Күріштің азотты пайдалануы көрсетілген уақыттар азот тыңайтқышын қай уақытта қолдану керектігін анықтайды.

Алайда күрішке азотты енгізудің нақты біріңғай бір уақыты болмайды. Көптеген тәжірибелердің мәліметтерінен, оларды бөліп берудің тиімділігі жоғары болатынын көреміз [19,20].

Күріш өсіретін көптеген мемлекеттерде азот тыңайтқышын негізінен бөліп береді. Олай жасаудың өзінідік бір себептері бар: күріш алқабы суға толы боған кезде, күріштің азотты сіңіруі сипаты төмендеп, тіпті бұл элеменнтің жоюылуыан әкеуі мүмкін. Көптеген мәліметтер бойынша күріш егісінде азоттың 50% дейін жойылғандығын көрсетеді. Бұл процес тек азот тыңайтқышының тиімділігін төмендетіп ғана қоймай, қоршаған ортаның нитратты және нитритті ластануына әкеледі.

Күріштің тамыр жүйесінің жоғарғы бөлігі үстеп енгізілген азотты тиімді пайдаланады. Ғалым мен басқа зерттеушілердің мәліметтері көрсеткендей топырақтың 4 см қабатындағы тамырлардың 80% сіңіруге қатысады. Күріштің тамырлары көлденең орналасқандықтан үстеме берілген азотты түптену және сабақтану фазаларында жақсы сіңіреді. Сонымен қатар бұл кезде екіншілік тамырлар шығады.

Әр автор өздерінің зерттеу жұмыстарын негізге ала отырып, азот тыңайтқышын әр уақытта енгізуді ұсынады: өркендер шыққанда, түптену адын, түптенудің ортаңғы кезеңінде, сабақтанудың басында. Қазақстан жерінде егілетін күрішке азот тыңайтқышының негізгі дозасы себуден алдын және қосымша бірнеше үстеп қоректенуді қолдану пайдалырақ.

Күріштің минералдық коректенуі көп жылдық мәліметтер негізінде алынып, критикалық кезеңі 3-4тен 7-8 жапырақ пайда болған уақытта екендігі анықталды. Алайда ғалымдар зерттеу жұмыстарынан соң азотпен үстеп қоректендірудің нақты бір мерзімі анықталды. Сонымен, азот тыңайтқышын органогенездің 3 кезеңі бойынша үстеп қоректендіру масақтарының азықтық тұрғыда сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі мен сапасының артуы фосфор тыңайтқыштарын пайдаланумен тығыз байанысты. Қазақстан жерінде фосфор тыңайтқышының тиімділігін алғаш рет 1929 жылдары зерттеген болатын. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына тыңайтқыштардың әсерін зерттеу үшін жүргізілетін көптеген жұмыстар топырақ түрін және егілген дақылға байанысты шектелді [20].

Фосфор тыңайтқышын қызылша ауыспалы егісіне пайдалануы бойынша ғалым көптеген жұмыстар жасаған болатын,

Әртүрлі топырақ типтерінде және суармалы құнарлы жерледе фосфор тыңайтқышының сіңірілу механизмін Қазақстан және ТМД мемлекеттерінің тереңінен зерттеп, көптеген мәліметтер қорын жинады.

Топыраққа енгізілген фосфор тыңайтқышының қышқылы физика-химиялық және биологиялық процестердің әсерінен күрделі түріне ауысады. Бұл ретте оның ерігіштігі және өсімдік үшін сіңірігіштігі де өзгереді.

Бірінші егілген дақыл жылына фосфордың 10-30% пайдаланады. Р32 радио-активті изатобын және жаңа зерттеу әдістерін қолдану фосфор тыңайтқышын қолдану коэфицентінің жоғарғы екенін дәлелдеді [22,23].

Топырақтағы фосфаттардың минералды және органикалы қосылыстары бір-бірінен ерігіштігі бойынша ерекшеленеді. Топырақтан бөлінген фосфаттардың әр түрлі формасы ерігіштігі бойынша орнығады.

Топыраққа енгізілген фосфор тыңайтқыштары жыртылатын қабатта және топырақтың ылғал деңгейінде түрлеріне байланысты жылжып отырады. Бұл ретте фосфор тапырақ қабаты бойынша әлсіз жылжиды. Ал суперфосфат суарылған судың әсерінен 8-10 см тереңдікке және 5-6 см өзінің енгізілген жерінде таралады.

Қазақстанның суармалы топырақтарында жалпы фосфордың айтарлықтай қосымша мөлшері сақталады. Олар 0-20 см топырақ қабатында 3,6-4,6 т/га және 0-100 см қабатында 15,9-17,3 т/га жетеді. Суармалы жағдайда топырақтағы фосфор өсімдік қоректенуіндегі негізгі элементтердің бірі.

Алайда, күріш ауыспалы егісінде топырақта жүретін процестер суармалы топыраққа қарағанда өзгешелеу болып келеді. Сондықтан-да күріш егілген топырақтар құнарлығы бойынша өзіндік ерекшеліктерімен сипатталынады: құрамы және гумус құрамы, биологиялық және микробиологиялық белсенділігі, су, физика-химиялық қасиеттері, минерологиялық құрамы, биохимиялық айналым. Бұл ретте басты рольді тотығу-тотықсыздану потенциалы атқарады.

Күріш егілген топырақты суға толтыру жылжымалы фосфорлардың көбейуіне әкеледі. Оның себебі фосфор қышқыл анионының босап шығып, темірдің тотығуына байланысты. Топырақтағы фосфаттардың топ құрамы бойынша өзгеруі әдетте суға толтырылған күріштің егіс алқаптарында байқалады. Суға толтырылған топырақтарда фосфаттардың екінші тобы әдеттегіден 2 есеге дейін жоғарылайды. Ал, егістікті құрғатқаннан соң олардың көрсеткіштері біршама төмендейді. Бұл топырақтарда фосфор түрлері 2-ші топтағы қосылыстарда тез және толықтай ауыстырылады. Аз еритін 3, 4 топтағы фосфаттардың да қосылыстары 2-ші топтағы қосылыстарға ауысады.

Топырақты ауалы құрғатқан соң 2-ші топтан 3-ші топқа 95-97% фосфор қосылыстары ауысқан. Күріш егілген топырақтарда бұл ауысым әлсізірек жүреді. Топырақтарды құрғаттаннан соң фосфордың 60-75%-ы, ал бір жылдан соң құрғақ жағдайда 80-85%-ы ғана ауысқан [24, 25].

Осылайша күріш дақылының өнімділігіне елеулі әсер ететін құнарлылықтың негізгі көрсеткіші топырақта жылжымалы фосфор түрлерінің болуында. Егер өсімдікте фосфор жетіспесе ақуыс айналымы бұзылып, тамыр жүйесінің шығуы нашарлап, өркендерден шыққан жапырақтар толық жайылмай, түптену өте баяу жүріп, масақтар әлсіз түзіледі және дән қабықшасы толық толыспайды. Ерте вегетациялық кезеңінде фосфордың жеткіліксіз болу нәтижесі барлық өсімдіктің даму фазасына кері әсерін тигізеді. Алайда, фосфорды өсімдіктің даму фазасының соңында енгізсе өзіміз күткен нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Яғни, фосфор тыңайтқыштарын күрішке ертерек беру керек екенін дәлелдейді [26].

Бірақта күріштің фосфорды сіңіру динамикасы керісінше жүреді. Ғалымның мәліметтері бойынша күріш сабақтанудан соң фосфор тыңайтқышының біршама мөлшерін сіңірген, ал ғалымның пікірінше күріштің топырақтан фосфорды сіңіруі сабақтану фазасында бітеді.

Калиймен қоректендіру. Калий. Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады.

Өсімдікте калий жетіспесе өсуі баяулап, әртүрлі ауруларға сезімтал келеді. Негізінен күріш топырақтары калийге бай келеді, бірақ күріш топыраққа енгізілген калийдің жеңіл түрлеріне сезімтал келеді. Күріш өзінің вегетациялық массасына калийді көп сіңіреді. Сондықтан-да топырақта үнемі калийдің сіңірілетін түрі жеткілікті болуы қажет. Көптеген күріш егілген аймақтарда калийді бірқатарға беру оң әсерін тигізбейді. Бұл алдымен топырақ құрамындағы калийдің болуымен түсіндіріледі. Азот-фосфор фонында калийді енгізу өнімділік деңгейін арттыра түседі.

Ғалымдардың мәліметтері бойынша азот түзуші A.Pallida тиано бактериясы айтарлықтай биомассаны түзгенін (4 айда 60 т/га), ең жоғарғы көрсеткіш топыраққа 80 т/га енгізгенде болатындығын көреміз. A.Pallida топырақтағы азот балансына және топырақтағы гумус құрамымен алмаспалы калийге оң әсерін тигізген, сонымен қатар A.Pallida тамыр жүйесінің тамыр жүйесінің бөлігінің дамуына және құрғақ биомасса (4,9-11,9) өнімділігінің жоғарылуына септігін тигізеді [27].

Вегетациялық және кіші алқаптарда жүргізілген тәжірибиелерде хлоритті, сульфатты-хлоритті және кешенді тұзданған топырақтарға ғалымжәне басқа ғалымдар күріш сортының өнімділігіне калций тыңайтқышының әсерін зерттеді. Көп жылдық тәжірибелер нәтижесі калцийдің 0,1% тиімді консентрациясын енгізсе күріш өніміне және оның құрылымдық элементтеріне оң әсер ететіндігін анықтады. Вегетациялық тәжірибелер нәтижесі калцийді шалғынды хлоридті натрилі тұзданған немесе теңіз сулары арқылы тұзданған топырақтарға егілген күріш өнімдігіне және құрылымдық элементтеріне оң әсер ететіндігін көрсетті [28].

Ғалымдар күріштің әртүрлі сорттарының өнісділігіне әсер ететін ресурстарды және топырақты жақсартатын препараттардың жаңа түрін зерттеді. Бақылау нәтижесінің соңында сорбент маңыздылыққа және зеттеу нысанды өзектілікке ие болды. Сорбент отандық өндірістерде өте арзан препараттар қатарына жатады. Сондықтанда оның құрамын көмірден бөліп алу қажет [29].

Азот тыңайтқышының күріш дәніндегі азоттық заттарға және олардың жиналу динамикасын ғалым толықтай зерттеді. Күріш дәніндегі азот заттарының жинақталуы олардың пісіп жетілуіне бырыңғай болмайды.

Жалпы азот дәннің толық толықсында, ал ақуыздық заттар дәннің сүттену фазасында жинақталады. Күріш дәніндегі азоттың алмасу заңдылығы оның пісіп жетілу және өнімді жинау ерекшелігі азот тыңайтқыштарының енгізу әдісіне байланысты ерекшеленеді [30].

Тыңайқыштарды енгізу әдісі мен мөлшеріне байланысты күріш дәнінің қалыптасуы жайлы көп жылдық зерттеулер мәліметтерінің нәтижесін ғалымдар тексерді [31].

Қызылорда аймағында өсірілетін күріш сорттарының сапасы мерзімдік және аймақтық тиімділікке байланысты. ғалымдардың пікірлері бойынша заманауи селекцияның негізгі міндеті күріштің соңғы онтогенез бөлімінде жалғасатын адаптацияны күшейту қажет [32].




2 Зерттелетін ауданның топырақтық – климаттық жағдайы



2.1 Климат


Аймақтың климаты күрт-континентальді, жазда – ыстық-құрғақ, қыста – қар жамылғысы жұқа және суық. Климаты Орталық Азияға тән және ауа массаларының келуіне байланысты атмосфералық процестердің ерекшеліктерімен сипатталады. Мұнда, циклон – басты рольді атқарады. Батыс ылғалы және солтүстіктің суық массасы аймақтағы ауа температурасын және жауын-шашын мөлшерін төмендетеді. Қызылорда облысында күз-қыс мерзімдерінде қатты құрғақшылық байқалады. Жылдың суық мерзімінде Сырдария өзенінің маңында салқынырақ ауа-рауын туғызатын аз жылжымалы циклон жүреді. Бұл кезде жауын-шашын күндері көп болады және тәуліктік және жылдық температура амлитудасының ауытқуы жоғарылайды. Жылдық максимальды орташа температура 11,10С, ал қаңтар айында -13,50С-ге дейін төмендейді. Қысы – суық, қар жамылғысы тұрақсыз, жазы – ыстық және құрғақ. Температура режимі климаттың контенентальдылығын ұстайды. Олардың нәтижесі жылдық максимум және минимум амплитудалық ауытқуларынан байқауға болады. Абсолютті максимум 40-420С-ге дейін, ал минимум -370С, ауытқу жер шарында сирек ездесетін көрсеткішті береді, яғни, 800С.

Аймақ температурасындағы аязсыз күндер орташа есеппен 178-190 күнге созылады. Көктемгі салқын сәуір айының екінші онкүндігінде тоқтайды, алайда кей жерлерде мамыр айының бірінші және екінші онкүндігінде байқалып жатады, ал арал аймағында мамыр айының соңында. Алғашқы күздің аяздары ең алғаш қазан айының екінші онкүндігінде байқалады. Бірақ оның қыркүйек айының үшінші және екінші онкүндігінде түспеуіне кепілдік

Жылдың жылы кезеңі (00С–орташа тәуліктік температурадан жоғары) бірінші аймақ 3-6 наурыздан 20–23 қаңтарға дейін созылады, ал екінші аймақ 14–18 наурыздан 11-16 қаңтарға дейін және үшінші аймақ 20-25 наурыздан 8-15 қаңтар. Ең суық ай – қаңтар, ең жылы – шілде айы. Қыстың суық күндері температура –34–390-қа төмендейді, ең жылы айда – температураның орташа көрсеткіші+26+280С.

Облыстың климаты өте құрғақ. Бірінші аймақтағы жауын-шашын мөлшері жылына – 152-159 мм, екінші 129-144 мм, басқа аймақтарда олардың мөлшері–128-135 мм-ден аспайды. Бірінші аймақта түсетін жайын-шашынның мөлшері жылдың суық кезеңінде болады (қаңтар, наурыз), қалған аймақтарға керісінше (сәуір, қазан).

Жылдық жауын-шашын мөлшерін көрсеткіші тұрақсыз. Құрғақ жылдары бар-жоғы 40-70 мм, ал ығалды 200-213 мм.

Орташа жылдық желдің жылдамдығы 3-4 м/сек. Олардың көктем-қыс айларында маңыздылығы ерекше (кесте 1).


кесте 1

2017 жылғы жағдайдың метеорологиялық сипаттамасы

Айлар

2014 жылы а.ш.

ауаның орташа күндік температурасы, °С

жауын-шашын,мм

орташа айлық

орташа көпжылдық

+,- орташа көпжылдық

бір айда

орташа көп жылдық

+,- орташа көпжылдыққа

Қаңтар

-4,3

6,8

+2,5

36

19

+17

Ақпан

-2,1

-5,0

+2,9

14

15

-1

Наурыз

9,0

2,7

+6,3

7

17

-10

Сәуір

15,2

13,3

+1,9

23

16

+7

Мамыр

21,9

20,3

+1,6

9

16

-7

Көктем

15,3

12,1

+3,3

39

49

-10

Маусым

26,7

26,1

+0,6

10

10

0

Шілде

28,6

27,8

+0,8

1

6

-5

Тамыз

27,8

25,7

+2,1

3

4

-1

Жаз

27,7

26,5

+1,2

14

20

-6


Бірінші аймақта регетациялық кезеңнің ұзақтығы 225-226 күн, ал екінші аймақта–208-217 күн, үшінші аймақта – 198-208 күн. Бірінші аймақта көктемде орташа тұрақты температура 00-тан бастап 19-20 наурызда, екінші аймақта–26-30 наурыз және үшінші аймақта 31 наурыздан 7 сәуірге дейін, ал күзде сәйкесінше 1–қаңтар, 25-31-қазан, 23-28 қазан.

Бірінші аймақта ауа температурасының 100С-ге ауысуы 2-6 сәуірде және күзде 13-14 қазан, ал екінші 9-14 сәуір және 9-14 қазан, үшінші 14-21 сәуір және 7-11 қазан.

100С-ден жоғары жиынтығы бірінші аймақта 3800-46000С. Ауа температурасы 100С-ден жоғары болған кезеңде жауын-шашын мөлшері 40-60мм.

Аймақтағы екінші онкүндікте ауа температурасының 100С-ден жоғары жиынтығы 3700-41500С, бұл кезеңде жауын-шашын мөлшері 30-50мм.Үшінші аймақта орташа есеппен 3500-45000С-ге жетеді, бұл кезде жауын-шашын мөлшері 0-55мм.



2.2 Тәжірибе салынған участкілердің агрохимиялық сипаттамасы


Қарауылтөбе тәжірибе шаруа қожалығы Арал маңы агроэкологиялық және ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтында көптеген негізгі өндірістік және негізгі танаптық тәжірибелер жасалынды. Ол Қызылорда облысының солтүстігінен 10 км қашықтықта орналасқан.

Тәжірибе учаскесінің топырақтары бұрыннан шалғынды батпақты гидроморфты қатардағы карбонатты топырақтар. Ол Қызылорда облысының оң және солтүсткі бөлігінде орналасқан. Топырақ түзуші жынысы қабатты аллювиалды қалдықтар. Аймақтың кей жерлерінде жеңілқұмбалшықты және балшықты топырақтар кезедседі, олар топырақ жамылғысының механикалық құрамы бойынша әркелкі болатындығын дәлелдейді.

Тәжірибе учаскесінің топырақтары жыртылатын қабатта орташа тығыздалған. Жыртылатын қабаттың көлемдік салмағы 1,2-1,31 г/см құрайды. Жыртылатын қабаттың астындағы топырақтардың тығыздылығы біршама жоғары, ал көлемдік салмағы сәйкесінше 1,5-1,47 г/см. Топырақтың сүзгіштік коэфициентті өте төмен, яғни 0,09-0,23 м/тәу, ал қуыстылығы 42,8-48,1% құрайды. Ыза суларының деңгейі жоғары әрі тұзданған болғандықтан суда еритін тұздардың беткі қабатқа (0-15) шығуына ықпал етеді. Тұздану типі-хлоридті-сульфатты, ондағы тұздар қалдықтарының жиынтығы 0,5-1,4% құрайды.

Тәжірибе учаскесі топырақтарының сіңіру сиымдылығы жоғары. олар жоғарғы қабаттарда 100г топырақта 20-дан 33,3мг/экв шамасында болады. Топырақ сіңіру кешенінде көптеген мөлшерде кальций және магний кездеседі. Кальцийдің 60-70% топырақ сиымдылығына кетсе, ал натрий мен калийдің мөлшері төмен болады.

Тәжірибе учаскесінің агрохимиялық сипаттары төмендегі көрсетілген (кесте 2).

кесте 2

Тәжірибе учаскесі топырақтарының агрохимиялық сипаттамасы

Топырақ қабаттары,см

Гумус, %

Қоректік элементтердің түрлері

Жалпы, %

Жылжымалы,мг/кг

N

P

K

N

Р2 O5

K2 O

0-30

1,64

0,12

0,087

1,485

88,9

14,8

490

30-52

1,43

0,11

0,062

1,571

63,4

11,6

450

52-70

1,11

0,10

0,062

1,528

47,1

10,4

420

70-90

1,00

0,10

0,061

1,542

Анық-маған

Анық-маған

Анық-маған

90-135

0,97

0,09

0,061

1,500

Анық-маған

Анық-маған

Анық-маған

Топырақтағы әлсіз гидролизденетін азоттың құрамы бойынша жоғарғы қамтамасыз етілген санатқа жатқызылады, топырақ жылжымалы фосформен аз қамтамасыз етілінген, ал калиймен жоғары болып келеді.

Күріш танаптарының топырақтары өзіндік ерекшелігіне қарамастан жалпы бір сипаттары ұқсас келеді:

  1. Жоғарғы карбонаттылығы, Карбонаттардың көп болуы фосфор тыңайтқыштарын жылжымалы түрге ауысуына септігін тигізеді. Яғни өсімдік пайдаланатын түрі.

  2. Қабаттарды қабатты болуы топырақ түзуші аллювиады жыныстарға тығыз байланысты. Сонымен қатар 1-0,25мм мөлшеріндегі шаңды фракциялардың болуы және диаметрі 1мм аспайтын фракциялардың кездеспеу.

  3. Суқұрылымының болуы және макроқұрылымдардың жоқтығы.

  4. Топырақ қабатының (0-15см) ең көп тұздануы. Тұздану типі хлоридті –сульфатты.

  5. Макробиологиялық процестердің жүруі нәтижесінде органикалық заттардың жылдам көбеюі.

  6. Барлық топырақтар калийге бай, фосордың жылжымалы түрі орташа, азот төмен.







































3 Зерттеудің мақсаты, бағдарламасы, нысаны және әдістері



Алға қойылған міндеттерді орындау үшін Аралмаңы ҒЗИ мекемесінде тәжірибелік танаптарда зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Қазақстан аймағының Арал маңында кеңінен тараған Маржан сорты алынды.

Күрішке наноагромелиоративтік әдісін зерттеу келесі сұлба бойынша жүзеге асырылды.

  1. Бақылау- тыңайтқышсыз

  2. N90P90 –фон

  3. Фон+биокомпост+ТВф 1т/га

  4. Фон+биокомпост+ ТВф 2т/га

  5. Күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу

  6. Фон+ күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу


Тәжірибелерді қою агрохимиялық зерттеу әдістеріне негізіделе отырып жасалынды. Күріш селекциясындағы тәжірибе жұмыстарының әдістемесі басшылықа алынды.

Күріштің дәнін ғалымдардың айтуынша гүлдің қабыршағының ішінде болады, ал өндірісшілер - лузга немесе қабықша деп атайды. Күздігүні дән егістіктерден заводтарға апарылады да қабықшасынан тазаланады, ал сабан далада қалады. Қабықшасынан талаңған дән сары түсті болып келеді, ал әдеттегі ақ түсті күрішті алу үшін тұтынушыға күрішті тегістейді, сыртқы қабатын алыптастайды. Ақырында ақ тегісті- күріштің жармасын алу үшін үш түрлы қалдықтар қалады -: сабан, гүлдің қабыршағы (лузга, қабық) және отруби (мучка) . Қалдық саны кәсіпорындарда күріштің жармасының - 30 пайызға дейін құрғақ дәннің елінен келеді. Органикалық заттар күріштің қабыршығында лузгасында 82 % (ППП) келеді, ал кремнезем - 15,64 %. Күріштің қабығынан алынған Биокомпосттар негізгі нәрлі элементтерді сақтайды (кесте 3)

кесте 3

Биокомпостың химиялық құрамының деректері

Биокомпост+ ТВф
(қышқыл ашыған масса)

Химиялық құрамы кг/тонна

N

NH4-N

P2O5

K2O

MgO SiO2

17-18

3,0-3,5

10-10,9

8,0-8,8

3,5-4,2 15,17

Биологиялық тыңайтқыштар бактерияның клеткаларынан және арнаулы үстеменің (тұрақтандырғыштың және толтырғыштардың) суспензиялерінен құралады. Оның дайындау үшін негізгі топырақ микрофлораасынан алынған бактериялардың микронды штаммдарың пайдалаңған.

Қышқыл биокомпостарды целлюлотикалық бактериялардың қауымдастығы күріш қабықшасын ыдырату арқылы алады ҚР Микробиология және вирусология институтында зерттеліп табылған. Екінші биоөнім ТВф қысқаша атауы, зерттеуге күріш қабықшасын қаттыфазалық биоконверсия арқылы (ферментациялау) бактериялардың штаммдары арқылы дайындалған. Күріш қабықшасы ферменттелінген биокомпосттар тәжірибе учаскесіне көрсетілген зерттеуге алыңған 1т/га, 2 т/га мөлшерде негізгі топырақ өңдеуде берілген. Ал зерттелуге алынған физиологиялық белсенді азкөлемді гуминді препарат адаптоген ПА-3 стандарт СТ ТОО 151 187-30-01-2006 бойынша Ой-Қарағай, Қияқты кеңдеріндегі қоңыр көмірлерінен және Қазақстанда өсетін жабайы емдік шөптерден және басқа да заттардан дайындалған. Көктемде түқым себер алдында күріш дәндері 2% белсенді азкөлемді гуминді адоптоген ПА-3 препаратымен өңделіп егілген. Аз көлемді препарат ПА-3 биотестілеу әдісі арқылы Оспанов атындағы ҚҒЗИ топырақтану және агрохимия ТОО зерттеліп алыңған. Адоптоген ПА- 3 тұқымды себер алдыңда және күріш көшеттерің түптену кезеңіңде азотты минералдық тыңайтқыштармен бүрку арқылы қолданады. Оңы қоңыр көмірдің В3 маркасынан, емдік шөптерден және ерекше биоқосымшалар арқылы дайындалған. Ол күріш дақылының нақты айтқанда дәнің өсіп шығу қабілетін жоғарлатады, экстремальды жағдайға төзімділігін нығайтады топырақтың туздануына, пестециттерге, қүрғақшылыққа, топырақтың және судың температурасының өзгеруіне ж.т.б.

Ол өзінше майда гранулалы қара түсті, жүмсақ суда жақсы ериді ( жаңбыр, қардан еріген суда, өзен суы ж.т.б.) Адоптоген ПА-3 экологиялық таза препарат. Ол токсикогенді емес, канцерогенды емес, мутагенді емес, паталогиялық және аллергиялық симптомдарды шақырмайды. Гуминді препарат адоптоген минералдық қөрек ретінде қолданбайды ол тек қөректік заттардың пайдалану коэффициентін жоғарлатады.

Тәжірибе танабының жалпы көлемі 100 м2, төрт қайталымнан тұрады. Фосфор тыңайтқыштары алдын ала бекітіген сұлба бойынша, тұқым себер алдын енгізілді.

Тәжірибеде фосфор тыңайтқышы ретінде түйірленген қос суперфосфатты, азот тыңайтқыштарынан аммоний сульфатын пайдаланды.

Тыңайтқыштарды енгізе сала өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Барлық вегетациялық кезеңде келесі есептеулер мен талдауар жүргізілді:

  • Әр танаптағы күріштің өркен шығару және жинау кезеңіндегі жиілігін есептеу;

  • Өсімдіктердің бойын және дамуын есептеу, құрғақ заттың жинақталуы;

  • Б.А.Доспехов (1979) бойынша күріштің толық пісіп-жетілу фазасында биометриялық талдама жасау [37];

  • Күріш дақылының негізгі фазаларында топырақтағы қоректік элементтердің динамикасын анықтау үшін топырақ үлгіерін алу: аммиак азотын – Несслер реактивінің көмегімен, азот нитратын – Грандваль-Ляжу, ал жылжымалы фосфорды Мачигин әдісі бойынша.

  • Өсімдіктегі азот, фосфор және калий мөлшерінің ауытқуларын білу үшін өсімдік үлгілерін алу: азот - Кьелдаль әдісімен, фосфор- колорометриялық және калий Цейс жалынды фотометрі арқылы;

  • Күріштің азотты сіңіру коэффициенті әртүрлі әдіспен есептелінеді;

  • Күріш дәнінің сапасын анықтайтын көрсеткіштер: дәндегі ақуыздың болуын Барнштейн әдісі, крахмал полялиметриялық, сапаның технологиялық көрсеткіштерін Мемлекеттік комиссияның сортты тексеру әдісі бойынша ЛУР аппартында қарайды.

  • Егіс алқабының фотосинтетикалық әсерін зерттеу: жапырақтың беткі қабаты және индексі, фототсинтетикалық потенциал,фотосинтездің шаруашылық тиімді коэффициенті

Наноагромелиоративтік әдістердің күріш дақылының өсіп өніуіне және өнімділігіне әсері



Наноагромелиоративтік әдістердің күріш дақылының биомасса жинау қабілетіне әсері

Жалпы метаболизм процесінің белсенділігін өсімдікте жинақталған құрғақ массаның сипаты мен көлемі бойынша бағалайды [39].

Минералды тыңайтқыштар фонында наноагромелиоративтік әдістерді зерттеу нәтижесі вегетациялық фазалар бойынша күріш дақылының құрғақ массасының жинақталуына оң әсер ететіндігі анықталды. Барлық вегетациялық кезеңде жинақталған күріштің құрғақ биомассасы тыңайтқышсыз бақылау вариантында айтарлықтай 49,0-59,1 г жоғарылаған, керісінше 100 өсімдікте 35,2 г. (кесте 6).

Кесте 6

Наноагромелиоративтік әдіске байланысты күріш дақылында жиналатын құрғақ биомасса динамикасы

Тәжірибе вариант-ы

Күріштің құрғақ массасы,г/100 өсімдік

түптену

сабақтану

шашақтану

Сүттеніп пісу


Толық

пісіп

жетілу

Бақылау-тыңайтқышсыз

35,2

157,3

286,7

354,5

538,4

N90P90 –фон

49,0

275,4

432,5

575,1

863,5

Фон+биокомпост+ТВф 1т/га

53,5

303,2

468,6

619,8

956,8

Фон+биокомпост+ ТВф 2т/га

59,1

347,6

501,3

680,5

1018,6

Күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді аз көлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу

36,2

165,7

323,5

388,9

658,5

Фон+ тұқымын ПА-3 өңдеу

58,6

326,5

497,5

661,2

988,9


Сабақтану фазасынан бастап тыңайтылған өсімдіктердің биомассасы тыңайтқыштар мөлшеріне байланысты артұан және олардың қатынасы тыңайтқышсыз варианттардағы өсімдіктің биомассасын айтарықтай жоғарылатқан.

Күрішке адаптоген және биотыңайтқыш енгізілген варианттарда олардың өсуі мен дамуы басқа минералды тыңайтқыш берген варианттардан ерекшеленіп тұрды. Түптену фазасында биокомпост тыңайтқышын енгізу, минералды тыңайтқыштың әртүрлі мөлшерін енгізген варианттармен салыстырғанда құрғақ биомассаны 8,2-20,4% жоғарылатқан.

Сонымен қатар құрғақ массаның абсолютті көлемі минералды тыңайтқыштармен қатар N90P90 биотыңайтқышын енгізген варианттарда 10,7-17,8% дейін артқан.

Бақылау вариантында жинақталған құрғақ биомассаның мөлшері, тыңайтқыш берген вариаттармен салыстырғанда 1,4-1,7 есе төмен болды.

Күріштің құрғақ биомассасының біршама жинақталуына N90P90 фонында енгізілген биокомпост+ТВф 2т/га, және минералды фонда адоптоген ПА-3 күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% мен өңдеу әсер етті.



5.2. Наноагромелиоративтік әдістердің күріш дақылының өнімділігіне әсері


Жоғары әрі сапалы өнім алу үшін тыңайтқышты қолдану дәстүрлі әдістердің бірі. Ол топырақ құнарлығын сақтай отыра, бәсекелестікке шыға алатын сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.

Күріш басқа дақылдарға қарағанда фосфор мөшерінің көп болуына сезімтал келеді, нәтижесінде өнімділіктің төмендеуіне әкеледі.

Фосфордың өсімдікте шамадан тыс болуы физиологиялық күйзеліске ұшыратып, хлорозаға әкеледі.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде наноагромелиоративтік әдістердің минералды тыңайтқыш пайдаланылған және бақылау вариантымен салыстырғанда біршама тиімдірек екендігі анықталды (кесте 7).

кесте 7

Наноагромелиоративтік әдістерге байланысты күріш дәнінің өнімділігі

Тәжірибе варианттары

Өнім,ц/га

2013

2014

орташа

Тыңайтқышсыз

28,5

30,3

29,4

N90P90 –фон

46,3

50,7

48,5

Фон+биокомпост+ТВф 1т/га

55,4

60,2

57,8

Фон+биокомпост+ ТВф 2т/га

62,4

64,9

63,6

Күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу

35,2

37,3

36,3

Фон+ тұқымын ПА-3 өңдеу

59,8

63,0

61,4

НСР

1,01

4,78



Минералды тыңайтқыштарды тұқым себер алдын N90P90 мөлшерінде енгізу қосымша өнімділікті 19,1 ц/га немесе бақылау вариантындағы өнімділік 29,4 ц/га болғанда 65% болған. Биотыңайтқышты 1 немесе 2 т/га мөлшерінде тұқымды адоптоген ПА-3 өңдеу арқылы енгізгенде қосымша: 28,4;34,2;32,0; N90P90 берілген вариантпен биокомпосттың 2 т/га дозасы берілген вариантын салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш-63,6 ц/га болған.

Адоптоген ПА-3 минералды фонда өзін жақсы танытты, алайда тек күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеуге қарағанда 6 вариантта өңім мөлшері 61,4 ц/га көтерілді ал тек таза адоптогенмен ғана өнделгенде ол көрсеткіш 36,3 ц/га күрады.

Өнімділік бойынша алынған мәліметтер күріш өнімінің құрылымдық талдамасының нәтижесін көрсетеді.

Кестеден көріп отырғанымыздай, тыңайтқышты тиімді қолданудың нәтижесі өсімдіктердің соңғы жиналымына дейін толықтай сақтаған. Тыңайтылған варианттарда өсімдіктерді жинар алдын 14-20дана/м болған. Әлбетте бұл тыңайтқыштың түріне және мөлшеріне байланысты болатын көрсеткіштер. Бір өсімдіктегі қуыстылығы, сапасы және сабақтар саны да 0,6-0,9 жоғары немессе 46-49% болған (кесте 8).

кесте 8

Наноагромелиоративтік әдістерге байланысты күріш өнімінің құрылымы

Тәжірибе варианты

Өсімдік-терді жинар уақыт-тағы саны

Азық-тық түпті-лігі

Өсімдік-тің бойы,

См

Шашақ-гүлдердің

Ұзынды-ғы, см

Шашақ-гүлдегі дәндер саны,

Дана

1000 дән салма-ғы

Тыңайтқышсыз

201

1,3

70,3

11,9

39,1

30,3

N90P90 –фон

215

1,9

99,7

14,7

63,7

29,4

Фон+биокомпост+ТВф 1т/га

221

2,0

103,5

16,3

70,8

30,8

Фон+биокомпост+ ТВф 2т/га

224

2,2

107,8

17,5

82,5

31,9

Күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу

207

1,8

102,3

12,3

45,8

30,8

Фон+ тұқымын ПА-3 өңдеу

218

2,1

104,7

16,8

77,3

32,0


Минералды тыңайтқыштарды 90 кг ә.з/га енгізгенде өнімділікте жалпы өсімдік массасын арттырған, алайда жеке дәндік салмағы төмендеген. Бұл ретте ең аз 1000 дәннің салмағы -29,7 г, бұл тыңайтқышсыз вариантпен салыстырғанда 1,1 г төмен. Алынған мәліметтердің нәтижесі наноагромелиоративтік әдістердің оңтайлы әсер еткендігін көрсетеді. Тәжірибеде төртінші және алтынші варианттардың көрсеткіштері басқа варианттарға қарағанда айтарлықтай жоғары болған. Оның ішінде түптену, шашақгүлдер бойы және дән санының көрсеткіштері.





5.3 Наноагромелиоративтік әдістердің күріш дәнінің сапасына әсері


Күріш өндірісіндегі мәселелердің артуы оның сапасына тікелей байланысты. Дәннің жылтырлығы 1% -дан артса, ондағы 1мың.т шамасындағы масақтардың құлауы төмендейді.

Күріштің сапалы болуын тұтынушылар–күріш жармасының асханалық және товарлық қасиеттеріне байланысты деп ойлайды: дәмі, түсі, қайнауы, ботқа сұйықтығы. Күріштің негізгі сапалық көрсеткіштері ондағы крахмал мен ақуыздың болуы, жеке аминқышқылдар, май қышқылдары, минералды қосылыстар, оның жалпы калориясын анықтаушы дәрумендер және басқа да заттардың болуы мен жеңіл бөлінуі.

Күріш дәнінің сапасы крахмалдың қосымша заттарың мөлшеріне байланысты. Оның 90% құрғақ зат құрамына кіреді.

Басқа астық дақылдарына қарағанда күріш дәнінде крахмалдың мөлшері көп болады. Дәннің қабыршақтарында 68-87% крахмал кездесе, жармасында 88-90% дейін жетеді. Крахмал ұрық түзілу кезінде жаңа клеткалар түзуге қатысатын негізгі заттардың бірі. Ол адамның да қоректенуіндегі негізгі қажетті элементтердің бірі, сол себепті де күріш асханалық дақылдардың қатарына кіреді.

Дән қабыршағында крахмалдан соң ақуыз екінші орынды алады. Күріш дәнінде ақуыздың мөлшері көп болуына қарамастан, олар бір-бірінен ерігіштің деңгейі бойынша ажыратылады. Ақуыздың құрамында аминқышқылдар болады, олар оған қоректік сапа береді. Ақуыз құрамында оризени басымдылыққа ие, ол оның 80% құрайды. Сондай олар күріш шикізатын өңдегеннен соң да толықтай сақталады.

Күріш сортының технологиялық көрсеткіші–жарманың толық шығуы және оның өзегінің толық болуы–дәнің келесі сапаларына байланысты: шынылылығы, сынықтығы және өсіру аймағы мен егу мерзіміне байланысты.

Ауа температурасы жоғары, ылғалы төмен және жауын-шашын мөлшері аз (Арал маңы) болатын аймақтарда егілген күріштердің асханалық құрамы ерекше болады. Олардың құрамында ақуыз мөлшері көп болады да, керісінше крахмал аз болады. Вегетациялық кезеңнің ұзақ болуы нәтижесінде дәнніің шынылығы, сынғыштығы және өзектіғ толық болу көрсеткіштері төмендейді.

Күріш дәнінің сапасына агротехникалық шаралар тікелей әсер етеді. Сондай-ақ күріштің сапалы болуына егу мерзімінің рөлі де бар. Оларды ең қолайлы мерзімде егу дәндердің өз уақытында пісіп-жетілуіне септігін тигізеді. Тұқымды кеш егу–күріштің сапасы ондағы эндосперманің ұнтақталуынан пайда болатын бос дәндердің көбеюіне байланысты нашарлай түседі. Әрі олардың технологиялық және асханалық сапасы өте төмен болады.

Күріш дәніне минералды тыңайтқыштар белгілі бір деңгейде әсер етеді. Азот, фосфор және калийдің ең тиімді мөлшерін қолдану ондағы ақуыздың көбейіп фракциялық құрамының артуына себепші болады. Мұнымен қатар крахмалдығ азаюы байқалады. Жалпы жарманың шығуы жоғарылайды. Бұл ретте вегетациялық кезеңнің ұзақтығы артады. Азот тыңайтқышының шамадан тыс болуы дән мен масақтарға кері әсерін тигізеді. Тыңайтқыштардың әсерінен күріш жармасының химия-технологиялық көрсеткіштері де өзгереді.

Біз жүргізген наноагромелиоративтік әдістерді зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесінен күріш дәні сапасының артқандығын көреміз (кесте 9).

кесте 9

Наноагромелиоративтік әдістерге байланысты күріш дәнінің химиялық және технологиялық сапа көрсеткіштеріне әсері

Тәжірибе варианттары

Ақуыз, %

Крахмал, %

Жармалардың шығуы, %

Жалпы

Сонымен қатар

Толық өзегі

бөлшектенген

Тыңайтқышсыз

7,5

61,2

70,2

75,4

24,6

N90P90 –фон

8,1

62,7

68,3

70,7

29,3

Фон+биокомпост+ТВф 1т/га

7,9

64,8

70,8

75,3

24,7

Фон+биокомпост+ ТВф 2т/га

8,3

75,6

73,6

85,1

14,9

Күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу

7,8

69,2

71,2

78,2

25,1

Фон+ тұқымын ПА-3 өңдеу

8,3

71,5

71,7

80,5

19,5

Адаптоген ПА-3 және биологиялық тыңайтқыштар ақуыз құрамына айтарлықтай әсер етпеген және олар тәжірибе варианттары бойынша 7,5-тен тыңайтылған варианттарды 7,9-8,3 арасында ауытқыған. Бақылау вариантындағы 61,2% крахмал биокомпост берілген вариантта 70,4-75,6% дейін жеткен. Жармалардың көптеп шығуы және өзектің толықтығы үшінші және төртінші варианттарда сәйкесінше-73,6-85,1% жетеді.

Осылайша, күріш дәнінің сапалы болуы минералды қоректенуімен тығыз байланыста екендігін тағы бір дәлелдеді. Минералды қоректендіруде қажетті элементтерді тиімді түрде бере білу күріш дәніңің сапасын арттыра түседі.










6 Күріш дақылында қолданған наноагромелиоративтік әдістердің экономикалық тиімділіктері


Тыңайтқыштың агрономиялық тиімділігі күріштің өнімділігі мен сапасына тигізетін әсерінен анықталынады. Ал қосымша өнімділіктің артуы не төмендеуі аймақтың топырақ-климат жағдайларына байланысты болса, экономикалық тиімділігі – тыңайтқыштардың күріш өніміне әсер етіп ғана қоймай, өзіндік құның төмен болуын және шаруақожалығында қалатын таза пайданың жоғары болуын қамтамасыз етуін айтамыз. Экономикалық тиімділік өсімдіктің барлық айналымында анықталып отырады. Сонымен қатар тыңайтқыштардың кейінгі жылғы әсерлері де есептелінеді.

Күрішке берілген тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігі минералды тыңайтқыштардың экономикалық тұрғыда тиімсіз екендігі анықталынды. Көрсетілген таза табыс 114600 тенге /га (кесте 10)

кесте 10

Наноагромелиоративті әдісті қолданудың экономикалық тиімділігі

Вариант

Күріш өнімі,

ц/га

Тыңайтқыш есебінен алынған қосымша өнім, ц/га

Қосымша өнімнің құны,

теңге/ га

Шығыны,

теңге/ га

Шартты таза пайда,

тг/га

1кг тыңайтқыштың ә.з алыңғаң қосымша өнім,

кг

Тыңайтқышсыз

29,4

-

-

-

-

-

N90P90 –фон

48,5

19,1

382000

267400

114600

15,9

Фон+биоком-пост+ТВф 1т/га

57,8

28,4

568000

397600

170400

15,8

Фон+биоком-пост+ ТВф 2т/га

63,6

34,2

684000

478800

205200

16,3

Күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді аз көлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 пен өңдеу

36,3

6,9

138000

96600

41400

-

Фон+ тұқымын ПА-3 өңдеу

61,4

32,0

640000

448000

192000

13,3


N90P90 фонында берілген биотыңайтқыштары пайданы 167400 дене 205200 ге дейін көтереді. Соңғы варианттарда берілген тыңайтқыштар қосымша өнімділіктен түсетін таза пайданы сәйкесінше 205200 және 192000 тенге/га арттырған.

Тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігін анықтағанда басты өлшемдердің бірі - өсімі.









































  1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері



Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда тыңайтқыш қолдану маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мысалы, минералдық тыңайтқыш пайдаланудан көпшілік дақылдардың түсімі орта есеппен 50- 80 пайызға дейін жоғарылайды. Сондықтан, тыңайтқыш қолданудан түбегейлі түрде бас тарту өнімді өндіруді күрт төмендетуге әкеп соғады. Алайда тыңайтқыш қолдану технологиясын сақтамау, оның құрамында өсімдікке зиянды әсер ететін улы қосылыстардың кездесуі, сапасы нашар тыңайтқыштарды пайдалану топырақтың, атмосфераның, жер асты суының тағы басқа бізді қоршаған объектілердің ластануына ықпал етеді.

Тыңайтқыштарды қолдану кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Қоршаған табиғи ортаның тыңайтқыштардың әсерінен ластануына мына жағдайлар себепші болады.

Тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау, қоспа дайындау және оларды топыраққа енгізу технологиясын сақтамау. Зауытта өндірілген минералдық тыңайтқыштардың егістікке жеткенше 10-15 пайызы ысырап болады. Жоғары концентрлі тыңайтқышты пайдалануда егістікке біркелкі шашпаса өнім төмендейді.

Ғылыми жағынан негізделген тыңайтқыш қолданудың агрономиялық технологиясының бұзылыуы. Сондықтан тыіайтқыштардың беру мерзімін, мөлшерін, әдісін дұрыс орындауға жете көңіл аудару өсімдіктің қоректенуін жақсартады, топырақ құнарлығын арттырады және қоршаған ортаның ластануын төмендетеді.

Қоршаған ортаның ластануына эрозия құбылысы да әсерін тигізеді. Қазақстанда жерлердің 5,12 млн га астамы жел эрозиясына, ал 17 млн га астамы су эрозиясына ұшырауға бейім. Дүние жүзі бойынша күніне 100-200 га жер эрозияға ұшырайды. Эрозияның тигізетін зиянды әсерін есептеп жеткізу қиын. Мысалы, 1 гектар егістік жел эрозиясына ұшырағанда ол 600 кг жалпы азот, 108 кг жылжымалы фосфор және 105 кг алмаспалы калий жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына душар болған жердің әрбір гектары 2 тоннаға дейін жалпы азот, 230 кг фосфор мен 215 кг калийден айырылады. Профессор Д.Я. Михайловтың мәліметі бойынша, жер бетінің көлбеуі 1,5-2 о болған жағдайда су эрозиясына ұшыраған әрбір га жер 400-800 кг азоттан, 100-150 фосфордан, 3-5 тонна калийден және 10-12 тонна органикалық заттардан айырылады.(кесте 13,сурет4).

Тыңайтқыш қолданғанда эрозия құбылысы төмендеп топырақтағы қоректік заттардың шайылуы азаяды.

Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.

Қазіргі кезде пестицидтер қолданудың қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен ондай препараттар улылығы аз препаратпен ауыстырылуда. Олардың формалары кейінгі кезде жетілдірілуде. Сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормалары да негізделуде.Минералды тыңайтқыштар ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Оларға макрожәне микротыңайтқыштар жатады. Минералды макротыңайтқыштар дегеніміз құрамына топырақ құнарлылығын арттыратын негізгі элементгер (азот, фосфор, калий) енетін затгар. Макротыңайтқыштар азотты, фосфорлы, калийлі және аралас деп бөлінеді.

Минералды тыңайтқыштар түрлері көп. Мысалы, азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы, карбомид, натрий нитраты, аммиак селитрасы, калий селитрасы және т.б. енгізіледі. Фосфорлы тыңайтқыштар тобына қарапайым және қос суперфосфаттар, негізгі шлактар және т.б. жатады. Азотты минералды тыңайтқыштар топыраққа тым артық енгізілсе мал денсаулығына зиян. Өйткені, нитрат метгемоглобинемия деп аталатын улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар топырақта канцерогенді әсері бар нитрозаминдердің синтезделуінің негізі болады.

Калий топыраққа өте баяу көшеді және топырақтың өздігінен тазаруы мен топырақ биоценозына зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен бірге топырақ қыртысына жасанды сортаңдандыратын хлор иондары енгізіледі. Сонымен бірге мал организміне жиналған аз ғана калий жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Фосфат топырақты онша ластай қоймайды. Әйтсе де фосфат тыңайтқышы гектарына 600 кг немесе топырақтың 1 килограмына 200 мг аспауы қажет. Бұл шамадан асып кетсе жем-шөптің органолептикалық қасиеті мен қоректік құндылығын нашарлатады. Сонымен қатар топыраққа фосфор тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1 литр жер асты суында 20 мг дейін фтор енгізілді деген сөз. Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде  химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т. жетсе, ал 529 обьектіде радиактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн. т. жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор,мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді интенсивті пайдалану топыраққа қосымша кері әсерін тигізді. Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады. Ерекше қатты пайдалы қазбаларды өндіргенде қоршаған ортаға зиян келтірді. Тау қопару жұмыстарында бос жыныстардың үйіндісі үлкен өндіріске өнім беретін алаң, тұрмысқа қажетті жерлер айналымнан шығып қалады.

Аммоний карбонаты – тұрақсыз қосылыс, мочевинаның ыдырауы сияқты ыдырап, (NH3) бөлініп, ұшып кетеді.

Қалыпты жағдайда азоттың барлық түрлері белгілі бір уақыт аралығында жылжымалы түріне ауысып, инфильтрациялық сулармен біраз мөлшері шығын болады. Қазіргі кезде азотсыздану процестерін тежеу үшін өндірістерде азот тыңайтқышын қолдану коэффициентін көтеруге мүмкіндік беретін және қоршаған ортаға шығынын біршама төмендететін әртүрлі ингибиторлар сынақтан өткізілуде. Азотсыздану ингибиторларының ішінде кең тарағаны американдық препараттар: нитропирин (N-Serve), Extend, сондай-ақ топыраққа енгізілген тыңайтқыштардағы аммоний иондарының азотсыздануын тоқтататын жапондық ингибиторлар тыңайтқыштардағы азоттың коэффициентін 10-15%, кей жағдайларда одан да жоғары көтереді. Көптеген минералды тыңайтқыштардың, әсіресе азотты тыңайтқыштардың кемшіліктерінің бірі, олардың физиологиялық қышқылдылығы, сондай-ақ оларда ендіру технологиялары салдарынан қалдықты қышқылдардың болуында. Осындай тыңайтқыштарды ауспалы егісте қарқынды қолдану топырақты қышқылдандырып, өсімдіктердің өсуіне қолайсыз жағдай туғызады. Осыдан топырақты әктеу және тыңайтқыштардың қышқылдылығын бейтараптау қажеттілігі туындайды. Минералды тыңайтқыштардың физикалық қасиеттерін жақсарту, сонымен қатар тыңайтқыш ретінде жаңа химиялық қосылыстарды жете зерттеу қажеттілігі талап етілуде. Бұл зерттеулер өсімдіктер қорегін макро- және микроэлементтермен, қоректік элементтердің өсу стимулятормен, ретарданттармен, азотсыздану ингибиторларымен және т.б. үйлесімділігін оптимизациялау бағытта болу керек. Қазіргі кезде түйіршіктер әртүрлі қабықшалармен, элементарлы күкіртпен бүркелген капсулалы тыңайтқыштарды қолдану тараған. Дақылдардың вегетация процестерінде, қоректік элементтері, әсіресе азоттың босатылатыны бақыланатын тыңайтқыштарды алу маңызды.

Мұнда тыңайтқыш берілген танаптың өсімдігінің тамыр жүйесі жақсы өсіп жетіледі, топырақтың физикалық қасиеті жақсарады, ақырында топырақты эрозияға ұшыраудан қорғайды.

Тыңайтқыш құрамында кездесетін ілеспе қосылыстар мен элементтер қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Кейбір минералдық тыңайтқыштар құрамында фтор, хлор, натрий және улы ауыр металдар (кадмий, сынап, қорғасын т.б.) болады. Әрине бұл элементтердің біразы аз мөлшерде өсімдікке пайдалы. Ал тыңайтқыштың ұдайы жоғары мөлшерін қолданғанда топыраққа улы заттармен бірге бөгде қоспалар көп мөлшерде шоғырланады. Олар топыра қасиеті мен құнарлығына, дақылдың өнімі мен сапасына теріс әсер етеді және жер асты суының құрамы нашарлайды.




кесте 11

Эрозия әсерінен топырақ құрамындағы қоректік заттардың шайылуы, кг/га

Қоректік заттар

Тыңайтқыш берілмеген танап

N90Р90берілген танап

Топырақ массасы

4730

3500

Қара шірінді

260

128

Азот

17,1

12,0

Фосфор

14,1

10,8

Калий

93,0

69,0


Сурет 1. Эрозия әсерінен топырақ құрамындағы қоректік заттардың шайылуы, кг/га

Топырақ эрозиясының пайда болу себептерін талдау, бұл болмай қоймайтын құбылыс екенін, ал ол егіншіліктің ғылыми принциптері мен заңдылықтарының агрономиялық әдіс технологияларының ғылыми негізделген кешендерінің айтарлықтай бұзылуын тудыратынын көрсетеді.

Отандас және шет ел зерттеу нәтижелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылық тәжірибелік қызметтер топырақты эрозиядан және қоректік заттардың шығын болудан сақтап қалудың келесі негізгі агрономиялыќ шаралар кешенін ұсынуға мүмкіндік берді.

Эрозиялық қауіп дәрежесін есепке алып ғылыми негізделген мамандандырылған топырақ сақтаушы ауыспалы егісті өңдеу және игеру.

Топырақты эрозияға қарсы өңдеу жүйелері: қайырымсыз, сыдыра, минималды, суыртпақтап, контурлы, жалды,ұяғалап жырту, аудармай терең өңдеу, топырақты тілу және т.б.

Контурлы, террасты, суыртпақтап егу егіншілігін және эрозияѓа ќарсы мелиоративті шаралар кешенін ендіру.

Жиілеп егу, сондай-ақ тығыздап себілген топырақ қорғаушы дақылдарды қатараралық қолдану. Бұл әдіс әсіресе жеңіл топырақтар үшін тиімді.

Қатты эрозияға ұшыраған егіс алқаптарын көп жылдық шөптермен шалғыныдандыру.

Минералды және органикалық тыңайтқыштарды түрін, дозасын, ендіру мерзімі мен әдістерін дұрыс таңдау–шайу мен сілтісіздену кезінде топырақтан қоректік элементтердің шығынын болдырмаудың маңызды амалы.

Түйіртпектізуші–полимерлерді қолдану.

Тыңайтқыштар мен әртүрлі тыңайту ќұралдарының қасиеттері мен химиялыќ құрамының жетілдірілмеу салдарынан биогенді элементтердің едәуір бөлігі қоршаған ортаға шығын болады. Мысалы, мочевина азотының, тыңайтқыштан аммиак формасының газтәріздес аммиак (NH3) түрінде шығынның ұшырауы, әсіресе оларды беттік енгізу кезінде микробиологиялық процестердің әсерінен болады. Бұл шығын гранулометрлік құрамы жеңіл және карбонаттылығы жоғары топырақтарда артады. Мочевинаны топыраққа сіңіру азот шығынын біршама азайтады. Гумусқа бай топырақтарда қолайлы жағдайлар кезінде мочевинаның көмір қышқылды аммонийге айналуы 2-3 аралығында жүзеге асады.Бейтарап және сілтілі топырақтарда жауын-шашынсыз аммиак түріне шығын болуы арта түседі. Мочевинаны топыраққа сіңіре отырып енгізу (жырту астына, егу алдында қопсыту, себу кезінде қарықтау ) өте тиімді.

Тыңайтқыштардан азоттың шығын болуының екінші биологиялық жолы–топырақтағы азотсызданау процесі. Осы процесс салдарынан газ түрінде азоттың шығыны 15-25% және осы элементтің мөлшерін енгізгенде одан да артық болады. Топырақтан бөлінген газ тәріздес азот өнімдері көбінесе N2 және N2O түрінде болады.

Азоттың тыңайтқыштан көп шығын болатын химиялық жолы - аммиакты тыңайтқыш түрінің сілтілілігі, карбонаттылығы жоғары топырақтармен әсерлесуі салдарынан бос аммиактың (NH3) бөлінуі. Топырақтағы биологиялық және химиялық процестер бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Мысалы, фосфорит ұнының құрамында 2-3 пайыз фтор және 1,2-1,7 пайыз сторнций болса, суперфосфат 1,2-2,7 пайыз фтор мен 1 пайыз стронций кездеседі. Минералдық тыңайтқыштар құрамында улы заттар оларды өндіру барысында шикізаттардан (мысалы апатит, фосфорит, калий рудалары) ауысады. Мысалы, фосфатты руда құрамындағы фтордың 50-80 пайыз тыңайтқышта қалады. Сондықтан егістікке бір тонна фосфор бергенде шамамен 160 кг фтор түседі. Бұл топырақтың қасиеті мен құнарлығының нашарлауына, биологиялық құбылыстардың баяу өтуіне және өсімдіктегі биохимиялық процестердің бұзылуына әкеп соғады. Фтор фотосинтез және белок синтезделуін, фосфорглукомутоза, фосфартаза ферменттерінің қызметін баяулатады. Ауыр металдармен ластанған топырақ құрамындағы қоректік заттарды дақылдар көбірек сіңіреді. Өсімдік кадмий мен мырышты қорғасын, хром және сынапқа қарағанда көбірек қабылдайды. Мыс пен никель элементтері өсімдікке зиянды болып саналады.

Ауылшаруашылығы дақылдарына көң, қорда түрлі өндіріс қалдықтарын жоғары мөлшерде ұдайы қолдану топырақ құрамында микроэлементтердің (оның ішінде ауыр металдар) шектен тыс көп жиналуына әкеп соғады. Олардың топырақтағы концентрациясының өте жоғарылауы тірі организмдердің улануына себепші болады.

Топырақ пен өсімдіктің ауыр металдармен ластануын төмендетудің және ауылшаруашылығы дақылдарының құрамындағы улы заттардың мөлшерін реттеудің басты жолы – органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ғылыми негізде қолдану.

Азотты тыңатқыштардың жоғары мөлшерін пайдаланған кезде гумин және фульво қышқылдары мен кальций, магний катиондарының топырақтың төменгі қабатына жылжуы күшейеді, өсімдіктің калий элементімен қоректенуі нашарлайды. Ауылшарушылығы дақылдары өнімінің құрамындағы нитраттың шектен тыс артуы адамдар мен малдардың организімін уландырады. Мал азығы үшін нитратты азоттың уландырғыш деңгейі 0,2 %. Сондықтан құрамында 0,2 % немесе одан жоғары нитратты азоты бар азықты малға беруге болмайды.

Адам өз салмағының әрбір кг – мына 5 мг есебіне нитрат пайдалануына болады.

Өсімдік құрамындағы нитрат мөлшерін, азотты тыңатйқыштардың жоғары мөлшерін бірнеше рет бөліп беру, минералдық және органикалық тыңайтқыштарды бірге пайдалану, ингибиторларды тыңайтқышқа қосып беру, тұқымды себу мерзімін сақтау және тағы басқа агротехникалық шараларды қатаң сақтау арқылы реттеуге болады. Фосфор тыңайтқыштарының экологиялық зардабы көбінесе олардың құрамындағы ауыр металдардың мөлшеріне және кальций мен фосфор оксидтерінің ара қатынасына тәуелді. Егер СаО мен Р2О5 арақатынасы өнім құрамында 1:1 немесе 1:1,5 болса фосфор адам организіміне зиянды емес.

Фосфор тыңайтқыштарының шикізаттарын өңдеуді жетілдіру есебінен және эрозияға қарсы шараларды жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаны фосфор элементімен ластануын төмендетуге болады.

Калий тыңайтқыштары қоршаған ортаны аз дәрежеде ластайды.Топыраққа енгізілген калий тыңайтқыштарының құрамындағы хлордан картоп, темекі, жүзім көп зардап шегеді. Шөп құрамында калий көбейіп кетсе, оны пайдаланған мал уланады.

Егістіктің 1 га топырағынан орта есеппен 20-25 кг калий шайылады.Топырақ ерітіндісінде калий катионының концентрациясының жоғарылауынан кальций мен калий (Са:К) және магний мен калий элементтерінің (Мg:К) арақатынастары өзгереді және топырақтың сіңіру комплексінен кальций мен магний көп мөлшерде ығыстырылады.

Органикалық тыңайтқыштар мен ағынды сулар және шөгінділерді пайдаланудың өзі де топырақтағы ауыр металдардың концентрациясын жоғарылатады. Қоршаған ортаның улы заттармен ластануын төмендету үшін негізінен төмендегі шараларды жүзеге асыру керек.

Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ – климат жағдайларына және жоспарланған өнім деңгейіне сәйкес тыңайтқыштардың қолайлы мөлшері, түрі, топыраққа ендіру әдісі көрсетілген жан- жақты дайындалған тыңайту технологиясын қатаң орындау.

Қышқыл және кебірленген топырақты химиялық жолмен мелиорациялау үшін әк, гипс тыңайтқыштарын қолдану.

Органикалық тыңайтқыштарды жинау, сақтау, пайдалану үшін агрономиялық ережелерді орындау және минералдық тыңайтқыштармен тиімді ұштастырып қолдану.

Ғылыми жағынан негізделген ауыспалы егістерді игеру.

Топырақты су және жел эрозиясынан сақтауға арналған шараларды

пайдалану.

Түрлі аурулар мен зиянкестерге төзімділігі жоғары ауылшаруашылығы

дақылдарының сорттарын себу.

Топырақтың қорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа менжер бетілік суларға қарағанда әлде қайда қозғалссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен атропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбеие береді.

Адам жер қыртысын барынша өндеп, күшті жер бетін өзгерту фактыларымен айналысуда. Техниканың дамуы жер бетін күшті өзгертуге мүмкіндік берді. Жаңа формалар жасады (дуалдар, шұңқырлар, ойықтар, адырлар, дөңестер ж.б.) Мысал, көлік құрылыстары ойықтар, үйінділер мен шұңқырлар жасайды.Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады. Ерекше қатты пайдалы қазбаларды өндіргенде қоршаған ортаға зиян келтірді. Тау қопару жұмыстарында бос жыныстардың үйіндісі үлкен өндіріске өнім беретін алаң, тұрмысқа қажетті жерлер айналымнан шығып қалады.

Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады. Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы.

Химиялық ластаушылар (неорганикалықжәне органикалық заттар) үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа  топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады.

ТМД елдерінде (пестицидтердің көптеген түрін қолдануға рұқсат етілген. Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден едәуір асып түседі және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. Топырақ пестицидтермен ластанса ол жердің шөбі мен суын малға беруге болмайды. Оның ауасын жұтудың өзі де қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға әкеліп соқтырады.

Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн . га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен ластанған. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам жүруде.        

 Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жолберіліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдық және 33,2 млн. т органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.




































8 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі


Еңбек қорғау дегеніміз – еңбек процесінде қауіпсіздікті, адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік – экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі.

Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі тығыз байланысты. Себебі өрт өндірістегі және тұрмыстағы материалдық құндылыққа ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып келеді.

Мен практикадан өткен қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтында қауіпсіздік техникасы туралы, еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер, өрттен сақтану нұсқаулары, өрт сөндіруге арналған инвентарь және оны қолдану ережесі; уланған кезде, күйіп қалған жағдайда, электр тогы соққанда көмек беру жолдары және тағы басқа жазатайым жағдайға ұшыраған кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары бәрі де қарастырылған.

Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.

Еңбек қорғау жөніндегі стандарттар, ережелер мен нормалар. Мемлекет, өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар мен ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың ережелер мен нормалардың кәсіпорындарға қамтамасыз етуін, сондай–ақ ұжымдық шарттара белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызметкер құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауға міндетті.

Адам ағзасы мен денсаулығына әсері бойынша токсикологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикі заттарды, материалды қолдануға тыйым салынған.

Егіншілікте химикат қолдануға қатысатын адам сол шаруашылықтың өзінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі арнаулы курсты пысықтау дайындығынан өтеді. Бұл сабақтардан олар күнделікті жұмыс күн тәртібі мен химикаттар қолдану ережелерімен танысады. Мұндай дайынықтардан өткен адамдарға арнаулы куәлік беріледі. Барлық химикаттармен жұмыс істейтін адамдарға арнаулы киімдер (халат, қорғаныш көзілдіріктер, распиратор, қолғап, сабын, етік), сондай–ақ 0,5 л сүт тегін беріледі. Ол химикаттарды қолдану, механикаландыру, автоматтандыру еңбек өнімділігін арттыруға, әр түрлі химикаттардың адам үшін зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстарда 18–ге толмаған жастар, екі қабат, емізулі баласы бар әйелдердің жұмыс істеуіне болмайды.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы иниститутында күздік бидайға қолданылатын улы химикаттармен жұмыс істеу кезінде қоршаған құралдардан пайдаланып, адамдар тыныс алу органдарына, терісіне, көзіне және киімдеріне препараттарды тигізбеуіне болады. Тыныс жолдарын қорғау үшін химикат шаңына қарсы распираторлар мен противогаздар немесе тамшы түрінде болып, физика – химиялық қасиеттері жағынан буланбайтын болса, әрі олар белгілі дәрежеде ауада шоғарланбаса ғана киіледі. Ал улы химикаттар теріге, көзге зиянын тигізбес үшін арнайы қорғаныш киімдері, аяқкиімдер, қолғаптар және қорғаныш көзілдіріктер киген жөн. Арнаулы киім жұмыс аяқталғаннан кейін күнде пестицидер мен шаңнан тазарту үшін қағылады немесе ашық ауада, қалқа жаппа астына ілініп қойылады немесе 8 – 12 сағат кептіріледі. Арнайы киімдер кірлеу дәрежесіне қарай 6 жұмыс күні кезінде алмастырылып, жуылып тұрады.

Жер жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларында химия ғылымдарының жетістіктерін кең көлемде қолдану адамдарға қоғамдық, материалдық және рухани өмірінің қоршаған ортамен тығыз және күрделі байланыстарын түсінуге көмектеседі.

Химикаттардың биосфераға деген жағымсыз әрекеттерін жою үшін әрбір шаруашылық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қалай, қай уақытта, қандай мөлшерде және қандай зиянкестерге қарсы қолдану керек екендігі көрсетілген ұсыныстарды басшылыққа алу тиіс. Егер өсімдіктердің зиянды организмдерін жоюға қолданылатын химикаттарды сол ұсыныстарда көрсетілгендей етіп пайдаланса, олардың табиғи ортаны ластамай, жалпы тіршілікке зиянын тигізбей дақылдар өнімін молайтуға, сондай–ақ аман сақтауға үлкен көмегінің тиетіндігіне ешбір күмән келтіруге болмайды.

Химиялық препаратты күздік бидай дақылдарын қорғау жұмыстарынан шығарып тастауға, яғни оларды пайдаланудан бас тартуға қазіргі кезде ешбір мүмкіндік жоқ. Оның себебі – басқа агротехникалық және биологиялық әдістердің жетілдірілмегендігі. Соған байланысты кейбір химикаттың егін өнімін жоғарылатудағы, әрі сақтаудағы пайдасын ескере отырып, оларды жалпы тіршілікке зиян келтірмейтіндей етіп пайдаланған дұрыс.

Бұл жұмысқа ғылыми қызметкерлер мен санитарлық бақылау орындары ғана емес, бүкіл агрономдар мен ауыл шаруашылығы мамандары, жалпы диқандар қауымы болып көмектесуі қажет.

Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіріп-өндіруде шаруашылық жұмысшылары алуан-түрлі техникаларды пайдаланып, түрлі жағдайлармен бетпе-бет кездеседі. Дәнді дақылдар егумен айналысатын жұмыскерлердің жағдайын жақсарту үшін алдын-ала жомпарлы шаралар қарастыру өажет. Машина пайдалануда қауіпсіздік жұмыстарын ұйымдастыруды, ұжымдардың және тағы басқа ауылшаруашылық өндірістерінің басшылары өз міндетіне алып, орындалуын қамтамасыз етуі керек. Инженерлік-техникалық қызметтегі адамдар ұйымдастырылған жұмыстың қауіпсіздігі үшін тікелей жауап береді.

Трактордағы немесе ауылшаруашылық машинасындағы қауіпсіздік жұмыс негізінен механизатордың өзіне тікелей байланысты және сол машинадағы жұмысы кезінде техника қауіпсіздігі нұсқаулары мен анықталады.Техника қауіпсіздігіне арналған нұсқаулар мен ережелердің қатаң түрде орындалуы – жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып табылады.

Топырақ өңдеу машиналарымен жұмыс істеуге тек қана басқару рұқсат қағазы бар және техника қауіпсіздігі нұсқауларымен өткен 18 жастан жоғары азаматтар жіберіледі. Механик немесе бригадир тікелей жұмыс орнына нұсқау береді. Әр машина бүкіл жұмыс көлемінде белгіленген механизаторға бекітілген болуы керек.

Көктемдегі жер өңдеу жұмыстарында техника қауіпсіздігін сақтау.Қауіпсіздік мақсатында механизатор машинасымен жұмыс кезінде өзінің жұмыстық киімінің ретін сақтауы керек. Ал жапқыш пен халат киюге тиым салынады. Комбинизон және берет киген жұмысқа өте ыңғайлы.

Жұмысты қабылдап алғаннан кейін механизатор ең бірінші трактор мен машинаны жұмысқа әзірлеу керек; техниканың бүкіл өн бойы техника қауіпсіздігі талаптары бойынша қарап шығу керек.

Техникалық ақауларына байланысты тоқтап тұрған агрегаттың бұзылу себебін анықтап оны жөндеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.

Трактор мен машинаны жұмысқа әзірлеп болғаннан кейін топырақ өңдейтін агрегаттарды комплекстеу жұмысына кірісу керек. Тракторға машина жалғауда мүмкіндігінше тракторшының жанында бригадир немесе механик болғаны жөн.

Агрегаттау жұмысынан бұрын гидравликалық жүйенің басқару органдарының дұрыс-бұрыстығын тексеріп алу керек.

Соқа культиватор, сыдырғылауыш, тырма, каток пайдалану процесінде келесі ережелерді сақтау қажет.

  • агрегат тоқтап тұрған кезінде арнайы тазартқыштармен соқаның қайырмасын, тырма тістерін таптауыш аралығын тазалап отыру керек.

  • Агрегат іске қосылып тұрғанда машинаға жақындауға, бір көліктен екінші көлікке ауысып мінуге болмайды;

Культиваторлау, тырмалау, дискілеу жұмыстарын жүргізгенде тракторист сол жұмыстарға байланысты техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.

Тырмалау уақытында тіркелікші тіркеуішке отыруға баламалауға дискілі сыдырғылауышты бөлшектеп, құрастыруда қайырмасын арнайы құрамын сүртіп тазалау қажет.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты жағжайында еңбекті қорғау қызметі барлық мекемелер үшін ережеге сай құрылған. Институтта жұмысты дұрыс ұйымдастырудың негізгі маңыздылығы техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға негізделгені көрсетілген.

Қазіргі талаптарға сай қалыптасқан еңбек қорғау жүйсі шеңберінде өткізледі:

Кіріспе нұсқау беру

Жұмыс орнындағы нұсқау беру

Қайталанбалы нұсқау

Мезгілдік нұсқау сияақты нұсқаулар өз уақытында өткізледі. Нұсқау беру жұрналдары біраз өндірістік бөлімшелерде жоқ.

Еңбек қорғау шарлары жөніндегі жоспарларда дәріс оқу, кинофильмдер көрсету, әңгіме өткізу, жұмыстың қаупсіз орындалу әдістерін көрсететін плакаттармен жабдықтанған бөлімшелерді жабдықтау сиақты жақсы шаралары бар, толығымен орындалады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде әртүрлі адам организміне қаупті жағдайлар туып отырды. Олар ауаның тазалығы, шаң-тозаң, қауыпты газдар, булар және химиалық қосындлар, өндірстік шуыл. Бұлардың бәрі адам организміне қауып-қатер туғызады кестеде осы қауыпты жағдайлар көрсетілген(кесте 12)

Кесте 12

Өндірсте кездесетін қауып-қатерлер.

Өндрістік жұмыстар

Қатер түрлері

Қауып түрлері

өрт қаупы

1.Жер жырту, тырмалау, культивацилау, сыдыра жырту.

2.Гербицидтер қолдану.



3.Өнім жинау.

жарақаттану




улы заттар буын, газын жұтыу.


жарақаттану.

шаң, шуыл




газдар, булар, улану.



шаң-тозаң, шуыл.

трактор труба ларынан егіс- тікке шоқ түсуі.





өрт қаупі.

Механизатордың еңбек гигиенасы. Әр механиатор барлық жұмыстан бұрын, жеке басының гигиенасын сақтау керек. Топырақ өңдейтін машиналарымен жұмыс істегенде, шаң-тозаң өте көп болады. Көтерілетін шаң тозаң жұмысшылардың денсаулығына көп зиян келтіреді, ауруға шалдықтырады. Сондықтан, механизатор бүкіл жұмыс уақытысында арнайы киім киіп, беті қолын жиі жуып отыруы керек. Механизатор төсенішсіз, жерге жатуына болмайды. Мұндай жағдайлар ревматизм сияқты ауруларға әкеліп соқтырады.

Еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы мен денсаулыққа зиянсыз болуы жұмыс күн ұзақтығына қамтамасыз етіп, жұмыс өнімділігін жоғарлатады. Еңбек өнімділігі жоғарлауы және денсаулықтың жақсаруы үшін физикалық-профессионал-қолданбалы дайындық мәні зор. Механизатордың еңбек атқаруының қиын-жеңілдігіне байланысты оларға арнайы демалыс уақытын ұйымдастыру қажет (кесте 13).

Кесте 13

Еңбекті қорғау және қауіпсіздендіру шаралары

Шаралар

Орындау мерзімі

Жауапты адам

Мәшине-трактор агрегатын қауіпсіздендіру техникалық аспаптарын қолдану.


3 ай


бас инженер

Қауіпсіздік техникалық ережесін қамтамасыз ететін өндіріс жаб-дықтарының қайта орналастырылуы.


2 ай



учаске бастығы

Жұмыс орындарында денсаулыққа зиянды және өмірге қауіпті өндіріс факторларының техникасын енгізу.


3 ай


учаске бастығы


Тазалық сақтау, жұмысқа керекті үйлерді тағы да кеңейту, талапқа сай қайта құру.


12 ай


прораб


Еңбек қорғау кабинетін, учаскелерін, көрмелерін ұйымдастыру.


6 ай


инженер


Механизаторға жұмыс орнында гигиеналық гимнастика ұйымдастыру бірден-бір гигиеналық денсаулық сақтау шарасы болып табылады. Ал, мұндай өнімдерін өндіретін шаруашылықтарда немесе май құю жұмысын атқаратын жұмыскерлердің денсаулығына баса көңіл аударған жөн.

Жалпы алғанда санитарлық гигиенаны сақтау барысында шаруашылықта, өндірісте көптеген шаралар қарастырылады. Оларды орындау барлық азаматтың ең бірінші міндеті болып есептеледі. Осының арқасында жоғары өнімділікке, тазалыққа біркелікке қол жеткізуге болады.

Алғашқы нұсқау

Жұмыс орындағы алғашқы нұсқау бөлек кәсіп немесе жұмыстың түрлері үшін, жұмыстың әдістері мен тәсілдері жекеше тәжірибелік көрсету нұсқаулармен жасалған еңбек қорғау инструкциясына сәйкес жүргізіледі.Жұмыс орындаған алғашқы инструктажбен білімін тексергеннен кейін барлық жұмысшылар 2-3 смена бойы жетекшісінің бақылауында жұмыс істейді.Кейіннен нұсқау берушінің жұмыс орнындағы нұсқауды тіркеу журналындағы мен қолтаңбасы арқылы бекітілген жұмысшылардың дербес жұмыс істеуіне рұқсаты дайындалады.

Техника қауіпсігініңзі, өндірістік санитария мен өрттен сақтану ережелерінің, сондай-ақ лабораторияда тиісті шаралардың істелуі іске асырылуының жалпы күйіне жауапкершілік лаборатория басшысына жүктеледі.

Механизатордың еңбек гигиенасы. Әр механиатор барлық жұмыстан бұрын, жеке басының гигиенасын сақтау керек. Топырақ өңдейтін машиналарымен жұмыс істегенде, шаң-тозаң өте көп болады. Көтерілетін шаң тозаң жұмысшылардың денсаулығына көп зиян келтіреді, ауруға шалдықтырады. Сондықтан, механизатор бүкіл жұмыс уақытысында арнайы киім киіп, беті қолын жиі жуып отыруы керек. Механизатор төсенішсіз, жерге жатуына болмайды. Мұндай жағдайлар ревматизм сияқты ауруларға әкеліп соқтырады.

Еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы мен денсаулыққа зиянсыз болуы жұмыс күн ұзақтығына қамтамасыз етіп, жұмыс өнімділігін жоғарлатады. Еңбек өнімділігі жоғарлауы және денсаулықтың жақсаруы үшін физикалық-профессионал-қолданбалы дайындық мәні зор. Механизатордың еңбек атқаруының қиын-жеңілдігіне байланысты оларға арнайы демалыс уақытын ұйымдастыру қажет.

Механизаторға жұмыс орнында гигиеналық гимнастика ұйымдастыру бірден-бір гигиеналық денсаулық сақтау шарасы болып табылады. Ал, мұндай өнімдерін өндіретін шаруашылықтарда немесе май құю жұмысын атқаратын жұмыскерлердің денсаулығына баса көңіл аударған жөн.

Жалпы алғанда санитарлық гигиенаны сақтау барысында шаруашылықта, өндірісте көптеген шаралар қарастырылады. Оларды орындау барлық азаматтың ең бірінші міндеті болып есептеледі. Осының арқасында жоғары өнімділікке, тазалыққа біркелікке қол жеткізуге болады.

Бас агрохимик

      Лауазымдық міндеттері. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды және химияландыру заттарын тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырушылық-технологиялық басқаруды жүзеге асырады. Тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға талдау жүргізуді, тыңайтқыштармен егістік тәжірибелер жүргізуді ұйымдастырады және оларға қатысады. Топырақ құнарлылығының жай-күйі мен өзгеру серпінін бағалауды ұйымдастырады және жүргізеді. Химияландырудың перспективалы және жылдық жоспарларын жасауға, ұйымдармен шарттар жасасуға және өндірістік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Материалды-техникалық құралдарға, арнайы киімге және жеке қорғаныс құралдарына деген қажеттілікті айқындайды. Талдаулардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы, есеп және есептілікті жүргізеді. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану, топырақтың химиялық мелиорациясы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысады. Ғылым жетістіктері мен озық тәжірибені насихаттауды және енгізуді қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін, агроөнеркәсіптік кешен, ұйымының өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды, агрохимияны, тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау және енгізу технологиясын, тыңайтқыштарды талдау әдістерін, тыңайтқышқа арналған стандарттарды, экономика, ауыл шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздерін, еңбек және жер заңнамалары негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі заңнаманы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі тиіс.







































Қорытынды



1.Күріш алқаптарына тыңайтқыштарды енгізу динамикадағы азоттың құрамын белгілі бір деңгейде өзгеріске ұшыратады. Күріш танаптарын суға толтыру нәтижесі жыртылатын қабаттағы аммиак азотының мөлшерін арттырды. Олар сәйкесінше үшінші вариантта түптену фазасында 35,4-37,9мг және төртінші вариантта толық пісіп жетілу фазасында 6,0-6,2г/кг жеткен. Топырақта аммоний азотының көп болуы күріш дәнінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

2.Топырақтың жыртылатын қабатындағы жылжымалы фосфорлардың түптену фазасында болуы қолданылған тыңайтқыштардың мөлшері мен түріне байланысты. Фосфордың жаңару процесінің гүлдену фазасында максимум көрсеткішті береді. Ол жылдың ең ыстық мерзімінде жүреді. Тыңайтқыш берілген варианттарды жылжымалы фосфор мөлшері 17-ден 25,6-29,7мг/кг жеткен. Ал үшінші, төртінші вариантта жылжымалы фосфордың ең жоғарғы мәндік көрсеткіші байқалады. Яғни топырақтағы фосфорлар күрішке үзіліссіз жетімді түрге ауысып отырады.

3.Күріштің вегетациялық кезеңінде құрғақ биомассаның жинақталуына минералды фонда биотыңайтқыштарды енгізу және күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу оң әсерін тигізген.

4.Сонымен қатар минералды фонда берілген қышқыл биокомпостты қатты фазалық биоөніммен араластырып 1 т/га,2 т/га мөлшеріңде биологиялық массаның қарқынды жиналуына мүмкіндік жасады.

5.Шалғынды-батпақты топырақтарға енгізілген тыңайтқыштардың минералды фонда биотыңайтқыштарды және күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу оң әсері өсімдіктің вегетациялық кезеңінде биомассаның жиналуына және өсімдік сіңіретін минералдық элеменнтердің қарқындылығына әсер етеді.

Күріштен ең жоғарғы алынған өнім – 63,6ц/га.

6.Тыңайтқыштардың күріш дәнінің толысуына және ірі болуына әсер ететіндігі анықталды.

Минералды фонда биотыңайтқыштарды енгізу және күріш тұқымын себер алдыңда дәндерді азкөлемді гумин препараты 2% адоптоген ПА-3 мен өңдеу күріштің химиялық және технологиялық сапсына оң әсерін тигізеді. Биотыңайтқыштар ақуыздың құрамына айтарлықтай әсер етпеген. Ал крахмалдың деңгейі бақылау вариантынан 70,4-75,6% дейін жоғарылаған.







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Прянишников Д.Н. Агрохимия Избранные сочинения в трех томах 1tom Гос.изд-во сельскохоз.лит. M.., 1952.стр.40

  2. Неунылов Б.А.. Повышение плодородия почв рисовых нолей Дал- него Bocтока. -Владивосток -1961 .стр. 240

  3. Смирнова Н.Н.Удобрение риса.-Москва: Россельхозиздат.-1978, стр 64

  4. Жайлыбай К.Н.Фотосинтетические и агроэкологические основы вы- сокой урожайности риса.-Алматы:Бастау.-2001 год стр 256

  5. Алешин Е.П..Алешин Н.Е.Рис.-Москва 1993 г,стр 504

  6. Ерыгин П.С.Физиология риса.-Москва:Колос.-1981г.стр 208

  7. Алешин Е.П.., Конохова В.П.Краткий справочник рисовода- Москва:Агропромиздат 1986г.стр 65

  8. Натальин Н.Б.Рисоводство.-Москва:Колос.-1973 г.стр 280

  9. Мартьянова Е.А., Брызгалова В.А.Агрохимическая характеристика почв Казахской CCP по содержанию подвижных питательных ве­ществ. Информ листок 1985 г №8,стр.1-4

  10. Тур Н.С., Малышев В.Ф., Алешин Е.П.Формирование ассимиляци­онного аппарата и корневой системы риса в зависимости от сроков внесения азота и степени засоления почвы.-Бюлл.НТИ ВНИИ риса-1977.В ХХШ.стр.24-28

  11. Алешин Е.П.Дьяков И.А.,Власов В.П.Продуктивность фотосинтеза риса в период кущения.-Труды Кубанского CXИ.-1979.В 132.стр.3-7

  12. Мартьянова Е.А.Изменение обеспеченности почв подвижными пита­тельными веществами и гумусом.Вестник с/х науки Казахстана 1988 №9 стр.23-26

  13. Алешин Е.П.,Сметанин А.П..Тур Н С.Удобрение риса-Краснодар - 1973 стр. 160

  14. Ярош Н.П.Ляховкин А.Е.Влияние повышения доз азотных удобре­ний на качество зерна и продуктивность сортов риса.-Бюлл.ВИР.-1977г.стр 24-28

  15. Кудеяров ВН., Стрекозова В.И. Азотный режим почв при внесении удобрений иод рис.В кн: Повышение продуктивности почв рисовых по­лей. М..1985г, стр.83-91

  16. Шарыпова Т.М. Влияние режима дренирования рисовых полей на режим азотного питания Изв мин.науки-АН PK.Сер.биол.-1966.№4.стр.79

  17. Нургизаринов А.М.Об усвоении фосфора рисом из лу гово-болотной почвы Информация о работах Казахского НИИ риса.-Алмата: Кайнар- 1974.стр. 19-21

  18. Das Cupta D.К.Effects of grains of Swamp rice in Sierra Leone Exper Agr -1972.-vol 8.№2.-р. 155-160

  19. Рымарь В.Т..Тур Н.С. Действие минеральных удобрений на урожай риса в условиях Кубани // Химия в сельском хозяйстве

  20. Пожилов В.И.,Ивичева Л.Д.,Ивичев В Ф.Эффективность удобрений //Зерновые ку льтуры -1988.№4,стр.38-40

  21. Пономарева А.Т.Фосфорный режим почвы и фосфорные удобрения.- Алма-ата: Кайнар.-1970.-стр 204

  22. Елешев Р.Е.Фосфорные удобрения и урожай.-Алма-ата.-1984г.стр. 159

  23. Сдобникова О.В.Фосфорные удобрения и урожай.- М..Агропромиздат.-1985г,стр. 111

  24. Малышев В.Ф.Особенности прорастания семян риса в зависимости от уровня азотного питания и степени засоления почвы. //Труды Ку банского с/х института. -1976.стр. 76-82

  25. Чиркова P A. Соединения фосфора и их превращения в орошаемых почвах низовьев реки Сырдарьи-Автореферат канл лисс-Алма-ата - 1968.стр.20

  26. Алешин Е.П.,Сметанин А.П.,Елагин И.Н. Передовые приемы возделы­вания риса.-Москва:Колос.-1972.-стр. 15

  27. Чаи Ван Ни,НГУЕН Суань, Якунин А.Ф, Гоготов И.Н. Влияние циано­бактерии APHANOTHECE PALLIDA на плодородие почвы и урожай риса // Агрохимия - №8. - 1990 год стр. 14

  28. Третьякова Р.И.Трифонова М.Ф Заплишенный B H. Влияние ионов кальция на продуктивность риса в условиях засоления Агрохимия. - №4. - 1996.-С. 32

  29. Жамантиков X., Жамантиков Е.Х., Раисов Б.О.. Момынова Ш.C. Влия- ние минеральных удобрений и препаратов сорбента из угля и гидрогеля на урожайность разных сортов риса// Вестник с.х. науки Казахстана. №7,2005 - С.29

  30. Ерназаров А.Е. Применение минеральных удобрений и их влияние на накопление азотистых веществ в созревающем зерне риса // Вестник с.-х. науки Казахстана. №=7.2005 год стр.23

  31. Жайлыбай К.Н., Айтбаев М.А., Таутенов И.А. Влияние возрастающих доз и соотношения минеральных удобрений на урожайность риса.// Вестник с\х на\ ки Казахстана. -№11,- 2003. - С.25

  32. Подольских А.Н., Байбосынова C M. Качество зерна риса: генотипиче­ские. зональные. сезонные // Вестник с/х науки Казахстана. - №1. - 2005. - С. 15

  33. Калжанов Ж.У. Влияние сроков и способов уборки на качественные показатели урожая риса в условиях Кызылординской области // Вестник с/х науки Казахстана. - №1. - 1995. - С.70

  34. Жайлыбай К Н. Вертикальное распределение площади листьев риса в зависимости от нормы высева семян и возрастающих доз и удобрений // Вестник с/х науки Казахстана. - №8. - 1999. - С.32

  35. Жайлыбаев К Н. Влияние способов внесения азотных удобрений и нормы высева семян на формирование оптимального стеблестоя урожая аг­роценозов риса на засоленных почвах // Вестник с/х науки Казахстана. - №4. - 1995. - С.33

  36. Жайлыбаев К Н. Влияние возрастающих доз удобрений и нормы высева семян на фотосинтетическую деятельность и формирование урожая зерна ри­са // Вестник с/х науки Казахстана. - №10. - 1998. - С.51

  37. Доспехов Методика опытного дела. М., 1989

  38. Юдин Ф. Методика агрохимических исследований,- М.. 1980

  39. Жайлыбаев К Н. Способ повышения фотосинтетической продуктивно­сти риса и эффективности фосфорных удобрений на засоленных почвах // Информ. листок Кызылординская .ЦНТИ - 1990. - №6. - С.4

  40. Минеев В.Г. Агрохимия. - М., 2001

  41. Вильдфуш И.Р. и др. Агрохимия. - Минск. 2001

  42. Минеев В,Г. История развития агрохимии в России и за рубежом - М., 2005

  43. Елешев Р.Е., Елюбаев С.З. Система применения удобрений, Алматы, 1994

  44. Кирюшин В.И. Экологизация земледелия и технологическая политика. - М., 2000 Минеев B E.. Дебрецени Б. Биологическое земледелие и минеральные удобрения. - М.. 1993

  45. Минеев B E.. Дебрецени Б. Биологическое земледелие и минеральные удобрения. - М.. 1993


























Қосымшалар
























Қосымша кесте 1 Күріш дақылының дисперсиялық талдауы


ИСХОДНЫЕ ДАННЫЕ

_________________________________________

| Повторности

Факторы |------------------------------

(Группы) | 1 | 2 | 3

-----------------------------------------

1 | 28.5 | 30.3 | 30

2 | 46.3 | 50.7 | 48.5

3 | 55.4 | 60.2 | 56

4 | 62.4 | 64.9 | 63

5 | 35.2 | 37.3 | 36

6 | 59.8 | 63 | 60

-----------------------------------------

Параметры исходных данных

__________________________________________________________________________

Факторы| Число | | | | Ошибка | Отн.ош.| Доверительный

(групп)|повтор.| Суммы | Средн.| Диспер.| средней| средней| интервал ср.зн.

-------|-------|-------|-------|--------|--------|--------|---------------

1 3 88.8 29.6 .93 .6 1.88 29.6 +- 1.77

2 3 145.5 48.5 4.84 1.3 2.62 48.5 +- 4.04

3 3 171.6 57.2 6.84 1.5 2.64 57.2 +- 4.8

4 3 190.3 63.43 1.7 .8 1.19 63.43334 +- 2.4

5 3 108.5 36.17 1.12 .6 1.69 36.16667 +- 1.95

6 3 182.8 60.93 3.21 1 1.7 60.93334 +- 3.29

-------------------------------------------------------------------------


Общая средняя M= 49.30556

Общая дисперсия S= 171.378

Ошибка среднего m= 3.085612

Точность опыта g%= 6.258142


РЕЗУЛЬТАТЫ ДИСПЕРСИОННОГО АНАЛИЗА


Анализ дисперсии

____________________________________________________________________

Источники | Сумма | Степени | | Критерии

вариации | квадратов | свободы | Дисперсии |----------------

| отклонении | вариации | | Fрасч | Fтабл

--------------------------------------------------------------------

По фактору | 2876.13 | 5 | 575.23 | 1065.8 | 3.12

Повторности | 30.82 | 2 | 15.41 | 28.55 | 5.12

Остаточная | 6.48 | 12 | .54 | - | -

Общая | 2913.43 | 17 | - | - | -

--------------------------------------------------------------------

Уровень значимости Z= 0.05


Анализ силы влияния градации факторов

__________________________________________________

Показатели | По Плохинскому | По Снедекору

-------------------|----------------|-------------

Корреляционное | |

отношение в % | 99 | 100

Критерии достоверн.| |

(F-критерии Фишера)| 185.06 | 1065.24

Чисел степеней | а) 5 | а) 5

свободы | б) 12 | б) 12

--------------------------------------------------

ПРИМЕЧАНИЕ: Табличное значение критерии ФИШЕРА F= 3.12

Уровень значимости Z= 0.05

Корреляционное отношение в процентах показывает вариацию

изучаемого признака за счет влияния градацию фактора А.


СРАВНЕНИЕ ГРУППОВЫХ СРЕДНИХ

ДИСПЕРСИОННОГО КОМПЛЕКСА


(По методу Дж.Тьюки)

__________________________________________________

Сравниваемые |Максимальная| Расчетные | Табличные

группы | разница | tq | Qst

--------------|------------|-----------|----------

X( 4 )-X( 1 ) 33.83 112.78

-------------------------------------------------

ПРИМЕЧАНИЕ: Для числа групп (n= 6) и степеней

свободы (K= 12), а также для 5%-ного уровня

значимости определите табличное значение Qst.


(По методу Г.Шеффе)

_________________________________________________

Сравниваемые |Максимальная| Критерий ФИШЕРА

группы | разница | Fрасч. | Fкорр.

----------------|------------|---------|---------

X( 4 )-X( 1 ) 33.83 76.74 3.95

-------------------------------------------------

ПРИМЕЧАНИЕ: Fкорр.-корректированное табичное

значение критерии Фишера



РАСЧЕТ НАИМЕНЬШЕЙ СУЩЕСТВЕННОЙ РАЗНОСТИ (НСР)



Ошибка опыта Sxcp= 2.4242641

Ошибка разности средних Sd= 3.6

Табличное значение критерия Стьюдента t(0.05)= 2.18

Абсолютное значение НСР(0.05)= 1.31

Относительное значение HCP(0.05)= 2.65 %



















Әр тәжірибе танаптағы күріштің өркен шығару және жинау

кезеңіндегі жиілігін есептеу




Күріш дақылының толық пісіп-жетілу фазасы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.02.2019
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі